Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет8/8
Дата27.12.2016
өлшемі2,6 Mb.
#6104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
ДОМБЫРА ТЕГІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткізді. Күй мен оның әңгімесі қоса өріліп, домбыра мен аңыз қатар өрбіді. "...Алғашқы рулық замандағы бір адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүріп өзінің басынан кешкен бір оқиғаны руластарына айтып беруі мүмкін. Бұл жай әңгіме. Оны естіген адамдар енді басқа біреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желі қосуы да мүмкін. Ал, одан естіген кісі тағы біреуге айтады, ол да өзінше баяндайды. Сөйтіп, алғашқы жай әңгіме хикаяға, бірте-бірте аңызға айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз біршама көркемделіп әпсана-хикаятқа айналуы мүмкін. Міне, бұл өмір шындығына тікелей қатысы бар..." - дейді С.Қасқабасов.



Аңыз әңгіменің рухын күй сарыны күшейте түсе, күйлердің сарыны аңызды әсерлеп жеткізуге, ықпал ете алады. Домбыра бар жерде қазақ халқының тілі, өнері, тарихы бірге жүреді. Аңыз әңгімелер арқылы домбыра аспабының философиясын ашуға болады.

"Ертеде бір ханның қызының кедей жігітпен көңіл бірлігін сезіп қалады, жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлак естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған

бәйтерек солады, жүрегі токтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма оны естіген кыз егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған кыз бала ағаш түбіне келіп демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш ұстіне шығып тыңдаса жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаш, түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басыңца бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп әуен шығады екен. Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батыска қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен. Астыңғы ішек жіңішке дауыс қызым Зарлық ал, үстінгі ішек бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын деп екі ішекке ат қойып домбырасын тартын күй шығарып кеткен екен дейді — Ө.Жәнібеков.

Мұндай аңыздарда айтылатын бәйтерек ағаш домбыра болмысымен үндес. Домбыра ағаштан жасалынып, одан әуен туады. Адамның қос ішекті соғуы аркылы пайда болатын әуені жел, дауыл әсерінен туатын сылдырлаған дыбыс үндерін еске салады. Демек екі бағыт негізінде әрекет байқалады. Оның бірінде жел мен дауыл Бәйтерекке әсер етіп, қозғалудан ызың естілсе, екінші бағытта адамның домбырада ойнау әрекеті арқылы әуендер шығады. "...Е.М.Мелетинский, - әлемдік ағаш пен шаман арасындағы байланыс өте тығыз...шаман әлемдік ағаштың көмегімен адамдар мен құдайларды, жер мен аспанды байланыстыра алады, яғни ол дәнекер, медиатор қызметін атқарады" - дегенді айтады.

Бәйтерек ағаш аңыздарда дүниенің кеңдігін көрсетудің символы болса, домбыра аспабынан туған үн өмір мәнін ұғынуға шақырады. Бәйтерек, домбыра болып үн қатады. Ол табиғат пен өмірдің жалғасқан айналмалы шексіздігін меңзейді. "...Бәйтеректің басына ұя салған Самұрық (не Алып қарақұс) кейіпкерді аспан әлеміне алып ұшады, я болмаса жер бетіне шығарады...зәулім бәйтерек бейнесі - қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштың өзгерген түрі. Мұны қазақтардың айдалада өсіп тұрған жалғыз ағашты қадір тұлу салтынан да көруге болады".

Бәйтерек ағаш киесі домбыра аспабы арқылы адамдарға эстегикалық әсер береді. Демек, домбыра аспабы бәйтерек ағаштан пайда болды деп айтуға негіз бола алады. Аспаннан нәр алу космостық ұғымды білдірсе, адамдардың өзіне қажетті кұнар алуы жердің қоректік қасиеттерінен туындайды. "Жапанда өсіп тұратын жалғыз ағаш, немесе бұта қадірленіп, оның басына түнейді. Оның қасынан өтіп бара жатып, адамдар ағаштың бұтактарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тіпті құрбандыққа мал шалады, я болмаса аттың жалын түйіп тастайды".

Бәйтерек ағаш басына барып сиынуы оның бойынан пайда болған домбыра аспабына да оның эстетикалық көзқарасының жоғарылығымен іштей байланыс табады. Бұл жайды арқалы жырау Қашаған жақсы айтып кеткен:

Қолымдағы қу ағаш,

Сөйлеп тұрған бұл ағаш

Қолымдағы ағашым -

Алып жүрген домбыра

Домбыра күнә деген сөз

Тек бір айтқан дабыра.

Пайғамбарым туғанда,

Бесік болған бұл ағаш.

Ыбырайым Кәрба салғанда,



Мешіт болған бұл ағаш.

Ықырам үйдің алдында,



Есік болған бұл ағаш.

Батырлардың қолында



Найзасына сап болған да бұл ағаш.

Дарияның бетінде



Пырақ болған бұл ағаш.

Әулиенің басына



Шырак болған бұл ағаш.

Жетім менен жесірге



Суат болған бұл ағаш.

Таршылық көрген талайға



Нәсіп болған бұл ағаш.

Балта ұстаған шеберге

Кәсіп болған бұл ағаш

Өзіңді тақсыр молда дейді.

Боқтағаның кай ағаш ?



Шегін күнә десеңіз

Жұмақтан келген қайдікі,



Пернесін күнә десіз бе?

Есебі ол – пәннің он екі!



Құлағын күнә десеңіз,

Хазіретті біләлдің,

Құлағы екен деседі.

Тигін күнә десеңіз,

Шиеленген сыр шешеді!

Зауықты күнә демеңіз

О да айт пен тойдікі.



Сазды күнә демеңіз,

Атамыз адам пайғамбар,

Жеті сазбен жерге кеп,

Күй шертіпті деген бар.

Ол күндегі о да саз,

Бұл күндегі бұ да саз,



Сазды күнә деп жүрген,

Молдеке сенің ақылың аз.

Қашаған жырау ағащ пен (бэйтерек - Е.Ж.) домбыра арасыңдағы байланысқа мән беріп, олардың қасиеттерінән өзара сабақтас екенін көре білген.

Ресми деректерде де ол ағаштың ерен ерекшеліктері айтылады. Аңыз бәйтерек пен кәдімгі бәйтеректің ұқсастықтары айқын байқалады: "Бәйтерек, мырза терек (Populus italica) биіктігі 40 м шамасында, қабығы айғыздалып тілінген, қонырқай тусті. Бұтақтары жан-жаққа тармақталмай жоғары қарай ұмтыла өседі. Бұтақ шоғыры пирамида тәріздес. Жас өркендері мен жас сабақтары түкті келеді, жапырақтары жалпақтау, үш бұрышты, ұшы үшкірлеу не доғалдау, жалырақ жиектері ара тісі тәріздес болады. Жерорта теңізі жағалауында, Кіші Азияда, Иранда, Европаның оңтүстігінде, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанның Қызылорда, Шымкент, Алматы, Талдықорған облыстарында кездеседі. Жемісі - көп тұқымды қауашак. Жемісінде эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады. Діңі кағаз өндірісінде пайдаланылады".

Жапанда жалғыз өскен бәйтерек ағаштың сылдырлаған сыбдыры дыбыстық әуенге айналып, адамдардын жалбарынуына әкеліп соқтырары сөзсіз. Бәйтерек ағаштың қылықтарына ұқсасын деп аспап жасап алуы да ғажап емес. Ағаштың киелі болуы оның тамыры жер астында, бұтағы мен сабақтары жер үстінде, сөйтіп ол аспанмен тілдесіп, түрлі сыбдыр дыбыс құрып, саққұлақтарға әсер етуі мүмкін. Өйткені әуен - тазалықтың нышаны, ал Бәйтерек - үш әлемді байланыстыратын символ. Бұл орайда Ш.Уалихановтың болжамы жүйе түзуге жетелейді: "...ән аспанда қалықтап ұшып, жер бетіне жақын келеді. Оның жерге ең жақындаған кезін байқаған халық әнді ұстап қалған, ал өте жоғары қалықтаған жердің адамдары ешнәрсе үйрене алмаған. Құдайдың құдіретімен келген ән қазақ жерінде тіпті төмен ұшқанда қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған".

Демек, аспаннан пайда болған әуен Бәйтерекке беріліп, одан шыққан әуен саққулақ адамдарға естіліп ол дыбыстарды әуенге айналдыруы мүмкін. Оны орындаушылар өңдеп, дамытып, адамдардың әрекетімен қалыптастырып бір-біріне үйретіп отырған. Бұдан шығатын қортынды: Үш түрлі әлемнің құдіретін бәйтерек ұғымы тікелей байланыстырып тұрғандай. "Үш әлемді дәнекерлеп, жалғастырып тұратын космостық ағаш бейнесі, әсіресе, шамаңдық нанымда жақсы сакталған..." - деген қортынды айтады С.Қасқабасов.

Мұндай болжам "Бәйтерек" ағаштан домбыраның пайда болуына негіз бар деп қарауға болады. Себебі музыкалық дыбыс о баста белгілі бір қозғалыстан әуен пайда болатыны рас болса, онда табиғаттағы дыбыстарды аспапқа салу арқылы музыкалық дыбыстар құралды. Демек, "Бәйтерек" ағаштан пайда болған музыкалык әуеңдерді құрастыру арқылы шағын үндердің жиынтығы келе-келе ол жетіліп, дамып отырған. Оған дәлел қазақ музыкасында табиғатқа байланысты туған ән мен күйлер көптеп саналады. Мысалы: "Сары өзен", "Ертіс толқыны", "Боз төбе", "Қызыл қайың", "Мұңлық-зарлык", "Тәңірі күйі", "Аққу", "Құланның тарпуы", "Аксақ құла", "Бозінген", "Шұбар ат", "Тепен көк" т.б. күйлер өз заманына лайық туған. Табиғаттағы жер астынан өсіп-енетін қамысты алып, үрлесе одан белгілі бір дыбыстар шығады. Ол Ескендір патшаға байланысты жеткен аңыздар да айтылады.

"Ескендір патшаның басында мүйізі боладьг, мүйізі бар екенін елге білдірмеу үшін ол шашын алған адамдардың бәрін өлтіріп отырған. Ең соңында бір шаштаразшы тірі қалады. Бірак ол Ескендірдің мүйізі туралы кұпияны жасыра алмай, құдыққа барып айқайлайды. Құдықтан қамыс өсіп шығады. Ол қамыстан бір қойшы сыбызғы жасап, ән салады. Сөйтсе сыбызғыдан шыққан дыбыс "Ескендірдің мүйізі бар!" деген сөз болады да, құпия елге тарап кетеді".

Бұл аңыз музыканың үш әлеммен байланысы бар екенін тағы бір танытқандай. Жер астынан өсіп шыққан қамысты үрлеу арқылы одан пайда болған әуен сыртқа теуіп шығады, ол естілу арқылы жұрттың құлағына жетеді, демек өмір мен үш әлемнің арасында бір заңдылық бар. "шамандық касиетті адам таңдап алмайды, қайта бұл қасиеті ауыр жүк, қашьш құтыла алмайтын тағдырдың жазмышы ретінде қабылдайды. Шамандық қасиет даму үшін ерекше қабілет қажет".

Шамандык, бақсылық қасиеттерді адам өзі біліп, болмаса біреудің оқып үйретуі арқылы жасалмайды. Ондай қасиет белгілі бір күш (үш әлем) арқылы беріледі. Мұндай қасиетті ол адам бойына сіңіріп, қабылдап алуға қауһары жетеді ме? Болмаса мұндай қасиетті қабылдап алып ол арқылы елге үстемдік жасай алатындай күш қуаты қандай? Әрине, мұндай касиетті қабылдап оны жүзеге асыру үшін алдымен оның өресі мықты болуы тиіс. Шамандық, бақсылык касиеттерді қабылдаушы адамның тұлғасы, келбеті, түс-өңі, ажары мен ішкі жан дүниесінің кеңістігіндегі қуаты күшті болуы керек. Осындай тұлғаларды іріктеп келіп, соған лайыкты іс әрекеттердің түрлерін береді (әр түрлі деңгейде). Олардың өзін неше түрлі категорияларға бөліп берілу арқылы барып қонады. Сондықтан мұндай құдіретті іс әрекеттерді алып жүру оңай іс емес, ол өте ауыр және қиын. "Сләмбек... Бақсы қобызын тартып зарлады-ай кеп, зарлады-ай кеп, бір кезде біз отырған киіз үйдің төбесі қара дауыл сокқандай желпілдеді, желпілдеді-ай. Сонан кейін киіз үй қаңбақша аударылды да, қайдан келгені белгісіз бақсы бір арғымаққа міне салып, құйындата жөнелді".

Музыка үнінің құдіреті үш әлеммен байланысы бар "Келдібек толғау айтқанда, ол отырған киіз үй шайқалатын, өз даусымен ол дауыл тұрғызатын, ауылға кенет құйын соғып, бұл стихияның ішінен көзге көрінбейтін салт аттыпардың тұяқтарының дүбірінен жер қайысатын еді" деген ойдан байқау қиын емес.

Шамандықты ұстаған бақсылар Бәйтерек ағаштан эстетикалық қорек алған. Ол дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата алған тамам бақсы асқан ата. Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

Музыка дыбыстан құралады табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел, су сылдыры, құстардың үні, аңдардың үні мен қимылы, жан-жануарлардың боздауы, кісінеуі т.б. дыбыстарға еліктеуден әуеи құрылады.

,,Мен далада тудым, дала мені асырады, бакты... Дала өзгерсе, бізде өзгереміз. Бұлттан шыкқан күн қандай шұғылалы, жарық, жадыраңқы болса, біз де төбеміздегі аспанды торлаған қара бұлт көшкенде, бұрынғының бәрін ұмытып, уайым-қайғыны серпіп тастап, жаңаша өмір сүретін боламыз... Сол кезде мен де өзгеремін, өзімнің екі ішекті домбырамды басқаша күйлеп аламын да, мүлдем басқа күйлерді тартамын, домбыраға косылып мүлдем бөтен ән айтатын болам...".

Демек, қалай болғанда да даланың кең құшағында үш әлемді байланыстырып тұрған бәйтерек ағаш арқылы адамдарға музыкалық қасиет беріледі. "...Қазақ халқының талантты күйшілері... күлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушышың әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатынын суылы бар...".

Даланың құбылуына байланысты музыка да сан түрлі мұңды, көңілді ырғактарға толы болады. Өйткені адамды қоршап, сыртынан жауып тұрған табиғат құбылыстары жаңа шығармалардың тууына әсер етпей тұра алмайды. "...Қорқыт ...дүниені түгел шарлаған ол еліне қайтып келіп, "желмаясын сойып, оның терісімен қобызының сыртын қаптайды. Құрғақ жерде тұрса бір күні ажал жетіп келер деген қауіппен бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдариянын суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті. Қорқыт дүние кезгендегі арманын да, өлімнен қашқан кайғысын да, өзі көрген жаксылык-жамандық жайларын да қобызында ойнаған ғажап сұлу күйлермен жеткізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйып тыңдайды... Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, қобызын күйлеп, - өлім мені қанша қуса да мен оны бұл жерге келтірмеспін деп қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты".

Қоркыттың соңғы тұжырымы музыканың құдірет иесі екенін сезеді, ажалды тежеуге мүмкіндігі барын біледі де, осы болжамға тоқталады. Бәйтерек ағашынан бастау алып жатқан казак музыкасы тіпті ажалдан да жоғары түсінік екенін түсініп білген дала философтары. Шамандық музыка көмегімен жүргізілген. "Қазақ бақсыларының қолына ұстап жүретін асатаяқ (асай-мүлай) осы Сібір шамандарының үш әлемді шарлауға мүмкіндік беретін космостык ағаштың өзгерген түрі емес пе екен деген ой келеді. Қалай болғанда да, бақсы асатаяғы мен ертедегі бәйтеректің түбірі бір екені, ол архаикалық мифтегі космостық ағаш екені күмәнсіз" - деген тұжырымға қосылудан баска шара жоқ.

