Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет3/8
Дата27.12.2016
өлшемі2,6 Mb.
#6104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

5.3 Музыкалық икемділік пен дағдылар

Қазіргі кезде музыкалық білім беру педагогикасында икемділік пен дағды арасында көптеген айырмашылықтар бар дейтін көзқарастар үстемдік етуде.


Музыкалық икемділік

Музыкалық икемділік музыка туралы білімге сүйенеді және де ол музыканы тірідей қабылдау процесінде қалыптасады. Яғни бұл жағдайда, музыкалық сабақ үстінде икемділіктің екі тобы қалыптасады.

Оның біріншісі – нақты бір музыкалық қызметтің түріне тән және оның табиғатына сай келетін икемділік:

а) Тыңдау (қабылдау) әрекетінің икемділігі:

- музыкалық дыбыс ырғағын қабылдау, тыңдаған шығарманың мазмұнына сезіммен үн қосу;

- музыканы тыңдағаннан кейін туындаған өзінің көңіл-күйіне, сезіміне, жасын ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістерге сипаттама беру;

- тыңдаған шығармаға вербальді (ауызша, сөзбен) немесе вербальсіз (сурет, пластика т.б.) сипаттама беру, яғни шығарманың бейнелі-сезімдік мазмұнына, музыкалық айшықтылығына, олардың өзара байланысына, музыкалық драмасының даму үрдісіне, оның дыбыстық ырғағына, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сиаттама;

- тыңдаған шығарманың және сол автордың басқа да музыкалық шығармаларының, өзге композиторлар туындыларының, өнердің басқа түрлерінің бір-бірімен ұқсастығын және өзгешелігін табу.

ә) Музыкалық орындаушылық әрекетінде жоғарыда айтылған икемділіктердің барлығы өз ерекшеліктерін сақтайды, сонымен қатар, сол тыңдаған шығарманы өз орындауында іске асыру барысында (әнмен, музыкалық аспаптарда ойнағанда, би қимылымен) басқа да жаңа икемділіктер пайда болады. Оған жататындар:

- шығарманы өзінің орындауымен (жеке дауыста ән салғанда, бимен, музыкалық аспапта) түсіндіру әрекетінде ең алдымен интуитивті, содан кейін белгілі бір жағдайда түсініп орындау керек;

- бір шығарманың өзі ұсынған әр түрлі нұсқаларын (варианты) орындау керек;

- әр түрлі музыкалық талдауларды салыстырып ішіндегі ең жақсы нұсқасын таңдау керек;

- таңдаған нұсқаның сапасын өз орындауында көрсете білу керек.

б) Музыкалық-копозициалық шығармашылықтағы икемділік – ұсынған параметр бойынша ырғақты, әуез-ырғақты, синтаксистік, жанрлы-стильдік, фактуралық және тағы басқа үлгілер арқылы музыка шығару (жазу).

Екінші топқа жататын икемділік - өзіне жақын немесе жан-дүниесіне қарама-қарсы музыканың әсерімен бұрынғы алған арнайы білімінің арқасында және рефлективті (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) тәжірибесі негізінде өзінің психологиялық хал-күйін реттеу.

Бұл икемділік музыкалық білім беру теориясында алғаш рет еңгізіліп отыр. Сондықтан да, оның әлі де болса қалыптасып, дамуына біраз уақыт қажет.


Музыкалық дағдылар

Музыкалық білім мен икемділіктерге сүйенетін музыкалық дағдылар, ең алдымен, белгілі бір дайындықты қажет ететін және психофизиологиялық аппаратты дамытатын музыкалық-орындаушылық әрекеттің қажетті техникалық базасы болып табылады.



Орындаушылық әрекеттегі дағды ең алдымен техниканы меңгеруге байланысты.

а) Ән салу әрекетіндегі негізгі вокалді-хорлы дағдыларға жататындар: әншілік орындаушылық дағдыны қалыптастыру, дыбысшығарушылық, әншілік тынысты дағдыландыру, дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелерінің әрекетін дағдыландыру, хорлы қатар мен ансамбль (ән салу кезінде сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз) дағдысы, ән салатын үннің басты ерекшеліктеріне қарай дыбыстау аппараттарының қызметін үйлестіру (айқын, шарықтау) дағдысы, дирижердің нүсқауын түсіну дағдысы.

ә) Тыңдаушылық әрекетінде ең алдымен жекелеген музыка арқауының (ткань) (регистр, тембр, жоғары дыбыстық, метроритмикалық және ладтың ерекшеліктер: үйлесім, көпүнділік, фактура, форма құрушылық т.б.) құрылымдық бөлшектерінің естілуімен байланысты.

б) Музыкалық-композициалық шығармашылықта берілген әуеннің нұсқалық қайталаулары, ұсынылған модельдер бойынша ырғақты суреттер жасау дағдылары қалыптасады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сезімдік-құндылық қатынастың музыкалық өнердегі маңызын ашып беріңіз.

2. Музыкалық білім берудегі музыка туралы білімнің әр түрлі категорияларына сипаттама беріңіз.

3. Музыкалық білім берудегі икемділіктерді сипаттаңыз.

4. Музыкалық білім білім беру процесіндегі оқушылардың музыкалық дағдыны қабылдауын қалай түсінесіз?

5. Музыкалық икемділік пен дағдылардың ортақтығы, ұқсастығы және айырмашылығын сипаттаңыз.

6. Оқушының музыкалық-шығармашылық әрекеті немен сипатталады?

7. Музыкалық шығармалардан мысал келтіре отырып: әуенділік, бишілік, жедел ырғақ ұғымдарын ән, би, марш, күй сөздерімен салыстыра отырып, олардың айырмашылықтары неде екеніне түсінік беріңіз.



VI ТАРАУ

МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ
6.1 Музыкалық әрекет түрлерінің жалпы сипаттамасы

Отандық музыкалық білім беру педагогикасы оқушылардың музыкалық әрекеттің түрлеріне мыналарды жатқызады: музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка әуенімен қимылдау, балалардың музыка шығаруы (балалардың музыкалық шығармашылығы). Бұл аталғандар дәстүрлі музыкалық әрекеттер делініп жүр. Сондықтан болар бұл әрекеттерді балаларды музыкаға жақындатудың формалары деп шартты түрде белгілейді.

Соңғы жылдары қалыптаса бастаған көзқарас бойынша шынайы музыкалық әрекеттерге композитордың, орындаушының, тыңдаушының әрекеттерін жатқызады.

Қазіргі кезде әбден сұрыпталған бырақ әлі де талқылауларды қажет ететін оқушылардың төмендегідей музыкалық әрекеттерін атауға болады:

- Ең алдымен, бұған жататыны, әрине: музыка тыңдау; оны орындау: вокалды, хормен, жеке дауыста, музыкалық аспаптарда; музыка жазу сияқты барлық түрлерін қамтитын оқушының жеке музыкалық әрекеті;

- Музыкалық-теориялық әрекеті;

- Өткен, қазіргі музыкалырдың жай-күйінен мағлұмат беретін, оқушылардың музыка туралы білімінің танымдық жағын арттыратын музыкалық-тарихи әрекеті;

- Музыкалық хабарлар (білімпаз) көпбейнелі әрекеті;

- Жинама түрдегі музыкалық әрекет.
6.2 Жеке музыкалық әрекет

Музыка тыңдаудың негізгі мақсаты оқушының музыканы тыңдай білу, қабылдау мәдениетін қалыптастыру. Бұл деп отырғанымыз ең алдымен:

а) Жинақталған тәжірибе бойынша халықтық, классикалық, қазіргі отандық және шетелдік көркемдігі жоғары музыка үлгілерімен қатынас орнату.

ә) Музыка өнерінің жанры, стилі, формасы жайында бұрыннан жинақталған білімге сүйене отырып музыканың мағаналы-көркемдік мазмұнына терең бойлап, сезіммен қабылдай білу керек.

б) Тыңдаушылық әрекетке қажеттілік туғызу немесе осы әрекетке деген сұраным.

Оқушылардың тыңдаушылық мәдениетін ұйымдастыру кезінде музыка өнерінің мәні мен мазмұнын түсіндіретін әртүрлі жолдары болатынын ескеру керек.

1 – түсінік, музыканы ақиқаттың бейнелі формада сәулеленуді деп қарау.

2 – түсінік, музыкалық мән-мағанасы сол музыканың өзінен көрінуі тиіс.

3 – түсінік, әрбір бала музыканы тыңдай отырып, оны өзінше қабылдайды. Қабылдау нысанына тыңдап отырған шығарманың эмоциогендік ырғағы кіреді. Эмоциогендік ырғақ деп отырғанымыз - өз сезімін жеткізе білетін, композитордың көңіл-күйі және ерік-жігері сияқты экспрессивтік маңызды мәселелер.

Қорыта келгенде, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы тыңдаушылық әрекеті дегенде ең алдымен оның танымдық әрекетін айтуымыз керек. Бұл баланы музыкалық білім алуының негізінде жалпы танымдық әрекетін дамыту арқылы музыка өнеріне, музыка әлеміне еркін енуіне жағдай жасайды. Музыка туралы білім алу үрдісінде музыканы басқа да әрекеттері кең түрде қамтылады. Бұл кезде музыканың ырғақтық-бейнелі табиғаты туралы білім, музыкалың жанрлық-стилдік көпқырлығы, сондай-ақ, музыкалық шығармалар туралы нақты білім, композиторлар, орындаушылар туралы жалпы жинақталған тағы да көптеген музыка жайындағы таным-түсініктерді оқушыларға танытып оларға музыканың бай мүмкіншілігі туралы білім беріледі.
Музыкалық орындаушылық әрекет

Орындаушылық әрекет музыка сабағының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол балаға музыканың орындаушылық табиғатын ашуға, музыкамен айналысқан сәтте оны танып, біле алатын музыкант ретінде сезінуге көмектеседі. «Музыкалық туындының өмір сүруі – оның орындалуында яғни оның мәнін дыбыс ырғақтары арқылы ашқанда ғана музыкалық шынды өмір сүреді» - дейді Б.В.Асафьев (Музыкальная форма как прогресс. – Л., 1971. – С. 264.).



Оқушылардың орындаушылық мәдениетінің төмендегідей негізгі көрсеткіштері бар:

- арнайы бір орындаушылық әрекеттің түріне ғана қажеттілік, қызығушылық, ынта таныту;

- орындаушылыққа шығармашылық әрекеті ретінде қарау;

- туындының әуендік, орындаушылық сапасына өзіндік көзқарасын білдіру;

- шығарманың жанрын, стилін, мазмұнын қамтитын орындаушылық білім, икемділік, дағдыларды игере білу.

Музыка сабақтарындағы орындаушылық әрекет: хормен, жеке, ансамбльмен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты негізгі түрлері арқылы іске асады.


Вокал – хор әрекеті

Бұл әрекет оқушы тұлғасын қалыптастырудағы жалпы музыкалық мәдениеттің маңызды бір бөлігі болып саналады.

Вокалды-хорлы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына кіретіндер: әншілік дауыс ырғағымен оны сақтауды, қорғауды білу жөніндегі арнайы жүйелер; хордағы ән салу тәртібі, вокалды-хорлы икемділік пен дағдылар, оқушыларды музыкалық-шығармашылыққа оқыту тәжірибесі, музыкаға және қоршаған ортаға деген сезімдік-эстетикалық тәжірибе және т.б.

Оқушылардың вокалды-хорлы мәдениетін қалыптастыруда, халықтық, классикалық және қазіргі музыкалырды қамтитын ұжымдық хор репертуарын дұрыс қоя білу де үлкен рол атқарады.

Вокалды-хорлы жұмыстар мазмұнына әуенділікті, әншілік қаблетін, вокалды-хорлы техникаларды дамытуға бағытталған жаттығулар мен шынықтырулар жүйесі жатады.

Вокалды-хорлы орындаудың екі формасы бар:



    • сүйемелдеусіз ән салу;

    • сүйемелдеумен ән салу.

Мұғалімнің қызметіндегі маңызды бағыттың бірі - балаларды көпүділік ән салуға үйрету. Балаға көпдауысты ән салудың икемдіктері мен дағдыларын игертуде көптеген музыкант-педагогтар бірінші кезеңде үйрету керек деген көзқарасты жақтайды. Кейбір педагогтар көпдауыстылық ән салуға үйретуді конондық негіздерге сүйенсе, енді біреулері қосалқы дауысқа сүйенеді.

Вокалды-хорлы жұмыстарды ұйымдастырған кезде балалардың әншілік дауысының негізгі даму кезеңдеріне көңіл қою керек.

7 - 10 жас – бастауыш мектеп жасындағылар: балалық дауыс кезеңі;

10 – 12 жас – дауыс өзгерісі алдындағы кезең (организмде биологиялық, физиологиялық өзгерістер жүре бастайды);

13 – 15 жас - өзгерістік кезең;

16 – 18 жас - өзгерістен кейінгі кезең.

Бұл балалардың физиологиялық ерекшелігіне қарай әр балада әр түрлі бірақ міндетті түрде жүретін биологиялық даму процесі. Музыка пәні мұғалімі осы кезеңдерді жақсы біліп, балалардың физиологиялық даму барысында мұқият болғаны жөн.

Вокалды-хорлы жұмыс барысында оқушының әншілік дауысына ерекше көңіл аударылады. Оның негізгі қасиеттеріне жататындар: дыбыстық және динамикалық диапазон, тембірдің сапасы, дикция.

Отандық ғалымдардың еңбектерінде бала дауысы өзгерісінің әр түрлі кезеңдерінде әншілік дауыс үнінің сапалық жағы артады. Бірақ бұл кезде дауыс аппараттарының гигиенасын сақтай отырып әншілік орындаушылық сабақты өткізгенде аса қатты жүктемелі режимде өткізбеген дұрыс дейді көптеген ғалымдар.

Өзгермелі кезеңнің алғашқы сатысында дауыс диапазонының жоғарғы шеткі дыбысы жоғалады. Ұл балаларда кіші октава дыбыстарының пайда болуымен қатар диапазонның ұлғайюы байқалады. Ән айтқан кезде қырылдау, аздап жөтелу, сырылдау сияқты дыбыстар пайда болады. Дауыс үнділігі, жеңілділігі жоғала бастайды да жуандай түседі.



Өзгерістік кезеңде осы айтылғандар үдей түседі. Қырылдаған дауыс күшейеді. Сәбилік үннің жұмыс диапазоны жіңішкереді. Балалар өте сақ және баяу түрде ән сала бастайды, тез шаршайды. Ұлдардың дауысы «сына» бастайды. Олар екі дауыста төменгі сәбилік үнмен және еркектін дауысқа жақын ән салғандай болады.

Ал қыз балалардағы өзгеріс жеңіл түрде өтеді. Қыздардың дауысы жуандап, орталық диапазонда дыбыс күшінің төмендеуімен сипатталады.

Өзгерістен кейінгі кезеңде дыбыстау аппараттарының жұмысы қалыпқа түсе бастайды. Бала өзінің жаңа дауысына үйреніп, соған бейімделе түседі. Зерттеушілердің айтуынша бұл кезде жасөспірімдер жеңіл дауыспен ән салғаны дұрыс.

Вокалды-хорлы жұмыстың енді бір маңызды бағыты – балаларды нотамен ән салуға үйрету. Осылай ән салу оқушылардың музыкалы-тыңдау (көріп отырмын – естіп отырмын - ән салып тұрмын) елестетуін қалыптастырады. Яғни көзбен көріп, құлақпен естіп, өзі ән сала отырып үш триадамен біріктіріп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

Нотамен орындау екі түрлі тапсырма бар:


    • абсалюттік сольмизацияға негізделген нотамен ән салу;

    • абсалюттік сольмизацияға өту үшін релятивтік сольмизацияға

сүйеніп нотамен ән салу.

Хорлы әрекеттің психологиялық стресті, тұтықпалықты жоятын арттерапевтік әсері де бар.


Аспаптық әрекет

Жалпы білім беру мекемелерде балалардың аспаптық әрекеті қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауы арқылы жүзеге асады. Баланың аспаптық орындаушылық әрекет – орындаушы, аспапта орындай алатынын сезуі. Алғаш рет оқушылар шулы аспаптарда орындайды да келесі кезеңі пернелі (клавишные), үрмелі аспаптарда (металлофон, ксилофон, блокфлейта,балалар күйсандығы т.б.) орындайды.

Аспапта ойнауда біреулері музыкамен шұғылданады, екіншілері – өздерінің шығармашылық қаблеттерін көрсетеді, үшіншілері – уақыт өткізу үшін келеді.

Аспаптық әрекетінің негізгі түрлері:



    • аспаптық үлгілерді жеке, топтасып, ұжымды түрде орындау;

    • үйренетін, орындалатын әндеріне, шығармаларға сүйемелдеу барысын орындау;

    • импровизациялау, аспаптық және вокалды-аспаптық копозицияларды орындау.

Аспаптық әрекет процесінде балалардың музыкалық есту қаблетін дамытады (дыбысбиіктілігінің, әуенділігінің, саздылығының, бояулығының, динамикалығының, үндестілігінің, полифониялығының және т.б.). Аспапта ойнау балаларды нотаны меңеруіне жағдай жасайды.
Импровизациялау және ән шығару

Импровизациялау және ән шығаруды балалардың музыкалық-композициялық шығармашылық деп аталады. (Н.А.Терентьева импровизацияны балалардың көркем шығармашылығының алғаш басы дейді).



Импровизация - жаңа музыкалық материалды дірден шығару процесі. Ән шығару – балалар алдында мақсат қою барысындағы музыка мұғалімімен бірігіп музыкалық композицияны шығару шығармашылық процесі.

Оқушыларға арналған композиция-шығармашылық тапсырманың екі түрі бар:



    • берілген тақырыпты дамыту;

    • өзіндік тақырыпты шығару және оны дамытуы.

Л.В.Школяр концепциясында: «әрбір бала – суретші және міндетті түрде талантты».
6.3 Музыкалы - теориялық әрекет

Музыкалы-теориялық әрекет оқушылардың музыкалық мәдениетінің дамуына бағытталған. Бұл – біріншіден кең мағынадағы ұғым – оқушылардың музыкалық сауаттылығы, екіншіден – тар мағынадағы – нота сауатын білу.

Теориялық білімге жататындар:


    • музыка өнерінің, оның табиғатының заңдылықтары (интонация, жанр, образ, драматургия, стил және т.б.);

    • музыка формасының өмір сүруі, копозиторлар, орындаушылар, тыңдармандар туралы, оркестрлер, хорлар, жеке орындаушылар туралы білімі және т.б.

    • музыкалық теория негіздерін, оның ішінде нота саутын білу.

Музыка табиғатының интонациясы, музыкалы-теориялық әрекетті ұймдастыру барысында оқушылардың жаңа білім алуында бірнеше кезеңдер бар:

1. Баланы ең алғаш музыкалы-теориялық ұғымдармен таныстыру.

2. Балаларға қарапайым формадағы жаңа ұғымдарды музыка-теориялық талдауларды меңгеру.

3. Оқушылардың музыка әлеміне жаңа музыкалық білім мен ұғымдарды пайдалана білуі.


6.4 Музыкалық – тарихи әрекет

Оқушылардың музыкалық – тарихи әрекеті түрлі тарихи кезеңдердің музыкасын білу, музыкалық – тарихи стилін, ертедегі мен қазіргі композиторлардың шығармашылығын және алған дағдылары мен икемділіктерін түрлі музыкалық қызметінде пайдалана білу.

Дыбыс ырғағы мен есту қаблетінің тәжірибесі, әртүрлі жанрлар шығармаларын салыстыра білу, көне, бүгінгі музыканың ерекшелігі мен жалпылығы, дәстүрлі музыка мен халақ музыкасын, дәстүрлі музыка мен кәсіби музыкаларын айыра білу, фольклор мен халық әндерін, күйлерін айыра білу, музыкалық өнердің заңдылықтарын білу.

Осының бәрі музыка тыңдау, орындаушылық әрекет, музыкалық – композиция шығармашылық процесінде қалыптасады, тұрақтайды, кемелденеді.


6.5 Музыкалық жартылай көркемдік бағыттағы әрекет

Бұл әрекет екі не одан көп түрлі көркем әрекетінің тұтастығы.

Өзінің жартылай көркемдік табиғат әрекетінде музыка мен бейнелеу өнері, музыка мен әдебиет, музыка мен пластика өнері, музыка мен театр және т.с. өнердің бірлігі. В.В.Мендушевский бірінші кезеңге оның жалпы тақырыбын - өнерге өмірдің сұранысын көрсетеді: әлем, адам, табиғат, тарихи оқиғалар және қазіргі кезең.

Әртүрлі өнердің байланысы әртүр болуы мүмкін. Мысалы:



    • музыкалы-пластикалық әрекетінің екі түрі: қосымша-дидактикалық және көркемдік-образды.

Қосымша-дидактикалық музыкалы-пластикалы әрекетіне оқушылардың музыкалық-есту елестетуін дамыту барысында келесі әректтерді қарастырады:

    • дыбысбиіктілік, ырғақтылық, динамикалық және басқадай қатынасты модульдеу, музыканы жүріс жүйесімен білдіру;

    • тактілеу;

    • оқу барысында әтүрлі дауыс ымдауын (К.Орфтың айтуынша) қолдану (шапалақтау, адымдау, сыртылдау (щелчков) және т.б.

Көркемдік – образды музыкалы-пластикалы әрекет – музыкалық мазмұны, формасы, образы, көркем мәнерлеу құралдары арқылы байланысты оқушылардың таба білуі. Оған жататындар:

    • музыканы қабылдау барысында музыкалы-пластикалық композиция құру;

    • плстикалық мәнерлеу құралдары арқылы үйренген әндерді сахналау;

    • дирижерлау.

Музыка мен пластика өнерінің байланысы ұжымды әрекетіндегі баланың жеке тұлғалығын музыкалық дамуында байқауға болады.
6.6 Музыкалық қатысымдылық әрекет

Музыкалық көріністің өмір мен көркемдік контекстің ашуын, қалыптасуын білдіреді. Д.Б.Кабалевский мақсаттын басынан асыру және музыкалық білім беру педагогикасының басты принципі деп белгілейді: «Музыка және өмір – бұл басты тақырып, мектептегі музыка сабағының басту мақсаты... Музыка тіршілігімізге терең бойлап, онымен тығыз араласады, біздің рухани өміріміздің ажырамас бөлігіндей, жалпы өміріміз неден құрылса сондайлық табиғи жарасым тауып отырады».

Дүниенің әсемдік тұтастылығын оқушы сезіне білуі керек.

Нақты музыкалық шығарманың үш негізгі деңгейі бар деп музыкалық қатысымдылық әрекеті дәлелдейді:



    • музыкалық нұсқаның жекешілігі ретінде;

    • дәстүрлік, халықтық, діни мәденитеінің музыкалық мәдениетінің бөлігі ретінде;

    • жалпы музыкалық мұраның бөлігі ретінде.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Музыкалық әрекет түрлері» терминнің мәнін сипаттаңыз.

  2. Оқушыларды музыкалық орындаушылық әрекетінің мазмұнына сипаттама беріңіз.

  3. Орындаушылық формасы мен орындаушылық мәдениеті және орындаудың түрлері.

  4. Мектеп бағдарламасындағы вокалді-хорды оқытуы мен тәрбие мақсаттарын салыстыру.

  5. Оқушыны импровизациялау мен шығармашылығы бағытындағы мұғалімнің дайындық жұмысы.

  6. Оқушыны музыкалық білім мазмұндағы музыкалық-теориялық білімінің шеңберіне сипаттама беру.

  7. Оқушылардың бастауыш және орта мектепте музыкалық-тарихи біліміне сипаттама.

  8. Оқушылардың музыкалық білім мазмұнына қандай тарихи білім алуға не қосуға болады (қазіргі уақыт, заман талабына).

  9. Музыкалық-пластикалық әрекетінің түрлері, деңгейі, компоненті т.б.

  10. Музыкалық қатысымдылық әрекетінің мәні туралы.


VII ТАРАУ

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕРІ
Музыкалық білім беру педагогикасында әдіс сөзін кең мағынасы – музыкалық білім берудің мазмұнын игеруге және тапсырмалардың жиынтығы ретінде қарастырылады.

Ал тар мағынасында – музыкаға деген сезімділік-құндылық қатынастарды, дамытуға сезім мәдениетін, музыкалық білімдерді игеруге, икемділік пен дағдыларды қалыптастыруға, жалпы музыкалық мүмкіншіліктерді: жады, ойлау, елестетуді дамытуға бағытталған тәсілдер.

Музыкалық білім беру әдістерінің ішінен жалпы дидактикалық әдістің орны ерекше.


7.1 Музыкалық сабақтарында жалпы дидактикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері

Жалпы педагогикада әдістердің: білім көздеріне байланысты (ауызша, көрнекіліктермен), міндетіне қарай (білім беру, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру), танымдық әрекетінің сипатына қарай (түсіндірмелі-иллюстративті, эвристикалық т.б), дидактикалық мақсатына (алғашқы материалдарды игеріп, меңгеру) қарай жіктеу бар. Осының барлығы музыкалық білім беру педагогикасында да қолданылады.

Салыстыру әдісі музыкалық білім беруде кеңінен қолданылады. Ол мынадай музыкалық материалдарды: тактінің әлді және әлсіз үлесі, forte мен piano, әртүрлі екпін, тембрледі салыстыруда көп көмегін тигізеді.

Салыстыру әдісінің түрлері:

- ұқсастықтар мен айырмашылытарды ажырата білу әдісі;

- ұқсастыру әдісі, мәселен таныс әуенді басқа туындалардан табу;

- қайта таңбалау (перекодирование) әдісі, музыкалық бейнені әртүрлі би қимылдарымен жеткізу және т.б.

Тыңдау-көркемдік тәсілдері белгілі бір музыкалық туындыны тыңдай отырып, өзінің орындауында көрсететін орындаушылық әрекетті дамытатын әдістің бірі.

Ауызша тісіл арқылы оқығанда оқушылар біріншіден есту арқылы музыкалық білімін сөз формалары арқылы жеткізуге тырысады, екіншіден өз саналарында жалпы музыкалық терминдерді бекітуге көмектеседі.

7.2 Музыкалық білім берудің өзіндік, арнайы әдістері

Мұнда оқушының алатын музыкалық білімінің әр түрлі жақтарын қамтиды.

Музыка сабағындағы сезімдік драматургия әдісі (Д.Б.Кабалевский, Э.Б.Абдуллин).

Сезімдік драматургия тәсілі музыка сабағында мынадай драматургиялық мәселелерді шешуге бағытталады:

- барлық сабақтың эмоциялық векторын айқындайтын интродукция;

- сипаты жағынан әр түрлі музыкалық туындылардың қарама-қарсылықтары мен ұқсастықтарын шектей отырып үйлестіретін, балалар мен мұғалімнің орындауындағы оқушының музыкалық әрекетінің түрлеріне, жұмыс формаларына, музыкалық шығармаларға композиция құру;

- оқушылардың өздері айқын да ашық музыкалық туындыларды тыңдауы не орындауымен байланысты сабақтың сезімдік-эстетикалық шарықтау шегінің (кульминация) көрінуі;

- сабақ мақсатының алдын-ала орындаулуы, оның сипаты мен көңіл - күйі, жалпы сабақтың музыкалық композициясының логикалық аяқталуы.



«Оза шолу» мен жан толғанысы деңгейінде өткенге жаңа деңгейде «оралу» әдісі (Д.Б.Кабалевский) не барлық білім беру үрдісіндегі, кейбір сабақтарда, музыкалық сабақ кезіндегі перспективалы (болашақтағы), ретроспективтік (өткенді шолатын) әдістер (Э.Б.Абдуллин). Немесе бұл әдіс Д.Б.Кабалевскийдің айтуынша: «алға қарай» жүре отырып өткен сабаққа жаңа деңгейде қайтып «оралу» әдісі. Бұл әдіс, негізінен нақты музыкалық шығармалармен, қалыптасып келе жатқан икемділіктер мен дағдылармен, музыкалық-шығармашылық әрекеттің тәжірибесімен тақырыптың жоспарлар арасындағы әр түрлі байланыстарды анықтауға бағытталған.

Музыкалық талдап-қорыту әдісі (Э.Б.Абдуллин) – жоспарлық тақырыпта келісілген және музыкалық ойлауды дамытуға бағытталған негізгі білімді оқушыларға игертуді көздейді.

Бұл әдістің ілеспелі бірнеше өзіндік әректі бар:

Бірінші әрекет – алдағы оқитын тақырыптың негізін қабылдау үшін оқушылардың музыкалық өмірлік тәжірибесін жандандыруды мақсат етеді.

Екінші әрекет – балаларға музыка өнерінің қандай да бір заңдылықтарын, олардың басқа өнер түрлерімен және өмірдің өзімен байланысын ашатын жаңа тақырыппен таныстыруды мақсат етеді.

Үшінші әрекет – оқушының әр түрлі музыкалық әрекеті негізінде алған жаңа білімінің түсінігін бекітумен байланысты.

Музыка туралы толғану әдісі. Д.Б.Кабалевский осы әдіс туралы өз ойын былай жеткізеді: «Жаңадан туындаған сұрақтарды шешу үшін мұғалімнің оқушымен қысқаша әңгіме жүргізуі маңызды. Әрбір әңгімелесу кезінде бір-бірімен байланысты үш негізгі сәттің сезілуі тиіс: бірінші – мұғалімнің нақты ұйымдастырған тапсырмасы; екінші – оқушымен бірлесе отырып осы тапсырманы біртіндеп орындау; үшінші – оқушының өзі айтатын соңғы қорытынды».

Компазиция құру әдісі (Л.В.Горюнова)негізінен бір шығарманы орындағанда оны музыкалық әрекеттің әр түрімен (мызыка тыңдау, хормен және жеке ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка арқылы қимыл-әрекет жасау т.б.) байланыстыруға боғытталған.

Көркемдік контекст құру әдісі (Л.В.Горюнова) – оқушылардың музыкалық мәдениетінің «сыртқа» шығуы, басқа өнер түрлерімен байланысы, ұқсастылығы мен айырмашылығы және тарихи байланысы бар екенін сезінуі.

Интонация негізінде көркемдік және техникалық өзара байланысты орнату әдісі (Е.В.Николаева). Берілген әдіс Б.В.Асафьевтің теориясын дәлелдейді – «интонацияның» көп мағыналығы: музыка мәнінің көркемдік түрі және музыкалық мәнерлігінің дыбыс ырғағының тазалығы (дәлдігі). Н.Л.Гродзенская осы әдістің «сонаттық аллегро» деп аталатын төрт кезеңін атайды:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (вступление);

2. Мұғалімнің өз орындауындағы немесе жазбадағы (экспозиция) туындыны тыңдау;

3. Шығарманы талдау (разработка);

4. Жоғарғы танымдық және сезімдік деңгейде ығарманы тыңдау (реприза);

5. Музыканы қайталау, есте сақтау (кода).


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Музыкалық білім беру әдісі мен мақсатының байланысы неде?

  2. Музыкалық білім беру әдісі мен мазмұнының байланысын қалай түсінесіз?

  3. Музыкалық білім берудің жалпыдидактикалық әдісті қолдану ерекшелігін сипаттаңыз.

  4. Музыкалық білім беруде қолданылатын жалпыдидактикалық әдістердің түрлерін атаңыз.

  5. Музыкалық білім берудегі салыстыру әдісін сипаттаңыз.

  6. Музыка сабақтарындағы сезімдік-драматургия әдісінің мазмұнын ашыңыз.

7. «Алға қарай» жүре отырып өткен сабаққа жаңа деңгейде қайтып «оралу» әдісі.

8. Музыкалық жинақтау әдісінің мәні.

9. Музыка туралы толғаныс әдісін түсіндіріңіз.

10. Интонация негізінде көркемдік және техникалық өзара байланысты орнату әдісін түсіндіріңіз.



VIII ТАРАУ

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФОРМАЛАРЫ
8.1 Музыка сабағы жалпы музыкалық білім беру жүйесінің негізгі формасы екендігі

Мектептердің оқу жоспарында міндетті пән ретінде бекітілген, «Музыка» сабағы 1 – 4 сыныптарда аптасында 1,5 сағат, жалдық жүктеме бойынша 51 сағат (204 сағат) көлемінде жүргізіледі. 8 - 11 сыныптарда жыл бойына «Өнер» сабағы ретінде 17 сағат бөлінген. Сондықтан да соңғы кездері музыка өнерінің қайраткерлері жалпы білім беретін мекемелердегі «өнер» сабағы сағаттық жүктеменің төмендігіне наразылықтарын білдіреді. Олар, әсіресе бастауыш сыныптарда музыка сабағын көбейтуді, барлық мектептердігі музыка сабағына және мұғалімдеріне жағдай жасау керектігін айтып жүр.

Қазіргі кезде білім беру Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш және жалпы білім беретін мектептерде «Музыка өнері» пәнін оқыту бекітілген. Төмендегі берілген мәтіндер (қысқартылып алынды – Н.Д.) негізгі нормативтік құжат болып есептелуі. Осы бойынша жұмыс жоспарларын, әдістемелік ұсыныстар, тәжірибешілік сабақты ұйымдастыруға бағытталуға болады.
Өнер туралы жалпы бастауыш білім беру стандарты

Жалпы білім беру жүйесінің бастауыш басқышында музыканы оқытуда төмендегі мақсатқа жетуге бағыттайды:



    • музыка мәдениеті негізін қалыптастыру;

    • музыкаға және музыкалық сабақтарға қызығушылықты, музыкалық есту қаблетті, әншілік дауысты, музыкалық жадты, көркемдік ойлауды, елестетуді дамыту;

    • ән салу, музыка тыңдау, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық ырғақты қозғалыстарды және суырыпсалмалықты т.б. музыкалы-шығармашылық әрекеттерді игеру;

    • музыкалық сезіну дәмін, өнегелік және эстатикалық сезімді, адамға, Отанға және халқына деген сүйіспеншілікті, әлемнің әр елдерінің музыкасын, дәстүрін, мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.

    • адамгершілік – эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу, эмоциясын, қиялын, музыка тыңдау кезіндегі алған әсерлерін бейнелеу;

    • эстетикалық талғамын дамыту, музыкаға деген қызығушылығы мен махаббатын арттыру;

    • басқа өнер түрлерімен және халықтың өмірі мен тұрмыспен байланыстыра отырып, балаларға негізгі дәстүрлік музыкалық мәдениетті таныстыру;

    • бастапқы музыканы мәнерлеу құралдарымен танысып, музыка сауатын ашу туралы мәлімет беру;

    • балалардың музыкалық әрекетін қалыптастыру (музыкамен айналысуға қызығушылық пен біліктілік), шығармашылық белсенділігі.


Негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы

Музыка өнерінің негіздері

Музыка туралы түсінік. Музыка өнерінің бейнелілік табиғаты. Музыканы сезім-күйдің, адам мінез-құлқының, оның табиғатқа, өмірге қарым - қатынасының көрінуі.

Халықтық және кәсіби музыка. Композитор – орындаушы – тыңдарман. Қазақстан халық музыкасы, музыка фольклоры, туған өлкенің халықтық-музыкалық дәстүрі. Кәсіби композиторлардың туындылары.

Музыкадағы даму мен интонация. Музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдары (әуез, ырғақ, екпін, бояу, динамика, саз-лад т.б.).

Музыканың түрлері: вокалді, аспаптық, жеке әншілік, хорлық, оркестрлік. Музыкалық жанрлар (ән, би, марш, күй және олардың түрлері; опера, балет, симфониялық музыканың ілгілері, мюзикл т.б) және формалары (1-2-3 бөлімдік, вариация, рондо).

Нота элементтерін сауатты меңгеру.

Әншілік дауыстар: баланың, әйел адамның, ер адамның. Хорлар: балалар, әйелдер, ерлер, аралас. Музыкалық аспаптар. Оркестрлер: халықтық аспаптық, фольклорлық ансамбль, үрлемелі, симфониялық, балалар және шулы - соқпалы аспаптық т.б.


Ел өміріндегі музыка өнері

Мемлекеттік әнұран. Туған өлкенің әншілік, күйшілік, жыршылық дәстүрлері. Музыкалық өмірдің маңызды сәттері: конкурстар, фестивальдар, сайыстар, айтыстар, радио, теледидар музыкасы.


Музыкалық – шығармашылық әрекеттің тәжірибесі

Әртүрлі музыкалық әрекеттерде практикалық бейімдіктер мен дағдыларды игеру және музыкалық қабылдауды дамыту.



Музыка тыңдау. Музыкалық мәнерлеу құралдар арқылы әр алуан мінез, мазмұндағы музыкамен жеке әсерленгіш эмоционалды – бейнелік қатынас; музыканың түрі, жанрлар, формаларының әр түрлілігі, музыканың дыбыс ырғағының табиғаты жайында түсіну.

Отандық және шетелдік музыка классиктерін білу. Қазіргі балалар композоторларының шығармалары.



Ән салу. Нотаға сүйене отырып бір дауыста, екі дауыста, сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз жеке және хормен ән салу.

Аспапта ойнау. Музыкалық туындыларды аспапта жеке өзі немесе ұжымдық (А.Райымбергеновтің жүйесі) түрде ойнап, шығармашылық әрекетке дағдылану.

Музыкалық қимыл – қозғалыс. Музыканы әр түрлі қимыл-қозғалыстарға бейімдеп, оның әр ырғағына сай немесе ұжымдық би өнері арқылы музыканың құдіретін сезіну.

Музыкалық шығармаларды драмалау. Музыканы театрландырылған музыкалы-шығармашылық оқыту іс-әректімен көрсету: ән – билерді сахналау.
Бастауыш сынып бітіретін түлектерді дайындау деңгейінің талаптары

Музыканы оқу барысында оқушы білуге тиіс:



    • Әнұранның сөзі мен әуенін;

    • «Композитор», «орындаушы», «тыңдарман» сөздерінің мағынасын білу;

    • Музыканың жанр, формаларының аттарын;

    • Халықтық әндерді, туған өлкесінің музыкалық дәстүрлерін (мейрам, салт-дәстүрлер);

    • Үйренген музыкалық шығармалар мен олардың авторларын;

    • Музыкалық жанрларды есту қаблеті арқылы ажыратуға тиіс;

    • Вокалды шығармаларды сүйемелдеу арқылы және сүйемелдеусіз орындауға тиіс;

    • Бірнеше халықтық және композиторлар әндерін орындауға тиіс;

    • Қазақтың дәстүрлі музыкасының негізгі жанрларын: салт-дәстүр әндерді (жарапазан, жар-жар, тойбастар, беташар, сынсу, жоқтау), халықтық лирика-тұрмыстық стиліндегі әндерді (қара өлең) есту арқылы тани білу;

    • Белгілі аңыз-күйлерді білу: «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Елім-ай», «Жел мая», «Аққу».

    • Аңыздарды айта білу, қүйлердің үзінділерін тану;

    • Еуропалық дәстүрлік кәсіби жанрларды: симфониялық музыка, опера, балет т.б. үлгілерін есту арқылы тани білу;

    • Халықтық-аспаптық және халықтық-әншілік өнердің әлеуметтік маңызын;

    • Үйренген және естілген музыкалық шығармаларды тану;

    • Қарапайым музыкалық шығарма шығарып-жаза білу т.б.

Жиған білімдерін тәжірибеде және күнделікті өмірде қолдануы қажет:

    • халықтық, қлассикалық және қазіргі көркем үлгілерді орындауы қажет;

    • таныс әуендерді орындауы қажет;

    • ұжымдық ән салуға қатысуы қажет;

    • қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауы қажет;

    • музыкалық әрекетін платикалық, би қимылдарымен орындауы қажет.


Музыкалық – шығармашылық әрекетінің тәжірибесі

Музыкалық қызметінің музыкалық қабылдаудың дамуы және дағдылар мен икемділік тәжірибесінің қалыптасуы.



Музыка тыңдау. Тұлғалық-безендіруші эмоциялық-образды қабылдау және бағалау: халықтық музыкалық шығармашылық үлгілерін; түрлі тарихи дәурі мен стилінің кәсіби музыкалық өнерін; орындаушылық нұсқауларын салыстыруы. Музыканың басқа өнерімен, тарихимен, өмірмен байланысын анықтау.

Ән салу. Хормен, ансамбльмен және жеке ән салу. Классикалық вокалды музыка, халықтық және қазіргі әндер үлгілерін сүйемелдеу, сүйемелдеусіз, бір дауыста және екі дауыста орындау. Аспаптық шығармаларының тақырыптарын әндету. Музыкалық ойды орындаушылық нұсқаулар арқылы жүзеге асыру. Вокалды импровизациялау тәжірибесін байыту.

Музыкалық-пластикалық жүрісі. Музыкалық образды пластикалық - бишілік құралдарымен жеткізу және тұлға бойына байыту.

Аспапта ойнау. Қарапайым аспаптарда музыкалық орындаушылық әрекет тәжірибесін кеңейту. Аспаптық импровизация. Вокалдық және аспаптық шығармаларының таныс әуендерінен компазиция құрастыру.

Музыкалық шығармаларды драмалау. Музыканың эмоция-образын сахналық құралдармен көркем ойын жеткізіп, құрастыру және сахналық нұсқауларын ізденуі.

Музыка және қазіргі технологиялар. Ақпараттық – коммуникативтік технология арқылы музыкалық шығармаларды қабылдау, түсіру, әрлеу және құру.
Шәкірттерді дайындау деңгейіне қойлатын талаптар

Музыканы үйрену кезінде оқушы білуі қажет:



түсініп – білу:

    • музыканы өнер ретінде ерекшелігін;

    • көркем мәдениетіндегі музыканың маңызы мен шығарамашылық синтетикалық түрлеріндегі оның ролін;

    • өмір проблемаларының музыкалық өнердің сәулеленуін;

    • кәсіби және халықтық музыкасының негізгі жанрларын;

    • музыкалық образдардың көптігі мен оның даму тәсілдерін;

    • музыканың негізгі формаларын;

    • халықтық, отандық, орыс және шетелдік композиторлардың шығармашылығын;

    • оркестрлердің түрлерін, негізгі аспаптардың аттарын;

    • көрнекті композиторлар мен атақты музыкант-орындаушылардың аттарын;


меңгеру:

    • музыкалық шығармаларды эмоционалды-образды қабылдау және сипаттау;

    • халық шығармашылығын, орыс, шетел және қазіргі музыканы есту арқылы тани білу;

    • мәнерлеп жеке орындау (сүйемелдеу мен сүймелдеусіз);

    • хорда екі дауысты шығармаларда өзінің партиясын орындау;

    • музыкалық шығармаларда салыстыру кезінде жалпы және оның ерекшелігін (музыканың табиғи дыбыс ырғағы, музыка жанрлары, стилінің бағыты, музыканың образын, музыкалық драмалығы);

    • аспаптық және вокалдық жанрлардағы таныс әуендерді есту арқылы танып, орындау;

    • түрлі музыкалық аспаптардың, ходың, оркестрдің үнін айра білу;

күнделікті өмірде және тәжірибелік әрекетінде алған білімі мен икемділігін қолдана білу:

    • үйде вокалдық, аспаптық музыкалауда, жора-жолдастарының арасында, сыныптан тыс, мектептен тыс музыкалық сабақтарда, мектеп мерекелерінде;

    • музыка туралы ойлары мен талдауы, тыңдаған, орындалған шығармаларға өзінің пікірі;

    • музыкалық өз-өзіндік білім алуы: музыка туралы әдебиетпен танысу, концерттерге бару, музыкалық спектаклдерге, радио-теледидар хабарларын тыңдау; бүгінгі күнгі музыкалық құбылысына өзінің қатынасы.


Музыка сабақтарында қойылатын жалпыпедагогикалық талаптар

    • тырбие, оқыту, дамутышылық мәселелерді шешуге бағытталған;

    • оқушылармен ұжымдық, топтық және жеке сабақ формаларын жүргізеді;

    • сабақ мазмұны бағдарлама бойынша анықталғанымен де оқушыны дамытып, музыкалық өнерді жан-жақты игерту мақсатында мұғалімнің шығармашылық әрекеті де пайдалынылады;

    • әр сабақта оқушылардың музыкаға бейімділігі (тәжірибе жинау, жаңа материалдарды қайталау, бекіту, тыңдау, орындаушылық икемділігін дамыту т.б.).

    • оқушының жалпы музыкалық дамуына педагогикалық бақылау жасау.


Музыка сабағының өнер сабағы ретіндегі ерекшелігі

    • мұғалім мен оқушының музыканың тірі де бейнелі әуеніне мән беріледі;

    • музыканы баланың рухани әлеміне, дүниетанымына, көзқарасына әсері;

    • баланың психологиясына, дамуына кемістігі бар балаларға музыканың арттерапевтік, коррекциялық әсері;

    • түрлі бағыттағы сабақтың музыкалық-шығармашылық тойымы;

    • балалардың музыкалық жағынан жан-жақты дамуына білгір музыкант ретіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшелігі;

    • оқушы өзін орындаушы, тыңдарман, композитор ретінде сезіне алуы;

    • мұғалімнің музыка сабағын өнер заңы бойынша құра және ұйымдастыра білуі.


«Музыка» пәнінің мазмұны және оқу процесін ұйымдастыру

Музыка сабағының мазмұны мен оны ұйымдастыру осы пәннің бағдарламасымен анықталады. Кез келген бағдарлама оқу пәнінің жалпы сипаттамасын беретін және мақсаты мен міндеттерін айқындайтын түсіндірме бөлімінен, жылдық оқыту тақырыптарын ашып көрсететін, музыкалық репертуарды, оқушылардың музыкалық дамуын талап ететін бағдарламаның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімнен тұрады.

Музыка пәні бойынша қазіргі кезде бірнеше бағдарлама бар (Қазіргі қолданып жүрген Ш.Құлманованың бағдарламасы, «Мұрагер» - А.Райымбергеновтің, «Елім-ай» - М.Х.Балтабаевтің бағдарламары т.б.). Олар педагогикалық тәжірибешіліктен өтіп, жалпы білім беру мекемелерге арнап Білім және ғылым министрлігі бекіткен.

Осылардың ішінде музыкалық білім берудің барлық бағытын қамтитын, және музыка саласының бір бөлігі ғана тереңдетіп оқытатын (мәселен, халықтық музыка) бағдарламалар бар. (Д.Б.Кабалевскийдің «тақырыптық» принципінде қолдануы мүмкін).

Бұл бағдарламардың ішінен халықтық музыкаға жақындары қазіргі таңда көптеген республикаларда, соның ішінде Қазақстан Республикасында жиі қолданылады.

Көптген жылдар бойы музыка теориясын оқытуда музыка сабағының біртұтастығы мәселесі пікірталас туғызып жүр.

Д.Б.Кабалевскийдің пікірінше: «музыка сабағы әруақытта біртұтас болу керек, музыка, музыкалық өнер деген ұғым бір ғана түсінікте болғаны жөн...».

Сабақтың біртұтастығы көбіне мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі, білімділігі бір-бірімен байланыста болып, тәжірибеде іске асып жатады.

Сабақтың мақсаты жалпы оқу бағдарламасының тақырыбымен және жеке сабақтың тақырыбымен анықталады.

Түйіндейтін болсақ, сабақтың біртұтастылығы – музыкалық білім мазмұнын, мақсатын, әдіс-тәсілдерін, тәрбиелілігін т.б. жинақтығын ұжымды пайдалана білу.

Музыканы оқыту теориясында әлі де өзінің шешімін таппай келе жатқан мәселе – музыка сабағының типологиясы. Музыкалық білім беру педагогикасында сабақ типтерінің әр түрлі тұжырымдары кездеседі. Мәселен, нақты бір монографиялық тақырыпқа арналған сабақ («П.И.Чайковский музыкасы»); музыка өнерінің қандай-да бір заңдылықтарын зетртеу («Интонация», «Марш», «Күй», «Халықтың дәстүрлі музыкасы» т.б.); музыканың басқа да өнермен байланысы («Музыканы біз көзбен қалай көреміз» т.б.); музыканың адамға әсері («Музыканың өзгертішулік күші»); музыканың қоршаған ортамен байланыстық танымы («Музыкадағы табиғат» т.б.).

Музыка сабағаның мазмұнында және оны ұйымдастыруда кететін әдеттегі кемшіліктерге жататындар:


    • тірі орындауда оқушыларды музыканың өзімен байластырғанның орнына көп сөзділікпен музыка туралы түсіндіруге әрекеттену;

    • әртүрлі орындаушылық репертуарға бағытталған жұмыстардың болмауы;

    • мұғалімде хормейстрлік икемділік пен дағдының әлсіздігі;

    • оқышыларды вокалды-хорлы мәдениетіне үнемі дайындап, дамытпаудың жетімсіздігі;

    • музыкалық-пластикалық әрекетке және музыкалық аспаптарда ойнауға икемдік, дағдыларды әлсіздігі, жетпейушілігі.


8.2 Оқушылармен сыныптан және мектптен тыс музыкалық жұмыстар

Музыкалық білім бері жүйесінде музыкадан міндетті білім беру мен қатар ерікті принципке негізделген сыныптан және мектептен тыс оқушылар мен жұмыстар жүргізіледі. Негізгі мақсат – мектеп, мектептен тыс мекемелер әр баланың музыкалық қызығушулуғын жоғары деңгейге жеткізу.

Барлық мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда хор, оркестрлік ұжым, ансамбль, музыка сыныптары, студия, оқушылардың түрлі музыкалық клубтары, музыкалық театрлар сияқты т.б. тұрақты формалары бар.

Көптеген осындай музыкалық сабақ формалары кәсіби дәрежеге жеткен. Оларда сабақтар жүйелі түрде жүргізіледі. Бірнеше жылға бағытталған арнайы оқу бағдарламалыры да бар.

Сыныптан тыс және сыныптағы музыкалық жұмыстардың тағы бір формасы – жалпыға бірдей музыкалық-ағартушылық формалар. Бұл - әр алуан музыкалық мейрамдар, дәрістік-концерттер, музыкалық ойындар т.б. Олардың мектептен тыс өтетін жұмыстардан басты айырмашылығы – балалардың барлығына бірлей арналған жұмыстар. Онда балалардың музыкаға қаблеті, қаблетсіздігі туралы сөз мұлде жоқ десе де болады. Негізігі мақсат – барлық балаға бірдей музыка өнерін таныту, қалай да болса музыканың сырлы да сиқырлы күшін бала жүрегіне жеткізу.

Мектептен және сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде негізгі орын алатын – балалардың музыкалық мектептері. Балалардың музыкалық мектептері екі бағытта жұмыс істейді: ең алдымен балаларға жалпы музыкалық білім беруді көздесе, екіншіден ең талапты, дарынды балаларды кәсіби музыкант деңгейінде дайындайды.

Қорыта айтқанда – жалпы сыныптан, мектептен тыс музыкалық жұмыстар музыка сабағымен байланысты болады.
8.3 Оқушылардың өздігінен білім алуы

Оқушылардың өздігінен алатын білімі өз бетімен, жеке шығармашылық жұмысы болып табылады.



Оқушылардың музыкалық өздігінен білім алуы екі аспектіде жүзеге асырылады:

    • пән мұғалімі жетекшілігімен музыкалық сабақтарда өткізілген материалдарды өздігінен игеруге бағытталған жұмыс;

    • педагог-музыканттың жетекшілігімен іске асырылатын мазмұны белгілі музыка сабағының шеңберінен асып түсіп жатқан сабақтарды игеруге бағытталған жұмыстар.

Оқушылардың өздігінен білім алуы мынадай бағыттарда жүргізіледі:

    • оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін музыкалық әр түрлі бұлақтарды (музыка жайлы кітаптар, анықтамалықтар, газет-журналдар т.б.) қолдана білуі керек;

    • үнтаспа, үн жазбалық құралдарды тиімді пайдалану әдіс-тәсілдерін оқыту;

    • оқушылардың әр түрлі формадағы музыкалық іс-әрекеттері ынталандырылып отыруы тиіс;

    • оқушылардың музыкалық әсерін, көңіл-күйіне үнемі ата-ана тарапынан болсын, мұғалімдер тарапынан болсын қолдау көрсетіліп, құптап отырған дұрыс;

    • оқушылардың музыкалық және музыка-ағартушылық қызметін көрсете алатынына жағдай жасау;

    • мұғалімдер мен оқушылар арасында өзіндік музыкалық әсерімен пікірлесу.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Мемлекеттік стандарттағы жалпы бастауыш музыкалық білімінің мазмұнын ашыңдар.

  2. Мемлекеттік стандарттағы жалпы негізгі музыкалық білімнің мазмұнын ашыңдар.

  3. «Дидактикалық көркемділік», «педагогика көркемділігі», «өнер педагогикасы» трактовкалырының мәнін ашыңдар (Л.В.Школяр).

  4. Музыка сабағының өнер сабағы ретінде сипаттама беріңдер.

  5. Музыкалық - шығармашылық әрекетінің тәжірибесі неде?

  6. Шәкірттерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарын ата: а) түсініп – білуі; ә) меңгеруі; б) қолдана білуі.

  7. Музыка сабағының жалпыдидактикалық позициясына сипаттама беріңдер.

  8. Қазіргі уақыттқа сай музыка сабағына қойылатын талаптарды атаңдар.

  9. Музыканы қабылдау мен музыканы тыңдау мағынасын ашып беріңдер.

  10. Музыка сабағының біртұтастылығы дегеніміз не?

  11. Музыка сабағындағы баға қою мен бағалаудың айырмашылығын түсіндіріңдер.

  12. Бүгінгі музыка сабағындағы мұғалімде кездесетін қиыншылықтар бар ма?.

  13. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының формаларына сипаттама бер.

  14. Мектептен тыс жұмыстарының формаларын ата.

  15. Музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланысын ашып көрсет.

  16. Оқушылардың өзіндк білімділігінің негізгі бағыты, формасы, аспектісі және ерекшелігі.


ІX ТАРАУ

МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ МУЗЫКА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Музыка пәні мұғалімінің қызметі негізінен әлеуметтік мәнге ие. Өйткені оның әрекеті оқушы тұлғасын жалпы адамзаттық құндылықтарға музыка өнері арқылы тәрбиелеп, баланың шағырмашылық мүкіншілігін барынша ашуға бағытталағ.

Музыка мәдениетінің қызметкері ретіндегі мұғалімнің миссиясы да өте жоғары, оның бұл әрекеті музыкалық-педагогикалық қызметпен нақты көрінеді.

Музыка мұғалімнің негізгі кәсіби қызметтерін қарастырайық.
9.1 Конструктивтік кәсіби қызмет

Музыка пәні мұғалімінің бұл әрекеті жеке сабақты, сабақ блоктарын құруға, белгілі бір идея,ойларды дамытуға бағытталаған көркемдік-педагогикалық тәсілдердің бірі.

Конструктивтік қызмет әрбір сыныпқа қолданатын оқытушының арнайы бағдарламасы болуын талап етумен қатар, төмендегідей педагогикалық процестің жағдайлары мен ерекшеліктерін көрсетеді:


    • оқушылардың қаблеттілігі, қызығушылығы, музыкалық тәжірибешілігі сияқты олардың жалпы музыкалық деңгейінің дамуы;

    • сабақ өткізудің шарттарымен;

    • оқушылардың кез-келген оқу материалдарын игеру жылдамдығымен, олардың әр түрлі музыкалық әрекеттерді меңгеруі мен;

    • жалпы мектеп жұмысының бағыттылығы;

    • музыка мектептерінде көркем-гуманитарлық және басқа да пәндердің өту ерекшеліктерімен.


9.2 Музыкалық – орындаушылық әрекет

Музыкант-мұғалім оқушыларға музыкадан тек теориялық білім беру қана, сол берген білімді тәжірибеде көрсетіп, музыкалық туындыларды өз орындауында оқушыларға теориямен ұштастыра жеткізе білуі тиіс. Бұған тағы да қосатынымыз – мұғалімнің еркін әншілік дауысы болуы керек.

Музыка мұғалімінің музыка –орындаушылық қызметі педагогикалық негізгі бағыт-бағдары төиендегідей болуы тиіс:


    • балалар аудиториясына бейімделуі;

    • өз музыкалық орындауында балаларды музыкаға тарта білуі;

    • оқушыларды бірігіп орындаушылық әрекетке тарту;

    • балалардың ойлау, елестеу сияқты шығармашылық қаблеттерін ояту т.б.



Мұғалімнің жеке ән салуы

Музыка пәні мұғалімінің сабақтағы әрекетінің бірі – балалардың музыканы таңдап одан әрі жаттап алуы үшін сол шығарманы өз орындауында, жеке әншілік әрекетімен жеткізгені жөн. Бұл сүйемелдеумен баланы жеке опысызда орындалатын классикалық, халықтық, қазіргі, діни шығармалар болуы мүмкін. Осы кезде мұғалім өзінің сезімділігін, музыкалылығын, шеберлігін жеке орындаудағы бейімділігі мен дағдысын көрсете білу керек. Сол орындап отырған туындың стилін, дәуірлік ерекшелігін, композитордың өзіндік стилін бәрін сақтай отырып жеткізсе бұл мұғалімнің білімділігімен қатар, тәжірибесі мол шеберлігін де танытады.


Мұғалімнің балалармен қосылып ансамблде ән айтуы

Бұл әрекеттің негізінде «жүргізуші – жүруші» принципіне сүйенген мұғалім мен оқушының әншілік әрекеті жатыр. Әрекеттің мазмұны мұғалімнің орындаушылық және педагогтын қойған мақсатынан көрінеді.


Музыкалық аспапта ойнау

Музыка сабағында мұғалім музыкалық аспаптың орындаушылықтың әр түрлі меңгерген аспапта – орындаушы ретінде көрінеді. Аспаптық орындаушылық түрлері: шығарманы жеке орындау; оқушыларды музыкалық аспаппен сүйемелдеу; балалармен бірге ансамблде ойнау.


Дирижерлық ету

Музыка сабағындағы музыкалық орындаушылықтың негізгі түріне хормен, оркестрмен, музыкалы-плсатикалық композициялар мен дирижерлік жасау жатады.

Дирижерлік ету кезінде мұғалім ең алдымен мына мәселелерді шешуге тырысады:

- шығарманың көркемдік, орындаушылық түпкі ойын нақтылы

көрсетуде оқышылардың іс-әрекетін анықтау;

- сол шығарманы орындау кезінде оқушының эмоционалдық

жағдайын қадағалап отыру.

Сондай-ақ, мұғалім дирижерлік еткенде оған оның мимикасы, басымен қимыл жасау, дем алғандағы әрекеттері сияқты т.б. қосалқы басқару әдістері де көмек береді.


Хорға жетекшілік жасау әрекеті

Музыка пәні мұғалімі, біріншіден, хормейстірдің хорда орындайтын партияларды үйрету, дикция, ансамбль, үн шығаруы, үн жүргізуі сияқты т.б. қызметтерді сақтайды.

Екіншіден, музыка мұғалімі – хормейстердің қызметі оқушылардың музыкалық есту қаблетін, жадын, ойлауын, елестетуін, әншілік дауысын дамытуда, олардың вокалды-хорлы икемдіктері мен дағдыларын қалыптастырудағы музыкалы-педагогтық мәселелер мен де үздіксіз байланыста болады.
Оқушыларды оркестрде ойнауға дайындау

Оқушылапды оркестрде ойнауға дайындау да хомейстірдің қызметі сияқты педагогикалық мәселелерді – музыкалық қаблеттіліктерді, икемділік, дағдыларды дамытумен байланысты.


Музыкалық-пластикалық әрекет

Қазіргі кездегі кеңінен жетілдірген музыка мұғалімінің әрекетінің бірі – балаларды музыкалық-пластикалық әрекетіне дайындау. Бұл музыка мен жүріс өнерінің байланысы. Музыка мұғалімі жұмысында үш бағыт қойылады:

- балаларға мұғалімінің музыкалық-пластикалық әрекетін жасауға дайындау;

- балалардың музыкалық-пластикалық әрекет жасауын ынталандыруы;

- барлық не жеке оқушылардың музыкалық-пластикалық қызметтің орындалуын қадағалау, бағалау.
Оқушыларды музыкалық шығармаларды сахналауға дайындау

Бұл жұмыс әнді драмалаудан бастап мюзикл қоюға дейінгі әр түрлі формаларды қамтиды:



    • дайын композицияны таңдауда не болмаса қандай да бір музыкалық шығарма негізінде жаңа композиция жасауда мұғалім мен балалардың бірлесе жұмыс жасауы;

    • әрбір орындаушы – оқушының мүмкіндігіне қарай ролдерді таңдау;

    • әр ролді жаттап алу;

    • сахналық костюмдерді дайындау;

    • декорация және реквизиттер жасау; әртістік қаблеттікті дамыту.


9.3 Кәсіби коммуникативтік – ұйымдастырушылық әрекет

Музыка мұғалімінің бұл әрекеті мынандай негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:

- музыкалық сабақтарды жүргізу процесін педагогикалық басшылыққа алу және мұғалімнің алдында тұрған музыкалық әрекеттің барлық түрін ұымдастыруға байланысты жоспарларды орындау;

- оқушы мен мұғалім арасындағы сезімдік-рухани қатынасты орнату, олармен арадағы талапкершілік, кешірімшілдік қаситтерді дамыта нығайту.

Осы мәселелерді шешуде мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмыстары төмендегідей:


    • музыкалы-теориялық және музыкалы тарихи әрекет;

    • жалпылай көркемдік музыкалы бейімдеу әрекеті;

    • музыкалы жанама түрдегі әрекет.

Мұғалімнің музыка сабағын ұйымдастыру және коммуникативтік әрекетінің сипаттамасы әр түрлі және ол мынаған байланысты:

    • музыка мұғалімінің жеке басының ерекшеліктері, қажырлылығы, балалармен қарым-қатынас жасау тәсілі;

    • мектепке алынған балалардың мінез-құлқын қадағалау стилі;

    • нақты бір сынып балаларының тәрбиелік деңгейіне;

    • олардың өзін-өзі дамытушы ұйымдастыра білу қаблеті;

    • бір іс-әрекеттің екіншісіне көше білуі сияқты т.б. жұмыстар жүргізу.

Ерекше айта кететін бір жағдай, осы айтып отырған әрекет яғни музыка сабағын ұйымдастыру белгілі бір дайын үлгіге көне бермейді. Сабақты ұйымдастыру әрекеттері міндетті түрде варианттылықты талап етеді.

Музыка мұғалімінің коммуникативтік - ұйымдастырушылық әрекетінің педагогикалық талаптарының өнімділігі мынада:



    • мұғалімнің балалардың нақты мүмкіншіліктерін білуі;

    • музыкалық сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасындағы ашық әңгімелесу;

    • оқып отырған музыкалық материалдардың қиындық деңгейіне қарай сабақты жеңіл әрі тартымды өткізу тәсілдерін қарастыру т.б.


9.4 Зерттеушілік әрекеті

Әрбір музыка пәні мұғалім өз жандүниесінде – зерттеуші. Оқушынаң қаблеттілігін, бейімділігін, дағдысын, қажеттілігін, қызығушылығын, музыкалық жағынан дамуын қалыптастыруда мұғалім осының бәрін де ізденіп, зерттеуші ретінде көрінеді. Музыка мұғалімінің зерттеушілік әрекеті төмендегі мәселелерді шешуге бағытталады:

- музыкалық білім беру процесінде оқушының шығармашылық тұлғасының қалыптасуын және іс-әрекетін зерттеу;

- музыкалық тәрбие беру, оқыту, дамытудың мазмұнын жетілдіру;

- өзін - өзі кәсіби шыңдау.

Болашақ музыка пәні мұғалімінің зерттеушілік әрекеті оның кәсіби деңгейінің, шығармашылық жетілуінің жеке жалпы тұлғалық қалыптасуының әсер ететінін ерекше айтуымыз керек.




9.5 Жеке стил әрекеті

Музыка мұғалімінің өзіндік қызметі мен стилі - сапалылық, қаблеттілік, икемділік әрекетіндегі тез танылатын және қайталамайтыны тұлғалық тұтастығы.

Мұғалімнің стилі туралы айтар болсақ оның ұнамды жақтары, ерекше кешені, есте қалатындай, музыкалық-педагогикалық шығармашылық түрлілерінің әрекеттілігі. Ал, студентті, болашақ музыка мұғалімін жеке кәсіби стилде тәрбиелеуге бола ма? Бұл өзіндік жегерлілігі, кәсіби сапасының қажеттілігі, қаблеттілігі және тұлғалық дарындылығы, балалармен жұмыс істеу тәжірибесі және әртүрлі музыка мұғалімдерінің жеке стилінің әрекетімен танысуы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Музыка мұғалімнің конструктивті кәсіби әрекетінің мәнін айтыңдар.

2. Музыка мұғалімнің музыкалық-орындаушылық әрекетінің мазмұнын ашыңдар.

3. Оқушыны музыканы орындауға дайындау кезіндегі мұғалімнің әрекетіне сипаттама беріңдер.

4. Музыка мұғалімнің коммуникатив-ұйымдастырушылық әрекетінің маңызы неде?

5. Музыка мұғалімнің ізденіс әрекеті мазмұнының сипатын айтыңдар.

6. Музыкалық – пластикалық әрекетте музыка мұғалімі қандай бағыттарды қояды?

7. Музыка мұғалімнің жеке стилінің мәні қандай.

8. Оқушыға музыканың атртерапевтік әсерінің шамасы барма?

9. Музыка мұғалімнің жеке стилі неде, қалай білдіреді?




X ТАРАУ

МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРИОРИТЕТТІ КӘСІБИ САПАСЫ
10.1 Музыка мұғалімі және оның қоғамдағы статусы

Музыка мұғалімі – музыкантқа да, педагогқа да ең қажетті тұлғалық қасиеттерді талап ететін қиын да әрқырлы мамандық иесі.

Көптеген танымал музыканттар педагогикалық қызметтен бас тартатыны да шыңдық. Ал кейбір музыканттар өз мүмкіншіліктерін педагогикалық әрекеттер арқылы толық ашуға мүмкіндік алуда. Олар балалардың музыкаға деген махаббатын оятып, оларға музыканың сұлулығын бағалауға, құндылықтарын сезіне білуге, оқушыларды музыкалық шығармашылық қаблетін дамытуға тәрбиелей отырып өздері де шығармашылық шабытпен дамып өседі.

Үкімет алдындағы маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – музыка мұғалімінің қоғамдағы статусын көтеру. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін педагогика мен білім беру жүйесінде гуманитарлық пәндерді соның ішінде жалпы білім беру процесіндегі музыкаға деген көзқарас кейінгі орынға шегіріліп келеді. Осыдан келіп музыка мұғалімінің қоғамдағы орыны да төмен деңгейде.


10.2 Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби спалақ деңгейі

Бұған жататындар: музыкалылық, эмпатийліқ, кәсіби ойлау және өзіндік сана, креативтілік, әртістілік, жеке кәсіби позициясы.


Музыкалық қаблет

Музыкалылық музыка мұғаліміне өнердегі жаңалықтарды бірігей қабылдауға, қоғамдық қабылдауға түспеген әлі де болса даулы, қызық шығармаларды бағалауға көмектеседі.

Музыка мұғалімінің маңызды музыкалық көрсеткішінің бірі – музыкалық мәнерлілік. Дамыған музыкалық мәнеліліктің болуы – балаларды музыкалық мәдениетіне қалыптастырудың бірден-бір жоғарғы жетістігі болып табылады.

Музыка мұғалімінің музыкалық қаблеті оның педагогикалық қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда: вокалды және аспаптық орындашылықта, жеке музыкалы-пластикалық әрекетінде, балалардың аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің ән шығаруында, драмаларды, мюзиклдарды ұйымдастыруды, сабаққа музыкалық шығармаларды таңдағанда т.б.

Мына мәселені есте сақтаған жөн, муғалімнің музыкалық-педагогикалық қызметі әр түрлі психикалық процестерді жандандыра отырып, музыка мұғалімінің музыкалық қаблетінің дамуына жағдай жасайды. Ең маңыздысы – музыка мұғалімінің жадын дамытады.

Музыкалық жадтың - есту-бейнелілік, эмоциялық, құрылымды-логикалық, қару және қозғалыс-маторлы түрлері бар.


Эмпатийлік

Музыка мұғалімінің эмпатийлік дамуы оқушылармен жандүниелік және рухани «туысқандық» принципіне, қарым-қатынас жасауына мүмкіншілік туғызады. Оқушылардың әр қайсысын қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде көре білуге, музыкалық білім берудегі оған деген өзінің қатысын сезуге қалыптастырады.

Музыка мұғалімінің эмпатийлік даму тәсілдеріне жатқызады:

- ассоциативті тәсіл;

- музыкалық шығарма бейнесімен рөлдік бірігу;

- олармен музыка сабағында тұлғалық, субьективтік өмір сүру.

Педагог және психолог Ш.А.Амонашвили мұғалімнің тұлғалық сапасын былай анықтайды:

Біріншіден, біз - жанымыз жайсаң адамдар болуымыз керек және балаларды сүйе болуімыз керек.

Екіншіден, біз - балаларды түсіне болуіміз керек.

Үшіншіден, оптимист болуымыз керек. Өзіміздің педагогикаға сенуіміз керек,тәрбиенің өзгертушілік күшіне сенуіміз керек.

Төртіншіден, біз - болашақ музыка мұғалімі олардың бойындағы бар жақсылықты көре біледі және олардың кемшіліктерін жоюға көмектеседі. Бұған эмпатийлік көмекке келеді.
Кәсіптіге ойлау және сана-сезім

Музыка мұғалімінің кәсіптік ойлауы дегеніміз – музыкалық ойлау.

Психологиялық көзғарас тұрғысынан алып қарағанда музыка мұғалімінің музыкалық ойлауы оның эмоциясы болып табылады.

Музыка мұғалімінің кәсіби ойлау дамуының бағыты - оның кәсіби сана-сезімінің дамуы дегенді білдіреді.

Кәсіптік сана-сезім негізінде кәсіби рефлексия жатыр, яғни сәулелендіруді, талдау жасауды, ойлауды, өзінің музыкалық-педагогикалық әрекетін бағалай білуге қаблеттілігі.

Т.А.Калышева оның мынадай негізгі аспектілерін бөліп көрсетеді:

- музыкалық-педагогикалық, шығармашылық сипаттағы мәселелерге қызығушылық;

- оның негізінде жатқан қарама-қарсылықтарды табу, ой қорыту және бағалау;

- өзінің педагог-музыкант ретіндегі жинақтаған тәжірибесімен және жеке кәсіби білімімен кемшіліктерді жоюдың варианттарын табу т.б.


Әртістік шеберлік

Музыка мұғалімінің әртістік шеберлігі көркемдік-коммуникативтік әрекетін эмоционалды - экспресивті, көркемдік - интеллектуалдың, көркемдік - операциялық жағынан интеграциялайды.

Бұл біріншіден, мұғалім өзінің іс-әрекеті шеберлігінің арқасында балалармен тен рухани сенімді, өнегелі қарым-қатынасын одан әрі жалғастыру үшін жоғары-эмоционалды сипатта жұмыс істейді.

Екіншіден, музыканы әртістік өнегелігімен оқушыларды өнерді өздігінен тануына жол ашады.

Үшіншіден, музыканы әртістік шеберлікпен ойнау арқылы оқушылардың сенімдік әрекетіне әсер етіп, жаңа мінез-құлық қалыптастырады. Балалардың музыкаға деген қызығушылығы артады.

Мұғалім-музыканттың әртістік шеберлігінің бір-бірімен байланысты мынадай компоненттері бар: психофизиологиялық, эмоционалды-эстетикалық, көркемдік-логикалық.



Психофизологиялық компонентті құрайтындар, ең алдымен, әр түрлі психикалық процестер (елестету, қапер, аффектілік, жад, күш-жігерлілік т.б.), екінші жағынан, дауыс, дикция, мимика, пантомима жатады.

Әртістік шеберліктің эмоционалды-эстетикалық компоненті ең алдымен, музыкант-педагогтың сенсорлық (сезіммен байланысты) тәжірибесімен байланысты болады.

Әртістік шеберліктің көркемдік-логикалық компоненті музыка мұғалімінің сабақта көркемдік-комуникативтік әрекет жүйелерін логикалық түрде құра білуіне байланысты.

Болашақ музыка мұғалімінің әртістік шеберлігін дамытуға әсер ететіндер мыналар: музыкалық-комуникатівті треннинг, музыкант-педагогтың материалды сезімді-бейнелік тұрғыда көрсете алуы, музыкалы-педагогикалық жағдайды үлгілеу т.б.


Креативтілік

Музыка мұғалімінің креативтік әрекеті сипатын екі аспектіде қарауға болады: музыкалық білім беру мазмұнына қатысты және музыкалық білім беру процесіне қатысты.

Музыкалық білім беру мазмұнына қатысты музыкант-педагогтың кәсіби қызығушылығы, білімнің молдығы, жұмыс тәжірибесінің көптігі, өз қызметінде жаңашылдыққа ұмтылуы сияқты сипаттарымен анықталады.

Музыка пәні мұғалімінің музыкалық білім беру процесіне қатысты креативтік сипаты ең алдымен, ұйымдастырушылық және комуникативті әрекетінен көрінеді.


Жеке кәсіби ұстаным

Музыка мұғалімінің кәсіби ұстанымы музыкалық білім берудің өзге де компоненттері сияқты оқушылардың музыкалық білім сапасының деңгейімен өлшеніп анықталады.

Бұл ұстаным төмендегідей бағытта жүреді:

- музыкалық білім беру саласына қатысты педагогиканың негізгі теориялы-әдістемелік заңдылықтарын зерттеу;

- осы негіздегі ең қажетті концепцияны таңдап алу;

- өзінің педагогикалық жаңалықтарын оқушылармен тәжірибешілік жұмыс жүргізу арқылы апробациялап (мақұлдап) өңдеу.

Жеке кәсіби ұстаным-педагогикалық қызметіне жан-жақты әсер ететін және оның шеберлігін шыңдай түсетін негізгі де қажетті бөлігі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қоғамдағы музыка мұғалімнің әлеуметтік статусының сипаттамасы.

2. Музыкалық білім беру процесіндегі музыка мұғалімінің дүниетанымдық көзғарасы қандай?

3. Тұлға ретіндегі музыка мұғалімнің музыкалық қаблеттің маңызын ашыңдар.

4. Музыка мұғалімнің музыкант екенін қалай түсінуге болады?

5. Эмпатийліқті музыка мұғалімнің тұлғалығын сапасы ретінде сипаттаңыз.

6. Музыка мұғалімінің креативтілігі неде көрінеді?

7. Музыка–педагогикалық интуиция – музыка мұғалімнің тұлғалық сапасының маңыздылығы.

8. Әрістілік – музыка мұғалім тұлғалығының сапалы ретінде көрінуі.

9. Музыка мұғалімінің тұлға кәсібилігінің позициясы қандай?

10. Ш.А.Амонашвили мұғалім сапасының қандай қасиеттерін айтады?

Ұсынатын әдебиеттер
Негізгі

Абдуллин Э.Б. Музыка // Российская педагогическая энциклопедия. – М., 1993.

Абдуллин Э.Б. Теория и методика преподавания музыки // Музыкальное обозрение: Методолого-методическая подготовка учителя музыки. – (Сер «Педагогический университет»). – М., 2000.

Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей (от детского сада – к начальной школе). – Воронеж, 1998.

Алиев Ю.Б. Настолная книга школьного учителя-музыканта. – М., 2000.

Анисимов П.В. Методика преподавания музыки: проблемы становления профессионального стиля // Методолого-методическая подготовка учителя музыки: Материалы VII международной научно-практической конференции / Отв. Ред. Э.Б.Абдуллин, Е.В.Николаева. – М., 2002.

Безбородова Л.А. Сушность теории музыкального образования // Безбородова Л.А., Алиев Ю.Б. Методика преподавания музыки в общеобразовательных учреждениях: Учеб. пособие для студентов музыкальных факультетов педвузов. – М., 2000.

Безбородова Л.А., Алиев Ю.Б. Методика преподавания музыки в обшеобразавательных учреждениях. – М., 2002.

Бонфельд М.Ш. Музыка как искусство. Основные проблемы музыкальной эстетики // Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание. – М., 2001.

Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория. Методика. Практика. – М., 2003.

Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для обшеобразовательной школы // Программно-методические материалы. Музыка. Начальная школа. – М., 2001.

Катунян М.И. Эдуарт Артёмьев: «Музыка – это канал связи со Вселенной» (интервью) // Музыка в школе. – 2002. - № 4.

Красильников И.В., Крюков М.А. Музыкальное искусство и педагогика завтра // Музыка в школе. – 2000. - № 3.

Красильников И.М. Интонационная концепция музыкальности и модель дополнительного музыкального образования // Искусство в школе. – 2000. - №1.

Красильников М.С., Критская Е.Д. Методы музыкального образования // Музыкальное образование в школе: Учеб. пособие / Под ред. Л.В.Школяр. – М., 2001.

Красильников М.С. Программа «К вершинам музыкального искусства» // Искусство в школе. – 2002. - № 6.

Медушевский В.В. Духовно-нравственное воспитание средствами музыки // Преподаватель (Спецвыпуск «Музыкант-педагог»). – 2001. - № 6.

Медушевский В.В. Содержательный анализ инструментальных сочинений на уроках музыки в школе. – М., 1998.

Мелик – Пашаев А.А. О прошлом, настоящем и возможном будущем нашей педагогики искусства // Искусство в школе. – 1999. - № 4.

Музыкальное образование в школе: Учеб. пособие / Под ред. Л.В.Школяра. – М., 2001.

Майковская Л.С. Артистизм учителя музыки: Учеб. пособие / Под. ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 1998. Надирова Л.Л. Струны обшности: теоритеческие основы развития эпатии у студентов музыкально-педагогических факультетов: монография. – Владимир, 1999.

Назайкинский Е.В. Стиль в музыке. Жанр в музыке // Методолотческая культура педагога-музыканта / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 2002.

Николаева А.И. Стилевой подход в фортепианно-исполнительском классе как фактор формирования личности учителя-музыканта. – М., 2003.

Надирова Л.Л. Струны обшности: Теоретические основы развития эмпатии у студентов музыкально-педагогического факультета. – М., 1999.

Психология музыкальной деятельности: Теория и практика: Учеб. пособие / Под ред. Г.М.Цыпина. – М., 2003.

Програмно-методические материалы. Музыка. Начальная школа / Сост. Е.О.Яременко. – М., 2001.

Программно-методические материалы. Примерные программы основного обшего образования. Музыка / Сост. А.М.Водянский, Н.Н.Гара. – М., 2001.

Петрушин В.И. Музыкальная психотерапия: Теория и практика. – М., 1999.

Старчеус М.С. Слух музыканта. – М., 2003.

Соколов А.С. Музыка вокруг нас. – М., 2000.

Суслов Н.В., Подуровский В.М. Психологическая коррекция музыкально-педагогической деятельности. – М., 2000.

Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. – М., 2002.

Старобинский С.Л. Урок музыки – урок искусства // Музыка в школе. – 2003. - № 2.

Старчеус М.С. Слух музыканта. – М., 2003.

Теория и методика музыкального образования детей: Научно-методическое пособие / Л.В.Школяр, М.С.Красильникова, Е.Д.Критская и др. – М., 1998.

Теория и практика хорового исполнительства: Певческое развитие ребенка / Сост. И.В.Калиш, науч. ред. Л.П.Дуганова. – М., 1999.

Фалетрова О.М. Развитие эмоциональной сферы девиантных подростков средсвами музыки // Методологическая культура педагога-музыканта: Учеб. пособие / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 2002.

Холопова Л.В. Этнографическая парадигма школьного музыкального образования: от «этнографии слуха» к музыке мира // Преподаватель (Спецвыпуск «Музыкант-педагог»). – 2001. - № 6.

Хох И. Принципы урока музыки и их взоимосвязь с мотивационно-потребности сферы школьника // Музыка в школе. – 2000. - № 2.

Халабузарь П.В., Попов В.С. Теория и методика музыкального воспитания: Учеб. пособие. – 2-е изд. – СПб., 2000.

Цельников Б.М. Мировозренческие убеждения педагога-музыканта (Поиск их смысла в диалоге с наукой, с искусством и с самим собой). Учеб. пособие / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 1999.

Цыпин Г.М. Музыкально-исполнительское искусство: Теория и практика. – М., 2001.

Щербакова А.И. Аксиология музыкально-педагогического образования / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 2001.

Қосымша

Берілген қосымшалар студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылады. Ұсынған мақалалар, жұмыстар, нұсқаулар оқулықта көптеген берілген сұрақтарына жауап бере алады. Оқулықтың әрбір тараулар соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларға қосымшадағы нақты нұсқаулар берілген жоқ, сондықтан студенттер өздері қосымша ізденіспен жауабын табады деген ойдамыз.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет