Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері



бет20/24
Дата24.12.2021
өлшемі374 Kb.
#104755
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
музыкалық білім тарихы

Композиция жасау әдісі (Д.Б.Кабалевский, Л.В.Горюнова) бір музыкалық шығарманы орындау кезінде жасалатын оқушылардың қарым-қатынас түрлерін біріктіруге бағытталған. Бұл әдіс оқушылардың үлкен қызығушылығын тудыра отырып, сабақты ойын түріне келтіруге мүмкіндік береді, балалардың музыкалық орындаушылық тәжірибесін байытады.

Көркемдік құрамын (контекст) байыту әдісі (Л.В.Горюнова) музыканың басқа да өнер түрлерімен сабақтастығы, тарих, табиғат, өмірдегі түрлі жағдаяттар, көркем образдар және т.б. байланысты негізінде бай көркемдік-педагогикалық орта тудыруға бағытталады. Бұл әдіс музыканың одан сырт өмірдегі байланыстарының сан қилылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.

«Алға шығып кету» мен өткенге «кері оралу» әдісі (Д.Б.Кабалевский) немесе оқыту процесіндегі перспектива және ретроспектива (Э.Б.Абдуллин). Оқушылардың бағдарламада берілген музыка туралы тұтас түсінігін орнықтыруға бағытталады.

XX ғасырдың 60 – 70 жылдарында оқушылардың музыкалық әрекеттеріндегі танымдық мүмкіндіктерін зерттеу, зерделеу көкейкесті проблема ретінде белең алды. Осы кезде «ұқсастық пен контарст» әдісі (В.Судаков), «интонациялық-тақырыптық талдау», әдісі (Л.Горюнова), «шығарманы көп вариантты қабылдау» немесе «күйзелу» тәсілдері (В.Белобродова) ұсынылды.Осы салада оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және оқытудағы шығармашылық бастаулардың ролін күшейту (О.апраксина, Н.Ветлугина, Л.Дмитриева және т.б), оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын ояту мен дамыту (В.Щацкая, Н.Гродзенская, Л.бартенева және т.б) әдістеріне жан-жақты назар аударылды. Музыкалық білім беру қызметкерлері тарапынан музыкаға оқыту әдістерін музыка сабағының бөліктеріне (ән салу, музыка тыңдау, музыка сауаты) қарай топтастыру жүйесі (Т.Берекман) кең қолдау тапты.

Музыка өнерінің, әсіресе оқушылардың музыкалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін ескеру (Л.Г.Дмитриева мен Н.М.Черноиваненко) ынталандыру (эмоционалды ықпал ету, жетістік жағдайын, проблемалық-ізденіс жағдайын тудыру және т.б.), сөздік (дискуссия, салыстыру, музыканы талдау, әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру және т.б.), көрнекілік-есту әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тақырыптық принципке сәйкес жасалған Д.Б.Кабалевскийдің музыка пәні бағдарламасының өмірге келуі музыкаға оқытудың жаңа әдістерінің қалыптасуына жағдайлар туғызды. Осы бағдарламаның принциптері мен мазмұнын талдау негізінде Э.Б.Абдуллин музыкаға оқыту әдістерін төмендегіше топтады:



Талдап қорыту әдісі. Бұл әдіс, музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде, оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ойлағыштығын қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру амалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімдерін меңгертуде, жетекші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.

Бірінші әрекет – оқушыларға пән бағдарламасының тақырыптарын таныстыру, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.

Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы дегенді, яки «алға шығып кету» мен өткенге «кері оралу» әдістерінің ең қажеттісін, тиімді жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі.

Эмоциялық драматургия әдісі (Д.Б.Кабалевский, Л.М.Предтеченская, Э.Б.Абдуллин) оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын, ынта-қыласын, құштарлық атмосферасын туындатады.

Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері. Бұл – музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуда қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше, білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс. Бұл әдістің түрліше модификацияланған түрлеріне бақылау кесінділерін, тест тапсырмаларын, түрлі диагностикалық әдістерді жатқызамыз.

Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:

-оқу материалдарын мазмұны мен жалпы мақсаттары;

-оқу пәнінің ерекшеліктері;

-дидактикалық талаптар;

-оқушының жас ерекшелігі;

-оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;

-оқушылардың музыкалық тәрбиелік деңгейі;

-оқушылардың жеке-дара ерекшеліктері;

-мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;

-музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәрбие деңгейі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет