«Мұрағаттану» пәні


Скандинавия елдерінің мұрағаттары



бет8/12
Дата28.10.2022
өлшемі47,93 Kb.
#155478
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мурагат лек

Скандинавия елдерінің мұрағаттары


Финляндия мұрағаттары. Финляндияның мемлекеттік мұрағаты. Қорлардың құрамы мен мазмұны.
Провинциалдық мұрағаттар жұйесінің ұйымдастырылуы. Көпшілік мұрағаттар туралы заң (1939 ж.) және олардың мұрағат ісі дамуындағы ролі.
Швеция, Дания, Норвегия мұрағаттары. Мемлекеттік және қалалық мұрағаттар. Қордың құрамы және мазмұны. Жергілікті мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің қалыптасуы.
Мұрағат ісінің нормативтік-құқықтық базасы. Мұрағат ісінің техникалық жағдайы және деңгейі.
Англия мұрағаттары
Мұрағат ісін ұйымдастырудағы орталықтандырылмаған нысандар. Англиядағы мемлекеттік мұрағат – орталық үкімет құжаттарының қоймасы ретінде.
Британдық тарихи қоғам және оның жергілікті мұрағаттарды сақтаумен зерттеудегі ролі.
Британиядағы мұрағат қоғамы (1932 ж.), оның елдегі мұрағат ісін шешу мәселелеріне тигізген әсері. Мұрағаттарды жинақтау мәселелері.


Италия мұрағаттары
Италиядағы мұрағат мекемелерінің жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар жүйесі. Қалалық және нотариалдық мұрағаттар. Оларды жинақтау ерекшеліктері. Техникалық және мұрағат жұмыстарының деңгейі. Мұрағаттық мекемелер үшін мамандарды даярлау.

СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ МҰРАҒАТ ІСІ


1940-1960 жж. Еуропа елдеріндегі мұрағат ісі


Бельгия мұрағаттары. Мемлекеттік мұрағат мекемелерінің жүйесі.
Карольдік бас мұрағат, оның құрылымы және қордың құрамы. Провициалдық және округтік мұрағаттар. Мемлекеттік емес мекемелер мұрағаттары. Қалалық және коммуналдық мұрағаттар.
Ведомстволық мұрағаттар. Жеке мұрағаттар. Шіркеулік және епископтық мұрағаттар.

Ұлыбританиядағы мұрағаттар басқармасы


Мемлекеттік құжаттар туралы заң (1958 ж.). Ұлыбритания ұлттық мұрағаты. Оның қорларының құрамы мен мазмұны. Ұлттық мұрағат жұмыстарының ұйымдастырылуы.
Муниципалдық, ведомстволық мұрағаттар. Жергілікті мұрағат жүйесі. (графтықтардың мұрағаттары) Графтық мұрағатшылар ассоциациясының қызметі. Тарихи қолжазба туралы корольдік комиссияның функциялары.
Германиядағы мұрағат ісі
Германиядағы мұрағат ісінің нормативті-құқықтық базасы. Мұрағат құжаттарын пайдалану және сақтаумен қамтамасыз ету заңы (1988 ж.), жер туралы мұрағат қорларының заңдары және т.б. Кобленцедегі федералды мұрағат (1952 ж.). Негізгі функциялары мен құрылымы. Жинақталудың деректік көздері.
Сант-Августиндегі аралық мұрағаттар.
Экономикалық мұрағаттар. Парламент мұрағаттары. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мұрағаттары. Баспа, радио мұрағаттары. Университет мұрағаттары. Әдебиет және өнер мұрағаттары. ГФР-гі мұрағатшылар қоғамының қызметі. Мұрағат ісінің Германияны біріктіргеннен кейінгі жағдайы (1991 ж.).

Италиядағы мемлекеттік мұрағат қызметі


Италияның орталық мемлекеттік мұрағаты. Оның қорларының құрамы мен мазмұны. Рим мемлекеттік мұрағаты. Қордың құрамы. Мемлекеттік емес әкімшілік және экономикалық мекемелер мұрағаттары. Жеке мұрағаттар, мекемелер және жеке адамдардың мұрағаттары.
Мұрағатшы мамандарын даярлау. Итальяндық мұрағатшылардың халықаралық қызметі.

Нидерландық мұрағаттар


Мұрағаттар туралы заңдар (1962, 1990 жж.). Үкіметтік ақпаратты құру заңдары (1980 ж.).
Орталық, провинциалды, муниципалды және жеке мұрағаттар жүйесі. Олардың жұмыстарының ұйымдастырылуы. Қорлар құрамы, жинақтаудың дерек көздері. Құжаттаманы басқару. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану. Мұрағат мамандарын даярлау. Нидерландық мұрағатшылар қоғамының қызметі.

Швейцариядағы мұрағат мекемелері


Федералды (Ұлттық) мұрағат. Кантоналды, қалалық мұрағаттар. Коммуна мұрағаттары. Қордың құрамы және мазмұны.
Базелдегі экономикалық мұрағат. Оның шоғырлану ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық мұрағаттар. Орталықтандырылған ғылыми-техникалық құжаттарды сақтау мәселелері (Цюрихтегі сәулет тарихы институты, Женевадағы ғылыми тарихи мұражай және т.б.).
Халықаралық ұйымдар мұрағаттары. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу әдістері. Мұрағаттардың жариялық қызметі.
Швейцария мұрағатшылар ассоциациясы және оның елдегі мұрағат ісі жөніндегі теоретикалық және практикалық мәселелерді шешудегі орны.

Франциядағы мемлекеттік мұрағат қызметі


Мұрағат ісі туралы үкіметтің декреттері мен заңдары (1979, 1983, 1988, 1990 жж.).
Франция мұрағаттарының дирекциясы және оның функциялары. Ұлттық мұрағат және оның құрылымы. Оның қорларының мазмұны.
Департаменттік, регионалдық, коммуналдық мұрағаттар. Мемлекеттік мекемелер мұрағаттары.
Фонтенбло - қазіргі кезеңдегі мұрағат құжаттарының сақталуы орталығы ретінде. Экс-ан-Прованстегі француз отаршылдық кезеңінің әкімшілігінің материалдары. Эспейрандағы микрофильмдер. Рубедегі бейбіт еңбек мұрағаттары.
Француз мұрағатшылар ассоциациясы және кәсіби мәселелердің шешілуі.

Венгриядағы және Польшадағы мұрағаттар


1947 ж. Конституциясына сәйкес мұрағаттарды орталықтанду іс-шаралары. Орталық мұрағат басқармасы және оның функциялары. Венгр мемлекеттік мұрағаты. Комитеттік және қалалық мұрағаттар. Қордың құрамы мен мазмұны.
1990 ж. кейінгі Венгериядағы мұрағат жүйесі. Бұрынғы партиялық мұрағаттар құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа өткізу. Шіркеулік мұрағаттар. Мұрағаттардың кәсіби жұмысы. Құжаттарды іріктеу, жинақтау, пайдалану мәселесі.
Тарихи деректерді басылымға дайындау. Венгрия мұрағатшылар қоғамының қызметі.
Поляк мұрағаттарына тигісген соғыстың зардабы. Елдегі мұрағат жүйесіндегі өзгерістер. Мемлекеттік мұрағат жүйесінің құралуы.
1951 ж. мемлекеттік мұрағаттар туралы декретке сәйкес мемлекеттегі мұрағат ісінің ережелері.
1983 ж. Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңдар. Мұрағат қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес бөлімдері. Бөлінген мемлекеттік мұрағаттар. Сейм мұрағаты. Президент Мұрағаты. Ұлттық қорғаныс, ішкі және сыртқы істер министрліктерінің мұрағаттары. Мұрағат құжаттарын пайдалануға рұқсат алу мәселелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет