«Мұрағаттану» пәні



бет5/12
Дата28.10.2022
өлшемі47,93 Kb.
#155478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мурагат лек

Италиядағы мұрағат ісі


Италья мемлекеттеріндегі мұрағат ісі. Саяси биліктің тасымалдаушы қоймалары, тарихи мұрағаттар, ведомстволық мұрағаттар. Қалалық, шіркеулік және жеке мұрағаттар.
ХІХ ғ. басындағы мемлекеттік мұрағаттардың құрылуы. Ф.Бониани және оның мұрағаттанудың дамуына тигізген әсері.
Мұрағаттану туралы заңдар (05.03.1874 ж. 27.05.1875 ж.) және мұрағат ісінің қайта ұйымдастырылуы (Италияның біріктірілуінен кейін). Мемлекеттік мұрағаттар жүйесі және оны басқару мәселесі. Мұрағат ісінің әдістері және техникалық жағдайы.


Испаниядағы мұрағат ісі
Мемлекет тарихына байланысты құжаттардың жиналуы және шығарылымы жөніндегі ғылыми комиссиясының қызметі. Мемлекеттік орталық мұрағаттардың құрылуы (Симанкастағы тарихи мұрағттар, Мадридтегі ұлттық тарихи мұрағат, Алькаледе-Энарестегі Орталық мұрағат, Севильедегі Индияның бас мұрағаты). Мұрағаттар және олардың құрылымдары.
Провинциалдық, қалалық, нотариалдық мұрағаттар. Арнайы мұрағаттар (Шетелдер министрлігі, әскери ведомстволар, Мемлекеттік Кеңес және т.б.).


Неміс тілді мемлекеттердегі мұрағат ісі
Неміс мемлекеттеріндегі мұрағат ісіне тән ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Германдықтар жерлеріндегі мұрағат типтері.
Пруссия мұрағаттары. ХІХ ғ. басындағы мұрағат ісі саласындағы реформалар. Пруссияның мемлекеттік мұрағатты және провинциалдық қоймалар жүйесі. Мұрағаттар құрамы мен құрылымы. Мұрағат ісінің әдістемелік және техникалық мәселелерінің ахуалы. Мұрағаттардың ғылыми-жариялық қызметі.
Бавария мұрағаттары. Құпия ведомстволардың мұрағаттары. /М.Можела министрінің реформалары. Имперлиялық мұрағаттың құрылуы (Рейхс-мұрағат). Мемлекеттің Ұлттық мұрағаты. Провинциалдық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрамы мен құрылымы. Мұрағат жұмыстарының ахуалы. ²Мұрағат журналы² және оның мұрағаттануды дамытудағы маңызы.
Саксония мұрағаттары. Мемлекеттік және провинциалдық мұрағаттардың құрылуы. Мұрағаттардың құрамы мен құрылымы. Мұрағат ісін ұйымдастыру әдістері мен техникалары. Маманданған кадрлар даярлау мәселесі.
Мұрағаттардың археографиялық қызметі. Мұрағаттану теориясы мен әдістемесінің дамуы. Ф.фон Леэр, В.Лозве, Г.Хольцингердің еңбектері.

Австро-Венгриядағы мұрағат ісі. Венадағы мемлекеттік мұрағат және оларды жинақталу сипатына тән ерекшеліктер. Мұрағаттардағы құжаттар құрамының ерекшеліктері. Мұрағат құжаттарының жіктелуі және жүйеленуі. Мұрағаттардың ғылыми-анықтамалық аппараттары. Тарихи ведомстволық мұрағаттар. Құжаттар құрамы. Жергілікті мұрағаттар, олардың құрамы. Тарихи қоғамдардың жергілікті мұрағаттарды қалыптастырудағы ролі. Австриядағы мұрағат ісі саласындағы білім. Тарихи зерттеулер жөніндегі Вена институты (1885 ж.) және оның мұрағатшыларды даярлаудағы маңызы.


Венгрияда Ұлттық мұрағаттының құрылуы. Оның қорларының құрамы. Комитеттік, шіркеулік және жеке мұрағаттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет