Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.
Ұйқас сөздер табу
Дыбыс үндестігінен жасалған сөздерді ұйқас сөздер деп атаймыз.
Өлең құрау үшін әуелі ұйқас сөздерді табу қажет. Ұйқас сөздер сөз басында немесе ортасында тұратын дауыссыз дыбыстардың ауысуынан пайда болады.
Ұйқас сөздер - дыбыс үндестігінен жасалған сөздер
Қане, жас ақыным, кестені пайдалана отырып,
ұйқас сөзді іздеп көрелік!
Сөз ортасындағы дауыссыз дыбысты ауыстыру арқылы жасалған ұйқас сөздерді табамыз. Мысалы, «Талып» сөзіндегі «Л» әрпін кестедегі әріптермен орнын ауыстарамыз.
|
|
| Тамып | Таңып |
Танып
| Талып |
|
|
|
|
Татып
|
|
Тасып
|
|
|
Тағып
|
Бес-жеті буындық өлең.
Өлеңнің көптеген түрлері бар. Олар буын арқылы ерекшеленеді. Өлең 7-8 және 11 буындық болып келеді. 11 буындық өлең құрау үшін алдымен 5 буындық өлең құрап аламыз.
Өлең құрау үшін ең басты ұйқас сөздер болуы шарт. Мысалы, ғашық сөзін алайық. Ғашық сөзіне ұйқас сөздерді кесте бойынша іздейміз. Бір шумақ өлең төрт жолдан тұратындықтан, төрт сөзді іріктеп аламыз. Олар: ғашық, лашық, ашық, қашық.
Бес буындық өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін табамыз.
Қане, жас ақыным, өлең құрап көрелік!
Бос тордың ішіне сөз тіркесін тауып жазалық!
Көңілі
Ауызы
Лашық
Қашық
Ашық
Қаладан
Далада
Тұрған үй
Сонда да
Ғашық
Ауылдан
Қыздарға
Ұйқас сөздердің сөз тіркесін табу арқылы бес буынды өлең құрай алдық.
Көңiлiм ашық,
Тұрған үй лашық,
Қаладан қашық,
Сонда да ғашық
Немесе:
Ауызы ашық
Далада лашық,
Ауылдан қашық,
Қыздарға ғашық
Бес буынды өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін табамыз.
Сен білесің бе?
Бiр қатар өлең жолын – тармақ деп атаймыз.
Мысалы: “Деп едің айтысайын меніменен”
Төрт немесе онан да көп тармақтан құралған өлең жолдарын – шумақ деп атаймыз.
Мысалы: “ Деп едің айтысайын меніменен.
Келмейді менің хошым сеніменен.
Келгенде менің хошым сеніменен,
Кетермін қағып-соғып жеңімменен”.
Тармақ айтылу ырғағына қарай бірнеше бунақтарға бөлінеді.
Деп едің
меніменен
айтысайын
Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: Деп е-дің ай-ты-сай-ын ме-ні-ме-нен
Жеті буындық өлең
Қазақтың жыр-дастандары мен терме–толғаулары 7-8 буындық болып келеді. Бұл өлеңнің ең көне түріне жатады.
Жеті буындық өлең құрау үшін еді, деді, болды сөздерін қолданамыз. Ол үшін ұйқастырған бес буынды өлеңімізге мағынасына сай етіп аты аталған сөздерді тіркейміз.
Қане, жас ақыным, жеті буынды өлең құрап көрелік!
Көңiлiм ашық
Тұрған үй лашық
Қаладан қашық
Сонда да ғашық
Үлкендеу бала
Киімі ала
Жүргені дала
Тұрғаны қала
Ағашта алма
Қолығды салма
Қалаға барма
Досыңнан қалма
Қазақтың жыр-дастандары мен терме-толғаулары
7-8 буындық болып келеді.
Сен білесің бе?
Қазақтың көнеден келе жатқан көптеген халық жырлары бар. Олар: “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, т.б. Сонымен бірге, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Бұхар жырау, Махамбет сынды ақын-жыраулар өмір сүрген. Халық жырлары мен ақын-жыраулардың терме-толғауларының барлығы 7-8 буындық өлеңдерге құралған.
Он бір буындық өлең.
Қане, жас ақыным, он бір буындық өлең құрауға көшелік!
Қара өлең – қазақтың он бір буынды өлең түрі
Қане, балалар, ұйқас сөзді іздеп көрейік!
«Ағып» сөзінің бірінші әрпін ауыстыра отырып, ұйқас сөздерді іздеп көрелік.
Ағып
Қ
Б
Л
Н Т Ж Ш
Достарыңызбен бөлісу: |