Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет33/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
Силлабус Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және ұйымдастырылуы 2021-2022
«Бақытты ашу»
деген керемет кітабын оқыңыз. Бұл кітап сіздің 
өміріңізге бақыт пен денсаулыққа байланысты жаңа көзқарастарды алып келеді. 
49. Зейін салуыңызды күшейту үшін кез-келген кітаптың абзацын оқыңыз. Сосын оны 
сөзбе-сөз жеткізіңіз. Осылай әр күн 5 минуттан айтып жаттығыңыз, нәтижесі таңқаларлық 
болады. 
50. Көпшілікпен алдымен 5 км, кейін 10 км жүгіруге тырысып көріңіз. Неше жүздеген 
дені сау адамдармен қатар жүгіру мүмкіндігі желіктіреді. Әр кез өзіңіздің қабілетіңізді 
кеңейтіңіз – сонда өзіңіздің әлеуетіңізді айқара ашасыз. 
51. Иіс – адамды релаксация кейпіне түсіретін қару болып табылады. Апельсин, қалампыр 
эссенция-майын сатып алыңыз. Оны ыдысқа құйып, бөлмеге қойып қойыңыз. 
52. Кешкі астан кейін жарты сағат серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Жүру – табиғат 
берген асыл сый. Жай ғана табиғаттың байлығына көз жүгіртіңіз. 
53. Спортзалдағы ауыр заттарды көтере бастаңыз. Мықты адамдардың жаны да мықты. 19 
немесе 93 жаста болсаңыз да, өз қалпыңызда қалып, өмірге құлшыныспен қараңыз. 
54. Ешқашан жоғарыдағы адамдармен айтыспаңыз. Әйтпесе, аргументтен де көп нәрсе 
жоғалтасыз. 
55. Егер мәселе іскер киімге келетін болса, күңгірт киімдер (қара, қара-көк) күшті, билікті 
көрсетеді. Сіздер президентті немесе премьер-министрді ашық түсті костюмде көрдіңіздер 
ме? 
56. Байланысты нығайту үшін қолыңыздан жазылған хабарламаларды клиенттеріңізге 
және іскер әріптестеріңізге жіберіп отырыңыз. Ең құрығанда 4 айда бір рет оларға, қандай 
да бір бағалы нәрсе жіберуді ұмыттырмайтын жүйе ойлап табыңыз. 
57. Бақытты өмірдің екі жолы – тепе-теңдік пен сабырлық. 
58. Жасмин шайын ішіңіз. Ол әрі денсаулыққа пайдалы, әрі босаңсытады. Сонымен қатар 
ыстық қайнаған суға зімбірдің кесектерін салып, ішсеңіз де болады. Ол қайраттылық 
сыйлап, күніңізді қуатқа толы етеді. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
59. Уақытты тиімді пайдалану, сізді икемді ететінін ұмытпағайсыз. Ол сіз не істеуге керек 
емес, не істегіңіз келетінін істеуге мүмкіндік береді. 
60. Жеке тұлғаны дамытатын кітаптарды илану ретінде қабылдамаңыз. Оларды оқып, 
керек мағлұматты алыңыз. Кейбір адамдар кітаптағының барлығын істеу керек деп, 
қиындыққа тап болады. Әр кітаптан сізге қажетті ғана әдістерді қолданыңыздар. 
61. Уақиға іздейтін адамға айналыңыз. Қайтадан жас бала болыңыз. Екі-үш айда бір рет 
қызық уақиғаларды жоспарлаңыз. Бұл сізге қүш-қуат береді, бірге барған адаммен жақсы 
қарым-қатынас орнатады, болашаққа көзқарасты қалыптастырады. 
62. Уақытты табиғатта өткізіңіз. Табиғат сіздің сезімдеріңізге әсер етеді, жаңартулар алып 
келеді, сабырлылық қасиетін оятады. 
63. Ақылмен тығыз байланыста болатын денеңізді де ұмытпаңыз. Оны жаттықтыру, 
қамқорлық көрсету арқылы ең бағалы ресурсты сыйлаңыз. 
64. Ақылыңыздың тыныштығын бұзбау үшін мықты болыңыз. Бір атақты боксшы өте 
бақытсыз болатын. Одан неліктен олай деп сұрағанда, мен жаман ойларға рұқсат беріп 
қойдым деген екен. Қалауларыңызды шектеп, мақсатты адамға айналыңыз. 
65. Ұйықтар алдындағы үш сағатта тамақтанбаңыз. Бұл асқазанның жақсы қортылуына 
және тыныш ұйқыға себеп болады. Күн сайын спортпен айналысуға және ұйықтар 
алдында босаңсуды ұмытпаңыз. Сізді мазалайтын нәрселерді ойламаңыз. 
66. Абырой-беделіңізді қамқорлыққа алыңыз. Егер ол жақсы болса, биікке көтеріле 
аласыз. Егер оған дақ түссе, кетіру қиын. Сондықтан әр бір істі ойланып шешіңіз. 
67. Өзіңізді дұрыс жолға салатын тәлімгерді табыңыз. Әлемдегі барлық қателіктер, біреу 
жасап қойған қателік болып саналады. Біреудің тәжірибесін неге қолданып көрмеске? 
Сіздің тәлімгеріңіз өте дана және сізден үлкен болу керек. 
68. Әлсіз жақтарыңызды тізімге толтырыңыз. Шынымен өз-өзіне сенімді адам өзінің 
әлсіздіктерін жақсы біліп, оларды түзетуге тырысады. Басқа жағынан, жақсы 
қасиеттеріңізді танып, оны жайып салыңыз. 
69. Ешқашан шағым айтпаңыз. Сізді ұнамды, мықты, қайратты, ынтагер адам ретінде 
білсін. Наразылығын айтып қоймайтын адам, арсыз болып келеді. Ондай адам 
басқаларын үркітіп, сирек табысқа жетеді. Психологиялық көзқарас бойынша барлық 
нәрсе алдымен ойда, сосын істе жүзеге асырылады. 
70. Достарыңыздың әлсіздіктерін кешіріңіз. Егер сіз кемшіліктер іздесеңіз, міндетті түрде 
табасыз. Есейген адам болыңыз, ұсақ-түйек кемшілікті есепке алмай, адам бойынан жақсы 
қасиеттерді іздеңіз, ол барлығында болады. Кез-келген адамнан бірдеңе үйренуге болады. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
71. Мейірімді, қамқор, сыпайы болыңыз. Білгір болыңыз және қай кезде ержүрек, қатал 
болу керектігін біліңіз. Ұсақ өсекті болдыртпаңыз, артыңызда қандай нәрсе болып 
жатқандығын көзден таса қылмаңыз, бұл көшбасшыға тән қасиет. 
72. Өзіңіздің бедел-бейнеңізді құзырлы, мықты, тәртіпті, сабырлы тұлға етіп 
қалыптастырыңыз. Құпиялы болыңыз, шынайы ақылды адам барлық картаны жайып 
салмайды. Ешкімге өзіңіз, стратегияңыз, мақсатыңыз жайлы айтпаңыз. Аузыңыздан 
шыққан сөзге ие бола алмайсыз. Барлық шаруада жеңілдікті көрсете біліңіз, адамдар сізді 
тумасынан дарынды деп есептейтін болады. Өзіңіздің мінез-құлқыңызды жетілдіру үшін 
жұмыс істеп, өмірдегі биік қағидаларды мақсат етіңіз. 
73.Жақын адамдардан басқаларынан өзіңізді алыс ұстаңыз. Егер адам көшбасшыны көріп, 
ол туралы барлығын білсе, онда ол аурасын жоғалтып, құпиялығынан, беделінен 
айырылады. 
74. Өз уақытыңызды ұйымдастыра біліңіз. Дұрыс ұйымдастыру маңызды мақсаттарға 
жеткізеді. 
75. Қазіргі өтіп жатқан жағдайларды, жаңалықтарды, жаңа кітаптарды, белгілі бағыттарды 
оқып, сол жайлы ақпарат алып отырыңыз. Көптеген мықты атқарушылар күніне 5-6 газет 
оқиды. Бәрін оқу міндет емес, тек керегін оқу. Білім – күш. Сіз кім болсаңыз да, өзіңіздің, 
қоршаған ортадағы адамдардың өмірін бір ғана идея арқылы өзгерте аласыз. Оны 
Гейтстен, Биллдан, Эдисоннан өмірінен білуге болады. 
76. Өмірлік серікті таңдау арқылы өміріңіздегі ең басты шешімді жасайсыз. Неке сізге 
бақыттың, жетістіктің, қолдаудың 90% береді. Сондықтан бұл таңдауға ақылмен қараңыз. 
77. Ешқашан ешкіммен жеке тұлғаңыздың дамуына қатысты мәселені талқыламаңыз. 
Сіздің ақылыңыздың және рухыңыздың даму стратегиясы сізге ғана тән. 
78. Апталық кестеңізге босаңсу уақытын енгізіп, оны қатал түрде қадағалаңыз. Ой 
сараптау, босаңсу, қуаттану үшін бұл уақыт міндетті түрде бөліну керек. 
79. 83% сезімді көз арқылы қабылдаймыз. Бір нәрсеге зейін салу үшін көзді жұмса, 
алаңдататын нәрселер ғайып болады. 
80. Өз қалауларыңыздың қожайыны және ар-намысыңыздың қызметшісі болыңыз. 
81. Күн сайын шомылатын жақсы әдетті қалыптастырыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызды 
жақсартып, босаңсытып, күні бойы жақсы кейіпте жүруіңізді қамтамасыз етеді. Сау 
денеде, сау рух болатынын ұмытпаңыз. 
82. Бүгіні жақсы адамдар, ертеңгі бақытымен өздерін қамтамасыз етеді. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
83. Өз уақытыңызды табысты басқарудың құпиясы – жоспарланған нәрсені жоспарланған 
уақытта істеу. Сонда ғана қалаған нәрсеңізге жетесіз, сонда ғана маңызды істерге деген 
уақыт артылады. 
84. Елестетудің жақсы техникасы: алаңдатқан нәрсені көз алдыңызға елестетіп, бір парақ 
қағазға салыңыз. Сосын ол қағазды жағып жіберіп, қалай жанатынын бақылаңыз. Сізді 
алаңдататын нәрсе, отта жанып кетеді. Атақты Брюс Ли, осы әдісті қолданатын. 
85. Мәселелеріңізді сегментке бөліңіз. Мәселелерді шешу үшін уақыт бөліп, тиімді 
жоспарды ойластырыңыз. Осны істеп, бұл мәселеге қайтадан оралмаңыз. Адамның ақылы 
– қызық болмыс, ұмытқымыз келген нәрсені, ұмыта алмаймыз, есте сақтағымыз келгенді 
сақтай алмаймыз. Алайда, ақыл бұлшықетке ұқсас, жаттықтырған сайын, берік бола 
түседі. Ақылыңызды өз қызметшіңізге айналдырыңыз. Оған тек жақсы тамақ пен 
ақпаратты беріңіз. Сонда ақыл сізге жақсы қызмет етеді. 
86. Ең жоғарғы деңгейдегі атқарушылар босаңсу кейпінде болса да, олардың ақылы әр кез 
жұмыс істейді. 
87. Ақылдың жоғарғы деңгейіне жету үшін сіздің денеңіз босаңсу күйінде болу керек. 
Дене мен рух арасында байланыс болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Денеңізді 
босаңсытыңыз, сонда ақылыңыз да босаңсиды. 
88. Қаржылық жоспарды бірнеше жыл алға жасап, оны іске асырыңыз. Егер қажеттілік 
болса, маманнан кеңес алыңыз. Дұрыс қаржылық стратегия өте оңай: тапқан 
қаражатыңыздың 10% жинаңыз. Егер сіз 200 доллардан 15% үстемемен 30 жыл жинайтын 
болсаңыз, онда сізде 1,4 миллиард доллар болады. Берік қаржылық жағдай жеке бастың 
еркіндігін сыйлайды. 
89. Оқырмандар әр кез көшбасшылар. Билл Клинтон Оксфорд университетінде болған аз 
уақытта 300 кітап оқып үлгерген. Кейбір адамдар күніне бір кітап оқиды. Ақпаратты 
іздеңіз. Көп білген сайын, үрей де азаяды. 
90. Таңертең оянғанда, кешке ұйықтарда шабыттандыратын, жақсы кітап оқуды әдетке 
айналдырыңыз. Жақын арада оның пайдасын көретін боласыз, өйткені бұл ойлар сізді күні 
бойы қолдап жүреді. 
91. Өз алдыңызға харизмалық, динамикалық тұлғаға айналамын деген мақсат қойыңыз. 
Бұны істеу әрқайсысымыздың қолымыздан келеді, бірақ өте сирек істейміз. Джон Кеннеди 
жас кезінде көп ауырған, бірақ барлық кедергілермен күресе білудің арқасында ол АҚШ-
тың ең харизмалық және тартымды көшбасшысына айналды. Майда-шүйдеден бастаңыз. 
Дейл Карнегидің курстарын тыңдаңыз. Кітапханаға барып, сөйлесу өнеріне, жеке бастың 
дамуына байланысты кітаптарды оқыңыздар. Сіз одан ләззат алып, достар мен 
әріптестеріңіздің берік ортасын қалайсыз. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
92. Қытайдың мынадай мақалы бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет