Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы


Әсерлену көрінісінің болу шарттары



бет67/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Әсерлену көрінісінің болу шарттары
Жанда әсерлену көрінісі болу төмендегі шарттар табылу керек.
1) Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы бетке шаң қонады, сол шаң беттегі нируа ұштарына, әрине, әсер бермей қоймайды, бірақ бұдан әсерлену болмайды, яғни жан бетке шаң қонғанынбілмейді, аңдамайды. Мұның себебі әсердің тым әлсізболғаны. Және әсер тым болса да, әсерлену болмайды. Мысалы, күшті дауыс құлақты тұндырады, шулатады, бірақ одан жан дұрыс әсерлену алмайды.
2) Бір әсерден екінші әсерге дейін білгілі бір уақыт өтсін. Яғни бірі артынан бірі болған екі әсерден екі әсерлену болу үшін, екі әсердің арасында белгілі бір уақыт өтуге тиісті. Мұның мәнісі мынау: сыртқы бір заттың нируаға берген әсері тоқтаған күнде де, нируаның өз-өзімен біразға шейін қытығы басылмай тұрады. Сондықтан екінші әсер бірінші әсердің артынан іле-шала келсе, екі әсер қосылып кетіп, екеуінің де мінездері өзгереді. Мысалы: зырылдауық қатты айналғанда, бір дөңгелек болып қана көрінеді. Егер де сол зырылдауықты түрлі бояуға бояп, зырылдатсақ, ана бояулардың бірі көрінбейді, зырылдауық сұр болып көрінеді.
3) Әсер миға барып жетсін, һәм жан миға келген әсерге абайын жұмсасын. Егер де әсер миға барып жетпесе, әсерлену болмайды. Және миға келген әсерге жанның абайын жұмсауы шарт. Бұлай болмаса, яғни жанның абайы (зейін – Ұ.Ә.) басқа затта отырса, жанда әсерлену болмайды. Мысалы; біз бір қызық кітап оқып яки қызу әңгімеге кіріп отырсақ, есіктен кірген адамды байқамаймыз. Қан майданда көзіне қан толып, жүрген жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді.
Грек ғалымы Архимед туған, өскен шаһарына жау кіріп, шаһар іші азан-қазан айғай болып жатқанда һеш бір дыбыс естімей, өзінің ойына батып, бір сызықтарын сызып отыр еді дейді.
Әсерленудің іші, күші, һәм тоны (Бұл жерде сөз әсерлену аясы (қәзіргі терминологияла – қабылдау аясы – восприятие) туралы болып отыр. Сірә, фон сөзі белгілі бір биіктігі мен жиілігі арқылы сипатталатын музыкалық дыбысты білдіретін термин – тон (грек. – дауыс көтеру, екпін) болып қате басылып кеткен сияқты. Әсерленудің сын-сипаты әсерленудің іші аталады, яғни бір сыртқы сезімарқылы болатын әсерленудің екінші сыртқы сезім арқылы болатын әсерленуді айырамыз. Мысалы, біз дыбысты , түсті, иісті, дәмді бір-бірінен айырамыз. Және бір сезім арқылы болатын әсерленудің де бірінен бірін ажыратамыз. Мысалы, қараны ақтан, жусан иісінен сасыр иісін айырамыз. Түрлі сезімарқылы алынатын әсерленулердің, хатта бір сезім арқылы алынатын әсерленулердің арасындағы айырма зор. Зорлығы сонша: оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Мысалы, біз қызыл түс пен тәтті дәм арасында, якм жусан иісі менадамның айғағы арасында қандай айырма барын, яғниқызыл түс пен сары түс арасында, тұзды дәм мен ащы дәм арасында қандай айырма барын айта алмаймыз. Себебі бұларды салыстыруға мүмкін емес.
Бір әсерленудің сынын білу үшін, сол әсерленудің адам жанында балуы шарт. Мысалы, тума соқырға түстің не екенін, тума саңырауға дыбыстың не екенін ұқтырып болмайды. Себебі олардың жаны дыбыстан , түстен әсерленіп көрген емес.
Әсерлену көрінісінің дәрәжасы әсерленудің күші деп аталады. Мысалы, бір ауыр салмақ пен жеңіл салмақты, қатты быдыс пен ақырын дыбысты айырамыз. Әсерленудің күші сыртқы әсердің күшіне байлаулы. Сыртқы әсер күшті болса, әсерлену де күшті болады. Бірақ әсерленудің дәрәжасының артуы әсер дәрәжасының артуына ылғи тура келіп отырмайды.
Яғни әсер бір есе күшейгенде, әсерлену де бір есе күшейіп, яки әсер екі есе күшейгенде, әсерлену де екі есе күшейіп отырмайды. Мысалы, бір қолға бір қадақ гир ұстап тұрып, тағы бір қадақ гир алсақ, салмақтың артқанын, яғни әсерленудің күшейгенін айқын сеземіз.
Ал енді, қолымызға бір бұт гир ұстап тұрып, сол бір бұтқа бір қадам гир қоссақ, онда салмақтың артқанын тіпті сезбейміз. Күшею үшін әр түрлі әсерлену әсердің әр түрлі өсуін тілейді. Мысалы: салмақ һәм дыбыс әсерленулері күшею үшін әуелгі әсердің үстіне жаңадан сол әсердің өзінің үштен бірі қосылуы шарт. Ал енді жарық әсерленулері күшею үшін, яғни күшейгені сезілу үшін, әсердің тағы жүзден бірі қосылуы шарт.
Әсерленудің жұғымды яқи жұғымсыз болуы әсерленудің тоны деп аталады. Мысалы, дыбыс әсерленулердің жұғымды һәм жұғымсыздығы бар. Бақырған дауыс жұғымсыз. Қоңыр үн жұғымды. Әсерлеудің тоны көбінесе біздің денеміздің қандай күйде екенін көрсетеді. Дене сау болса, әсерлену жұғымды болады. Дене ауру болса еш нәрсе ұнамайды. Кейбір аурулар тіліне бұрыш яқи ансыбай салғанда, затта аяғын кескенде, аурудың не екенін сезбейді. Есалаң адам өз денесін өзі тас-талқан жара қылса да, ауруды біомейді ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет