Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері



бет19/24
Дата24.12.2021
өлшемі374 Kb.
#104755
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
музыкалық білім тарихы

7. Музыканы оқыту әдістері
Жоспары:
1.Оқыту әдістері туралы түсінік.

2.Музыканы оқыту әдістерінің ерекшеліктері.

3.музыкалық білім беру педагогикасында қалыптасқан жаңа әдістер.
Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс тыңдауға тікелей байланысты болады.

«Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

-мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

-олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.

Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:

-«...білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі» (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік);

тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді әрекеті» (И.Я.Лернер);

-«...мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т.А.Ильина);

-«...мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы» (И.Ф.Харламов);

-«...білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі» (В.В.Краевский);

-«...оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э.Б.Абдуллин);

Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу процестерінің жетекші міндеттері мен мақсатына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманынегізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Оқыту әдістері проблемаларын зерттеу – бүгінгі дидактиканың ең маңызды саласы. Мектептегі оқу процесін бақылау үстінде ғалым педагогтар мұғалім мен оқушылар арасындағы іс-әрекеттердің сан түрлілігін байқатады. Осыған байланысты соншама көлемді және сан түрлі әдістерді бір ретке келтіру қажеттігі туындады.

Бүгінгі дидактикада оқыту әдістерін жүйелеуде төмендегідей көзқарастар қалыптасқан:

1.Оқыту әдістерін білім көздері бойынша жүйелеу (Б.П.Есипов, И.Г.Ганелин және т.б.);

2.Дидактикалық мәліметтер мен ойлаудың логикалы формалары бойынша жүйелеу (Н.В.Савин, С.Г.Шаповаленко, Ф.Ф.Королов, Ш.И.Ганелин және т.б.);

3.Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты бойынша жүйелеу (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, М.А.Данилов, М.И.Махмутов және т.б.);

Оқыту әдістерін жүйелеудің кең тараған түрі – оларды білім көздері бойынша топтастыру. Олар:

-сөздік әдістер (білім көзі – ауызша және жазбаша сөздер);

-көрнекілік әдістер (білім көздері – айналадағы заттар, құбылыстар, көрнекілік құралдар);

-практикалық әдістер (оқушылардың білім алуы, іскерлікке төсілуі, практикалық әрекеттер орындауы).

Музыкалық білім беру педагогикасында да оқыту әдістерін жүйелеуге талпыныстар жасалған.

Мәселен, Е.Д.Критская мен М.С.Красильникова оларды білім көздеріне қарай топтастыруда дәстүрлі жүйені (сөздік, көрнекілік, практикалық) ұстанады.

Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар (білімді) жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері (кітап) болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, эвристикалық әңгмелесу, дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрінде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен, процестермен, объектілермен сезімдік тұрғыдан таныстыруға арналған.

Музыкалық білім беруде музыка өнерінің дыбыс-саздық табиғатының әсер-күшіне байланысты аса маңызды роль атқаратын көрнекілік құралдардың көмегімен есту әдістерін айрықша атап өту керек. Сазды орындаушылар немесе көру-есту техникасы құралдары арқылы тыңдалатын музыка өзі де көрнекілікке айналады. Бұл ретте музыканы балалардың өздерінің орындауы, әсіресе хормен ән салу, жеке тақырыпты сарындарды айту, музыкалық аспаптарды ойша шерту, ырғақты дене қимылын жасау жақсы нәтижелер береді. Осы бағытта тікелей көру-қарау немесе көру-қарау көрнекіліктері кеңінен қолданылады. Мәселен, көрнекілік дидактикалық құралдар, кестелер, нота сызбалары, эмоционалдық кейіп-қалыптасуын сипаттамалардың сөздіктері.

Практикалық әдістер. Бұл әдістерге жаттығулар (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық, практикалық әрекеттер, есептер шығару, үлгілеу және т.б.) жатады. Бұл әдістерді қолдану нәтижесінде оқушылар жаңа білімдер алады. Ал музыкалық білім беруде музыкамен белсенді әрекетке түсу, музыка шығару, түрлі орындау, интонациялық-дыбыстық процестерді модельдеу арқылы еске түсіру, елестету сияқтя есту-көрнекілік әдістерінің диалектикалық бірлігін құрайтын практикалық әдістер ретінде қарастырылады.

Музыкалық білім беру әдістері өзінің құрылымы бойынша күрделі әрі мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеттерінің көптеген аспектілерін қамтиды. Музыка оқыту әдістері музыкалық білім берудің жалпы және нақты мақсаттарына, мазмұнына тәуелді болып келеді. Олар оқушылардың психологиялық және жас балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ келгенде мектептің материалдық-техникалық жабдықтануына байланысты таңдалынады.

Музыкалық білім беру музыкалық білім беру мақсаттарына тікелей байланысты.Мәселен, XX ғасырдың 20-шы жылдарында экскурсия әдісі кеңінен таралған болатын. Экскурсия әдісі арқылы музыкалық білім берудің ұйымдастырушылар көрмелерге, концерт, театрларға, мұражайларға экскурсия жасап, музыкалық білімді қоршаған ортада жүріп жатқан процестер арқылы таныстыру мақсатын жүзеге асырды.

Бұдан сәл кейініректе балаларға музыканы меңгертуде, соның ішінде ән репертуарын игеруде, классикалық музыкаға бойлап, бойына сіңірту бойынша аспаптық-симфониялық классика шығармаларының сарындарына сөздер құрастыру, яки шығарма әдісі қолданылды.

Осы кезде музыкаға оқыту әдістерін түрлерге топтастыру, жүйелеу бойынша едәуір ізденістер жүзеге асырылады.

Мәселен, А.А.Шеншин музыканы оқыту әдістері мен құралдарының келесі екі бағытын қарастырады:

1.Өнер туындыларын сырттай қабылдағаннан кейін оны іштей зерделей отырып, эстетикалық тұрғыдан меңгеру.

2.Іштей толғану арқылы өнер туындыларын шығармашылықпен сыртқа көрсету, жеткізу немесе өз бетімен жаңа шығармашылық таныту.

3.Екінші әрекеттің мақсаты – оқушыларды жаңа білімдермен таныстыру. Ол үшін Э.Б.Абдуллин мынадай үш жағдайды қарастырады:

1.Мұғалімнің нақты міндеттер қоюы.

2.Нақты міндеттерді шешудегі мұғалім мен оқушылардың біртіндеп жүзеге асырылатын әрекеттері.

3.Оқушылар алған білімдерін әр түрлі оқу әрекеттерінде бекіту.

Музыкалық талдап қорыту әдісі – тек музыкалық білім беру процесін ұйымдастыру ғана емес, оны ынталандыру әдісі. Бұл әдіс оқушылардың көркемдік ойлағыштығын, музыканың идеялық, адамгершілік, эстетикалық функцияларын санамен ұғыну негізінде өз бетімен бағыт-бағдар алу қабілетін дамытады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет