Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ТӘРБИЕ ЖАЙЫНДА ПІКІРЛЕР



бет5/8
Дата27.12.2016
өлшемі2,6 Mb.
#6104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ТӘРБИЕ ЖАЙЫНДА ПІКІРЛЕР

«Бүгінде музыкалық сауатты жастар ертеңнен көтерілген көктей қаулап өсіп келеді. Қала мен ауылдың кезкелген үйінен естіліп тұратын классикалық, лирикалық және эстрадалық әуенді жас бала кезенен жадына сіңіріп өседі. Бала кездегі естіген злдебір нәзік әуен, әлдебір құбылыс адамды ақ шуғыла дүниеге іңкәр етеді».

Лениншіл жас. 30 қараша 1972 ж.

«Амал не, қай мектепке барып, өнерпаздардын көрсеңіз де айтатыны әлгіндей үлкендердің әні, сызылып тұрған ғашыктар сыры, екі жүректің елжіреген лебізі. Жап-жас бүлдіршіннің аузынан мұндай әндерді естігенде бетіңнен отын шығады екен. Сонда балаларға арналғаы шығармалар шынымен жоқ болғаны ма? Бар. Иэ, бар деп айтамыз. Байкап турсақ едәуір тізім де шығады. Б.Ғизатов құрастырған «Мектеп әндерін», С.Мухамеджановтың «Алакай» атты әндер жинағы, Ғ.Жұбанова, Б.Байкадамов, А.Еспаев, Ө.Байділдаев, Қ.Қуатбаев, І.Нүсіпбаев, Д.Ботбаев-тардын балаларға арналган әндері бар.

Жастарға тәрбие берудің тиімді құралдарының бірі осы музыка десек, ол балаларды мәдениетті, шат көңілді, табанды, қажырлы, Отан сүйгіш азамат етіп шығаруға көмектеседі. Өкінішке орай мектепте арнаулы музыка пәнінің мұғалімдері жоқтың қасы. Сондыктан да мектептердегі ән сабағы көбіне сағаты жетпеген мұғалімдер қосымша пән ретінде жүргізеді. Музыка туралы өзінің де түсінігі шамалы болғандықтан балалар әйтеур ән айтып, тулап жатса болғаны деп кез-келген әнді айтқызады, өз білгендерін үйретеді. Осыдан келіп қаршадай бала «Сағындым жолыңа карай-қарай», «Ак еркем», «Ғашығым асылым...» деп үзіліп тұрады. Осы жайды Қазақ ССР оқу министірлігі ретке келтіру керек».

Лениншіл жас. І 7 мамыр 1966 ж.
Музыкалық оқу-тәрбие жайында келесі пікірлер айтылып, ұлттық музыканың жасөспірімдерге, мектеп оқушыларына берер эстетикалық рухани мол әсері туралы күрделі мәселелер көтеріліп, Реслубликада ұлттық музыкалық оқулықтар шығару жөнінде келесі мәселелер алға койылды. Осындай игілікті істердің нәтижесінде 1963 жылы тұңғыш рет Қазақстанда 1-сыныпқа арналған «Ән музыка сабағы» атты еңбек жарық көрді. Оның авторы - Бейсенғали Ғизатов еді. Бұл - 1933 жылы профессор Ахмет Жұбанов шығарған алғашқы «Музыка әліппесінен» кейінгі шыққан бірінші окулық. Оның құндылығы соншалық күні бүгінге дейін сегіз рет қайта басылып ҚР-сының Білім министірдігі жариялаған музыка оқулықтарының конкурсында ең таңдаулы жүлдеге ие болды. Б.Ғизатов бул еңбегіне тоқмейілсімей, 2-сыныпқа, балалар композиторы Ібрагім Нүсіпбаевпен бірігіп 3-сыныпқа, одан соң 4-сыныпқа арналған оқулыктарын жазды».

Қазақ әдебиеті. 26 желтоқсан 1995 ж
5 сынып үшін Өмірбек Байділдаев «Музыка сабағы» деген оқулық, толықтырылып, өңделген үшінші басылымы 1997 жылы «Рауан» баспасынан шықты.

1966 жылы 6 - 7 жастағы бала бақша балаларына арналған «Бөбектер жыры» деген кітабі шықты. 1977 жылы «Жалын» баспадан «Сүйікті мектебім» атты мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған кітабы шықкан. Жинакка «Менің Отаным», «Май маршы», «Сүйікті мектебім», тәрізді әндер еніп отыр. Бұл әндер жеткеншектерді Отанды сүюге, достыкқа, еңбекке баулиды. 1988 жылы «Өнер» баспасынан 7 - сыныпқа арналған «Музыка сабағы» окулығы шыкты.

Жас буынға музыкалық, эстетикалық тәрбие беруде хор өнерінің орны үлкен. Хор өнері көп даустылыққа, музыка тілін байытуға жетектейді.

...Өнерпаздықты көтеру, эстетикалык тәрбие беру - бүгін таңдағы ардақгы халықтық борыш.

Ө.Байділдаев - қазақстандағы жалпы білім беру мектептеріндегі «Ән-музыка сабағының» оқулыктарын шығарушы ең алғащқы авторларының бірі. Ол жазған 5 және 7 сыныптарына арналған «Музыка сабағының» оқулыктары 1970 жылдан бері бірден бір керекті оқу құралдарына айналған теориялық және практикалык құнды еңбек болып саналады.

1 - 2 және 3 сынып оқушыларына арналған «Сөйлейтін окулық», Ө.Байділдаевтің методикалык нұсқауымен, құрастыруымен мыңдаған тираж бен Бүкіл Одақтык «Мелодия» фирмасының пластинкалар комплексі шықгы. Бұл қәзіргі кезде мектеп оқушыларына ең қажетті құралдардың бірі болыл отыр.

Союз комтюзиторов Казахстана. 1980 ж.

Ө.Байділдаев


ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ДЕ ҰМЫТПАЙЫҚ

Сіздер тәрбиелеп жатқан кішкене бөбектерге арнап өлең жазу, соның ішінде ән жазу өте қиын мәселе. Бұл туралы ұлы жазушысы А.М.Горькийдің тамаша сөзі бар. Ол үлкендерге арнап шығарма жазу қиын болса, ал балаларға жазу одан да қиын, - деген болатын. Бірак осы қиыншылықты жеңу-бәріміздің ортак міндетіміз. Сондықған бөбектерге эстетикалық-музыкалық тәрбиені ұштастыра беру кезек күттірмейтін мәселе. Менен бұрын сөйлеген жолдастар балаларға гигиена өте қажет, деді. Эстетикалық тәрбие одан да аса қажет деп айтар едім мен.

Ауылдық-селолық жерлерде балаларға музыкалық тәрбие беру ісі оңайға түспейді, өйткені арнаулы білімі бар музыка, балет мамандары жоқтың қасы. Кең сахнасы, рояль мен пианиносы, баян мен аккордеоны, үрлемелі аспаптары жок елді мекендер бізде әлі де бар. Кейбір жерлерде бірінші, екінші сынып шәкірттері «Елім-ай», «Құдашаны» айтып жүруі де осыдан болар. Ал бұл салада тәрбиеші атқарар міндеттер көп. Жаңа әндерді радио, теледидар арқылы естисіздер. Музыкалық мамандықтарыңыз болмаған кунде де кішкене бөбектердің даусын калыптастыруға болады. 6-7 жастағылардың дауысы үлкендер даусындай бола береді, әсіресе қыз балалардың даусы шырқап шығады. Міне осыларды ертерек сезіп, аңғарған дұрыс болар еді. 1960-1961 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының тапсырмасы бойынша жинақ шығармақ болып едік. Сол ақыры 1966 жылы шықты. Қазақ композиторларының жас бөбектерге арнаған өлеңдер жинағы небәрі 500 дана боп шықты. Содан бері ол кайта басылған жок. Балаларға арналған әндер кітап боп шығып көрген емес.

Бізде балаларға арналған ән аз деушілер бар. Жоқ, ән бізде баршылық. Қазакстан композиторлары А.Жұбановтан бастап, Е.Брусиловский, Б.Байқадамов, С.Мұхаметжанов-тардың толып жатқан әндері бар, бірақ олар жергілікті жерлерде уағыздалмайды. Алдағы екі мереке В.И.Лениннің жүз жылдығы мен Қазақстанның 50 жылдық тойына, Отан соғысының Жеңісінің 25 жылдығына арналған неше түрлі әндер мен өлеңдер бар. Соларды таңдап баспа орындары кашан шығарады деп күтпеген пионер бөбек жок. «Балдырған» журналы мен «Қазақстан мұғалімі» газетінің беттерінде жаңа әндер беріліп тұрады. Солардың басылғанан жинап алып, үйрете жүріңіздер. Бұл да балалар тәрбиесіне қосқан өз үлестеріңіз болады.

Біз, композиторлар, балаларға арнап ән шығаруды, олардың тәрбиесіне ат салысуды болашағымыз үшін, келешегіміз үшін қосқан үлесіміз деп білеміз. Келешекте бақшадағы бөбектерге арнап Москва баспасы сияқты арнаулы ән кітабын шығаруды азаматтық борышымыз деп санаймыз.

Қазақстан мұғалімі газетінен. 5 мауысы
Меңдіаяхова Қ.М.

ҚАЗАК ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚНЕГІДЕРІНІҢ БАСТАУЛАРЫ

Қазақ халкының музыкалык шығармашылығы өзінің сан ғасырлар бойындағы дамуында музыка тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі бағытта вокалдық және аспаптық музыка түрінде калыптасты. Бірінші - терме сарынды және кең тынысты созып айтатын шалқымалы әннің түрлері де, екіншісі - домбыра, қобыз және баска үрлеп ойнайтын аспаптарда орындалатын, көбінесе, белгілі бір оқиғаға байланысты болып келетін күйлер.



Кеңес өкіметіне дейінгі дәуірдегі қазақ қоғамындағы рухани өмірінің маңызды белгілі ауыз екі музыка мәдениетінің, объективтік жағдайларда қалыптасуы, сондай-ақ көшпелі өмір және ауыл тұрмысының көптеген тұрақты дәстүрлері халық музыка өнері кайраткерлерінің бірнеше түрін калыптастырды. Олар - ақындар, жыршы-жыраулар, әншілер мен өлеңшілер, күйшілер мен ертекшілер, сықакшылар және басқалар.

Әдетте, олар көбінесе өзінің негізгі өнеріне қоса басқа да бірнеше өнердін иесі еді. Арнаулы «композитор» деген термин ол кезде болған жок. Себебі оның творчестволык халыққа тарауы өзінің әншілік, күй-шілік-орындаушылық шеберлігіне байланысты болатын. Қазақ халқының музыкалық өнері жайлы мәлімет беретін ертеректегі еңбектің бірі 1795 жылы басылып шыққан капитан И.Г.Андреевтің «Орта жүз қырғыз кайсақтары туралы, Россиямен шекаралас жатқан Колыван жене Тобыл губерниясының бөлімдері мен қосымша бекіністерін суреттеу» атты кітабы / Новые ежемесячные соч-е п.б.. 1775, август / 2-половина/, 4.114/.

Бұл еңбек алты тараудан тұрады, жиырма сегізінші бөлімінде қазак халқының шығу тегі, түрмысы, діни сенімдері, салт-санасы мен мінез-құлқы, кәсібі, сауда-саттығына байланысты мәселелер камтылған.

Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ музыкасының зерттеушілері өз еңбектерінде музыкалық фольклордың өміршеңдігін баяндағанымен, халық өнерінің профессионал кайраткерлері туралы аз да, сирек жазды. Ал, төменде аттары аталған бірнеше әншілер мен күйшілер, халық музыкасының көптеген классикалык шығармаларының авторлары XIX ғасырда өмір сүргендері аян. Олар; Құрманғазы Сағырбаев /1806-1879/, Дәулеткерей Шығаев /1820-1887/, Біржан сал Қожағұлов /1832-1894/, Мұхит Мералиев /1847-1918/, Абай Құнанбаев /1845-3904/, Жаяу Мұса Байжанов /1835-1929/, Тәттімбет Қазанғапов /1815-1862/. Ықылас Дүкенов /1843-1916/ және басқалар.

Олардың шығармалары халыктың рухани мүддесіне сан келген сүйікті шығармалары болды, бірак оларлың жиналуы және жазылынып алынуы тек кеңес өкіметі кезінде ғана жүзеге асырылды.

Қазан төнңкерісіне дейін қазақ даласында кәсіби музыкалық білім беру жуйесі жоқ болатын, соған қарамастан республиканың түкпірлерінде /Петропавл, Орынбасар/ музыкалық үйірмелер /хор, оркестр/ жұмыс істеді. Оған қатысушылар нота сауатын білмеседе хор бірнеше дауысқа бөлініп айтылды. Қазан тоңкерісіне дейін қазақ халқыны бай музыкалық мұрасы шетел және орыс саяхатшыларының да назарына іліккен.

Қазан төңкерісінен соңғы кезеңде де республикамызда музыкалық үйірмелер жұмысын жалғастыра берді. Жиырмасыншы жылдары Орта Азия және Қазақстанның, музыкалық фольклорын жинауға ерекше ықылас көрсетіле бастады. Белгілі музыка зерттеушісі әрі жинаушысы А.В.Затаевич казақ даласын аралап, жүріп, екі мыңға жуык ән-күйлер жазып алған. А.В.Затаевич «Қазақ халқының мың әні». 1931 жылы «Қазақтың бес жүз әні мен куйлері» бұл күнде де тарихи маңызы зор еңбектер болып отыр. М.Горький, А.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалай келіп, қазақтың ән-күйлері болашак композиторлар үшін творчествоның кайнар көзі екенін айткан еді. Басылым ерекшелігі - мұнда көптеген белгілі халык әндерінің сөздері табылып, жазылған еді.

А.Затаевич бастаған үлкен істі отызыншы жылдары Д.Мацуцин. Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди. бертін келе М.Төлебаевтың жалғастырып, ән-күйлерімізді нотаға түсіріп, ел игілігіне айналдырғанын сүйсіне еске аламыз.

Қазақ Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы, республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович өзінің бар күш жігерін табиғи қабілетін қазақ музыкасы өнеріне жұмсауды максат тұтты.

Б.Г.Ерзакович аз уақыт ішінде бес жүзге жуық ән-күй жазып алып, оның екі жүзден аса әуенін әншілердің фортепианоның сүйемелімен айтуына лайыктап еңдеді. Ол мұнымен ғана қанағаттанып қоймай, халык әншіерін бұдан да мол жинап алу мақсатымен респүблика облыстарына жиі-жиі сапарға шығып тұрды.



Сөйтіп, ол Семей, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола жене Қарағанды облыстарын түгелге жуық аралап шығып, орасан бай қазынаны 2500-ден астам ән мен күйді нотаға түсірді, біразын радио таспаларға жазып алды. Б.Г.Ерзаковичтің өзі жинақтаған казақтың ән мен күй туындыларына, оның орындаушыларына алғаш рет толық сипаттама бергендігін ерекше атай өткен жөн. Экспедиция кезінде халыкпен қоян-қолтык араласа жүрген Б.Г.Ерзакович қазақ музыкасының Кенен Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков секілді аса дарынды өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста болды. Атақты Естай ауылында болған сәтінде былай әңгімелеген: «Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге авторлардың әндерін салмақты саздылыкпен шыркайтын Естай әйгілі "Қорланды" орындағанда бөлекше толкып кетеді екен. Тіпті радиоға жазу кезінде де әннің шарықтай шырқалатын түстарында көзіне жас үйірілді. Тегі, жас шағында қалын мал төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы оны өмір бойы толкытып етсе керек».

Б.Г.Ерзакович отызыншы жылдардың өзіндеақ өзі жинақтаған көптеген халық әндерін музыкалық аспаптар сүйемелінде орындауға лайықтап өңдеді. Мұндай андер сол кезде радиодан көп орындалып жүрді. Ал елуінші жылдардан бастап оларды жүйелі түрде зертгеуге кірісті. Зерттеуші ғалымның терең білімінің аркасында дүниеге келген «Қазақ халқының ән мәдениеті» монографиясы, «Қазак совет халық әндері» атты музыкалық - этнографиялық жинағы жарық көрді.

Б.Г.Ерзаковичтің Ахмет Жұбанов және Мәриям Ахметовамен бірлесіп жазған «Советтік казак музыкасы» деген енбегі Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.


Бегалиева Г.К. Алматы

ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢАРУЫНЫҢ БҮГІНГІСІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Тәуслсіздіктің көк Туы көгімізде желбірегелі бері санамызда да бір жаңғыру белең алды.



Ол бүгінгі күні білім берудің бағыты мен мақсаты, міндеті мен талабының түбегейлі өзгеруінде. Тәуелсіз еліміз осындай әлемдік өзгерістер үрдісінен қалып қоймауы үшін білім берудің жаңа дүниежүзілік әдістәсілдерін меңгеруге, халықаралық стандартқа сай оқуға ерекше коңіл бөліп отырғаны белгілі.

Осымен бірге, қазіргі жагдайда жастарды тәрбиелеу мәселесі ең күрделі әлеуметтік мәселе қатарына еңгізіліп отыр.

Себебі, болашақ жас мамаыдар білім алған ордасынан жоғары білімді, сапалы кәсіп иесі болумен қатар, қазіргі уақыттың қажеттілігінен туындайтып барлық іскерлік, тапқырлық, жаңашылдық қасиеттерді де терең игерген өз елінің азаматы, белсенді өмірлік бағыт ұстаған лидер болып шығуы тиіс.

Бірақ, тәрбие жұмыстарының маңызын белгілі бір өлшеммен бағалау мүмкін емес, өйткені, ол көп қырлы, әр түрлі, өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан, бүгінгі күні тәрбие жұмысына жоғары оқу орнының барлык желісі қатысып, әрқайсысы өз үлесін қосып, жүйелі түрде бір мақсатта кұрылған тәрбие процесін ұйымдастырып, дамыту қажеттігі туып отыр.

Сонымен қорыта келгенде, бүгінгі жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы «Тәрбие жұмысын жетілдіру, ұлтымыздың мәдени-тарихын, жалпы азаматтық, адамгершілік-рухани байлығын, элемдік мәдени мұрамен сабақтастығын сақтай отырып, оқу мен тәрбис процестерінің бірлігін қамтамасыз ету» (1)



Осындай негізде «жоғары оку орындарында ұйымдастырылған тәрбие процесін жүйелі түрде қүрылған деп атауға болатындығын және тәрбиелік жүйенің немесе жүйенің тәрбиеде бар екенін білдіреді» (2) т.б. Қазіргі экономикалық жағдайдағы жаңа тәрбиелік жүйе қызметі, жеке тұлғаның жоғарғы деңгейдегі даму факторы екенін уақыт дәлелдеп отырғандықтан институтта өткізілген "Әлеуметтік-экономикалық жағдайда жоғары оку орындарының тәрбие процесі: Тәрбиеің жаңа-рухының бүгінгісі және болашағы" атты тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинардың басты көздеген мақсаты:

1.Тәрбие процесінің дамуы мен жаңаруының жолдары
және оны ұйымдастырудың инновациялық бағыттары бойынша тәжірибе алмасу.

2.Тәрбиенің жаңа жүйесін ендіру мақсатындағы іс-шараларды институттың және студенттер құрамының ерекшелігіне сай ұйымдастыру.

3.Ауыл мектептерінің ерекшелігіне сай әдістемелік-тәрбие жүйелерін ұйымдастыру.



4.Халық педагогикасына негізделген тәрбие жүйесінің
тиімді тәсілдерін қолдану.

5.Жүйелі тәрбиенің озык үлгілерінің тиімділігін арттыру мақсатында, тәрбие әдістемелік орталықтар құру.



6.Тәрбиенің жаңа жүйесінің жобасын жасау және оны мемлекеттік тілде жетілдіру болды.

Дегенмен, мұндай мәселені жүйелі шешуде арнайы бағытталған, бүгінгі күннің талабына сай өте нәтижелі құрылған бағдарламалар қажет екенін уакыт көрсетіп отыр.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты жүйе дәуіріндегі ерекше негізгі оқу орындарының бірі - бұл біздің мектебіміздің бір бөлшегі. Ол соғыс жылдарында Ыбырай Алтынсариннің қазак қыздарының білім алу мүмкіншілігі мақсатымен кұрылғаннан бері, институт қабырғасында тек қана болашақ педагогтар емес, болашақ жұбайлар мен аналар да білім алуда.

Сондықтан, олардың білімі және тәрбиесімен қалыптасқан принциптерінен және көзғарастарынан қазақ әйелдер интеллигенциясы меп болашақ біздің ұлтымыздың көзқарасы калыптасатындығына институт ұжымы ерекше көңіл бөліп отыр.

Қыздар педагогика институтында оқу тәрбие процесінің жаңару жолдарын жоғары деңгейге көтеру жөне жетілдіру мақсатында, 1999-2000 оқу жылдарынан бастап жаңа бағыт-бағдарламалар еңгізіле бастады.

Атап айтқанда, 2000 жыл мәдениетті қолдау жылы деп аталуына байланысты, қыздар педагогика институтында 2000 жылдың 15 сәуірінде түңғыш рет студенттердің "Ғылыми-практикалық симпозиумы" өткізілді.

Симпозиумда жинақталып көрсетілген материалдар көбінесе казақ қыздарының мамандықтары бойынша білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды келешекте өнегелі, әдепті әйел-ана, ортасында рухани-мәдениеті жоғары маман болуға тәрбиелейтін көрнекті әдістерді ұсынды.



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында «Қазақстандағы салауатты Университеттер» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бағдарлама мақсаты денсаулык пен мәдениеттілікті оқу-тәрбие жоспарына енгізіп, институттың даму жолында іске асыру.

«Қазақстандағы салауатты Университтер» бағдарламасын алға тарта отырып, студенттердің денсаулық саласындағы білімінің артқанын, аурудың алдын алуға бейімделгенін, жағымсыз заттарды пайдалануға деген көзқарастың өзгергенін байкадық. Сондай-ақ, денсаулық көрсеткіштерін сақтап, студенттер мен профессор-педагогикалық құрамы өткізілген түрлі спорттық іс-шаралар арқылы салауатты өмір сүру жүйесін нығайта түсті.



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты бұл бағдарламаға аса жоғары ынтамен ат салысып отыр (оған дәлел: түрлі марапат, мақтаулар). Институтта 2002 жылы 17-18 қыркүйекте тұңғыш рет «Қазақстандағы салауатты Универеиттер» деген атпен өткен Халықаралық және республикалық ғылыми-пракгикалық конференциялардың тәрбиелік мәні мен тамымдык ролі зор болды.

Қазақстан Республікасы Білім және ғылым министірлігінің ЖОО-ның білім беру үрдісіне «Өзін-өзі тану» атгы оқу бағдардамасын еңгізу туралы № 330 бұйрығына сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты тәжірибе өткізудің орталықтандырылған ғылыми-әдістемелік орталығы болып белгіленді. Бұл жаңа білім жобасының авторы еліміздің бірінші ханымы - Сара Алпысқызы Назарбаева.



Бағдарлама бойынша «Өзін-өзі тану» курсын республика ЖОО-ның оқу үрдісіне ендіруге байланысты тәрбиелік әдістеме іс-тәжірибелері ұйымдастырылып өткізілуде:

- 2002 жылдың 7-8 карашасында Республикалық «Бөбек» орталығының базасында П-ші республикалық семинар;

- Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2002 жылдың 14-16 қарашасында жеке ұүлғаның


рухани-адамгершілігін дамытуға байланысты «Өзін-өзі тану -
ЖОО-да оқу пәні» атты үш күндік семинар;

- 2003 жылдың 6-9 каңтар аралығыида «Өзін-өзі тану»
пәнін оқытудыц ғылыми-өдістемелік негіздері" атты Республикалық гьглыми-практикалык, семилар откізілді.

Институг Ғылыми кеңесінің 1999 жыл 5 қыркүйектегі шешімі негіздерінде «Қазақ Ханымы» ЖОО компоненті деп аталатын оқу бағдарламасы бірнеше жылдан бері оқу-тәрбие процесінде қолданылып келеді.

Тәрбиелік жүйенің тікелей көрінісі бағдарламаның «Патриоттық, азаматтық және рухани-адамгершілік» деп аталатьн көлемі кең үшінші блогында орын алған. Үшінші блоктың кұрамында міндетті түрде адамгершілік пен тәннің, діннің тазалығы, өзіндік тәрбие, қарым-қатынас этикеті, сұлулық тану, отантану, отбасы тәрбиесінің теориясы мсн технологиясы және «Аэрофитнесс» атты пәндер негізінде студенттерді жүйелі тәрбиемен баулитын мамандықтар қамтылған. Институтта ұйымдастырылып өткізілген «Томирис Ханшайымы» атты «Фитнесс-аэробика фестиваліне 22 жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты».

Бұл бағдарлама сынақтан табысты өтіп, ЖОО-да өзінің жоғарғы тиімділігімен және жеке адамды жан-жақты калыптастыруға ықпал етуінің тәтижесімен дәлелденуде.

Студенттер фестиваль шеңберінде өтетін «Қыздар болашақтың арайлы таңы» атты Қазақ ханымы ЖОО компонептінің есеп беру байкауы 2002 жылдын 10-12 сәуірінде өтті.

Байкаудың негізгі мақсаты:



- «Қазақ ханымы ЖОО компоненті» пәндерінің тәрбиелік маңыздылығы, тиімділігін жақсартудағы рөлін арттыру;

  • қазақ аруларының бойына Қазақстандық патриотизмді ұялату, азаматтык болмысты калыптастыру, рухани иманды
    тұлғаны тәрбиелеу;

  • жаңа идеялармен ең қымбат адами асыл мінездері бойынша жинаған Қазақстанның әйелдер интеллигенциясын жасақтау;

- жаңаша ойлайтын, жан-жақты дамыған, жаңа ғасыр сұранысына жауап беретін кәсіби жас мамандарды тәрбиелеу.

«Қазақ ханымы ЖОО компоненті» жаңашыл бағдарламаны оқып, үйрену барысында студенттердін іс-жузінде игерген әдіс-тәсідері өткізілген байқаудың қорытындысында жоғары дәрежеде көрінді. Осы бағдарламаны меңгеруде, кол жеткен жетістіктерде оқу-тәрбие жұмысында өркендету, алдағы койылған негізгі мақсаттың бірі екеңдігін уакыт пен тәжірибе көрсетіп отыр.

Жыл сайын институт оқьггушылары мен студенттердің шығармашылык бірлестігінде «Қыздар көктемі» атты көркем-өнерпаздар байқауы өткізіледі.

Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай Майра Уәлиқызы атындағы (2001ж.) I және (2003 ж.) II Халыкаралық әншілер конкурсы өткізілді. Бұл конкурстың әдеби-көркем, тарихи-танымдық және ғылыми-әдістемелік материалдары «Майра және өнер» атты жинакта жарыққа шықты.

Осыдан он жыл бұрын музыка факультетінде «Өнер жастан» деп аталатын музыка отауы шаңырақ көтеріп, алғашқы шымылдығын Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсымен ашқан болатын.

«Өнер жастан» опера театры 10 жыл ішнде «Қьгз Жібек» спектаклінен баска, «Біржан Сара», Абайдың 150 жылдығына арнап «Абай» операсын сахнаға шығарды.

«Өнер жастан» опера театрының болашақтағы мақсаты — жастарды классикалық музыка мұраларымел терең таныстыру: өнерпаз жастарға кеңінен жол ашып, олардың бойындағы өнерді көпшілікке таныту; халықтық жәнсе қазақ композиторларының әндерін кеңінен насихаттау, әлемдік классикага айналғак музыка мұраларымен студентердің жан дүниесін рухани байыту болмак.

Тәрбис процесінің бағытында өткізілген іс-шаралар тұрақты бұқаралық ақпарат құралдары радио, телеарналар, халықаралық журналдар, газеттерде («Қазакстан», «Ақшам», «Рахат», «Казахстанская правда», «Спорт», «Столичное образование» т.б.) хабарлар ұйымдастырылды.

«Ақжүніс», «Бабье царство», «Азамат»- теле ток-шоу және Хабар агеніттігінің «Бірінші байлық...», «Айгерім», «Алтыбақаң", «Мың бір мақал, жүз бір жұмбак» телеарналармен тікелей байланыста болып, студенттер мен педагогтар тұрақты катысып жүр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030». «Барлық қазақстандыктардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бағытында келесі ақпарат құралдары аркылы («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ғылым», «Жас алаш», «Дала», «Қазақстан әйелдері», «Алматы-деловая столица» т.б. көптеген басылымдар жарыкқа шыкты.

Студептгік ғылыми үйірме мүшелерінің мақалалары келесі баспасөз беттерінде жарияланды:

  1. 4 курс студенті Р.Ұзақованың «Мемлекет мәйегі - ана
    тілі» мақаласы «Дала» журналы, № 3, 2002 ж.

  2. 1 курс студенті Л.Нұрпеисованың «Жетімдерді жылатпаған алтын орда» мақаласы «Жас алаш» газеті, № 24, 26/02 ж.

3. 4 курс студенті А.Қалиолданованың мақаласы «Тілімізді, ұрпақ аяла», «Ана тілі» газеті, 3 караша 2001 ж. т.б.

Сонымен қорыта келгенде, біліктілігі жоғары мамандар дайындау дегеніміз — жақсы жолға қойылған оқыту жүйесі ғана емес, тәрбие жұмыстарын да дұрыс ұйымдастыру мен студентердің өз күштерін іске асыруға мүмкіндік беру және бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру.

1.Әлмұхамбетов Б.А. Жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайда шағын комплектілі мектептің түйінді мәселері жөне дамуы. («Бастауыш мектеп», № 77, 2002, 23 бет).

2.Шамова Т.И. Управление образовательными системами: Учеб.пособие для студентов высш. учеб. завсдения. М.: ВЛАДОС, 2001-320 ст.).



3. «Қыз өссе - елдің көркі» студенттер симпозиумында тыңдалған баяндамалар жинағы. 15 сәуір. Алматы, 2001 ж.).

Ш.Б.Кульманова


СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ОБЩЕГО МУЗЫКАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ В КАЗАХСТАНЕ

На современном этапе развития нашей республики перед общеобра­зовательной школой стоит ответственная задача воспитания личности, обладающей высоким уровнем общей культуры, знакомой с достижениями национальной и общечеловеческой духовной культуры. Выполнение этой нелегкой миссии, возможно, лишь при создании благоприятных условий для развития разносторонней личности. В связи с этим представляет особую значимость обновление содержания образования.

На государственном уровне эта проблема является актуальной, о чем свидетельствует ряд документов, разработанных и принятых правительством в период с 1989 по 2000 годы. В частности, «Концепция содержания образования общеобразовательной школы Республики Казахстан» (8.04.93 г) определяет следующие важнейшие перспективные направления:

- приведение содержания школьного образования в соответствие с динамической структурой современного знания;

- перенесение центра тяжести в обучении учащихся на задачу научить их творчески мыслить и трудиться, исходя из воспитания и развития чувств во всем диапазоне /учеба, общение, работа/;

- воспитание потребности и умения самостоятельно добывать знания и применять их на практике;

- обеспечение роста и обогащения нравственного, мировоззренческого потенциала личности школьника на основе возрождения нацио­нальной духовной культуры во взаимосвязи с историей и культурой других народов нашей страны и человечества в целом.

Вышесказанные направления вполне реально преломляются через проблемы общего музыкального образования в школах республики.



Историческое осмысление периода до 90-х годов прошлого столетия требует реальной и объективной оценки работы наших ученых, педагогов, методистов, национальной системы музыкального воспитания детей, которая имела сложный и противоречивый путь своего развития. Обзор документов, в том числе программ по музыке, показывает, что с середины 80-х годов у нас в Казахстане создались предпосылки для переосмысления состояния музыкального образования в школах. С этого периода начинается период обновления содержания программ в школах. С этого периода начинается период обновления содержания программ.

Адаптированный вариант программы Д.Б.Кабалевского, созданный её авторами Б.Гизатовым, Р.Р.Джердималиевой, Г.Ж.Карамолдаевой, наряду с произведениями мировой классики включил казахскую народную музыку, ее разнообразные виды и жанры. Эта программа стала, на чалом нового подхода к проблемам воспитания детей в школах с казахским языком обучения. Разработчиками была проделана большая работа в плане отбора музыкальных произведений с учетом их художественной ценности и педагогической целесообразности. Начало 90~х годов ознаменовалось появлением различных

Новой вехой в музыкальном воспитании детей в Казахстане стала программа «Елім-ай», созданная авторским коллективом под руководством М.Х.Балтабаева. Цель этой программы заключается в формировании музыкальной культуры школьников, являющейся неотъемлемой частью духовной культуры. Тематическое построение программы способствует формированию музыкально-эстетической культуры учащихся. Темы «Сары-Арқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елім-ай», «сквозной» линией проходят через все содержание программы всех четырех классов начальной школы. Авторы стремились показать подрастающему поколению суть единства таких видов искусства как песенное, инструментальное, танцевальное, народно-словесное, декоративно-прикладное в жизни казахского народа.

Следующая программа, получившая распространение в нашей респуб­лике является программа "Мұрагер", разработанная авторским коллективом под руководством А.Райымбергенова. Её цель заключается в воспитании детей достойными гражданами Республики Казахстан, любящими свою Родину, способными стать наследниками национального богатства, изучить и освоить традиции и обычаи, искусство и язык своего народа. Свои задачи авторы реализуют через обучение детей игре на домбре. Они обучают их игре на самом популярном в народе национальном инструменте, используя устную народную традицию обучения.

В эти же годы в качестве альтернативной была предложена ныне действующая типовая программа по музыке для начальных классов, разработанная авторским коллективом (Ш. Кульманова, М.Оразалиева: Б.Сулейменова). Цель программы - воспитание средствами народной музыки развитой личности школьника, патриота своей страны, любящей и воспринимающей народную музыку как отражение жизни, истории, традиций и обычаев казахского народа, уважающей искусство других народов, почитающей классическую музыку. Содержание программы подчиняется единой теме - «Ән-күй - халық қазынасы» (Песни и кюи - сокровища народа). Она находит воплощение в музыкальном материале каждого блока. Содержание программы базируется на ключевых жанрах народного творчества (песня, кюи, жыр, терме, айтыс), которые составляют основное ядро музыкальной культуры казахского народа и показывают её отличительные особенности по сравнению с музыкальной культурой других народов.

В настоящее время идет разработка содержания программа по музыке для средней ступени школы (5-6 классы) коллективом авторов" под руководством А.Енсепова. В ее основе лежит идея углубленного изучения традиционного музыкального искусства казахского народа, произведений композиторов Казахстана и народов мира.

Для современного состояния музыкального образования школьников характерен ряд противоречий, в числе которых значительное место занимают проблемы профессиональной подготовки учителя музыки, поднятие престижа профессии учителя музыки, методического и кадрового обеспечения музыкальной работы в школе. Известно, что процесс подготовки педагога-музыканта обернулся задачей, решить которую пока не удается до наших дней. Нехватка педагогов-специалистов ведет к тому, что уроки музыки проводят учителя, профессиональный уровень которых оставляет желать лучшего (учителя начальных классов, культпросвет работники и так далее). В результате, требования программы сознательно занижаются в стремлении привести в соответствие учебный материал и квалификацию учителя, работающего с ним. Есть также и другая тенденция, о которой в свое время хорошо сказал Б.В.Асафьев. «В том-то и ужас положения музыки в общеобразовательных школах, что мы имеем обучателей хоровому пению, игре на рояле, на скрипке, иногда историков-биографов, иногда даже квалифицированных теоретиков, но не имеем за редчайшим исключением музыкального педагога-инструктора, ...художественного и чуткого». Из этого следует, что учитель музыки должен быть высокопрофессиональным музыкантом, творчески мыслящим человеком, умеющим развивать у школьников творческие способности.

Как видим, в системе общего музыкального образования и в первую очередь в разработке ее содержания идет активный поиск. Однако, решение поставленных государством задач не может ограничиваться только лишь обновлением её содержания. Новое время, развитие школы требуют также внедрения эффективных педагогических технологий, совершенствования содержания высшего музыкально-педагогического образования. От уровня их решения определяется лицо общеобразовательной школы в республике, система обучения и воспитания подрастающего поколения и культурного развития общества в целом.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет