М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет22/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#91913
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Байланысты:
М. темісов атында ы Батыс аза стан

пәні бойынша


ГЛОССАРИЙ



Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Макроэлементтер

Макроэлементы

Macroelements

Микроэлементтер

Микроэлементы

Microelements

Биомолекулалар

Биомолекулы

Biomolecules

Биополимерлер

Биополимеры

Biopolymers

Мономерлер

Мономеры

Monomers

Клеткалық органеллалар

Клеточные органеллы

Cell organelles

Гидрофобты молекулалар

Гидрофобные молекулы

Hydrophobic molecules

Гидрофильды молекулалар

Гидрофильные молекулы

Hydrophilic molecules

Аққуыздар

Белки

Proteins

Амин қышқылдар

Аминокислоты

Amino acids

Алмастырылмайтын а.қ.

Незаменимые аминокислоты

Irreplaceable amino acids

Ферменттер

Ферменты

Enzymes

Биокатализаторлар

Биокатализаторы

Biocatalysts

Субстрат

Субстрат

Substrates

Коферменттер

Коферменты

Coenzymes

Апофермент

Апофермент

Apoenzyme

Холофермент

Холофермент

Holoenzyme

Активті центр /орталық/

Активный центр

Active center

Аллостерлік центр

Аллостерический центр

Allosteric center

Активаторлар

Активаторы

Activators

Ингибиторлар

Ингибиторы

Inhibitors

Витаминдер /дәрумендер/

Витамины

Vitamins

Авитаминоз

Авитаминоз

Avitaminos

Көмірсулар

Углеводы

Carbohydrates

Липидтер

Липиды

Lipids

Кетондық денелер

Кетоновые тела

Keton bodies

Метаболизм

Метаболизм

Metabolism

Метаболиттер

Метаболиты

Metabolites

Катаболизм

Катаболизм

Catabolism

Анаболизм

Анаболизм

Anabolism

Биоэнергетика

Биоэнергетика

Bioenergetics

Жоғарыэнергетикалық қосылыстар

Высокоэнергетические соединения

Highenergetical compounds

Гликолиз

Гликолиз

Glicolis

Гликогенолиз

Гликогенолиз

Glicogenolis

Глюконеогенез

Глюконеогенез

Gluconeogenes

Нуклеин қышқылдары

Нуклеиновые кислоты

Nucleic acids

Репликация

Репликация

Replication

Транскрипция

Транскрипция

Transcription

Трансляция

Трансляция

Translation

Гормондар

Гормоны

Hormones



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты



Әдебиеттер



Жұмыс орындау мерзімі



Балл-дар

Бақылау түрі



1

Үй тап-сырма



Материалдың бекітуін тексеру

Сабақ тақырыбына байланысты

1-15 жұма

9

Семинардағы жауаптар

2

Бақылау жұмыс



Аналитикалық және танырлық қабілеттіліктіжоғарлату

Семинар тақырыбына байланысты

Жұпты жұмалар

7

Тест

3

Коллоквиум

Раздел бойынша
білімнің комплексті бақылауы

Сабақ тақырыбына байланысты



7, 14 жұма

9

Сұрақтарға жауаптар



4

Реферат

Жеке жұмысты жазу



Сабақ тақырыбына байланысты

7, 14 жұма

8

Баяндама

5

Экзамен

Білімнің комплексті бақылауы

-




40

Тест



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Кафедра ___химия_______тьютор ________Ниязова Р.Е._______


(аты-жөні)
Пән _ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ
(пән атауы)


п/п

Әдебиеттер




Қосымша

Кітапхана

Кафедра

Студенттердің қамтылуы (%)

Электрондық версия




1

2

3

4

5

6

7

1

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. – Уральск, 2005

6


14


70


100%


-

2

Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы, 2000

10


-


50


-

-

3

Комов В.П. и др. Биохимия.– М.:Дрофа, 2004

25

-

100

-

-

4

Филиппович Ю.Б. Биохимия. – М.: Высшая школа, 1983

5

-

25

-

-

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс 1
Тақырып: Қорытынды. Биохимия пәнінің міндеттері. Негізгі биомолекулалар
Дәрістің мақсаты: тірі организмдердің химиялық құрамымен, клетка құрылысымен, негізгі биомолекулалардың қызметтерімен таныстыру
Тірек сөздер: биомолекулалар
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Биохимия пәнінің міндеттері. Тірі организмдердің химиялық құрамы. Негізгі биомолекулалардың қызметтері, биологиялық ролі
Биохимия тіршілік туралы ғылым, яғни тіршілік ету процестеріндегі заттардың құрамын, энергия алмасуын және олардың бірімен-бірінің тығыз байланыста екендігін молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым.
Биохимия 19 ғасырдың аяғына жақын физиология мен органикалық химия ғылымдарынан жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.
Биохимия ғылымының дамуына Д.И.Менделеев, А.М.Бутлеров, И.И.Мечников, И.М.Сеченов, А.Я.Данилевский, И.П.Павлов, К.А.Тимирязев, В.И.Палладин сияқты орыс ғалымдары өздерінің зор үлестерін қосты. А.Н.Бах атындағы б/х институты және В.А.Энгельгардт, А.И.Опарин, В.Скулачев сияқты ғалымдардың еңбектері зор ықпалық тиғізді. Сонымен бірге бұл ғылымының дамуына Э.Фишер, Ф.Сенджер, Д.Уотсон, Ф.Крик, С.Очоа, А.Корнберг, Ф.Липман, Г.Кребс сияқты шет ел ғалымдарының қосқан үлестері айтарлықтай болды.
20 ғасырды биологияның алтын дәуірі деп атайды, себебі биохимияның өте манызды деректері мен зандылықтары ашылды. Олардың қатарына:
- генетикалық молекулалық негіздерінің шешілуі және нуклеин қышқылдары құрылысының анықталуы;
- клеткадағы энергия тасымалдануының негізгі принциптерінің, мембраналардың, митохондрийлердің, рибосомалардың және басқа субклеткалық құрылымдар қызметінің анықталуы;
- зат алмасудың /метаболизмнің/ негізгі жолдарының шешілуі;
- белоктардың биологиялық қасиеттеріндегі және құрылысындағы амин қышқылдарының белгілі бір тәртіпте орналасуының алатын орнының аса маңыздылығы көрсетілді.
Б/х пәнін оның міндеттеріне сәйкес жалпы б/х, өсімдіктер биохимиясы, адам мен жануарлар б/х-сы, медициналық б/х, спорт б/х деп бөлуге болады.
Жалпы б/х негізінен 3 бөлімнен тұрады:
Статикалық б/х – организмдердің химиялық құрамымен шұғылданады
Динамикалық б/х – организмдегі заттар мен энергия алмасудың өзара байланысын зерттейді
Функционалды б/х – тіршілік етудің негізіне жататын құбылыстар мен химиялық процестерді, яғни бұлшықеттердің жиырылуын, тыныс алу, ас қорыту, сіңіру процестерін зерттейді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  • Биохимия пәнінің мақсаты мен міндеттері

  • Биохимия пәнінің бөлімдері

  • Тірі организмдердің химиялық құрамы

  • Негізгі биомолекулалардың қызметтері

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – с. 4-15
2. Ленинджер А. Биохимия.-М.:Мир,1976.-960 с.

  1. Ленинджер А. Основы биохимии: В 3-х т.-М.:Мир,1985.

  2. Марри Р. и др. Биохимия человека:В 2-х т.-.М.:Мир, 2004, с. 9-20.

  3. Страйер Л. Биохимия: В 3-х т.-М.:Мир,1984.

  4. Уайт А., Хендлер Ф. и др. Основы биохимии:В 3-х т.-М.:Мир,1981.

  5. Филиппович Ю.Б. Основы биохимии.-М.: Высшая школа,1983, с. 5-23.



Дәріс 2
Тақырып: Тірі организмдердің химиялық құрамы. Клетка құрылысы
Дәрістің мақсаты: клетка құрылысымен, негізгі биомолекулалардың қасиеттерімен таныстыру
Тірек сөздер: клетка, органеллалар
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Клетка құрылысы. Негізгі органеллалардың құрамы, қызметтері. Клеткалық компоненттерді бөлу, зерттеу әдістері
Барлық тірі организмдер клеткадан тұрады. Әрбір клетка тірі жүйеге тән барлық қызметті атқара алады:

  • зат пен энергия алмасуы жүреді;

  • өседі, көбейеді және өзінің қасиеттерін басқа клеткаларға жеткізе алады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  • Клетка құрылысы

  • Органеллалардың химиялық құрамы

  • Органеллалардың қызметтері

  • Клеткалық компоненттерді бөлу, зерттеу әдістері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – с. 4-15

  2. Ленинджер А. Биохимия.- М.:Мир,1976.-960 с.

  3. Ленинджер А. Основы биохимии: В 3-х т.-М.:Мир,1985.

  4. Марри Р. и др. Биохимия человека: В 2-х т.- М.:Мир, 2004, с. 9-20.

  5. Страйер Л. Биохимия: В 3-х т.-М.:Мир,1984.

  6. Уайт А., Хендлер Ф. и др. Основы биохимии: В 3-х т.-М.:Мир,1981.

  7. Филиппович Ю.Б. Основы биохимии.- М.: Высшая школа,1983, с. 5-23.



Дәріс 3
Тақырып: Аққуыздар
Дәрістің мақсаты: аққуыздардың құрамымен, протеиногенді аминқышқылдарының құрылысымен, қасиеттерімен танысу
Тірек сөздер: аминқышқылдар, гидрофобты, гидрофильды, катионды, анионды аминқышқылдары, пептидтер, пептидтік байланыс, олигопептидтер, полипептидтер
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Аққуыздардың аминқышқылдық құрамы; аминқыщқылдардың құрылысы, жіктелуі, қасиеттері.
Аққуыздармен барлық тіршілік ету процестер байланысты. Аққуыздардың қызметтері олардың құрамына, құрылысына байланысты. Аққуыздар негізінен 20 протеиногенді аминқышқылдарынан тұрады. Аминқышқылдардың физика-химиялық, биологиялық қасиеттері аққуыздардың физика-химиялық қасиеттерін, биологиялық қызметтерін анықтайды.
Аққуыздардың тірі организмдер үшін алатын орны:
1/ аққуыз – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Аққуыздардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНК-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады. Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән.
2/ аққуыз – күрделі заттардың жәй қарапайым заттарға дейін тотығуына қатысатын және жәй заттардан күрделі заттардың түзілуіне қатысатын фермент
3/ аққуыз – адам организмнің микробтардан, ауру туғызушы агенттерден сақтайтын антидене
4/ Актин, миозин сияқты аққуыздар бірімен-бірі АТФ-тың қатысуымен әрекеттесіп, бұлшықеттердің жиырылуы сияқты қызмет атқарады.
5/ көптеген аққуыздар (инсулин, глюкагон, гипофиздің тропты гормондары) сыртқы ортаның әсеріне сәйкес, тірі организмдегі процестерді реттеп отырады.
6/ Аққуыздардың бір тобы – гемоглобин, қан плазмасының аққуыздары альбумин, глобулин тасымалдау қызметін атқарады.
Сонымен, аққуыздар тіршілік етудің: ас қорыту, өсу, көбею, қозғалу сияқты құбылыстарына қатысып, тірі организмнің тіршілігінің көзі болып табылады.
Аққуыздардың элементтік құрамының қарапайымдылығына қарамастан - өте күрделі полимерлік қосылыстар. Аққуыздар макромолекулалары қарапайым амин қышқылдарынан тұрады.
Амин қышқылдары – органикалық қышқылдарының аминді туындылары болып табылады. α–көміртегіндегі сутегі атомы -тобымен байланысқан. Сонымен, барлық белок құрамындағы амин қышқылдары α–амин қышқылдары болып табылады. Белок құрамында барлығы 20 жуық а.қ. кездеседі.
А.қ. түссіз, кристалды, көбінесе дәмсіз заттар. Аққуыздар құрамындағы барлық α–а.қ. (глициннен басқа) оптикалық активті заттар және L–қатарына жатады. А.қ. амфотерлік қасиет көрсетеді. Бұл қасиеттері аққуыздарға да тән.
А.қ. бір амин қышқылының - СООН тобымен және екінші а.қ. амин – тобының есебінен су молекуласын бөліп шығарып, пептидтік байланыс арқылы өзара байланысып пептид түзеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  • Аққуыздардың организмдегі ролі

  • Протеиногенді аминқышқылдардың құрылымы

  • Протеиногенді аминқышқылдардың жіктелуі

  • Аминқышқылдардың физика-химиялық қасиеттері

  • Пептидтік байланыстың қаситеттері

  • Биологиялық активті пептидтердің құрылысы, ролі

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – с. 40-164

  2. Комов В.П., Шведова В.Н. Биохимия. М.: Дрофа, 2004. – с. 17-39

  3. Ленинджер А. Биохимия.-М.:Мир,1976.-960 с.

  4. Ленинджер А. Основы биохимии: В 3-х т.-М.:Мир,1985.

  5. Малер Г., Кордес Ю. Основы биологической химии.-М.:Мир,1970.-568 с.

  6. Марри Р. и др. Биохимия человека: В 2-х т.-.М.:Мир, 2004. с. 21-62 /1/

  7. Мецлер Д. Биохимия: В 3-х т.-М.:Мир,1980.

  8. Николаев А.Я. Биологическая химия.- М.: Высшая школа,1989.-495 с.

  9. Овчинников Ю.А. Биоорганическая химия.- М.:Просвещение,1987.- 815 с.

  10. Страйер Л. Биохимия: В 3-х т.-М.:Мир,1984.

  11. Уайт А., Хендлер Ф. и др. Основы биохимии: В 3-х т.-М.:Мир,1981.

  12. Филиппович Ю.Б. Основы биохимии.- М.: Высшая школа,1983.-с. 23-82

  13. Филиппович Ю.Б. Биохимия белка и нуклеиновых кислот.- М.: Просвещение,1978. – с. 33-101



Дәріс 4
Тақырып: Аққуыздар
Дәрістің мақсаты: аққуыздардың құрылымдары туралы түсінік беру
Тірек сөздер: полипептидтер, пептидтік байланыс, аққуыздардың бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік, төртінші реттік құрылымдары, α-спираль, β-құрылым, глобула, глобулярлы, фибриллярлы, мембраналық аққуыздар, олигомерлер, сутектік, гидрофобтық, дисульфидтік байланыстар
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Аққуыздардың құрылымдары, байланыстар; аққуыздардың қасиеттері. Қызметтері
Полипептидті тізбектегі аминқышқылдардың оналасуы, олардың бірінші реттік құрылымы екінші, үшінші және төртінші реттік құрылымдарын анықтайды. Аққуыздардың кеңістіктегі құрылымы олардың биологиялық қызметін, активтілігін анықтайды
Аққуыздардың бірінші реттік құрылымы деп амин қышқылдарының өзара пептидтік байланыс арқылы тізбек құруын айтады. Әртүрлі аққуыз құрамындағы а.қ-дың түрі де, саны да түрліше болып келуі мүмкін. /мысалы, гемоглобин – 574 а.қ.қ., оның 3 – цис, 22 – лиз; инсулин – 51 а.қ.қ., оның 6 – цис., 1 – лиз./

Әр түрде кездесетін аққуыздардың өзіндік қасиеті де бірінші реттік құрылысына тәуелді болады.
Аққуыздардың биологиялық қасиетін жоғалтуы қарапайым қыздыру кезінде олардың бірінші реттік құрылысының өзгеріссіз қалатындығы анықталды, яғни аққуыздардың өздеріне тән қасиеті, олардың кеңістікте орналасуына тәуелді.

Аққуыздардың екі түрі бар:

  • Глобулярлы аққуыз – шар тәрізді, жақсы ериді.

  • Фибриллярлы аққуыз – жіп тәрізді, ерімейді.

Аққуыздардың кеңістіктегі құрылымы рентген көмегі арқылы анықталған. Рентген арқылы құрылымдық анализдің қорытындысы бойынша полипептидтік тізбек кеңістікте – спираль түрінде орналасады. Спиральдың түзілуі – тобымен – тобы арасындағы сутектік байланысқа тәуелді.
Кейбір п-п тізбектер жоғарыда көрсетілген кіші спиральдардан басқа, қадамы үлкен, екінші реттік спираль түзеді.
Кейбір аққуыздарда /мыс. – кератиндер/ пролин, оксипролин көп болғандықтан β-қатпарлы құрылым түзіледі.
Сонымен, кеңістікте п-п тізбектің пептид топтарының арасында түзілетін әлсіз сутектік байланыстары арқылы α-спираль немесе
β-қатпарлы түрде орналасуы, аққуыздардың екінші реттік құрылымы деп аталынады.
Үшінші реттік құрылым деп дисульфидтік (Н – топтарының арасында), Ван-дер-Ваальстық /вал, лей, иле/, гидрофобтық байланыстар арқылы, аққуыз молекуласының кеңістікте белгілі бір қалыпқа келуі. Бұл құрылыс аққуыздардың өзіне ғана тән биологиялық қасиетін қамтамасыз етеді.
Аққуыздардың биологиялық қасиеті мен қызметіне сәйкес аққуыз молекулаларын топтарға бөледі:

  • Каталитикалық - ферменттер

  • регуляторлық – гормондар

  • қорғаныштық – иммундық аққуыздар

  • транспорттық /гемоглобин/

  • құрылымдық /клетка мембранасының аққуыздары/

  • запастық /сүт казеині/

  • механикалық /актин, миозин/

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  • Аққуыздың бірінші реттік құрылымы, пептидтік байланыс

  • Аққуыздың екінші реттік құрылымы, сутектік байланыстар

  • Аққуыздың үшінші реттік құрылымы, байланыстар түрлері

  • Аққуыздың төртінші реттік құрылымы, байланыстар түрлері

  • Аққуыздардың қызметтері

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – с. 40-164

  2. Комов В.П., Шведова В.Н. Биохимия. М.: Дрофа, 2004. – с. 17-39

  3. Ленинджер А. Биохимия.-М.:Мир,1976.-960 с.

  4. Ленинджер А. Основы биохимии: В 3-х т.-М.:Мир,1985.

  5. Малер Г., Кордес Ю. Основы биологической химии.-М.:Мир,1970.-568 с.

  6. Марри Р. и др. Биохимия человека:В 2-х т.-.М.:Мир, 2004. с. 21-62 /1/

  7. Мецлер Д. Биохимия: В 3-х т.-М.:Мир,1980.

  8. Николаев А.Я. Биологическая химия.-М.:Высшая школа,1989.-495 с.

  9. Овчинников Ю.А. Биоорганическая химия.-М.:Просвещение,1987.- 815 с.

  10. Страйер Л. Биохимия: В 3-х т.-М.:Мир,1984.

  11. Уайт А., Хендлер Ф. и др. Основы биохимии:В 3-х т.-М.:Мир,1981.

  12. Филиппович Ю.Б. Основы биохимии.-М.: Высшая школа,1983.-с. 23-82

  13. Филиппович Ю.Б. Биохимия белка и нуклеиновых кислот.-М.:Просвещение,1978. – с. 33-101



Дәріс 5
Тақырып: Ферменттер
Дәрістің мақсаты: тірі организмдердегі биокатализ туралы түсінік беру
Тірек сөздер: биокатализ, ферменттер, коферменттер, активаторлар, ингибиторлар, активті центр, аллостерлік центр
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет