Еңбек, шаруашылык, кәсіп әндерімазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінеді және тақырыбы мен поэтикалық тексі орыңдалатын еңбек, шаруашылық түріне байланысты болады. Казақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, оның өмір тіршілігінде үлкен орын алғаны белгілі. Халық төрт түлік малды кұт санаған және Шопан ата - қойдың, Жылқышы ата - жылқының, Сексек ата - ешкінің, Ойсыл қара - түйенің, Зеңгі баба - сиырдың пірі ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы болған жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашыктық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді.
Егіншілік әңдері Наурыз мерекесіне байланысты тақырып елеулі орын алды. Сабантой кезінде "Кеусен", ,,Ат желі" сияқты речитативті әндер айтылған.
Жұмысшы әндері Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Риддер шахталары мен рудниктері иелерінің зорлық-зомбылығы, жұмыскердің ауыр еңбектері, көрген мехнаты тақырыптары аркау болған. Оған "Ауыр еңбек астында", "Ақшамды бермей қойды ғой" тәрізді әңдерін жатқызуға болады.
Үйлену әндері - казақ халқының от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат-мақсатына жетуіне, арман-кайғысына ортак әндер. Үйлену әндерінің алуан түрлері жасалып, халықтың тұрмыс тірішлігіне, әдет-ғұрпы мен салт-санасы, ой сезімі мен арманниетін білдіретін танымдық мәні елеулі. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады, Халыкпен бірге жасасып, өркендеп келе жатқан бай салт-дәстүрінің ішіндегі өміршеңі - келін түсіру той-томалағы. Бұл жоралғы халқымыздың қадір қасиетін, өнеге өрісін, тұрмыс тіршілігін сонымен қоса адамгершілік-этикалық кағидаларын танытады.
Халықтың педагогикалық шарттары мен талаптары беташарда мол көрініс береді. Жаңа түскен келінге тойдың ең көңілді кезінде өнеге түріңде айтылады. Беташар әдетте "Келін, келін келіп тұр, келін үйге кіріп тұр)" деп басталып, келінге келген үйі мен бүкіл ауылдың адамдарын таныстырып, олардың өмірдегі, ауыл арасындағы алатын орны мен беделі, мінез ерекшелігі әзіл мен ңақыл сөздермен айтылады.
Ұлыс күңдері еңбекпен тығыз байланысты әндер айтылады. Казақ халқы ұлыс күнін "жыл басы" санайды. Бұл күндері жастар ойын-сауық құрып, қарт-қариялар еңбек адамдарына бата береді.
Наурыз мейрамы күндері жарапазан айтылады. Жарапазан "Шахарзабан" - парсы тіліңде шахар кезуші, тақыр, күлдіргі ақын деген ұғымды береді. Бізде ол үй арасында кезіп жүріп ән айтушы болмак; "Тұсында келіп тұрмыз ақтап қана, жарапазан айтамыз мақтап қана" - деген жолдарға қарағаңда, оны кейде жұптасыпта айтатын болған. Жарапазан халық поэзиясының дәстүрінде жасалып мақтау ниеттестік, кейде әзіл-күлкіде болады. Бірде жыр, бірде кара өлең түрінде айтылып, басы хикаялау, мақтау, аяғы-алғыс, бата болып келеді. Сый-сияпат көрсетпеген үй иелерінің сараңцығын бетіне салық қылып аямай сынаған.