Үш әлемнің байланысы адамға музыка үнімен жетеді. Сол музыка арқылы берілген жұмбақ әуенді тындап, оның түйінін шеше білген адамға нұр кұйылады. Музыканы түсінген адамдарды әуен әсемдендіріп тазалайды. Ал музыканы түсіне білмегендер үшін бұл беймәлім құбылыс. Демек адамдар музыканы түсінуші мен түсінбеушілер болып екіге бөлінеді. Қазіргі музыканы түсінбеушілердің үлес саны түсінушілерден артық. Онын басты себебі ұлттық тәрбие мен білімнің салмағы басқа жаққа ауып кетуінен туындап отыр. Бірінші - тіл, екінші - дін, үшінші - өнер осы үшеуін ұрпақ бойыеа дарыту әлі де үлкен күшпен келуде. "Патша баласының акыл-есін тексеру үшін ғұламалар оған музыка әуенін тыңдатып сынақтан өткізеді: "бала бесігінің жанына тағы да бірнеше бесік қойылады. Бәрінде де бала бар еді. Содан соң өнерпаздарға түрліше күйлер тартқызады. Аспаптар да сан түрлі. Оның ішінде тамбур, дутар, кеманші, барбитон, ребаб және қытай аспаптары да болды. Даңғыраның күндей шалқыған үнінен соң, кеманшаның түндей қайғылы үні естіледі. Сол үнге патша баласы ең бірінші болып еліктеп, оның текті тұқымынан екенін айкындайды,,. Зийа ад-дин Нахшаби Музыка арқылы баланың есі мен тектілігін анықтайды. Бұл адам болмысында музыканың үлес салмағы өте жоғары екенін танытады. Музыканың бүкіл тіршілікке араласуы себебі ол дыбыс. Ал дыбыс - табиғат, табиғатсыз тіршілік те болмайтыны рас. Музыкасыз өмір тіршілігі үйлеспейді. Көптеген көріпкел, емші, акын, композитор т.б. түс көру арқылы жоғарыдағы үш әлеммен байланысып отырған. ...Мұрын жырау... "Менің әкем Сеңгірбай Абыл айтыпты: - отызға келген кезім, ерте кой өргізіп ұйқтап қалсам біреу келіп аузыма бір сұйық нәрсені құйып еді, жұтып жібердім. Ояна келсем кеудемді өлең, сөз кернеп барады..." - деген екен.

Адам түс көру кезіңде түнгі самал ұйқыда жатқан адамға әсер етіп, қасиетті түс көруіне ықпал етеді. Тіпті ондай түс адамның тағдырын анықтайтын жайлар да кездеседі. "Мал бағушы болашак бахшы ашык далада ұйқтап жатып түсіне кірген белгісіз кісінің (көбіне әулие кейпінде) "мына домбыраны тартып, жыр айт, сен бахшы боласың" деген ұсынысын қабыл алып, түсінде домбыра тартып ән салады. Оянса, жанында ешкім жоқ, бірак сол сәттен бастап өлең дарып әйгілі жыршыға айналады. Егер сол өлең даритын адам әлгі өнерден үзілді-кесілді бас тартса, ол не бакытсыздыққа, не ауру-сырқауға душар болады" - дейді В.М.Жирмунский.

Міне көріп отырғанымыздай адамдарға үш әлемнің нұры кімге ауады соған түс аркылы беріліп оның болашағын анықтап, кім болатынына дейін түсте аян беріледі. Үш әлемнің нұры әуен арқылы жететінін есте ұстауымыз керек. Өнер адамдары үш әлем байланысының ықпалында болады. Өнер адамдары әуеңді космос аркылы төбеден қабылдап бойға құйып алады, өңделу арқылы сыртқа тебіреніп шығады, басқаларға жеткізіледі. Олардың түс көріп аян арқылы дарын иесі болуының бір себебі осы. Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады.

Үш әлемді байланыстырып тұрған бәйтеректің сан-салалы тамыры жер астында, ал оның жайқалған бұтағы жер үстінде. Ағаш күндіз түні аспан және жермен байланыста болады. Аспан арқылы табиғат әуенін бойына жинайды. Ағаштан дыбыс пайда болады, бүкіл аспап ағаштан жасалады. "Күй" деген сөздің арғы тегі "көк" пен байланысты...ендеше күйдің де көкпен, аспанмен байланысты болғынын көреміз. Көк пен су екеуі бір кезде бір ұғым болған. Бірі - жоғарғы аспан, бірі - төменгі аспан болып саналған. Көне дәуір ұғымында екеуі де космос. Музыканың алғашкы шығатын жері адамның сыртқы табиғатымен байланысуы, астарлап араласуы, - деген Қ.Жүбанов сөздері музыканың аспан мағынасына жақындығын тағы да дәлелдеп өтеді". "Махмуд Қашғари "Дивани лұғат" деген XI ғасырдан қалған кітабында... "ол көк" деген сөзді мысалға алып, оны "ән салып тұр" деп аударады".

Демек "көк" сөзінің аспанмен байланысуы аспаннан нәр алып "күйге" айналуы адамның көңіл күйіне әсер етуі табиғатпен тікелей араласуы -ғылымда және қоғамдық пікірде мойыңдалған теңденция. Қазіргі табиғат өзгерген кезде адамдарға да өз кеселін тигізуде. Қазіргі адаңдардың душар больш отырған келеңсіздіктері ауру, есерсоқ, шыдамсыз, нәсілсіз, тексіз, тұрақсыз, қатыгез, ұрпақсыз т.т. тізбелей беруге болады. Табиғаттың бұзылуы, адамдардың бұзылуына әкеліп соғуда. Домбырадан алшақтаған қазақ жұртында ұлттық құндылық жұтаң. Ұлпық құндылықтар жадағай жерде тілі мен мәдениеті және жер байлығы талан-таразға түсіп ыдырап күйретуге келіп тіреледі. Ауру ұрпақ ойсыз, әлсіз ұрпақ сатқын, күшсіз болады.

Музыкаға келетін болсақ, ол қашанда адамды шаттыққа бөлеп отырған, мұң-зарын сейілткен. Музыканың әсер-ықпалының күштілігі соншалык, ол адамдардың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін өзгерте алады, сондықтан да, бұрынғының басшылары халықтың жөндеп музыка тыңдауын кадағалап отырған. Дүниеге келген адам баласы қан-жанды, өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады, ал кайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің жаңғырығы ғана, әрі-беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, муңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім-қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат-шадыман ғұмыр кешкені; егер, қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі, қоштауы асқак, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне-өзі сенімді де табанды болғаны; егер, қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны; егер, шалкар да шалқымалы, жүрекке жылы жанға жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені; ал егер жабайылардың әндері сияқты, шегіне жете бүлініп-бұрмаланған, жанығып-жанұшырған, ырду-дырду әуен бел алса, онда халыктың бұзылғандық пен бейбастыққа белшесінен батқаны".



Қытай данышпаны халықтын музыкасы аркылы олардың ішкі және сыртқы тіршіліктерін аңғарып, анықтауға болатынын айтады. Домбыра өнері қазақ халқының әэрбиесі мен білім кеңістігіне ғасырлар бойы араласып келді.

Бәйтерек табиғаттың бір бөлшегі, ал табиғаттың өзі ерлі-зайыпты ұғымымен тектес деген рас болса, ол домбыра аспабының да ерлі-зайыпты сипаты бар екеніне еріксіз ой жүгіртуге итермелейді. Домбырада екі ішек бар екені белгілі. Астынғы ішек "соль" жіңішке, шіңкілдек әуен - ол әйелдің қылыктарына сәйкес келеді, ал үстінгі ішек "ре" коңыр, жуан әуен - ол еркектердің қылықтарына сәйкес келеді. Екі ішек байланысында өзара үйлесімге ұмтылу бар.



"Ерлі зайыпты баба-құдайлардың ең көне әрі универсалды тараған түрі аспан - әке мен жер - ана. Бұл образдарда, бір жағынан, рулардың бабалары болып саналатын ілкі адамдардың космостанғанын, ал екінші жағынан, неке мен семьялық қатынастардың табиғат дүниелеріне кешірілгенін көруге болады", "...бұкіл түркі жұртында Тәңір - көктегі ер ролінде, ал Ұмай – жер - ана болып қабылданады" дейді.

Біздің көктегі тәңір - ер, ал жердегі Үмай ана - әйел. Домбыраны оң қолға алып тартқан кезде үстінгі ішек аспанмен тілдессе, астынғы ішек жермен тілдеседі. Екеуі бірігіп Тәңір мен Ұмай ананың ұрпағындай нұрын шашып мыңдаған сан әуендерді тудырады. Оны ұрпақ деп бейнелеуге болады.



Безендірген жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге ңұрын төгер,

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. - дейді Абай.

Ұлы ақынның космостан хабар алып отырғанын өлеңдерінен ұғуға болады. Абай екі алып күшті тең ұстаған: бірі - көк болса, екіншісі жер. Абай бәйтерек секілді аспан мен жерден тең дәрежеде нәр алып шығармаларды туғызған. "Жазғытұры" атты Абайдың өлеңінде... жерді мейірімді анаға, аспанды қамқор әкеге теңейді. Жерді ана бейнесіне алып қарау қазақ халқы ғана емес, басқа елдердің де ой-санасына тән нәрсе... Аспанды әке бейнесінде көрсету де жайдан-жай алына салмаған...".

Өмірдің өзі табиғатта жұп өмір сүретіні сияқты домбыраның екі ішегі де сағынықан жарлар елесін береді. "Көкте" ұлы тәңір-ие" жердегі әр түрлі заттарды билейді, көк "иелермен" адам баласы тілдеседі деп нанған". "...Казақ тілінде "тәңір" деп көкті, "теңіз" деп суды айту...екеуінің түбірі ("тәң / тең"), "көк", "аспан" ұғымымен байланысты болса онда ..."тэңір" - көктегі (яғни жоғарыдағы) су болса, "теңіз" - жердегі (яғни төмендегі) су. Басқаша айтқанда аспанның өзі әуелде су деп түсінілген, оның "көк", "тәңір" болып аталуы содан. Ал, жердегі су да түсі жағынан аспан, яғни тәңір сияқты көк болғандықтан теңіз деп аталған, ...үш тұрлі алем "аспан, жер, жер асты)...,,.

Жердегі судың аспан түстес болып келуі әкенңн мейірімділік қасиетінен туған. Адам баласы өмір суру үшін оған қажетті қорек керек ол - судың қасиеті. Ол жер ана Ұмайдың сүті. Ал одан пайда болған сылдыр, сыбдыр дыбыстар әуендердің негізін құрайды. Судың дүрілі, гүрілі, күмбірі сыңғырлаған үні күйге ұласып, асыл мұра көздеріне айналды. "Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті тамағынан тартады, біз ортада, жер бетінде тұрамыз, сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал, жердің астындағы адамдар белдігін аяғына орайды, олардың өздерінің күні, айы, жұлдыздары бар".



Домбыра аспабында да үш құрылым бар шанак, мойын, бас болып келеді. Шанақ жер қойнына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады.

Домбыраның басы - Аспан, Домбыраның мойыны - Бәйтерек, Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек біз ортада, жер бетінде тұрамыз деуінде негіз бар. Домбыраның мойыны арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып өнімін шашады. Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашады. Домбыраның басы ретін қарап тұрады, аспан да өмір ретін қарап тұрады.

Үш әлемді байланыстырған "Бәйтерек", одан пайда болған домбыра, адам қажетіне жарап байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал етті. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі домбыра аспабы ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ.

"Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, - деп айтылады. "Қос ішек" күйінің аңызы, - сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек - қарынын ақтармалап алып тастайды.

Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, карағайдың бұтағына қос тін болып керіліп калғанын көреді. Ызындаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе, ызыңдап жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт "қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын" - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткеңдей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тындаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша көптің сүйіп, тыңдайтын аспабына айналады". Бұл аңыз әңгімеде қарағай ағаштың араласуы кездеседі. Демек аңыздың түптің-түбінде шыңдыққа жанасатын қырлары бар екені байқалады. Бір ғажабы, кандай аңыз әңгіме болмасын екі ішектің өзгермей аңыз желісінде үнемі кездесіп отыруы. Аңыздардың айтылуы әр түрлі болғанымен, екі ішек қасиетінің сақталуын байкауға болады. Өйткені ол табиғаттан жаралған. Бәйтерек - Домбыра, Домбыра - Бэйтерек болып жалғасыпън табады. Жерден өскен ағаш адамға пайдасын (жеміс, жапырақ) береді. Ал, домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам корегіне кажет болса, домбырадан шыққан күй - адамның рухани жан азығы. Демек айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымдды әуендерге айналдырып жеткізетін - домбыра аспабы. Егер, айналаны қоршаған дыбыстарды түгел алып тастайтын болсақ, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді.

"Қазақ халқы, мүмкін, өмірді тек өнер ғана сәндендіреді, тек өнер ғана бізді ерте картаюдан сақтандырады..." деген түсініктің қалыптасуында бір шындық бар шығар. Мүмкін осы бәйтерек негізінен әуен шығып, адамдарды елжіретіп, бойын балқытып әсерлендіруінің арқасында осындай ұғымдар туған болуы керек. Өнер калай болғанда да адамдарды табындырып, бағындырып жіберетіні рас. Әйтпесе өнерді тыңдап отырған адамдар неге қол соғады, болмаса қосылып ыңылдайды, айтады. Өнердің (күй, ән) құдіреті басқаларға қарағанда, басымырақ. Кез-келген жиын, той, мереке, отырыстар өнер адамынсыз өтілмейді, себебі халық жиналған отырыс ұзаққа созылатын болса, жиын отырыстардың аяғын музыка әуенімен бітіреді. Ән, күй тартылып орындалған жерде ешқандай келеңсіз жағдай болмайды, себебі музыка барлық түсініспестік құбылыстарды жуып жібереді. Міне, музыка әлемінің құдіреті. Сондықтан той, жиын, мереке т.б. алқалы жиындардың арты өнер адамдарының арқасыңда бітімді ынтымақпен бітеді. Музыка жақсылыққа септік ете алады. Өнер адамдарды тәрбиеге шақырып, біріктіруге мүмкіндік туғызады.

Домбыра аспабының табиғаттың бөлігі екеніне кезінде А.Жұбанов та көңіл аударған. "...шеберлер кейде қаламның жуандығындай талдарды арнаулы қалыпка салып иіп те жасаған. Олар қызыл, сары, қоңыр, қара түсті шыбыктарды теріп алып, қиюын тауып сыналағанда, талдың табиғи бояуы құлпырып домбыра әшекейленіп тұратын болған. Ойып жасалған шанақтың бетіне қарағай немесе шырша тактайынан жұда қақпак жасалған, ал шанағы талдан иілген домбыраның беті тек қарағаймен қақпакталған. Құранды ағаштардан немесе иген талдан жасалған домбыраның сағасынан былайғы жері немесе мойны қайың болған".

Заман ілгерлеген сайын адам санасы да жетіліп дамып, өндеуді іздестіруге итермелеген. Домбыра аспабын шыбықтардан құрап жасау, қосымша ішектер тағу, шанактарын өзгерту, мойнын қалыңдату не жіңішкерту, пернелерді көбейту сияқты әрекеттер - диапозон дыбысын шығару кеңістігін кеңейтуде іздеуден туындаған әрекеттер. Бір күйдің бірнеше варианттарының болуына да ықпал еткен осындай ізденістер еді. Сол себепті талантты тұлғалар өнерді әсемдеп нәрлеп жеткізіп отыруда алдымен аспаптың шебер жасалуына мән берген.

Бұнын өзі "А.Позднев ...орындаушылар онымен (қобызбен) түрлі құстаыңьщ даусын да айнытпай салатын болған" - деген сияқты пікірлерге негіз болған.

Көп адамдар біле бермейтін көзге көрініп іліне бермейтін, құлакқа естіле бермейтін түрлі әрекеттерді құт қонған талантты өнерпаздар білді. Өнер адамдары басқа адамдардан әлеқайда жоғары күйде жүретіні де сондықтан. Олардың есту қабілеті мен түсінік түйсіктері өте дамығандықтан дүбірлеген ат шабысын, жаяулар мен жорықшыны, куғыншы мен қуылушының, жаулар мен қастарды алыстан-ақ сезіп білетін болған. Хан мен патшалар айналасына өнер адамдарын жақын ұстауға ұмтылған. Олар жан-жануар мен малдардың дауысын, түсін ажыратып, айырып тани білген.

"Ашык аспан, кең сахарады туған қазақ ешқандай қосалкы оқу -білімсіз-ақ табиғат мәпелеуімен өсіп жетіледі... Қазақтың жалпы ауызекі жырлары тікелей дала көріністері...".

Ақыл мен білім, өнер мен даналық табиғаттың өзінен туындайды. Ұлы дала төсінде жүрген қазақтар өзінің жеріне ие болғанына қарағанда, дала кеңістігін өте жақсы меңгерген көшпенді философтар болған. Даланың төсіндегі кұм, су, топырақ, шөп, өсімдік, аң құстар не дейді осы тұтастықта сақталған табиғат құндылығын олар меңгерген, сөйтіп дала психологиясын ұстай алған. Күй мұра сарынның мәңгілік сақталуы соның дәлелі бола алады. "Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұдай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызындаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!".

Бәйтерек ағаштан пайда болған домбыра аспабының үні табиғи таза, адам сипаттас болуының арқасында оның дыбыс әуені тыңдаушысына зор тәрбиелік әсер етеді. Зерттеушілердің көшпенді түркі тектес халықтардың өнері мен тұрмыс - салт дәстүрлеріне үңіліп қарауының басты себебі оның ар жағыңда әэрбиелі білім барын сезгеннен де болар.

Әуен аспанға қалықтап ұшады, оны естіген табиғат, адам жан-жануарлар бойына сіңіреді. Өмірде айналмалы байланыс бар. Сөйтіп негізі бәйтеректен құралып жасалған домбыра қозғалыста болады. Ал бәйтерек бір орында тұрып, өз қызыметін домбыра арқылы атқарып отырады. Бәйтерек ағаштың жанды болуы оның адамдармен сабақтас байланыста болуында. Өлі мен тірілердің арасын байланыстыратын құнды мұра екенінде. Аслан мен Жер ортасындағы адамдарды түпкі тегімен байланыстырып ұрпақтарды ізгі тәрбиешісі ретінде қызымет етіп келе жатқан киелі домбыра екенін есте ұстау - әр қазакақтың төл қасиеті болса екен дейміз.

«Домбыра, сенде мін бар ма,

Мінсіз болсаң - тіл бар ма,

Тіл жоқ деуге, бола ма,

Тілден артык үн барда

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй барда.

- деп дүлділ акын, күйші Іляс Жансүгіров айткан домбыра құдіретінің философиясын әлі де аша түсу керек-ақ.



Экономика, право, культура в эпоху общественных преобразований

/Материалы международной научно-практической конференции. - Алматы, 2006. -С. 52-158.
Ж.Ш.Таубалдиева
ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі заман білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер, талаптар койып отыр. Жаңа оқыту технологиясы бойьшша материал сипаттама тұрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі хақ. Білім берудің жаңа технологиясы, жастарға ғыльш негізін үйретіп, тәрбиелейтін негізгі тұлға-оқытушылар қауымы. Оның негізгі міндеттері жас музыканттарды тәсілдермен қаруландыру. Сөйтіп ұстаз өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін дұрыс ұйымдастыруға, оны тиімді жүргізуге жұмсайды. Сонда ғана жаңа әдістер оқушылардың іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттырып, ізденімпаздығын күшейтеді, өздігінен білім алуға жол ашады. Білім беруді жетілдірудің бір жолы - ынтымақтастық педагогикасы. Бұл ынтымақтастық педагогикасын шеңбері өте кең, ол мұғалім мен оқушы, оқытушы мен окушы арасында емес, мектеп әкімшілігі мен оқушылар, мұғалімдер, ата-ана т.б. ара қатынасында орын алды. Бұл ынтымақтастық педагогика. Ынтымастық педагогикасының дамыта бағытталған дидактикалық кешені «неңі оқыту» және «қалай оқыту» мәселелерін шешуге бағытталған: білім мазмұны тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастыру.

Оқу процесінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл -педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады,



Олар: В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, Л.В.Занковтын дамыта оқыту т.б.

Қазіргі педагогика окушылардың бойында шығармашылыкпен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогика іс-әрекеттері ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім жүйесі қарекетінің мәні сынып жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сол себептен мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуына, дамуына көмектесуі, ол ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс. Мысалы: балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас бағытын жүзеге асыру барысында; оларға көне дәуірден келе жатқан музыкалық аспаптық шығармалары ән, терме, күй, жыр, айтыс, өлеңдерді үйретіп, халықтың қасиетті рухымен суару абзал, сол себептен жергілікті мектептердің ерекшеліктерінде дамыған музыка үлгілерін тыңдап, орындап үйрету, аспапты меңгеру арқылы оқушылар өнер рухынан нәр алады.

Бұлардың өзі олардың жаны жайсаң, жүрегі жылы абзал азамат болып өсуіне септігін тигізеді. Мысалы «Атамұра» музыка бағдарламасында (авторлар: Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова) 3-сыныптағы «Айтыс өнері» тақырыбындағы «Бәдік айтыс», «Қыз бен жігіт айтысы» (халык әні), «Біржан мен Сара айтысы» (М.Төлебаев), «Айтыс» (И.Нүсіпбаев) «Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы» (Ш.Құлманованың) айтыстары оқушылардаң әр кез суырып салма тапкырлығын терең ой-сананы, сахналық шеберлікті, зиялылық дарындылықты қажет етеді.

Сол себептен окытушының өзі жоғары жаңа талапка сай білгір, шебер, шешендік кабілеті дамыған өнерлі, білімді ұстаз болуды қажет етеді. Оқытушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оку процестерін қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол үшін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып табылатын методологияны жаксы меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. Яғный, жаңағы айтьш кеткен тақырьш бойынша аспапты жақсы меңгерген - қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, сурып салма өлеңші де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, ідясыннан қыйыстыратын қас шеберлікті талап етеді. 3-сыңыптағы «Қыз бен жігіт айтысы» окушыларға айтыс деген ұғымды түсіндіріп, олардың түрлерімен таныстырып, қазақ халқының ертеден келе жатқан «Қыз бен жігіт айтысын» үйретеміз. Сабақ максаты: «Әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу». Міндеттері: Окушылардың вокалдық ән айту шеберлігін дамыта отырып, ақындық өнерге баулу:



  • айтысқа саналы түрде барынша мән беруі;

  • окушылардың шығармашылық ой-өрісін дамьпу.

Әнді үйрету барысында қыз бен жігіт айтысы халыктың әдетғұрып салтына байланысты ойын-сауық негізінде айтылады. Қыз бен жігіт әдетте екі жактын амандасуынан басталып, әзіл-сықақ әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Қыз бен жігіт айтысының өлең құрлысы көбіне 11 буынды болып келеді. Өлеңнің бастапкы екі жолын жігітте, қызда қайталай отырып, өздерінің айтайын деген негізгі ойларын өлеңнің 3-4 жолдарына білдіреді. Қыз бен жігіт айтысында ақындығы жоқ жігіттер мен қыздар жаттанды өлеңдерді өзі таңдаған әуенге салып айтыса беруі мүмкін. Мысалы: Жігіт:

Атыңды шешен сүйіп қойған Еркін,

Той болса, түзетесің кәмшәт бөркің.

Бұлаңдап ұжымактың хор қызындай,

Бітпеген еш пендеге сенің көркің.

Қыздың әсемдігін, сұлулығын құлпырған гүлге теңеген жігітке қыз былай деп ұтымды жауап береді. Қыз:

Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,

Той болса түзетемін кәмшәт бөркім.

Келе сап сипатымды баяндадың,



Есіңді аударды ма менің көркім.

Сөйтіп орындап отырған оқушыларға әрі қарай бір-бірімен ұқсастырып әр сөзін ойлап тапқырлықпен сынайы сұрак-жауап оқыған оқушылардың көпшілігі егер одан кейінгі оқу немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған барынша қарсылық көрсетеді. Егер шығармашылық әрекетке білім беру курсының басынан бастап, тіпті мектепке дейінгі дем беріп отырса мұндай қайшылыктарды жоюға болады.

Еліміздің егемендік алу барысында қоғамдық өмірдің барлык салаларында соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білім беруді жетілдірудің бір жолы - сабақтың диференциялық әдіспен оқьпу. Диференциялык әдіспен оқытушы, іске асыру үшін қосымша материалдар, диаграммалар, жеке тапсырмалар, суреттер, әр бір такырыпқа арналған көрнекі кұралдар, сондай-ак сұрыпталған сұрақтар алынады. Диференциялық әдіспен оқытқан кезде оқушылардың жұмысына бағалар қойып, дәріптеп, көтермелеп және кеңес нұсқаулар беріп отырған жөн. Студенттер мен немесе оқушылармен тақырыпты қайталау кезінде білім, білік жинақтауға арналған жұмыстар ұйымдастыру керек. Мысалы: музыка бағдарламасындағы 2 сынып III, IV тоқсан тақырыбындағы «Аңыз ертегі әлеміндегі ән мен күй» өту барысындағы халық ертегісіне жазылған Ш.Құлманованың «Жыл басы кім болады?» операсын үйренуде біз оқушыларға ата-аналарға, сьшып жетекшілеріне тапсырма береміз. Олар операға байланысты иллюстрация, суреттер, кіріспе бөлімінде жануарлардың орман ішіндегі жиылысы, 12 жануарлардың суреттері (сиыр, жылқы, түйе, барыс, үлу, жылан, маймыл, қой, тауықтың т.б.) осы операны өту барысында оқушылармен диферинциялдық жұмыс өте қажет бар. Олар:

- сурет, иллюстрация дайындау (жеке оқушылар, ата-ана);


- окушыларға алдын-ала дайындаған сұрақ-жауаптар;

- жануарлардың ән айтып тұрғанда ойын, биін яғни қимылын көрсетіп үйрету.

Міне осындай қиын да қызыкты жұмыс барысында оқушымен, оқытушы, ата-аналар арасында шығармашылық біріккен жұмыс жүреді.

Келесі бір айтатын нәрсе оқытудың проблемалық тәсілінің көздейтін мақсаты студенттер мен оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Ол оқушыны ізденуге, салыстыруға, қорытынды жасай білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу дағдыларына үйретеді. Ой қайшылығын, пікір таласын тудырып, дұрыс ой қорытындысы жасалған жағдайда ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.

Мысалы: 4 сыныптағы «Түрлі халықтардың музыкалық шығармалары» тақырыбындағы Ғ.Жұбанованың «Хирасимо» балетін тыңдауға беріледі.

Сонымен қатар совет композитары Д.Б.Кабалевскийдін «Жапон халык әні және фортепианолық вариацияларын» тыңдатамыз. Бұл тақырыпты өту барысында біз оқушыларға синтез және анализ әдісін қолдану арқылы жүргіземіз (проблемалық оқыту). Екі шығарманың ұқсастығы және айырмашылығын салыстыра білу оны талдау арқылы, оның ұксастығы 1945 жылы Жапонияның екі қаласы Нагасаки мен Хиросимоға АҚШ атом бомбасын тастады. Бұл окиға бүкіл дүние жүзін дур сілкіндірді. Атом бомбасынан мыңдаған адам жазықсыз қырғынға ұшырады. Осы жағдай екі композиторға ой сап, ол жапон жеріне «Сакура», «Шиә» халык әндерін негізге ала отырып музыка жазды. Шие ағашы көктемде қызғылт түсті нәзік гүлге бөленеді. Ол жапоңдықтардың күн тізбесінде жыл бейнесі болып саналады. Міне ортақ тақырып, адамдар өмірі, уақиға, тарихы. Ал айырмашылығы ол Ғ.Жұбанованікі - балет, ал Д.Кабалевскийдікі -вариация. Ғазиза Жұбанова Қазак композиторы, ал Д.Б.Кабалевский орыс композиторы. Ұқсастығы - дүние жүзінің барлық халык бейбіт өмір сүруі тиіс. Сондай-ақ кез-келген ұлт, халық, бір-бірін сыйлап бейбіт қатар өмір сүруге міндетті. Әрбір ел бір - бірінің тәуелсіздігін, тұтастығын, құрметпен ішкі істеріне араласпау және қол сұқпауға тиіс. Ең негізгісі бақыт атаулының әр кімнің ез қолында екендігін түсіне білу... деген ұқсастық. Қорыта келгенде проблемалық оқыту музыка сабағында барлық такырыпқа сай келе бермейді. Сондықтан барлық сабақта қолдана беруге болмайды. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты теріп ала білу музыка пәні ұстазының ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты.

Майра және өнер. /Қазақстан Респубдикасыныңі 10 жылдығына орай өткізілген Майра Уәлиқызы атындағы I халықаралык ән-жыр конкурсының арналған әдеби-көркем, тарихи-танымдық және ғылыми-әдістемелік материалдар жинағы.

- Алматы, 2001. - с.160-164.

Э.С.Сұлтанғалиева



БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОНЫҢ ЕРТЕДЕН АЛЫПТАСҚАН ХАЛЫҚТЫҚ АРНАЛАРЫНА ТАБИҒИ ӘУЕЛДІЛІГІ

«Қазакстан - 2030» стратегиясы анықтап берген және Республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Педагогика немесе кез келген ғылым салаларының зерттейтін объектісінің құбылыстары мен зандылықтарын білу шарт. Білім беру процесінің мазмұны да осы заңдылықтармен сипатталуға тиіс. Бүгінгі таңда педагогикалық ой-сананың физика, химия, биология сияқты нақты ғылым салаларынан айырмашылығы оның халык дүниетанымының тарихы мен заңдылықтарын зерттеуінде болып отыр.

Дегенмен, педагогика ғылымында шешімін таппаған мәселелер аз емес. Оларды біз тарихи және теориялык проблемалар деп екі салаға жіктер едік. Осыдан келіп педагогикалық мақсаттар мен халықтык қағидаларды, білім беру әдістері мен кұралдарын зерттеумен айналысатын ғылымның теориялық негіздерін жасаудың маңыздылығы туады.

Соңғы жылдары педагогиканың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Көптеген мамандар ғылымның осы саласында бай материалдардың жинакталғандығын атап көрсетуде. Бірак жекелеген айғақтардың, эмпиристік бақылаулар мен кейбір тұжырымдардың бәрі бірдей бұл ғылыми процесті жетілдіруге әкеле бермесе керек. Оның басты себебін педагогикалық зерттеулердің әдістемелік негіздерін жасауда теориялық ғылымның кенже қалып отырғандығынан іздеуміз керек.

Ғылымның жана белесіне көтерілу үшін әдістемелік зерттеу тәсілінің маңызы аса зор. Ол ғалымдарға ғана емес, әдіскер мұғалімдерге де ауадай қажет.

«Педагогикалық әдістеме» - ғылыми категория. Оның ерекшеліктерін қарастырған кезде біз еріксіз осы терминнің шығу тарихына оралуымыз қажет болады. Ежелгі грек тілімен айтқанда ол «әдіс туралы ғылым» немесе «әдістің теориясы» деген ұғым береді. Әдістеме дегеніміз – ғылыми процесс, қағидалар мен құбылыстарды жүйелі талдау әдістері негізінде зерттеу болып табылады.

Педагогикалық әдістеменің өзіндік ғылыми аппараты, дәлірек айтқанда «заң», «заңдылық» және «қағидалар» сиякгы негізгі категориялары бар. Аталған терминдердің өзіндік мән-мағыналары да бар.

Бірқатар зерттеушілер жоғарыда аталған терминдерді өзара сабақтас терминдер - синонимдер түрінде қолданып келеді. Олай болғанда бұл атаулардың өзара ерекшеліктері көмескіленіп, мағынасы ортақ болып көрінеді. Дұрысында бұл негізгі категориялар педагогика ғылымының барлық жұмыс категорияларының (мақсаттар, әдістер, гипотеза және т.б.) маңыздылығын айқындаса керек.

Й.Я.Лернер «заң» категориясын оқыту процесінде пайда болып, одан әрі даму үстінде болатын құбылыстардың ішкі байланыстары ретінде қарастырады. Ғалым көп жағдайларда оқыту заңдарын білімді игеру заңдарымен шатастырады деп дұрыс пайымдайды.

Ғылымда «заң» категориясымен қатар, «заңдылық» ұғымы да жиі қолданылады. И.Я.Лернер бүл ұғымның екі түрлі мағынасы бар екендігін атап көрсетеді. Олар: 1) «заңдылық» атауының «заң» терминіне қарағанда мағынасы кеңірек, яғни заңдылық табиғат пен қоғамның жалпы сипатын береді. Осыдан келіп табиғат пен коғам шеңберінен заңдарды бөліп алып қарастыруымыз қажет; 2) заңдылық деп «толық танылмаған заңдарды» айтуға болады, мұндай жағдайда кұбылыстардың жинактылығы, біршама тұрақтылығы негізгі назарда болады.

Педагогика ғылымы үшін «заңдылык» категориясының екінші анықтамасы әлдеқайда жақын. Осыған орай біз дидактикалық заңдылықтардың өзіндік ерекшелігі, оқытудың барлық үш элементі -ұстаздың және оқыту кызметі мен білім алу объектісінің, яғни білім берудің мағынасы арасындағы тұрақты тәуелділікті көрсету керек деген тұжырымға қосыламыз.

Енді «принцип» категориясын талдап көрелік. Ғылымда орнығып, қалыптасып қалған ұғым бойынша, принцип дегеніміз - негізгі қағида, белгілі бір теорияның, ғылыми концепцияның алғы шарттары, адамның өмір шындығына деген көзқарасының, қызметі мен іс-әрекетінің өлшемдері.

Енді бір анықтама бойынша «оқыту принциптері» дегеніміз болашак ұрпаққа білім беру және оны тәрбие мақсаттарына сай оқытудың сипатын аныктайтын негізгі қағидалар болып шығады. Энциклопедиялық басылымдарға жүгінер болсақ, онда дидактикалық қағидаларға мынадай анықтама берілген: «Дидактикалық принциптер оқу процесінің заңдылықтары мен болашақ ұрпаққа тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектептегі оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің мағынасын анықтайды. Дидактикалық қағидаларға оқу процесі заңдылықтарының көрсетілуі, оның тереңдігі мен дәлдігі педагогика және онымен сабақтас психология, жоғары нерв қызметінін физиологиясы сияқты басқа да ғылым салаларының даму дәрежесіне байланысты».

В.И.Загвязинскийдің айтуынша, «принцип» категориясы ғылыми жағынан терең әрі жан-жақты негізделуі шарт. Олардың ішінен зерттеуші мына қағидаларды айрықша атап көрсетеді: ғылымилық принципі, тарихи және логикалық бірлік принципі, зерттеудің концептуальдық бірлігінің принципі.

Бүгінгі ғылымда «оқыту принципі» талас тудырып отырған мәселелердің бірінен саналады. Мұндай пікірталастың өрбуі, біздің ойымызша, «принцип» сөзінің көп мағыналығында болса керек. Мысалы, белгілі педагог-зерттеуші В.Оконь «принцип» категориясының бұрынғы қалыптасып қалған анықтамадан өзгеше жаңа классификациясын берген. Оның көрсетуінше, бұл категорияның алғашқы мағынасы (принцип) белгілі бір процестерді бағыттайтын ғылыми заңдылыққа негізделген тұжырым болмак. Екіншіден, ол міндетті тәртіп нормасы. Ал, үшіншіден, белгілі бір концепциядан туындайтын тезис. Поляк ғалымы В.Оконь қағидалардың мұндай комплексті жүйесі оқу процесін тереңірек тусінуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Білім беру процесінің кептүрлілігіне қарамастан ондағы бағыттаушы және айқындаушы қызметті дидактикалық принциптер атқарады. Біз «принциптер» категориясына оқу жүйесінің стратегиялык мақсатын көрсететін түпкі идеялардың жататындығын түсінуіміз қажет.

Окыту принциптері әдетте сол процесті талдау нәтижесінде белгіленеді. Осыған байланысты ғылымда қалыптасқан теориялық топшылаулар бар. Олар көбіне қоғамның мектеп алдына қойған мақсаттарын қабылдау, түсіну деңгейін және сол мақсаттарды жүзеге асырудың жолдары мен құралдарын, заңдылыктарын мойындау дәрежесін байқатады. Олай болса халық дүниетанымы жүйесінде жинақталған әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, қоғамдық тәжірибенің сол жеке адамның игілігіне айналдыратын әлеуметтік қызметін де зерттеу қажет болады.

Білім беру процесінің мазмұнын қоғамның экономикалық және идеологиялық құрылысынан, оның даму дәрежесі мен заңдылықтарынан бөліп қарауға болмайды. Кез келген ғылыми қағиданың, заңның немесе категорияның әдістемелік маңызы дүниені өзгерту, тәлімгерлік танымды дамытуда шешуші қызмет атқаруына орай бағаланса керек. Ғылыми негізде жасалған белгілі бір іс-әрекет регулятивті принциптерге бағынады.

Өз кезегінде зерттеу жұмыстарының нәтижесі осы принциптерге тікелей байланысты болады. Мысалы, бір ғылыми-педагогикалық мәселе жөніңде әр түрлі көзқарас, бір-біріне қарама-қарсы пікірлер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ғылым белгілі бір айғақтарды түсіндіру тәсілі ретінде қарастырылады және ол осы ғылыми түсініктің әдісіне сай келуі шарт.

Қазіргі уақытта әр түрлі тарихи кезеңдердегі білім беру принциптерін халықтың тарихи-әлеуметтік қарым-қатынастармен байланыстыра зерттеу мәселесіне құлшыныс байқалуда. Жаңа әдістемелік негіздердің жасалуы әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатады.

Рас, бұған дейін «тарихи әдістеме» категориясы бой көрсеткен болатын. Бірақ ол көбіне бір дидактикалық айғақтарды қарастыруға, оларды тіркеп, талдау мен түсіндіруге негізделді. Бұл - себеп заңдарының ізденісі болмақ. Осы орайда В.Оконьнің халықтық қағидалардың теориялық арналарына ерекше мән беру - тарихи дәстүрлерге құрмет деген орынды пікірін атап көрсеткеніміз жөн.

Әлемдік ғылым тарихының жетістіктеріне сүйене келіп, білім берудің тиімді әрі прогрестік жүйелерінің негізі - жастардың халық дүниетанымы негізінде дамуын қамтамасыз етуге талпынушылық деген тұжырым жасауға болады. Бұл ғылыми жүйенің бағыт-бағдарын анықтайтын стратегиялық мақсат. Осы орайда В.Оконьнің тағы бір пікірін еске алу орынды болар еді. Оның пайымдауынша, тариха зерттеулердің мақсаты - өткенді зертгеуге мүмкіндік беретін жалпы заңдылықтарды ашып көрсету. Бұл мақсатты жүзеге асырмай тұрып бүгінгі құбылыстарды толық түсінуге, болашақты болжауға тағы болмайды.



Бүгінгі білім беру жүйесінің оның ертеден калыптасқан халықтық арналарына табиғи тәуелділігін зерттеудің қажеттілігі туды. Оқыту процесінің тиімділігі білім беру жүйесі мен белгілі бір ұлттық дәстүрлердің арасындағы сабақтастықты анықтап, оны барынша терең дамытуға тығыз байланысты екендігін ерекше атап өткеніміз жөн. Сонда ғана оқыту табиғаты мен халыктық қағидалар заңдылықтарын түсінуге, стратегиялық мақсаттарды дәл анықтауға, оқытудың өміршең әдістерін таңдап алуға мүмкіндік туады.

Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз. Бүгінгі мақсат халық педагогикасының сол озық идеяларын жаңдандырьш, білім беру жүйесіне енгізу болып отыр.

Әрбір халық зиялылары сияқты қазақтың озық ойлы ағартушылары да тәлімдік жүйенің тарихи-әлеуметтік негіздерін іздестірумен болды. Онын бір жағы жастарға халыктық-эстетикалық тәрбие ұрығын егу ісімен байланысып жатты. Бері келе жастардың мәдени-рухани өсу сатыларын анықтау ісі өз алдына мәселе ретінде қойылды. Осылайша халық дүниетанымын ғылыми тұрғыдан бағалау және игеру ісіне жол салынды. Олай болса халық дүниетанымының негізгі қағидалары сол халыктың ғасырлар бойы жинақталған тәлімгерлік тәжірибесін талдау негізінде анықталуы керек. Соңда халық дүниетанымының мән-мағынасы түрлі айғақтар жөнінде ақпар беру немесе оны жинақтау ғана емес, жас ұрпақ бойында ұлттық сана-сезім қалыптастырып, оны белгілі бір тәлімгерлік тәсілдер аркылы ұғындыру болып табылатыны анықталды.

Осындай ғылыми-шығармашылық ізденістердің нәтижесінде оқытудың зандылықтары мен принциптері айкындалып, өз кезегінде ол халық дүниетанымы сияқты ауқымды тарихи процестің қайта жандануына ерекше ықпал жасайды.



Бұл мақала алғашқы рет жарияланып отыр.


Мазмұны

Кіріспе .......................................................................................................3



І тарау. Оқу пәні ретіндегі музыкалық білім беру

теориясы ..................................................................................................4

1.1. Музыкалық білім беру теориясының мәні ....................................4

1.2. Музыка пәні мұғалімнің кәсіптік ғылыми-әдістемелік

негізде дайындауға музыкалық білім беру

теориясының орны....................................................................................5

ІІ тарау. Білім беру процесіндегі музыка өнері ................................7

2.1. Музыкалық білім беруді жүзеге асырудағы музыкалық

өнердің қызметі.........................................................................................7

2.2 Қазіргі әлеуметтік–мәдени білім беру жүйесіндегі

музыкалық өнердің орны..........................................................................9
ІІІ тарау. Музыкалық білім беру жүйесі – бала

тұлғасын қалыптастырудың ошағы ...............................................12

3.1. Оқушылардың тұлғасын сапалық деңгейде

дамытудағы музыкалық білім беру үрдісінің приоритетті

маңызы ....................................................................................................12

3.2. Музыка пәні мұғалімінің оқушылардың жас

ерекшеліктеріне байланысты бейімдеуі ...............................................15


IV тарау. Музыкалық білім берудің мақсат - міндеттері

мен принциптері ...................................................................................19

4.1. Музыкалық білімберідің мақсат-міндеттері .................................19

4.2. Музыкалық білім берудің принциптері ........................................21
V тарау. Музыкалық білім беру мазмұнынң негізгі

элементтері ............................................................................................24

5.1. Оқушылардың музыкалық өнерге деген эмоциялы

-құндылықтың қатынастығы тәжірибесі ..............................................24

5.2. Музыкалық білім .............................................................................24

5.3. Музыкалық икемділік пен дағдылар .............................................25
VI тарау. Музыкалық әрекеттің түрлері .........................................28

6.1. Музыкалық әрекет түрлерінің жалпы сипаттамасы ....................28

6.2. Жеке музыкалық әрекет .................................................................28

6.3. Музыкалы-теориялық әрекет .........................................................32

6.4. Музыкалық – тарихи әрекет ...........................................................32

6.5. Музыкалық жартылай көркемдік бағыттағы әрекет ....................33

6.6. Музыкалық қатысымдылық әрекет ...............................................33
VII тарау. Музыкалық білім беру әдістері ......................................35

7.1. Музыкалық сабақтарында жалпы дидактикалық

әдістерді қолдану ерекшеліктері ..........................................................35

7.2. Музыкалық білім берудің өзіндік, арнайы әр түрлі

жақтарын қамтиді ...................................................................................35
VIII тарау. Музыкалық білім беру формалары .............................38

8.1. Музыка сабағы жалпы музыкалық білім беру жүйесінің

негізгі формасы екендігі ........................................................................38

8.2. Оқушылармен сыныптан және мектптен тыс

музыкалық жұмыстар ............................................................................44

8.3. Оқушылардың өздігінен білім алуы ..............................................45


IX тарау. Музыка пәні мұғалімінің музыка

- педагогмкалық қызметі ..................................................................47

9.1. Конструктивтік кәсіби қызмет .......................................................47

9.2. Музыкалық – орындаушылық әрекет ............................................47

9.3. Кәсіби коммуникативтік – ұйымдастырушылық әрекет .............49

9.4. Зерттеушілік әрекеті .......................................................................50

9.5. Жеке стил әрекеті ............................................................................51


X тарау. Музыка мұғалімінің жеке тұлғасы және

оның приоритетті кәсіби сапасы .......................................................52

10.1. Музыка мұғалімі және оның қоғамдағы статусы .......................52

10.2 Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби спалақ деңгейі ............52

Ұсынылатын әдебиеттер. Негізгі ..........................................................56


Қосымша ................................................................................................59

А.Жұбанов. Жас буынға эстетикалық тәрбие берейік ........................60


М. Ахметова. Музыка мәдениеті және ұлттық дәстүр .........................63

Р.Р. Жәрдемәлиева. Жаңа программа жайында ....................................66

Ө.Байділдаев. Музыкалық оқу тәрбие жайында пікірлер ...................70

Ө.Байділдаев. Эстетикалық тәрбиені де ұмытпайық ...................72

Меңдіаяхова Қ.М. Қазақ халқының музыка өнерінің

теориялық негіздерінің бастаулары ..........................................73

Бегалиева Г.К. Тәрбие жаңаруының бүгінгісі және болашағы ............................76

Ш.Б.Кульманова. Состояние и перспективы развития

общего музыкального образования школьников



в Казахстане .................................................................................................81

Қарамолдаева Г.Ж., Алисова Р.Е. Музыка мұғалімінің

дауысын қою проблемасы .....................................................................83



Т.А.Кишкашбаев. О многопрофильности

профессионального образования в области



искусства ...........................................................................................................86

Қарамолдаева Д.О. Рок-музыка стилі тарихынан ..............................91

М.М.Нағымова. Мектептегі музыка сабағын өткізудің

әдістемелік жолдары ..............................................................................95



Р.Қ.Дүйсембинова. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні ..............102

Ж.Ж.Еңсепов, А.Ж.Еңсепов. Домбыра тегінің философиясы ..........113

Ж.Ш.Таубалдинова. Жаңа әдістерді қолдану мәселелері ................125

Э.С.Сұлтанғалиева. Бүгінгі білім беру жүйесінің оның

ертеден қалыптасқан халықтық арналарына табиғи



тәуелділігі ....................................................................................129

Н.С. Дүкенбай, Ә.Д. Әміренов


Музыкалық білім беру теориясы
Оқу құралы




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет