Қызмет турлері: Ойын — мектеп жасына дейінгі балалар кызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рольдік әндер, қимыл ойындары енуі мүмкін. Музыкалық-сенсорлық қабілеттерді дамытатын музыкалық -дидактикалық ойындар шағын бөлім етіп өз алдына бөлек көрсетілген.
Музыкалық-дербес қызмет балалардың өз ынтасымен ойынның, барысында туып, олардың өмірін қызықты мазмұнмен толықтырады.
Мерекелер мен ойын-сауықтар қатарына тәрбиешілердің творчестволық инициативасы мен балалардың белсенділігі жағдайында музыкалық -эстегикалық тәрбиенің зор міндеттерін шешетін көркем музыканың көптеген түрлері мен жанрлары енеді.
Музыканы баланың күнделікті өміріне енгізу де осы міндеттерді шешуге қызмет етеді. Тақертеңгі жаттығу кезінде, серуенге шыққанда, еңбек еткенде, ана тілі жөніндегі, табиғатпен таныстыру жөніндегі сабақтар кезінде де музықа бірге жүреді.
Музыкалық сабақтар — балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, жетілдірудің негізгі формасы — ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалынған программалық талаптарға негізделеді.
Жас топтар.Балғын шақтағы бірінші топ (1 жастағылар). Мұндағы жұмыс программа бойынша жүйелі сабақтар ретінде жүргізіледі; оларда бүлдіршіндердің эмоциялық белсенділігі мақсатты түрде дамытылып, олардың музыкалық қызметке бұдан былайғы қатысуы үшін алғы шарттар жасалады.
Балғын шақтағы екінші топ (2 жастағылар).Балаларға музыкалық тәрбие беру программасына музыканы тыңдау, ересектерге ілесіп ән салу, музыкаға ілесіп ойын және би қимылдарын жасау сияқты, баланың музыкадан алатын айқын әсерлеріне негізделген ең қарапайым талаптар енгізілген.
Одан кейінгі жастағылар топтары (3—7 жастағылар). Бұл топтардағы сабақтарда балаларды оқыту программалары құрылымы жағынан бірдей және оларға мыналар қамтылған:
1) музыкалық тәрбиенің міндеттері;
2) музыкалық қызметтің жекелеген түрлері: музыка тыңдау, ән
айту, балалардың музыкалық аспаптарында музыкалық-ырғақ қимылдарын келтіру және ойнау (әзірлік тобындағы және көбінесе
үлкен топтардағы балалар үшін) жөніндегі программалар;
3) музыкалық қызметтің барлық түрлері бойынша (бірінші кіші топтан басқа) әр тоқсанға бөлінген репертуар.
Егер балалардың жасына қарай музыкалық тәрбиеге қойылатын міндеттерді салыстыратын болсақ, онда мыналарды атап айтуға болады:
балалардың жасына қарай бөлінген топтарда жүргізілетін жұмыстың бәрінде де бірыңғай міндеттер шешіледі, олар бірте-бірте күрделілендіріліп отырады, осы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен жетілдірудегі сабақтастық қамтамасыз етіледі.
Музыкалық қызметтің негізгі түрлерінің аясы (музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақты қимыл) ән, ойын, би творчествосы элементтерін, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауды енгізу есебінен кеңейтідеді, сөйтіп, балаларға музыкалық білім элементтерін үйретуге мүмкіндік туады.
Музыкалық тәрбие мен білім беру міндеттері оқу барысында шешіледі. Балаларға музыка туралы әңгіме айтылады, бейнелі жеткізу тәсілдерімен таныстырады, шығарманың формасына, бір-бірінен бөлектігі айқын байқалатын бөлімдері мен фразаларына олардың назарын аудартады. Балалар кеибір түсініктерді, мәселен: «музыкалық кіріспе», «бастама мен қайырма», «музыкалық фраза» тағы басқа түсініктерді ұғып, жаттап алады.
Басты міндет — музыканы, әнді, қимылдарды және аспаптарда ойнауды игеру саласындағы әрекеттерді, дағды мен шеберлікті іс жүзінде меңгеру. Егер балалар тапсырманың мән-мағынасын жақсы түсінсе, оны оңай орындайды. Мәселен, әсерлі шығуы үшін бесік жырын дауысты қатты шығармастан, асықпай, сазды орындаған жөн. Балалар бұған дағдылана отырып әннің мазмұны, музыкасының сипаты және орындалуы туралы біршама мәліметтер алады.