Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы


Көру сезімінің жан тұмысына керектігі



бет68/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   95
Көру сезімінің жан тұмысына керектігі
Сыртқы алты сезім ( көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі) ішінде ең қымбаттысы – осы көру сезімі. Жанымызда болатын барлық әсерлерді, екінші түрлі айтқанда, біз барлық білімінің ¾-ін осы көру сезімі арқылы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алынған білімдерді, әсерленулерді көру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мысалы, бір дыбыс естісек, сол дыбыс шығарған затты көргіміз келеді. Хатта, басқа сезімдерді жабайы, өтірікші көркміз.
Көзбен көрмеген соң қойшы дейміз.
Адамның әдемілік сезімнің ұлғаюына да көру сезімі көп көмек көрсетеді. Әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу көріністері адамның әдемілік сезімдерін тереңдетпей қоймайды.
Есту сезімі. Есту сезімінің құралы – құлақ. Мидан шығып, құлақта есту нируалары бұтақтанған. Бір дыбыс осы есту нируларынына әсер береді. Әсерді нирулар миға алып барып, оны оятып, мидан жан қабыл алып, жанда есту әсерленуі пайда болды.
Есту әсерленулері екі тапқа бөлінеді: шу һәм дыбыс. Белгілі бір тәртіпсіз шыққан түрлі дыбыс жиынтығы шу деп аталады. Желдің зуылы, судың сылдыры, жапырақтың сыбдыры, күннің күркіреуі сықылды. Ал енді, белгілі бір тәртіппен шыққан түрлі дыбыс жиынтығы тура дыбыс деп, яки музыкалы тон деп аталады. Әннің үні, домбыраның, қобыздың күйі, адамның сөзі сықылды. Адам сөзі азғантай ғана негізгі дыбыстардан, яғни сол дыбыстардың бір-бірімен бір олай, бір бұлай қосылуынан тұрады. Қазақ сөзі 24-ақ дыбыстан тұрады.
... 4-5 айда бала дыбыстың қайдан шыққанын біліп, дыбыс шыққан жаққа бұрылатын болады. Алты айда дыбысты өзі тілеп тыңдайды. Бір жылдың аяғында дыбыстарды түгел айырып, сөздерді ұғып, хатта, сөйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сөз, жылы сөз) байқай алады. Екінші жасқа қарағанда бала сөз дыбыстарын өзі айтатын болады.
... балаға қандай да болсын дыбыс естіртпей қою дұрыс емес. Бала жансыз заттардан шығатын шуды, судың сылдарын, жібектің судырын, шөптің сыбдырын,темірдің қаңғырын һәм жанды заттардан шығатын дыбыстарды: жылқының кісінеуін, қойдың маңрауын, мысықтың мияуын, құстың шырылын ести берсін. Бала малдың дыбысына еліктегіш болады. Бала қошақанша маңыраймын деа әуір болып жатады.
Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан балаға музыка құралдырының үнін естірте беру керек. Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдында отырған бала тырт етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры. Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. Жырлай берсін. Бала сөзін ұқпаса да, күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди ақ бөпем» деп басталатын ескі бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті. ... Есту сезімінің жан тұрмысына керектігі. ... Бізді шет адамның жанымен шын таныстыратын нәрсе – осы есту сезімі.
Есту сезімі адамның көру сезіміне де көп көмек көрсетеді. Көз нәрсенің сыртын көреді, құлақ бізге бірзаттың ішін, жанын шешіп береді. Грек данышпаны Сократ алдында тұрған кісіге: «Қане, сөйлеші, мен сені көрейін», - дейді екен.
Адамның әдемілікті сүю сезімін тереңдететін де осы есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені балқытып, адамға терең ой салмай ма?
Құлақтан кіріп, бойды алар
Тәтті ән менен мұңды күй.
Жүрекке терең ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - дейді Абай.
Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді. Жат күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі өлгенде - өлім күйі, тойда – қуаныш күйі, соғыста адамды есалаңдыдырып, көтеріп жіберетін соғыс күйі ойлауының мәнісі осы. Қазақтың әдемі ертегісінде Қорқыт қайда барса алдынан кезіге берген көрден, яғни жанын жеген өлім туралы ойдан құтылам ба деп, бір тоқтаусыз қобызын тартатын болыпты.
Абай (зейін, назар мағынасында)
Абайдың түрлері. Абай төмендегі түрлерге бөлінеді:
1. Әсер берген заттың яки көріністің мінезіне қарап екіге бөлінеді: еріксіз абай һәм ерікті абай.
2. Абай тұрақтылығына қарап екіге бөлінеді: табанды абай, табансыз абай
3. Абайды тартатын заттың тұқымына қарап абай екіге бөлінеді: ішкі абай һәм сыртқы абай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет