Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Культура в системе образования /Сборник научных трудов. - Москва. 1995



бет6/8
Дата27.12.2016
өлшемі2,6 Mb.
#6104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

Культура в системе образования /Сборник научных трудов. - Москва. 1995.

Қарамолдаева Г.Ж. Алматы

Алисова Р.Е. Қызылорда
МУЗЫКА МҰҒАЛІМНІҢ ДАУЫСЫН ҚОЮ ПРОБЛЕМАСЫ

Жалпы білім беретін мектептердегі «музыка» сабағын жүргізетін мұғалімге ең қажетті құрал - дауыс. Сондықтан да, бұл мамандықты таңдаған студент, ең алдымен, өз даусысының мүмкіндігін аныктап және оны жұмыс барысында ұзақ жылдар бойы сол таза күйінде сақтаудың барлық ережелерін меңгеріп шығуы тиіс. Дауыс көзге көрінетін нәрсе емес, оны коюда мұғалімнің «вокалдық есту құлағы» оте үлкен роль атқарады. Ауыздан шығып жатқан үннің қаншалықты дәл өз орнын тауып тұрғанын тек құлақтың мықтылығыме ғана ажыратуға болады. Әрине, бүған қарап, дауыс қою саласында оны іске асыруға қажетті әдебиет жок деп ойлап қалуға болмайды. Көп жылдар бойы дауыс қою пәнінен сабак бергендіктен, бұл саладағы әдебиеттердің барлығы дерлік пайдаланылғандығын, оларды жан-жақты меңгергендігімізді айта кеткеніміз жөн болар. Кездесетін әдебиеттерде жалпы дыбыс шығару аппаратының жұмысы, тыныс алу түрлері өте түсінікті, жан-жақты қарастырылған. Дегенмен де, адамдардың бір-біріне ұқсамайтыкдығы секілді, дауыс койғанда бір студентке қолданылатын әдістемелік жаттығулардың екіншісіне жарамай жататындығын айта кету керек. Біздің мамандыққа табиғи қазақи дауысты домбырамен ән салатындар немесе диапазоны шағын, бұрын ән айтумен шұғылданбаған, белгілі бір аспапта орындайтындар, эстрадалық ән салумен әуестенетіндер.



Міне, осыдан-ақ байқауға болады: қабылданған студенттердің дауыс мүмкіндігі әртүрлі, ал оған қойылатын талап біреу (академиялық тұрғыда айтуға үйрену). Институт қабырғасында жүріп, өз даусын белгілі қалыпқа түсіріп қана қоймай, бітірген соң бала даусымен жұмыс істеудің барлық әдістемелік жағын меңгеріп шығуы керек. Бұл жұмыстың қиындылығы да осында.

Кейбір әдемі коңыр даусы бар, үні құлакқа жағымды талапкерлердің даусын аталмыш мәнерге түзейміз деп, оның бар әдемілігін жоғалтып алатын кездер де болмай қалмайды. Сондықтан, осы дауыс қою сабағында бұл маселеге жан-жақты қарау да тілге тиек болып жүрген мәселелердің бірі, бірі емес-ау, негізгісі. Осы пәнге бөлінген азынаулақ сағаттың ішінде академиялық мәнерде ән салуды терең менгеріп кету ілуде біреудің ғана қолынан келетін жағдай. Сондықтан да соңғы жылдары өз класымыздағы табиғи дауыс көлемі толық бір октаваны қамтитын студенттердің даусын сол күйінде қалдырып, негізінен, дұрыс тыныс ала білу қағидаларын үйретумен айналысамыз (тыныс алу мәселесін І-ші қатарға қою себебіміз кейінірек сөз болады). Дауысты «сындырып», оны қалыпты деңгейге жеткізу барысында ән айту мәдениетін қалыптастырудың өте үлкен маңызы бар. Бұл кешенді жұмыс түрі. Кейбір жағдайда, әр дябысты дұрыс айту үшін қолданылатын жеке буындардан көрі, баланың бұрын айтып жүрген, даусына сіңген әндердің белгілі бір фразаларын қолданып, оны нәшіне келтіріп көрсету арқылы қалаған нәтижеге жетуге болады. Өзіне таныс, үйреншікті әуен мен сөздерден құрастырылған жаттығу әлде-қайда нәтижелі. Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін бәрі біледі. Класыңа түскен барлық студентті жинап, кезек-кезек бір шумағын айтқызсаң, олардың әрқайсысының өзіндік мәнерін, өзіндік қабылдауын байқайсың, көп жағдайда, тіпті, ойланбай-ақ айта салады. Кейін өздеріне түсіндіріп айтсақ, «шынында да солай екен-ау», - деп таң қалып жатады. Бір жаттығудың ішінде әр сөзіне мән беру, соган қарай дауысты құбылту, көтеру, жәйлату, үзілдіру, мәнерлеп айту, дыбысты қүлакка жағымды жеткізу, кез-келген жерде тыныс алмау, сөздердің анық айтылуы т.б. көптеген талаптар қойылады. Бұл әдістің өте тиімді екендігін тәжірибие көрсетті. Баржоғы үш жаттығумен-ақ дауыс қою мәселесін біраз алға жылжытып тастауға болады. Н.Тілендиевтің «Құстар әні», «Маусымжан» әншілерге өте қажетті «жоғарғы позиция» деген ұғымды меңгеруде аса құнды материал екендігін айтуымыз қажет. Осы әндерді мәнерлеп, түсініп орындауға қол жеткізген кезде «жоғарғы позицияға» өздерінің қалай түсіп, оны дұрыс орындап тұрғандарын білмей қалады. Ол дұрыс айтып тұрған кезде, міне, «резонаторда айту» - деген осындай болады, дыбыс қазір езінің орнын тауып, шығуы керек жерден тұр, қалай айтып тұрғандарыңды еске сақтап алыңдар, әрі карай да сол калыпты сақтау керек",- деп түсіндіресің. Сабакты осылай ұйымдастыру арқылы дауыс қою жұмысын жеделдете аласың. Оның мысалы ретінде, Қазак мемлекеттік қыздар педагогика институтының жанында ұйымдастырылған студенттердің «Өнер жастан...» опера театрын алуға болады. Олар койған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», А. Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай», Дж. Вердидің «Травиата» опералары мен И.Кальманның «Сильва» опе-реттасындағы негізгі партияларда орындағаңдар ІІ-ІІІ курс сту-денттері. Қыз Жібек ролінде ойнаған Л.Садуақасова меп ондағы Төлегеннің қарындасы Қарлығаштың партиясын айтқан хореография бөлімі студенттері. Термеші, жыршы өзіндік орындау мәнері бар, музыка мамандығы бойынша бітірген Құралай Әленованың сомдаған Қамқа ролі өз алдына бір төбе. Өте үлкен күші бар, таза қазақи дауыс, опералык бейнені де оған тән дыбыстау арқылы шебер жеткізе білді.

Міне, мұндай мысалдарды көптеп жегкізуге болады. «Травиата» операсындағы Виолеттаны ойнаған Ү.Сейілбекова домбырамен ән салады, оның үстіне классикалық дыбыс шыгаруды да жақсы меңгерген. Әрине, бұл өте күрделі нәрсе. Өйткені, әр мәнерде дыбыстау техникасы әр түрлі, тіпті карама-карсы десек те болады. Кез-келген қойылған даусы бар, академиялық мәнерді жақсы меңгерген әнші эстрадалык әндерді орындай береді, ал эстрадалық мәнерде ән салатын әнші ешқашан академиялык мәнерде ән сала алмайды.

Біздің мамандық бойынша оқып, білім алатындардың ең есте ұстар нәрсесі, ол өз даусын меңгере білуі. Тек осы нәтижеге қол жеткізгенде ғана, ол өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, болашақ «Е.Серкебаевтар мен Б.Төлегеновалардың» дауысын сақтап, аман-есен халқына жеткізе алады. Дауыс өте нәзік аспап, қия басуға болмайды. Егер дауыска зақым келсе, ол ән айтпақ түгілі, сөйлеуге де зар болып қалады.

Дауыс қоюда өтс қажетті бір үрдіс бар. Ол - дұрыс тыныс алуға тәрбиелеу. Дұрыс тыныс алудың денсаулыкқа пайдалы екендігі соңғы жылдары өте көп айтылып та, жазылып та жүр. Біздің салада да дұрыс тыныс алуға үйрету - ең алдымен дыбыс шығару аппаратына салмак түсірмей, дауысты сақтау үшін қажетті. Екінші жағынан, дыбысты күшейтуге, оған озіндік бояу беруге септігін тигізеді. Егерде дем алу, дем шығару аппараттарын, бойымыздағы резонаторларды дұрыс пайдалана алмасақ, дауыс бірте-бірте қазақша айтқанда «мүжіле бастайды», соншама салмакты көтере алмайды, жұтына береді, кеңірдегінде бір-нәрсе кедергі жасап тұрғандай жөтеле бергіш болады, тез шаршап қалады, өз даусын меңгере алмағандықтан дауыстағы табиғи, әдемі бұйралар (вибрация) толқыны өзгеріп, дыбыс қалай - болса солай айтылатын болады.

Егер болашақ мұғалім өз даусын меңгере алмаса, ол қалай балалар даусымен жұмыс істейді? Міне, дұрыс тыныс алуды меңгерудің ең төркіні осында жатыр.



Біз мақаламыздын басында айтып кеткендей, ете күрделі де жауапты жұмыс - ол студенттің даусын дұрыс қойып және оны өз даусын меңгере білуге баулу, бала даусының ерекшеліктерімен таныстыру тәжірибе жүзінде жұмыс істеуге дағдыландыру, дауыспен жұмыс істегенде ешбір мүлт кетуге хакысы жоқ екенін ұғындыру. Әдемі үн, сыңғырлаған дауыс ел байлығы. Осы байлықты сақтап, әрі қарай дамытуда музыка мұғалімі ең алдыңғы сапта тұрғандардың бірі.
Т.А. Кишкашбаев

О МНОГОПРОФИЛЬНОСТИ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ОБЛАСТИ ИСКУССТВА

В практике современного профессионального образования в условиях Республики Казахстан обозначился целый ряд противоречий, обусловленных рыночными экономическими отношениями:

  • между необходимостью реализации личностно-ориентированной

стратегии образования и жестко унифицированным характером образовательно-профессиональных программ подготовки специалистов;

  • между необходимостью адаптации образования к актуальным образовательным запросам личности, социально-профессиональных групп, трудовых коллективов и общества и недостаточной гибкостью содержательно-методических аспектов профессионального образования;

  • между дифференциацией услуг на рынке профессионального труда, требующей профессиональной мобильности личности, и преобладающей до настоящего времени узкоспециализированной подготовкой;

  • между необходимостью рационального и экономического использования государственных и частных инвестиций в образования и несоответствием масштабов и содержания подготовки специалистов потребностям общества и интересам личности;

  • декларированием функциональной и структурной диверсификации как одного из приоритетных направлений реформирования казахстанской системы профессионального образования и слабой научно-методической разработанностью этих проблем на уровне методологии и технологии их реализации.

Мы убеждены, что в условиях рыночной экономики оптимальной стратегией достижения профессионализма является индивидуализация подготовки специалиста, как условие его конкурентоспособности, а наиболее экономичным механизмом индивидуализации выступает диверсификация держания образования как по вертикали (многоуровневость), так и по согоризонтали (многопрофильность), предоставляющая будущему специалисту возможность реального участия в проектировании и конструировании собственной образовательной траектории, благодаря гибкости содержания обучения при безусловном сохранении государственных образовательных стандартов, так как эта стратегия наиболее адекватна современному социальному заказу на развитие самобытной личности и индивидуальности.

В условиях новой образовательной парадигмы при разработке перечня специальностей профессионального образования необходимо учитывать современные требования о том, что специальности должны быть широкого профиля, увязываться по возможности с международными классификаторами и стандартами, учитывать рыночную конъюктуру, субординироваться со специальностями более высокого профессионального уровня.

Сокращения числа специальности и объединение их в родственные группы позволяет формировать фундаментальные и частично общепрофессиональные составляющие образования более широкого профиля, такие, как формирование компетентности (специальный, социальный и индивидуальный) и ключевых квалификации (психомоторные умения, общетрудовые качества, познавательные, персональные и социальные способности).

Анализ рабочих материалов Министерства образования и науки Республики Казахстан позволяет заметить стремление организаторов профессионального образования в нормативном правовом аспекте воплотить тенденцию сокращения числа и укрупнению содержания профессии в Едином классификаторе специальностей, что само по себе является прогрессивным явлением.

Однако следует иметь в виду, что вариативность содержания образования, даже ограниченная официальным перечнем специальностей, может быть существенна, повышена за счет гибкостей образовательных программ.

Инновационное развитие профессионального образования свидетельствует, что гибкость образовательных программ достигается по средствам:

  • увеличение числа специализации в рамках специальностей и отнесения процесса специализации к концу срока обучения;

  • индивидуализацией обучения за счет введения элективных и факультативных курсов или компонентов содержания образования по заявкам заказчиков;

  • введения дополнительных образовательных программ, в том числе на коммерческой основе;

  • блочно-модульной системы формирование содержания обучения по профессионально направленным предметам;

- оперативного обновления содержания образования с учетом прогнозов развития соответствующих отраслей экономики или прогностических оценок в развитие науки и передовых технологии.

Гибкость образовательных программ стала возможным благодаря значительному расширению прав учебных заведении в определении содержания образования, переработки учебно-плановой документации; за счет распространения практики разработки авторских курсов, утверждения экспериментальных и индивидуальных учебных планов.

В соответствии с классификационными признаками специальности многопрофильная подготовка специалистов предусматривает возможность оперативного изменения содержания образовательных программ в рамках определенной специальностей, связанного с той или той специализацией или профилизацией подготовки специалиста.

Многопрофильное содержание образования, по мнению Л.Н.Алексеевой, может осуществляться по двум вариантам двухрядный вариант (специальность - специализация); трехрядный вариант (специальность - специализация - профилизация). При этом на первом этапе в рамках специальностей формируются специализации, характеризующие объект и предмет деятельности специалиста. На втором этапе в рамках специализации осуществляется профилизация, характеризующая направления профессиональной деятельности специалиста, т. е. присваиваемую квалификацию. Так, например, трехрядная профильная система профессиональной подготовки специалистов музыкального колледжа имеет следующий вид:

I ряд - специальность - отражает сферу, особенности и специфику


профессиональной деятельности в области культуры и искусства;

II ряд - специализация - отражает особенности определенной сферы социально-культурной деятельности или вида искусства;

III ряд - квалификация - отражает профилизацию специалистов в трех направлениях: организатор, педагог, исполнитель-музыкант.

Как видим, гибкое содержание образовании и обучения - это такая система подготовки специалистов, которая обладает способностью к быстрому перестраиванию в соответствии с изменяющимися потребностями общества, производства и людей. При этом гибкость содержания образования и обучения проявляется:

  • через интеграцию и дифференциацию содержания образования и обучения по новым специальностям, специализациям, профилям, а, соответственно, обновление квалификационных требовании, учебных планов, учебных программ с учетом потребности личности, то есть формирование многопрофильного содержания образования и обучения;

- через изменение уровней, ступеней образования и обучения, включающих традиционной и повышенный уровней образования, до профессиональную, начальную профессиональную, среднюю и повышенную ступеней подготовки, то есть формирование многоуровневого, многоступенчатого содержания образования и обучения.

В условиях, когда сложилась связь с целевым заказом предприятий на специалистов, когда учебным заведениям представлена права самостоятельно формировать содержание образования и обучения, возникает реальная опасность «утилитаризации» образования и снижения интеллектуального потенциала специалистов за счет сокращения общенаучных и общепрофессиональных дисциплин.

Учебные, обеспокоенные проблемами профессионального образования считают, что для ограничения волюнтаристских подходов в формировании содержания образования и обучения необходимы стандарты определенных уровней профессионального образования.

Большую ценность в этом аспекте представляют работы, посвященные анализу критериев отбора содержания профессионального образования в других странах, так как все мировое образовательное сообщество характеризуется едиными интеграционными тенденциями. Так, например, Н.М.Лизунова на основе анализа теории и практики содержательного обеспечения высшей школы США приходит к выводу о том, что отбор содержания обучения в американской профессиональной школе осуществляется на основе спецификации педагогических целей на нескольких взаимосвязанных иерархических уровнях:

  • социально-экономическом, выявляющем социальный заказ общества системе образования на современном этапе развития и представленном общими, абстрактными целями-идеалами, отражающими общезначимые ценности и убеждения человека, его отношение к обществу;

  • психолого-педагогическом, раскрывающем концептуальные подход
    педагогов и психологов к решению научной проблемы целей, и
    выраженном «утверждениями-намерениями», отражающими потребности определенного типа учебного заведения в формировании личности специалиста в конкретных социальных условиях;

  • профессиональном, описывающем специфику целей обучения применительно к определенной профессиональной области и
    представляющем конкретные цели деятельности, отражающие
    определенные задачи, которые должен научиться решать специалист в конкретной области.

В качестве отличительных черт разработки теории отбора содержания в американской педагогической традиции Н.М.Лизунова признает: культурологический подход к определению содержания профессионального образования; ориентацию при отборе содержания обучения на личность студента, т. е. на осознание и принятие им целей обучения, включение их в систему его собственных ценностей и смыслов, с одной стороны, и учет личных целей учащихся, с другой; гибкую ступенчатую систему подготовки кадров высшей квалификации, дифференциацию содержания образования, его ориентацию на удовлетворение потребностей общества в различных по уровню квалификации специалистах и реализацию профессиональных целей студентов; пропорционально сбалансированную трехкомпонентную структуру учебных программ, включающую цикл общеобразовательных дисциплин, курсы основной и второстепенной специализации, дисциплины по выбору студента; включение в состав содержания обучения внеаудиторных видов деятельности студентов, значительным образом влияющих на результаты обучения и усиливающих воспитательные и образовательные функции учебных программ; интегративный подход к формированию содержания обучения, воплощающийся в междисциплинарных общеобразовательных и специальных курсах, внутряфакультетских и межфакультетских дисциплинах и семинарах, межпредметной специализации; последовательную реализацию теоретических концепций куррикулума (учебно-воспитательного процесса) в программах обучения, учебных курсах и учебных пакетах.

Важнейшими принципами организации подготовки кадров, по мнению исследователя, являются: обеспечение непрерывности за счет существенной диверсификации учебных программ, гибкость, т.е. способность быстро приспосабливаться к постоянно изменяющимся требованиям жизни; индивидуализация и дифференциация, отражающие значительные различия в содержании профессионального образования по объему, структуре и качеству; междисциплинарность.

В нашей практической деятельности мы определили специфику и
многообразие профилей профессиональной подготовки специалистов в сфере искусства: исполнительского, творческого, организаторского, педагогического, менеджерского, исследовательского. В соответствии с этим были дифференцированы основные направления профессиональной подготовки специалистов, имеющие общее основание в виде цикла общеобразовательских дисциплин и дисциплин основной специальности и вариативная часть в виде дисциплин дополнительной специализации. Такая технология индивидуализации профессиональной подготовки специалистов в сфере искусства, как показывает практика, позволяет на общем профессиональном фундаменте обеспечивать широкий диапазон профессиональных возможностей выпускников. Анализ результатов исследовательской работы показывает необходимость модернизации квалификационных характеристик специалистов в направлении их многопрофильности, что, в свою очередь, должно найти отражение в содержании государственных образовательных стандартов, учебных планов и программ.

Культура и искусство в современной

образовательной системе. -

Астана, 2001. С 14-18
Қарамолдаева Д.О. Алматы

РОК - МУЗЫКА СТИЛІ ТАРИХЫНАН

Музыкадағы «стиль» ұғымына терең бойласақ, ол белгілі бір мазмұнды білдіру үшін қолданылатын музыканы мәнерлеу кұралдар жүйесі больш табылады. Әдебиеттердегі бұл жайындағы тұсініктемелерде «музыкалық шығармалардың стилъ ерекшеліктерінің бірлігі, белгілі бір кезеңнің - тарихи шарттарына, композитордың көзқарасы мен олардың шығармашылық әдісіне, музыкалык - тарихи кезеңнің жалпы зандыдықтарына сүйенеді» делінген. Мәселені осы тұрғыдан талдау аталған сұрактың үш бағытта қарастырылатынын меңзейді (тарихи, ұлттық, жеке).

Біздің тоқталғалы отырғанымыз - рок стилінін калыптасу тарихы. Рок-музыка өткен ғаеырдың 50-жылдарында Америкада пайда бола бастады. Оған тән белгілер - оның электрлі - музыка аспаптарында орындалуы және осыған орай олардың, тек өздеріне ғана тән дыбыс ерекшеліктерінің болуы. Қандай да болмасын дәстүрлі аспаптарда рок стилінде орындадатын музыкаларға қажетті дыбыс бояуы мен күшейту құралдарын таба және сол қалаған мәнерде жеткізе алмайсың. Яғни, рок стиліндегі орындалатын музыкалық шығармалар тек элекрлі аспаптарда ғана ойналуы тиіс деген сөз. Рок музыка стилінің тарихына тоқтала отырып, оның осы ерекшелігіне назар аудара кетуді жөн көрдік.

Аталған стилъдің қалыптасып, әрі карай өте тез шапшаңдықпен дамуына, сол кездегі музыкалык туындылардың орындалу ерекшелігінің үш түрлі бағыты себепкер болды. Атап айтар болсақ: коммерциялық максатта туындаған жеңіл музыка; кантри-энд вестерн және ритм-энд-блюз. Бұл бағыттардың ішіндегі ең «құдіреттісі» коммерциялық мақсатта туындаған жеңіл музыка еді. Өйткені, оның, тындаушылары көп және бұл бағытты ұстанғандар да жетерлік болды. Аталған бағытты ұстанғандар негізінен «крунинг» деп айдар тағылған стильде ән салушылар болды. Оның мәні-майда қоңыр дауыспен, әнді жүрек елжірете, үзілдіріл микрофонмен айту.



Кантри-энд вестерн болса, ол негізінен белгілі шығармалар тыңдаушылардың талғамын қанағаттандыратын бағыт болып табылады. Оны бұл бағытты ұстанушылар орындайтын шығармалардың тақырыптық мазмұнынан байқауға болады (жол, саяхат, матрос, ковбойлар т.б.).

Үшінші бағытымыз - ритм-энд-блюз. Бұл бағыттың негізінде негрлердің блюзі мен анық та айқын би ырғағы жатыр – «Қарапайым негрдің қуанышы мен кайғысынын көрінісін бейиелейтін блюз алғашқы кездерде ак нәсілді бозбалалардың көңіл көтеруіне арналған негізгі құралға айналды, оның шын мәніндегі мазмұнын ешкім қажет қылған жоқ. Мәтіннің эмоциялык әсерін мәнерлеп күшейте түсу үшін пайдаланылатын аспаптық сүйемелдеу тәсілдері, оның мазмұнынан тыс, сырттай осерлік пен үстемелік үшін ғана колданылатын» - деп жазады музыка зерітеушісі Ю.Форкельман.

Осы ритм-энд-блюз негізіндегі алғащқы рок стилінде орындалған музыкалық шығармалардың ішінде, жастар арасына кең тарағаны рок-н-ролл болды. Бүл кездегі тындаушыларға рок-н-ролл королі атанған Элвис Преслидің есімі жаксы таныс.



60-жылдардағы аталған стильде орындаушылардын көрңекті өкіліне әиші-композитор Боб Диланды да жатқызуға болады. Өзінің әнді фольклорлық орындау мәнерін рок стилімен шебер ұштастыра білуі арқасында жаңадан қалыптасқан «фольк-рок» бағытының тууына себепкер болды.

Оның көрнекті өкілдеріне Белорустің «Песняры», Украинаның «Кобза», Ресейдің «Ариэль» ансамбльдерін жатқызуға болады. Бұл бағытты ұстанушылар Қазақстан Республикасында да көптей шыға бастады. 1968 жылы Қазақтан мемлекеттік қыздар педагогика институтында «Айгүл» вокалды - аспаптык ансамблі құрылды. Одан басқа «Шертер», «Жетіген» т.б. ансамбльдерді айтуға болады.

«Айгүл» ансамблі ұлттық музыка өнеріміздің сан қырлы иірімдерін пайдалана отырып, халых қазынасына айналған «Қамажай», «Ал-қызыл тас», «Дайдидау», «Гүлдерайым», Құрманғазының «Ақбай», «Аман бол шешем, аман бол» күйлері мен әндері секілді тамаша туыңдыларды сахнаңа шығарды. Америкадан бастау алған рок-музыканың әсері басқа шетелдердегі аталған музыкалык, стильдің қалпы ұштасуына өте зор ықпал етті. Егерде өткен ғасырдың 50 - жылдарының ортасында ритм-энд-блюз стилі Англияда мүлдем белгісіз болса, 60 - жылдарының басында жастар арасында кеңінен таралып, жер-жерлерде көптеген ансамблъдер құрылып, етек жая бастады. Олардың орындаған музыкалары «биг-бит» немесе қарапайым бір сөзбен ғана «бит» деп аталды. Оның негізі ырғактан құралды. Бит (ағылшынша Беаі) тікелей «соғу», «ырғақ», «қағу» деген ұғымды білдіреді. Ойнау ерекшелігіне келер болсақ, егер рок-н-роллда барлық топ мүшелері әуен ырғағын бірдей орындаса, «бит» топтарында ырғақ өрнегі негізінен бас гитара мен ритм гитараға және соқпалы аспаптарға бөлініп беріледі. Былайша айтсақ, бір тактіде орындалуға тиісті ырғақ өрнегінің бірінші үлесін бас гитара мен соқпалы аспаптардың үлкен барабаны, әрі қарай ритм гитара жалғастырады, жалпы ырғақты байытатын тұтасымен соқпалы аспатттар сүйемелдеп отырады.



«Бит» топтары негізінен үш гитара және соқпалы аспаптардан тұрды, кейінірек электроорган қосылды. Бұлардың тағы бір ерекшелігі - оның әрбір мүшесі әрі әнші, әрі аспапта орындаушы болуы тиіс. «Бит» музыканың ең көрнекті өкілдері ағылшынның «Битлз» тобы болды. Олардың музыкалык бағыты «роккенроллға» негізделген және «твист» ырғағы мен «госпэлдің» ән айту мәнерінің косындысынан қалыптасты. Негрлердің «госпэл» деп аталатын діни музыкасы тек Америкада ғана емес, басқа да көптеген шетелдерде өзінің орындалу мәнерімен рок музыканың қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Бұндағы ең басты мәселе - госпэлдін өзіне ғана тән орындау мәнері. Бұл мәнерде орьшдаушылар сахнада толығымен өзін-өзі ұмытып, ән құдіретіне беріледі, арасында айкай-үйқайға, дүбір-дүбірге де жол беріледі, оның ырғағы бірнеше рет құбылып өзгеріп отырада. Госпэлдің тағы бір қыры - аспаптык ырғақтың бір ырғақта үзіп-үстін қайталануы және әр кайталанған сайын адамның дене-бетін қоздыратын түрлі дыбыс эффектілерін колдану, оның өзіне ғана тән гармониялык айналымдар, әннің сұрак-жауап негізіне құрылуы. «Битлз» тобының тек Англияда ғана емес, әлемнің музыка өнерінде жарқырап шығуы олардың оз репертуарын басқа ансамблдерге ұксатпай, үнемі жаңаша үлгі іздестіруге мәжбүр етті. Таза электрлі музыкалык аспаптардан басқа, кейбір камералық аспаптардың үндерін және классикалық музыканың түрлі элементтерін колданды. Басқа ұлт музыкаларының ырғақтары мен интонациясы да «Битлз» репертуарындағы шығармалардан көрініс тапты.

Олардың ізбасарлары бұрынғы Кеңес Одағында да көптеп шыға бастады. Атап айтсак, кезінде атақты болган Молдованың «Норок», Ресейдің «Поющие гитары», «Самоцветы», «Весслые ребята», Әзірбайжанның «Гая», Украинның «Червона рута», Грузияның «Орэро», Қазақстанның «Досмұқасан», «Гүлдер», «Степные маки» тағы баска көптеген өнер ұжымдары. Бұл топтар ВИА (вокалды - аспапты ансамбльдер) деп аталды. Аталуы бөлек болғанымен ұстанған бағыты жоғар төңірегінде болды. Әрине, әр ансамбльдің өзіндік қолтанбасына сол елдің тарихы, дәстүрлері, әдет - ғұрпы, халық тілі және тағы басқалары әсер етті. Оларды дүрсілдеген ырғактан басқа да иірімдер пайда бола бастады. Қазіргі кезден рок-музыка жалпы көпшліктің, оның жастардың өзіне ең бір етіне жакын, музыка алемінде орны бар, құрылысы жағынан оте күрделі, қарама-толы, қуатты да, мықты кұбылыс атанды десек

Жоғарыда келтіргендей, рок - музыка стилі де күрделі, халықи және кәсіби болсын, ол музыканың салаларына терең бойлай еніп, өзінің ықпалын тигізді, орындалып жүрген көпшілік әндердің жолы роктың әсерінен елеулі өзгеріске ұшырады (эмоция жағынаң болсын, түрлі орындау тәсілдерін, дыбыс-құбылта колдану, интонациялық жағынан болсын). Оны жылдардың орындаушыларының репертуарынан бай болады. Аранжировка жасаушылар (әрине, кәсіби деңгейі жоғары білімділері) әсіресе, халык әндерін, көптен орындалмай «архивте» жатып қалған композиторлар әндерін барынша құбылтып, алуан түрлі ырғаққа түсірді. Оның барлығы бірдей жоғары үлгіге сай дей алмаймыз. Әрине, дегенмен де көггшілік кеңілінен шығып, «емірге екінші рет қайта келіп» жатқан әндер қаншама.

Мысалы «АБК» тобының орындауындағы «Қүсни-Қорлан», М.Арынбаевтың орындауындағы Ыбырайдың «Гәккуі», Сәмединованың орьшдауындағы «Құралай», «Тәмирис» тобының орындауындағы «Есік алды долана», ән «Толағай», «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы», Батырхан Шөкеевтің орындауындағы «Япырай», А.Нұрмағамбетованың орындауындағы «Шилі өзен», Р.Рымбаеваның орындауындағы «Шақырады көктем» т.б.

Өткен ғасырдың 50 - жылдарынан бастау алып, осы уақытқа дейін «өмір сүріп» келе жатқан рок музыканың өзі де көп жылдары өзінің құрылымы жағынан күрделі езгеріске толы. Қатардағы рокенроллдан жоғары деңгейдегі туындылар - өнер қатарына көтерілді. Рок музыканың өзіне ғана тән оның негізі болып есептелетін карапайым да қарадүрсін елкі ырғақ та осы уақытқа шейінде өзінің құрылымы жағынан орындауға өте күрделі өрнекке айналды. Осы бағытта білім алғандар болмаса, қатардағы өнерпазға мұндай ойнап кету өте қиынға соғатыны хақ.

Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Айтар болсақ: харды-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, дшо, файк, фыожн, фольк - джаз т.б.



Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның (музыканың) басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай да бастады. Ағылшынның «Сгеат», Американың «Сһісаро» қатарын алатын болсак, олардың шығармаларындағы рок, джаздың ұйлесімділік тапқаны соншалык, кай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің белгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э.Фитццжеральд, Дж.Смит, Д.Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильден шығармаларды орыпдады.

Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның ішінде мысалы ретінде «Исус-Христос - суперзвезда» - рок операсын, «Волосы» - рок мюзиклі, Бернетайнның рок-мессасын, Қазакстаңдық А.Серкебаевтың «Маугли» рок - балетін т.б. алуға болады.



Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарыктау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2006 жылы, жұрт кұлағы таза, үңді, табиғи дыбысты іздей бастағандай.

Поп музыкасы. (Мақалалар жинағы) құраст. Фрадкина Э. А., Л., 1977.
М.М.Нағымова (Орал)

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет