Мұрағаттану саласына байланысты түсініктемелік аппараттың қалыптастуы Мұрағаттану саласының түсініктемелік аппараты. Түсініктемелік аппаратты жетілдіру – мұрағаттану саласындағы білімді дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Мұрағаттық терминологияның дамуы. Түсініктер классификациясы. Мұрағаттық терминология жүйесіндегі терминдер мен түсініктердің өзара байланысы.
«Мұрағаттану», «мұрағат ісі», «мұрағаттық құжат», «мұрағаттанудың теориясы мен әдістемесі» түсініктері.
Мұрағаттық терминологиялардың дереккөздері. Мұрағат мекемелерінің қолданыстағы тілі - әдебиеттен тыс дерек ретінде. Тарихи сөздіктер. Кітаптанулық сөздіктер. Мұрағат ісіне қатысты әдебиеттер. Мұрағаттық терминдер мен түсініктерді талдауға арналған мақалалар мен кітаптар бөлімдері. Арнайы мұрағаттанулық сөздіктер.
Мұрағаттанулық түсініктемелер аппаратын жүйелеу. Түсініктемелік аппараттың жүйелік бөлімдері, олардың түрлері. Мұрағаттық терминология дамуының теориялық бағыты. Терминологиялық сөздіктер - теориялық терминологияны жетілдірудің түрі ретінде. Мұрағаттық терминологияның тәжірибелік даму бағыты. Стандарттау - тәжірибелік терминологияны жетілдірудің формасы ретінде. Мұрағаттық терминолгияға байланысты стандарттар жүйесін құрастыру.
Мұрағаттану теориясы Мұрағаттану теориясы мен әдістемесінің пайда болуы мен дамуы. Зерттеу нысаны мен пәні. Курстың мақсаты мен құрылымы. Оның бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы.
Мұрағаттанудың теориялық мәселелері. Ғылыми шынтуайттылық принциптері, тарихилық принцип, жан-жақтылық принципі, орталықтандыру принципі. Өндірістік принциптер: қорды бөлшектемеу принципі, құжат құндылығын сұрыптау принципі, қор ішінде құжаттарды жүйелеудің үш принципі. Мұрағаттанудың методологиялық сипаттамасы.
Жалпытанымдық әдістердің курс мәселелерін шешудегі орны. «Мұрағаттанудың теориясы мен әдістемесі» курсында қолданылатын нақты ғылыми пәндерге тән әдістер.
Мұрағаттар және тарих ғылымы. Мұрағаттық құжатты тарихи дерек көзі ретінде қабылдауға байланысты көзқарастар эволюциясы. Тарих ғылымындағы тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісі және мұрағаттық құжаттар.
Мұрағаттану және деректану. Құжаттарды талдаудың деректанулық әдісі және оны құжаттарды сұрыптауда, ұйымдастыруда және сипаттауда пайдалану мүмкіндігі.
Мұрағаттану және қосалқы тарихи пәндер (палеография, дипломатика, тарихи хронология, сфрагистика, тарихи метрология, геральдика, эпиграфика, генеалогия, нумизматика, тарихи география). Мемлекеттік мекемелердің мұрағаттық құжаттарды ұйымдастырудағы орны.
Экономикалық ғылымдар және мұрағат қызметіндегі жоспарлау әдісінің дамуы, есепке алу, экономикалық талдау.
Мұрағаттану және құжаттану. Құжаттарды сыныптау мәселесі, сипаттау, құндылығын сараптау.
Мұрағаттану және археография. Археография әдістерін мұрағаттардың ғылыми-ақпараттық қызметінде пайдалану.
Мұрағаттану және математика. Математикалық-статистикалық зерттеу әдісінің негізінде мұрағаттық статистиканың дамуы.
Ақпараттық теория әдісі және оларды мұрағаттардың ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесінде автоматтандырылған іздестіру жүйесін құрастыруда қолдану.
Мұрағаттану және нақты ғылымдар. Нақты ғылымдардың мұрағат құжаттарын сақтауды қамтамасыз етуде алатын орны.
Мұрағаттану принциптері және курста қолданылатын арнайы зерттеу әдістері (мұрағат қорының біртұтастығы, мұрағаттық ақпараттың қолжетімді болуы, дифференцацияланған сипаттама және мұрағат құжаттарын орталықтандырылған есепке алу)