Музыка пәні бойынша



бет4/16
Дата13.09.2017
өлшемі4,22 Mb.
#32081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Сен білесің бе?

Ақын тек қана айтысып қана қоймай, көшпелі өмір салтында жаршы міндетін атқарған. Яғни, үйлену тойында той бастар, беташар жырларын айтқан. Сонымен бірге адам өлімінде қазалы хабарды жеткізіп, көңіл айтқан. Ақын қазақтың ырым-салтына байланысты барлық рәсімдердің басы-қасында болып, маңызды қызмет атқарған.



Өлең құраудың әдіс-тәсілдері.

Өлең құрауда мына ерекшелікті есіңде сақта. Он бір буындық бір шумақ өлеңнің үшінші тармағы ұйқасқа құралмайды. Өйткені, үшінші тармақта айтылатын ой төртінші тармақта жалғасын табады. Ал өлеңнің әрбір тармағы 3 – 4 – 4 бунақтарынан құралған сөздерден тұруы қажет.



3 4 4

Келеді

тау бойынан

өзен ағып

Құлаққа

қыздар жүрер

сырға тағып.

Ауылда

тоймен думан

бола қалса,

Жігіттер

айтысады

тұра қалып.

Он бір буынды бір шумақ өлеңнің үшінші жолы ұйқасқа құралмайды.

Біліп ал!

Айтыс ерте замандарда кейбір көшпелі халықтар арасында болған. Олар қарақалпақ, қырғыз, монғол-түркмен халықтарында кездескен. Әсіресе қазақ халқында айтыс ақындар арасында бүгінгі күнге дейін шоқтығы биік ірі дәстүрге айналған.



Ойлан да айт:

Қазіргі орындаушылардың ішінен кімді сері деп ойлайсың?

Шығармашылық тапсырма:

Өлеңінің үшінші тармағын құра

Қойшылар жүрер екен қойын бағып.

Ұсталар кәсіп етер балға қағып.

………………………………………

Ақындар айтысады сөзбен
Айтыстың тағы бір түрі

Ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-сықақ ретінде ұтқыр жауаптасуын қағыспа айтыс дейміз. Қағыспа айтыс ақындардан тапқырлық пен шапшаң ойлауды талап етеді. Сондықтан ақынның ойы ұшқыр, тілі жүйрік болуы қажет.


Біржан сал мен қыздың қағыспа айтысы

Бiржан сал жолаушылап бiр кедей адамның үйiне кездеседi. Сол үйдiң қызы қатықсыз қара көже құйып берсе, Бiржан ернiн ғана тигiзiп қайтарады.




Сонда қыз: - Байлардың жейтiн асы – жая мен жал,

Шығады нақ кедейден осындай сал.

Қыс аяғы шаруаға қиын болды,

Көжеге кекiреймей ернiңдi мал! – деген екен.



Сонда Бiржан: - Атанғам ақындықпен Бiржан серi,

Серiнiң күнде думан жүрген жерi.

Қарындасым, ағаңа сөзiң өттi

Көжеңдi басып – басып әкел берi, - деген екен.



Қағыспа айтыс - ақындардың аяқ астынан бір-бірімен сын-сықақпен ұтқыр жауаптасуы



Ойлан да айт:

Егер сен Біржан салдың орнында болсаң не істер едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет