Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) – тек қана ақын емес, әнші әрі халық композиторы. Оның «Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Жонып алды» сияқты көптеген әндері бар. Біржанның Сарамен айтысы қазақ даласында аты аңызға айналған айтыстардың бірі болды. Мұқан Төлебаев осы айтыстың желісімен «Біржан – Сара» атты опера жазды.
Еске түсірейік:
Біржан сал мен қыз
Жорықбай мен жолаушы
Қағыспа
айтыс
Ақындар айтысы
Құлыншақ пен
Майлықожа
Базарбайдың Бекетбайдан бата алуы
Қайталау сұрақтары:
Қағыспа айтыс дегеніміз не?
Не себепті қыз Біржанмен айтыса бастады?
Біржан сал табан астынан қандай жауап қайтарды?
Құлыншақ пен Майлықожаның айтысы айтыстың қандай түріне жатады?
Құлыншақ ақын Майлыға қандай мін тақты?
Майлықожа жауап қайтара алды ма?
Айтыс ақындарының өлеңдері неше буыннан құралады?
Он бір буындық өлеңнің ерекшелігі неде?
Он бір буындық өлеңдерді қалай атайды?
Жас ақын Бекетбайға не үшін келеді?
Жас ақынға Бекетбай батасын берді ме?
Өлең тармағындағы бунақтар қалай құралады?
Жорықбай не себепті өлең шығарады?
Сөзжұмбақ шешейік!
А
Қ
Ы
Н
К
Ү
Й
Т
Ә
Т
Т
І
М
Б
Е
Т
А
Ғ
Ы
П
С
А
Р
А
1 Өз ойынан өлең шығаратын адам. 2 Аспапта орындалатын белгілі мазмұны бар шығарма. 3 Шертпе күй шебері. 4 «Тамып» сөзінің синонимі. 5 Біржан ақынмен айтысқан қыз.
Қазіргі заманның айтыскер ақындары: Нұрмат Мансұров – Оразбай Болатбек, Жансая Мусина – Ержан Әміров, Айнұр Тұрсынбаева – Айбек Қалиев, Сырым Әуезхан – Біржан Байтуов, Еркебұлан Қайназар – Жандарбек Бұлғақов cөз сайыстырса, екінші бөлімде: Қалижан Білдәшев – Жақсылық Орынбасар, Әсем Ережеқызы – Төлеген Жаманов, Сара Тоқтамыс – Әсет Дүйсебаев, Балғынбек Имашев – Мейірбек Сұлтанхан, Мақсат Ақанов – Нұрлан Мұсаев, Мұхтар Ниязов – Бекарыс Шойбековтер қазіргі кезде өздерінің қарсыластарымен сахна төрінен айтыс алаңында бақтарын сынап жүр.
Суреттерден айтыскер ақындарды тауып, аттарын жазыңдар.