«Мұрағаттану» пәні


Балкан елдерінің мұрағат ісі



бет6/12
Дата28.10.2022
өлшемі47,93 Kb.
#155478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мурагат лек

Балкан елдерінің мұрағат ісі


Греция, Сербия, Болгария, Румыния мұрағаттары. Тарихи қоғамдардың жазба құжаттар қоймаларын қалыптастырудағы маңызы. Мұрағат ісінің дамуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Мұрағат ісін жүргізудің әдістемесі және техникасы. Ұлттық кітапханалар мен мұражайларда құжаттарды жинақтау және коллекциялау.


Скандинавия елдеріндегі мұрағат ісі


Швециядағы мұрағаттар. Мұрағаттардың жеке мекеме ретінде қалыптасуы. Елдегі мұрағат саласындағы реформалар (ХІХ ғ. соңы). Тарихшылар Ган Иортпен Гильдебранттың Стокгольм мемлекеттік мұрағатын қалыптастырудағы және оларды жинақтаудағы орны. Мұрағат құжаттарының жіктелуі және жүйеленуі. Жергілікті жерлерде мұрағат жүйесінің қалыптасуы.
Норвегия мұрағаттары. Ұлттық мұрағаттың құрылуы. Оның құрамы мен құрылымы.
Дания. Патшалық бас мұрағат. Провинциалдық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрамы мен құрылымы. Мұрағат ісін реттеу саласына байланысты қабалданған заңдар (1889, 1891 жж.). Скандинавия елдерінде мұрағат ісінің дамуына тән ортақ ерекшеліктер.


ХХ ғ. БАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДЕРДЕ МҰРАҒАТ ІСІНІҢ ДАМУЫ

ХХ ғ. басында шетелдерде мұрағат ісінің дамуының нәтижелері


Мемлекеттік басқару саласындағы мұрағат ісінің жеке сала ретінде қалыптасуы. Мұрағат ісінің ұйымдастырылуындағы орталықтандырылған және орталықтанбаған нысандар. Мұрағат құжаттарын жариялау принциптері және оның заңдық негіздері. Теориялық қайта өңдеу және мұрағаттанудың дамуы. Құжатардың пайда болу принципі - шетелдер мұрағаттануының маңызды жетістігі. Мұрағаттар ірі ғылыми-зерттеу мекемелері ретінде. Мұрағаттанудың жеке пән ретінде қалыптасуы. Мұрағат үшін кадрларды даярлау мәселесі. Мұрағаттарды жаңа құжаттар түрлерімен толықтыру, олардың теориялық және әдістемелік нысаны. Экономикалық мұрағаттардың пайда болуы. Олардың құрамы. Ұлттық кәсіби бірлестіктердің құрылуы. Мұрағат саласында халықаралық байланыстардың пайда болуы. Сирек кездесетін қолжазба құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында құжаттанушылардың, мұрағаттанушылардың, кітапханашылар мен тарихшылардың қарым-қатынастары. Мұрағаттанушылар мен кітапханашылардың халықаралық конгресі (1910 ж., Бельгия) және оның мұрағаттану теориясының дамуына тигізген әсері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет