Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы



бет57/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Лирика әндер - қазақ музыкасында ең бай мұрасы. Идеялық-эмоциялық мазмұны кең, тақырыптары адамзаттың қуаныш-мұңы, өкініші, махабаты, табиғат сұлулығы, жан-жануарлар әлемі, сұлу қыз, жүйрік ат, алғыр тазы, өкіншті өмір т.б. туралы сан қилы болады.
Лирикалық әндердің поэтикалық мазмұны музыкалық әуенмен тамаша үйлесіп, көркем тоғысады. Сонымен бірге интонациялық ерекшелігі мен мәнерлік қасиеті сұлу сомдалады. Қайырмаларындағы "Ай-ай", "Беу-беу", "Ей", "Ахау", "Қарағым-ау", "Сәулем-ай", "Шіркін-ай" сияқты әсем әуен қозғалыстармен көмкеріліп әдемі көрік берді.
Қазіргі күні казақ халқы өзінің жаңа дамуын басынан кешіп, тәуелсіздік алып, өз туын қабылдап, тілін, дінін тереңірек игеруге бет алып отырған жағдайда "Елім-ай" әнінің ыргағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасьш жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы "Елім-ай" атымен айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Дәстурлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поәтикалық тексі сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мектептердің жағдайы өте ауыр болды.
Казак, мектетеріңдегі оку-жоспарлары мен алғашқы оқулықтар 1922 жылы казақ халық ағарту комиссариатының "РСФСР-дің I және II басқыштағы бірыңғай еңбек мектептерінін программалары" негізінде жеті жылдық казақ мектептерінің оқу-жоспарын бекіткеннен соң ғана қолға алынды. Оқу тәрбие ісіндегі мұқтаждықтар балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін кажетті деңгейге ұйымдастыруға мүмкіңдік бермеді.
Қазақстандағы мектептерде ән-күй сабақтарының өте төмен дәрежеде өткізіліп, сапасының канағаттандырғысыз болғандығын Казақ ССР халық Ағарту Комиссариатының 30 жылдардың аяғындағы есептерін талдау барысында байкауға болады.
Салыстырмалы талдауға Б.Ғизатовтың (1984) және М.Балтабаевтың экспериментті (1988) оқу бағдарламалары алынды.
Казақтың халық әндері 1984 жылғы бағдарламада тым аз беріліп, әндер туралы теориялық мағлұматтар жуйесіз енгізілді. Мысалы, 1 сыныпта бар-жоғы 2-ақ ән енгізілген. Оның біреуі "Камажай", тыңдау үшін енгізілген де, авторлар осы әнді әнге салып айтуға, би билеуге болатындығын хабарлауды мақсат етіп қояды. Ал екінішсі - "Елім-ай" алынып, тыңдауға және үйреніп орындау барысында әннін шығу тарихын әңгімелеу, сипатын ажырату сияқты дидактикадық және тәрбиелік мақсаттар кең қойылған. Біздіңше, осы бағдарлама бойынша оқытқанда бірішпі синып окушыдары казақ халқының ән мұраларынан мүлде мақұрым калды десек артық айтқандық болмас еді.
Біздің ойымызша, осы мәселені шешудің бірден-бір жолы, ән үлгілерін дидактикалық принциптерді қатаң сақтай отырьш, ірікітелген оқу материалы осы еңбекте ұсынылған педагогикалық классификация негізінде қолданса, музыкалық-эстетикалық тәрбие өз мақсатында жетеді.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеалогиялық комиссиясының 1988 жылғы казан айының 4-дегі мәжілісінде бекітілген, "жас ұрпақка адамгерішлікті - эстетикалық тәрбие беру жөніндегі концепциясында "Республикамызда осы кезеңге дейінгі рухани өнер тәрбиесіңдегі орын алып келген кемшіліктердің беті ашылып көрсетілді. Олар мына тұрғыда болады: мектептегі музыкалық-эстетикалық тәрбие ұлттық және аймақтық мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге бағдарланбады; сол себепті жастардың ұлттық сана-сезімдерінің дамуына түрткі бола алмады, оқу-төрбие жұмыстары халқамыздың ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогакасымен байланысты өтілмеді Сонымен катар бұл концепцияда осы кемшіліктерді шешудің жаңа принциптері, бағдарламалары берілді. Онда жастарға музыкалық-эстетакалық тәрбие беруде қазак поэтикалық мәденитіміздің түлеріне /айтыс, қисса, жыр, терме, мақал - мәтелдер т.б./ халық билері мен халықың қолтаңбалары өнері, фольклорлық ұлт аспаптарын игеруге балалар оркестр-ансамбльдерінің ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінуі керектігі айтылады. Міне осы айтылған талап-тілектерге сай ұлттық мектебі концепциясының негізінде "Елім-ай" атты ән-күй пәнінің жаңа бағдарламасы дүниеге келді. Профессор М.Х.Балтабаевтың баскарудағы шығарымпаздар тобы казір де республикамыздағы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасының алғашқы кезенде әжептәуір жинақталды.
"Елім - ай" бағдарламасының басты мақсаты - окушының рухани дүниесін байытып, идеялық-эстетикалық талғамды дамыту және өмірді саналы да терең түсіне білуге баулу.
Осыған орай бағдарламада оқытудың сабақтастып, өнер түрлеріне сай музыкалық іс-әрекеті интеграциялылығы, тарихи принциптері де карастырылған. Көренекілік, білімділік сабақ процесін оптимизациялау сияқта жалпы оку принциптері де орын алады.
Сөйтіп "Елім-ай" - бағдарламасында ұлттық көркемдік мәдени дәстурге ерекше көңіл аудара отырып, халқымыздың рухани дүниесінің шығармаларын кеңірек пайдалануға ұмтылған. Оқушылар музыканы тек кабылдап қана қоймайды, оның өмір мен байланысы жайлы түбігейлі мәліметтер алады. Екінші жағынан мұнда жол басқа да халықтың ән-күйін түсінуге жоя ашады.
Енді бір көңіл аударарлық мәселе ән-күй тәжірибе жүзінде ұйымдастыру көзделген. Аспапты іс жүзінде игеру баланың білім дағдыларын дамыту (аспаппен өн айту, би билеу, сұйемелдеу, т.б.) "Елім-ай" бағдарламасының казақтың халық әндері материалдары ретінде көлемді орын алады. Сонымен бірге халық күйлерінің негізіңде әуен-жаттығулар айтқызу өте ұгымды педагогикалық тапқырлықпен карастырылған. Бағдарламада І-ші тоқсаңда казақтың халық әндерін іріктегенде бірізділік, жүйелік, жас ерекшеліктері тағы баска принциптер жақсы сақталған. 2-3 тоқсаңдарда "Бала уатудан" соң "Той бастар", одан кейін "Карлығаш" келесісінде "Әй-әй бөпем", "Жаңа" әндеріне ұласады. Авторлар әрине, халық дәстүрін кеңінен пайдалануға ұмтылғанымен, шешуін таппаған мәселелер алі де болса өз мәнінде жүзеге асырылуын қажет етеді.
Біздің ойымызша, "Елім-ай" бағдарламасында халық әндерін енгізуде логикалық жүйелілік, жекеден жалпыға, карапайымнан күрделіге өрістеуде бірізділік тәрізді дидактикалық принциптердің сақталмауы балалардың қазақ фольклоры туралы түсінік, кабылдауларының біртұтастығын қамтамасыз ете алмады. Яғни музыкалық - эстетикалық төрбиелілігін оқу материалы ретінде халық әндерінің күңделікті өмірмен, халық тарихымен, елдің тыныс-тіршілігімен, сана-сезімімен түсіндіре алатын жанрлық сипатына сүйенгенде ғана өз мәнінде жузеге асыруға болады.

Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет