Музыкалық өнер теориясы мен технологиясы


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет3/5
Дата11.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#53431
1   2   3   4   5
Байланысты:
Муз онер


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Кабалевский бағдарламасының ерекшелігі қандай?




  1. Кабалевский бағдарламасы негізінде қазақ мектептеріне арнап қандай бағдарламалар жасалынды?


Əдебиеттер:

1. Кабалевский Д.Б. Музыка туралы əңгіме. Алматы, Өнер, 1989


2. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елімай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.
3. Қазақ орта мектебінің 2,3 жəне 4 сыныптары үшін музыка программалары. (Құр. Ғизатов б., Қарамолдаева Ж., Жəрдемалиева Р) Алматы, 1987.

3 дəріс



Тақырып: Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиевалардың 14 сы ныптарға арналған бағдарламалары.

Мақсаты: бағдарлама ерекшелігімен таныстыру.
Дəріс мазмұны:1. Бағдарламаға түсінік

2. Бағдарлама мазмұны


Қ.Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар 14 с ыныптар үшін музыка бағдарламаларын жасады. Басты мақсаты – халық əнкүйлері арқылы жан жақты эстетикалық бағытта тəрбиелеп жеке адамның тұлғасын қалыптастыру. Əр сыныптың тоқсанының өзіндік атаулары, үйретілетін əндері мен тыңдатылатын шығармалары бар.


Сыныптар




Тақырып аттары

1сынып

1. Сырлы да сазды əуен




2.Күмбірлеген күміс күй

2сынып

1. Əн мен күй – халық үні




2.

Аңызертегі əлеміндегі əн мен күй.

3сынып

1.Эпос сарыны




2.

Ақыл, нақыл, өсиет




3.

Айтыс өнері




4.

Күй тартыс

4сынып

1. Қос арна




2.

Халық музыкасының əлемдік арнаға ұласуы

1сыныптағы тəрбие берудің басты мақсатықазақ хал қының əдетғұрпын, салтдəстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірімен байланысын түсінетін, эстетикалық жəне музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны тəрбиелеуге бағытталған.


Балаларда 2сыныпқа қарай түрлі музыкалық əсерлер м ен түсініктер қалыптасады, біршама тəжірибелер жинақталады. Сабақтың алғашқы күнінен бастап есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін одан əрі дамыту, музыканың мəнерлеу мен бейнелеу мүмкіндіктерін түсіну, əн айту дағдыларын қалыптастыру жұмыстары тиянақты жүргізілуі керек.
3сыныптағы музыкалық тəрбие қазақ халқының дəстүр лі поэзиясы мен аспаптық музыка өнерінің өзара байланысын көрсетуге арналған. Балалар 12 сы ныптарда алған музыкалық тəрбиені 3сыныпта əрі қарай күрделендіріп жалғастыра алады. Ол өз халқының əншілік дəстүрі, халық аспаптық музыкасы мен ақындық шығармашылығы жөнінде оқушылар жанжақты ма ғлұматтар ала бастайды. Мақсатыхалық

фольклорының адам өміріндегі маңызын терең түсінетін музыкалық сауатты, эстетикалық жəне рухани жағынан жете дамыған жеке тұлғаны тəрбиелеу.


4сыныпта балалар»Қос арна» жартыжылдық тақырыбынд а халқымыздың дəстүрлі талғамтанымы бойынша төл музыкалық мұрамыз халық музыкасымен қатарлас бір арна кəсіби композиторлар музыкасынан хабардар болады. «Халық музыкасының əлемдік арнаға ұласуы» атты екінші жартыжылдық тақырыбында балалар көлемді тақырыптар арқылы басқа ұлт өкілдерінің төл музыкасынан хабардар болады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Қ.Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар ұйымдастыруымен ұсынылған бағдарлама қалай аталады?

  2. Бағдарлама ерекшелігі қандай?


Əдебиеттер:

  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.




  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 2 сыныпқа арналған. Алматы, 1998.

4 дəріс



Музыкалық сабағындағы ісəрекет түрлері.

Дəріс мазмұны: 1. Ісəрекет түрлері.


    1. Əн үйрету кезеңі

  1. Əнді орындап көрсету. Əнді алғаш рет балаларға таныстыра білу өте маңызды. Балалардың əнге

қызығуы, ұнауы, оны қабылдауы осы алғашқы көрсетуге байланысты. Сондықтан мұғалім шығарманы барынша мəнерлеп, баланың жүрек пернесін дəл басатындай əдемі де жұмсақ, құлаққа жағымды дауыспен орындап беруі тиіс. Егер қажет деп тапса, əнді күйтабақпен тыңдауға немесе алдын–ала үйреткен оқушыға айтқызуға болады. Қандй жағдайда да əннің орындалу сапасы болу керек.




  1. Əн туралы əңгіме. Əннің көркемдік құндылығын, мəнін, мазмұнын тереңірек жеткізу үшін əңгіме жүргізуге, қосымша көрнекті құралдар қолдануға, бейнелеу өнері мен əдебиетке баланыстыруға болады. Дегенмен де əн туралы əңгіме ұзаққа созылып, балалардың назарын əн үйренуден бұрып кетпеуі керек. Бұл жерде композиторлар, əннің сөзін жазған ақын, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа əңгімелер айтуға болады.




  1. Əн үйрету. Əнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де əнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Əдетте, əнді үйреткенде əуелі фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, шумағын түгел айтқызады, егер қайырмасы болса əрі қарай да тура осылай баулынады. Мұғалім үйретілетін сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушыларға іштерінен қосылып айтқызуға болады, үшінші рет кəдімгідей орташа дауыспен қосылып орындатады. əр қайталағанда мұғалім жай айтқыза салмай, белгілі бір талап қойып отыруы тиіс. Мысалы, «Мұғалімдерге қосылып айт», «Əуеннің жүру бағытын қолыңмен көрсет», «Ақырын айт», «Жай екпінде орында» т.б. осыны кестеге салып əр сабақ үстінде əн айтудағы ережелерді əдемі, анық етіп жазып, оны көз алдарында іліп ұстауымыз керек. Үйренуге қиын фрагменттерді, тактілерді бөліп алып, алдын–ала əнді жаттығу ретінде үйретуге болады. Əнді үйретудің бұдан басқа да тəсілдері бар. Мысалы, есту арқылы

үйрету, графикалық сызықтарға сүйену, нотаға сүйену, сольфеджиомен айту т.б Əн үйретудегі негізгі жұмыстардың бірі – оның сзін жаттату. Мұғалім, əдетте мəтінін тақтаға


жазып қояды, көрнекі құралдардан көрсетеді. Бастауыш сыныптарда əн сөзін тақтаға жазғаннан ғөрі, қимылмен үйрету маңыздырақ. Қимыл арқылы əн сөзін тез жаттайды жəне ұзақ уақыт естерінде сақтайды. Əн орындалып болған соң, мұғалім өлеңнің сөзін оқып, оның мазмұнын, текстіде кездесетін қиын сөздерді түсіндіруі тиіс. Оқушы сөзді əнмен бірге үйренуі, жаттауы тиіс. Сөздің мəнін жақсы сезінген бала əнді мəнерлеп айтуға тырысады.
ƏН АЙТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Əнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда.


Əнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында.

Əнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

Иығыңды көтерме.
Сөздің ортасында дем алма.

Əннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды жəне дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт.

Дауысыңды əдемі əрі жеңіл шығаруға тырыс.

Дыбысты үзбей, созып орында.

Əнді асықпай, мəнерлеп орында.

Əнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта.



5 дəріс сабақ



Дəріс тақырыбы: Музыка тыңдау кезеңі

Мақсаты: Музыканы түсініп, саналы қабылдауға тəрбиелеу.
Дəріс мазмұны: 1. Музыка тыңдау ережелері


    1. Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық шығармаларды қабылдауын дамыту.




  1. Шығарманы тыңдау (орындап көрсету). Сабақ тақырыбына сай жаңа əн немесе күйді

таныстырғанда əуелі шығарманы тыңдатамыз. Бұны күйтабақ т.б. техникалық құралдардан немесе мұғалім өзі орындап көрсете алады. Музыка тыңдай білмейтін құлақ үшін, ең əсем музыканың да ешқандай мəні болмайды» деп К.Маркс айтқандай, музыканы саналы түсініп, оны қабылдау өте маңызды.

Шығарманы тыңдай отырып, балалар шығарманы ырғағын, дыбыс биіктігін, дыбыс кшін не месе екпінін (атты, аырын, жай т.б) кілкйін (нəзі к, кілді, млы т.б.) ажыратуға үйренеді. Осы
белгілер арқылы музыка баланың санасына жетеді, осылар арқылы шығарманың сипатын, көңіл –күйін сезінеді.
Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тəлім тəрбиелік мəні жағынан аса құнды еңбек болып табылатын: «Кабуснама» шығармасында музыканы тыңдау жəне қабылдауға байланысты біраз пікірлер айтқан. Автор Кайкаус осы еңбегін 63 жасында ұлы Гиланшахқа арнап жазған болатын. Еңбегінің «Жыршы жəне музыканттық туралы» деп аталатын 16 тарауында : «Балам біліп қой, егер музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы бол. Музыка өнеріне арналған сарайға кіргенде бетəлпетіңді тыжырайтп а, қабағыңды түйме. Бір ғана баяу жəне жылдам орындалатын əндерді орындай берме. Өйткені адамның мінезі де бірдей емес...» сол себепті де балалардың жас ерекшелігіне сай, түрлі көңілкүйді сипаттайтын шығармаларды тыңдату өте маңызды.


  1. Музыка туралы əңгіме. Бұл кезеңнің де балалардың музыкалық деңгейлерін дамытуда маңызы зор. Оқушылар музыкалық шығармаларды тыңдап қана қоймай, əн немесе күйден алған əсерлерімен бөліседі, шығарманың авторларын, шығу тарихын, мазмұнын əңгімелейді, сұрақтарға жауаптар қайтара алады, ой қозғайды, сурет салады, талдайды. Сонымен қатар, жеткізуші – орындаушы – тыңдаушы – көрермен т.б. ұғымдармен танысады. Мысалы, Дəулеткерейдің «Қос алқа» күйі мен Құрманғызының «Сарыарқа» күйлерін тыңдатқанда:

Шығарма қалай орындалды? (көңілді, мұңлы, жіге рлі, қуанышты т.б.) Балалар шығармалар қандай жанрға жатады, əн бе , жоқ əлде күй жанры ма?


Қандай аспапта орындалды? Қалай орындалды?
Күйдің екпіні қандай? ( жай, тез, жылдам, орташа т.б.) Кімнің күйлері екен?

Күйшілердің тағы қандай шығармаларын білесіңдер?


МУЗЫКА ТЫҢДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

    1. Музыканы түсіну үшін оны басынан аяғына дейін зейін қойып тыңда.

    2. Музыканы тыңдап отырғанда басқаға көңіл аударма.

    3. Əннің немесе күйдің атына, мазмұнына назар аудар.

    4. Музыканы есіңде ұзақ сақтау үшін оны бірнеше рет қайталап тыңда.

    5. Музыканың негізгі əуенін еске сақтап қалуға тырыс.

    6. Əуенін ішіңнен айтып орында.




    1. Тыңдалған музыканың композиторын ұмытпа.




  1. Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ел арасында ертеденақ аңыз болып таралған. Бүгінгі та ңда мамандардың алдында тұрған мəселелердің біріатаба баларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат теіп тəрбиелеу.

Музыканы қабылдау күрделі үрдіс. Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тəлім тəрбиелік мəні жағынан аса құнды еңбек болып табылатын «Кабуснама» шығармасында музыканы тыңдау жəне қабылдауға байланысты біраз пікірлер айтқан. Автор (Кайкаус) осы еңбегін 63 жасында ұлы Гиланшахқа арнап жазған. «Жыршы жəне музыканттық туралы» деп аталатын 16тарауында «Балам, біліп қой, егер музыка жолына түсер болсаң жеңіл де жайдарлы бол. Музыка өнеріне арналған сарайға кіргенде бетəлпетіңді тыжырайтпа, қабағыңды түйме. Бір ғана баяу не жылдам орындалатын шығармаларды тыңдай берме. Өйткені, адамның мінезі де бірдей емес...» деген екен. Музыканы қабылдауды Яворский: «музыканы қабылдау ісіне негіз болатын нəрсе ойлау, бəрімізг е анық естілетін сөйлеген сөз сияқты түсіне білу» деп есептейді. Асафьев «белгілі бір шығарманы жанды орындау арқылы таныстыру, сол арқылы музыкалық терминдерді жеткізу, оларды пайдаланудың анық та, айқын түсінікті түрін қарау. Ең негізгісіоларды қызықтыра білу.


Кабалевский «Музыкаға деген қызығушылық музыкамен əуестену, ұнатуоның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Джон Лок: «Тəрбие арқылы адам жетіледі. Адам жаны ақ тақта сияқты таптаза,

сондықтан тəрбиеші нені қажет деп тапса соны сол ақ тақтаға жазуы тиіс.


Əдебиеттер:

  1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».М.: Просвещение, 1983




  1. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.М.: Издательский ц ентр «Академия», 2001

6 дəріс сабақ



Дəріс тақырыбы: Екінші сыныптағы музыкалық тəрбие.
Дəріс мазмұны:1. Екінші сыныптағы музыкалық тəрбие мазмұны.

  1. 2сыныпқа музыкалы қ сипаттама

  2. 2сыныптағы музыка лық сауаттылық

Балаларда 2сыныпқа қарай түрлі музыкалық əсерлер м ен түсініктер қалыптасады, біршама тəжірибелер жинақталады. Сабақтың алғашқы күнінен бастап есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін одан əрі дамыту, музыканың мəнерлеу мен бейнелеу мүмкіндіктерін түсіну, əн айту дағдыларын қалыптастыру жұмыстары тиянақты жүргізілуі керек. 1сынып пен 2сынптар арсындағы байланыс жаңа материалдар негізінде көрінеді. Сабақ барысында мұғалім қазақ халқының əдетғұрпын қадірлейтін, өмірімен байланыстылығын түсіне, ішкі жан дүниесі бай, өнерлі тұлғаны тəрбиелеуді мақсат етеді.


Тəрбие берухалық музыкасы арқылы туған еліне, өз х алқының салтдəстүріне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға, халық музыкасын тыңдау жəне орындау арқылы қоршаған ортадағы сұлулықты, табиғаттағы əсемдік пен адамдар арасындағы қарымқа тынасты сезініп, түсінуге тəрбиелеуді көздейді. Балалар музыкалық материалдар арқылы жылдамдық(темп), дыбыс күші (динамика), стаккато жəне лигато, фермата түсініктерін тереңірек меңгереді.
Екінші сынып оқушыларының дауыстары табиғи дамып, ашық еркін бола бастайды. Дауыстарының жоғарғы диапазоны доре¹, реми² октава аралығында болады. Мұғалім əншілік репертуарларды біртіндеп күрделендіру арқылы балалардың дауысын дамыту мен диапазонын кеңейту жұмыстарын жүргізеді.
2сынып материалында балалар сал, сері, хор,т.б. ұ ғымдармен таныса алады. Кейбір 1сыныптағы материалдар 2сынптада күрделеніп қайталанып отырад ы.
Əдебиеттер:

  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.




  1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».М.: Просвещение, 1983




  1. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.М.: Издательский ц ентр «Академия», 2001

7 дəріс сабақ



Дəріс тақырыбы: Үшінші сыныптағы музыкалық тəрбие.
Дəріс мазмұны: 1. Үшінші сыныптағы музыкалық тəрбие мазмұны.

  1. 3сыныпқа музыкалы қ сипаттама

  2. 3сыныптағы музыка лық сауаттылық

Үшінші сыныптағы музыкалық тəрбие қазақ халқының дəстүрлі поэзиясымен аспаптық музыка өнерінің өзара байланысын көрсетуге арналған. Өз халқының əншілік дəстүрі, халық асаптық музыкасы мен ақындық шығармашылығы жөнінде жанжақты мағлұматтар ала бас тайды. Сонымен қатар музыка сабағында халықтың ақындық шығармаларымен (жыр, терме, айтыс оның түрлері, жыршы, жырау, күй тартыс т.б.) таныса алады. Үшінші сыныпта вокальды хор жұмысына көп көңіл бөлінеді. Ұсынылып отырған əндердің тəрбиелік мəні зор, танымдық жағы да өте құнды. Əндер балалар дауысына икемді. Дауыс диапазонының ұлғаюына ықпал етеді. Бұл кезеңде оқушылардың ести білу, есте сақтау қабілеттері тұрақты зейін болып қалыптасқандықтан балалар бір дауысты əндермен қатар екі дауысқа құрылған əндерді де орындай алады. Сол сияқты жыр мен термеден де үзінділер орындап, тыңдай алады.


Үшінші сынпта эпос сарыны тақырыбы бойынша балалар тоқсан бойы «Алпамыс батыр» жырымен танысады. Олтəрбиелік мəні зор шығарма. Əрбір кейі пкерлерге жекежеке тоқталып, жағымды жəне жағымсыз жақтарына көңіл бөлінеді. Сабақта Алпамыс бейнесін қарастырып, оның батырлық, өжеттік, адамгершілк т.б. қасиеттерін ажырата отырып, оның орнында өздері болса, қандай жақсылық істер жасай алатынын айтып беруге мүмкіндіктер алады.
Жас ұрпақты тəрбиелеуде термежырдың тəрбиелік маң ызы зор. Балалар терме, жыр, толғау, термеші, жыршы ұғымдарымен кеңірек «Ақыл, нақыл, өсиет» атты тоқсан тақырыбында танысады.
Үшінші тоқсанда оқушылар қазақ халқының шешендік сөз өнерінің бірі –айтыспен тансады. Балалар айтысайтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сын асу мағынасында қарапайым тілмен сөз жарысы екендігін түсінуі тиіс.
Əдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.



  1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».М.: Просвещение, 1983




  1. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие

8 дəріс сабақ



Дəріс тақырыбы: Төртінші сыныптағы музыкалық тəрбие.

Дəріс мазмұны: 1. 4 сыныптағы музыкалық тəрбие мазмұны.


  1. 4сыныпқа музыкалы қ сипаттама

  2. 4 сыныптағы музык алық сауаттылық

Бұл кезеңде балалар толығымен қай жағынан алсақта кемелденген шағы. Түйсік, қабылдау, есте сақтау, зейіннің толысып толығатын кезеңі. Бұл сыныпта төменгі 123сыныптардағыдай емес, музыка туралы түсінігі мол.


Қос арна деп аталатын жартыжылдық тақырыбында халқымыздың дəстүрлі талғамтанымы бойынша төл музыкалық мұрамызхалық музыкасымен қат арлас тағы бір арна кəсіби композиторлар музыкасынан хабардар болады. Қазақстандық кəсіби композиторлар Байділдаев, Ғизатов, еспаев, Нүсіпбаев т.б. олардың əндерін тыңдап, үйрене алады. Сонымен қатар бұл тоқсанда балаларға таныс емес болып келген халық музыкасына қарағанда құрылысы жағынан күрделірек, көлемдірек болып келетін симфония,
опера, балет, хор жəне аспапты музыкамен таныса алады. Өздеріне бұрыннан таныс əнкүй, жыр, халық музыкасының шығармалары симфониялық, опералық, хор жəне аспаптық музыкада өзгеше құлпырып, керемет үндестік табатынын түсіне жəне байқай алады. Халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының кəсіби музыкасы, яғни қос арна өзара тоғысып, үлкен бір арнаға айналады.
Бұдан əрі балалар зейіні Халық музыкасының əлемдік арнаға ұласуына бұрылады. Көлемді тақырыптар арқылы басқа ұлт өкілдерінің төл музыкасынан хабардар бола алады.
Əдебиеттер:

  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.




  1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».М.: Просвещение, 1983




  1. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.М.: Издательский ц ентр «Академия», 2001

9 дəріс сабақ



Дəріс тақырып: Қазақтың ұлттық аспаптары.

Дəріс мазмұны: 1. Аспаптар классификациясы (топтасуы).


    1. Аспаптар туралы аңыздар.




  1. Халықтың музыкалық мұрасын жиыптеріп, оны зер ттеу жолында артында ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Жұбанов өнер зерттеушісі Ерзакович, Равин жəне Б.Сарыбаев сияқты ғалымдардың шексіз еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтанұрпаққа жалғасып келеді. Біз аспаптарды жүйелеу арқылы олардың ішкі мүмкіндігін, дыбыстық бояуын, құрылыс –құрамын ажыратамыз. Осы мақсатқа жеткеннен кейін ғана əр сыныпты жекеж еке алып тереңірек зерттеуге мүмкіндік аламыз.

Аспаптардың құрылысы, жасалуы, жөнделуі, шығу тарихы, өзіне тəн ерекшеліктері туралы өнертанушы ғалым Болат Сарыбаевты еңбегінде көрінеді. Ол өзінің орысша – қазақша шыққан «Қазақтың музыкалық аспаптары» деген еңбегінде құнды құнды пікір айтып, өмірде қолдануына көп күш салып, аспаптар коллекциясын жасады. Ол музыка аспаптарын былайша топтастырады:



  1. Ішекті аспаптар: жетіген, шертер, домбыра, қобыз т.б.

  2. Үрмелі аспаптар: сыбызғы, керней, сазсырнай, үскірік, ысқырауық т.б.

  3. Ұрып ойнайтын аспаптар: дабыл, дауылпаз, даңғыра, мүйіз, тұяқтас т.б.

  4. Сілкіп ойнайтын аспаптар: асатаяқ, қоңырау т.б.


Əдебиеттер:


      1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 12 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998

    1. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.



  • 10 дəріс сабақ

Дəріс тақырыбы: Балалар сазгерлері

Дəріс мазмұны: 1. И.Нүсіпбаев шығармашылығы


  1. Ə.Еспаев əндері

  2. К. Дүйсекеев шығармашылығы

И.Нүсіпбаев əндері: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!», «Қызыл жалау», «Ойыншықтар», «Мектеп полькасы», «Домбырасыз сəн қайда», «Дос болайық бəріміз», «Кел билейік», «Мұғалім ол біздің», «Анадай асыл мектебім», «Жарқын жүзді ұстазым», «Шырша» т.б.
Ə.Еспаев əндері: «Ортеке», «Бақытты балалық шақ» т.б.

Б.Ғизатов əндері: «Біз өмірдің гүліміз», «Төлдер», «Əліппе» т.б.

К.Қуатбаев əндері: «Көктем», «Ел қорғауға əзірміз», «Ақ əжем», «Каникулда» т.б.

К.Дүйсекеев «Ана», «Жаужау жаңбыр» т.б.


Əдебиеттер:

  1. Ғизатов Б.Г. Мектептегі əн музыка сабағы. Алматы, 1968.

  2. И.Нүсіпбаев Балалар əндер жинағы. Алматы.

11 дəріс сабақ



Дəріс тақырыбы: Балалар сазгерлері. Б.Ғизатов.
Бисенғали Ғизатов – Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жəнібек ауданы Жəнібек ауылында дүниеге келген. Музыкатанушы, өнертану кандидаты (1966), қАЗксрінің еңбек сіңірген мəдениет қызметкері (1991) . 1953ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы мен тарихы факультетін (А.Жұбанов, Л.А.Хамиди дəріс алған) бітірген соң ҚазКСРі Минис трлік кеңесі жанындағы көркемөнер басқармасында жəне Алматы музыка училищесінде (195357) қызмет ет ті. 195763ж «Жазушы» баспасында музыкалық редактор болады. 196691ж ҚРҰҒА –ның Əдебиет жəне ө нер институтында музыка бөлімінде кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, ал 1991 жылдан республикалық дəрежедегі зейнеткер. Ұстазы Л.Хамидимен бірігіп шығарған «Домбыра үйрену мектебі» (1983)атты еңбегі жəне «Мектептегі əнмузыка сабағы» (1994) атты жарық көреді.
Оның балаларға арнап жазған «Төлдер», «Əліппе», «Біз өмірдің гүліміз», «Біздің əн», «Көңілді əн», «Анамызға мың алғыс» сияқты əндері балалар аузында жатталған.
Бірінші сыныпта үйретілетін Ж.Өмірбековтың сөзіне жазылған «Төлдер» əнін алып талдап көрейік.


  1. «Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?




  1. Секеңсекең, ей, лақ, Жүрмін саған кеіпақ. Тыным тапсаң, болмай ма, Секірмейақ, кей уақ!




  1. Ботақаны нардың Жарға неге бардың? Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың», өлең сөздері арқылы мұғалім балалардан

төрттүліктің қандай түрлерін білетінін сұрап, төрттүлік балаларын қалай атайтыны туралы түсінік беріп,

суреттерін көрсетеді. Əн сіңімді жəне балаларды жалықтырып алмауы үшін қимылмен үйретеміз.


Əдебиеттер:

  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 4 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998




  1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 4 сыныпқа арналған. Алматы, 1998

12 Дəріс



Дəріс тақырыбы: К.Қуатбаев əндері.

Дəріс мазмұны: 1.К.Қуатбаев өмірі
2.Сазгер əндеріне сипаттама.

Мақсаты: Сазгердің əндерімен таныстыру.
Шығармаларының көбін балалар əндеріне арқау еткен композитордың бірі Күнсайын Қуатбаев. Оның мектептегі пəндерді таныстыруға арналған «Əн сабағы», «Сурет сабағы», «Есеп сабағы», «Əлі оқып жүр ақылдың» əндері бар. Табиғат, Отан, жыл мезгілдеріне арнаған «Моншақтар», «Көктем», «Біз –туған ел баласы», «Ел қорғауға əзірміз», «Саяхатта», «Жарқын жаз» əндерін айтуға болады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

Сазгердің əндерін ата?


Əндерінің тақырыптық мазмұны қандай?

Əндеріне аннотация бер.


Əдебиеттер: [2 ]; [14 ]; [ 15];
13 Дəріс сабақ

Дəріс тақырыбы: Интегративтік оқыту технологиясы



Мақсаты: Интеграция сөзін ашып, интеграцияланған сабақтарды оқыту.
Кілттік сөздер: Интеграция.
Дəріс мазмұны:

  1. Интегративтік оқыту технологиясына сипаттама

  2. Өнер пəндерін интеграциялап оқыту технологиясы

Латынша «integratio» сөзінің қазақша мағынасы қайта құру (восстановление), толықтыру (восполнение), педагогика жəне психологиялық қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «қалпына келтіру»/ / дегенді білдіреді.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 20052010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламас ында: «отандық дəстүрлер, əлемдік тəжірибе жəне тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңғырту» міндеттері көзделген /10, 2б/.


Білім берудің құрылымы мен мазмұны жаңартылып, оқу орындарының жаңа түрлері мен үлгілері пайда болуымен қатар, білім берудің саралануы мен интеграциясы күшеюде.
Мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан2030» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалығы, адам сүйгіштігі жəне ғаламдануы арқылы мəдениет жасауға, интеграцияға ерекше мəн бергені белгілі /11/.
Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық əрекетіне тəн дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тəртібіне қойылған ділгір мəселелердің бірі.
Оқыту мен тəрбиелеудегі сабақтастық, пəнаралық байланыс мəселесін жəне білім берудегі интеграцияны əртүрлі негізде жасауға ұлы педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б. бастау салып, əрі қарай ғалымдар М.Н.Берулова, Н.К.Виноградова, Л.С.Выготский, М.А.Данилов, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, В.Н. И.А.Лошкарева, И.Л.Лернер, В.Н.Максимова, Н.В.Малахов, Н.Н. Светловская, Ю.С.Тюнников, т.б. зор үлестерін қосты. Бұл педагогпсихолог ғалымдардың еңбектерінде интеграция жанжақты қарастырылып, пəнаралық байлан ыстың оқутəрбие үрдісіндегі ролін көрсетіп, оқушылардың танымдық қасиеттерінің дамуына тиімді əсер беретін жақтарына тоқталып, шəкірт қызығушылығын тудыратынын дəлелдей білді.
Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін оқу – тəрбие үрдісіндегі интеграция мəселесінің педагогикалық негізін А.А.Əбдиев, Р.К.Аббасова А.Р.Бектениярова, А.А.Бейсенбава, А. Ерімбетова, Б.Т. Нəбиева, т.б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тəжірибе интеграцияның педагогикасының негізін Г.К.Меңдіғалиева, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мəселесін К.Жүнісова, Ə.М Мұханбетжанова жəне т.б. қарастырған.
Өнерой мен сезім бірлігі арқылы əлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам əрекетінің бір түрі, өнер жəне оның түрлері өзінің жақсы үлгілері арқылы адамның рухани мəдениетін байытып, дүниетанымын кеңейтеді. Өнердің қай түрі болмасын ең алдымен түйсік, қабылдауға баса көңіл аудару қажет .
Өнер пəндері арқылы жеке тұлғаны рухани əлеміне мақсатты түрде əсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып, оны көре, əсерлі тыңдай, қабылдай білуге, көркемдікті, əдемілікті сезіне білуге баулу қажет.
Əдебиеттер:

1. Педагогикалық психологиялық сөздік





  • 14 дəріс Тақырып: Күй өнері

Мақсаты: Төкпе жəне шертпе күйлер туралы түсінік беру.

Кілттік сөздер: Төкпе күйлер. Шертпе күйлер.
Дəріс мазмұны: 1. Төкпе күй мектебі

    1. Шертпе күй мектебі

Қазақ музыкасы өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи əлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы əн мен күй. Соның ішінде күй жанрының алар орны бір бөлек.


Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау» т.б.), тарихи оқиғалар («Ел айрылған», «жеңіс» т.б.), халық мерекелері («Тойбастар», «Мереке» т.б.), жанжануарлар («Аққу» , «Ақсақ киік» т.б.) т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи, арнау, лирикалық жəне психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Төкпе күйлер – бұл күйлер көбінесе Батыс Қазақстанда, кіші жүз қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алайдүлей шабыс, а т тұяғының сатыры естілгендей болады. «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» дегендей, көрші орыс, қал мақтармен көп қақтығысқандықтан да болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне əсер етуі хақ. Мысалы, «Нарату», «Бөгелек», «Адай», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер.

    1. Шертпе күйлерқазақтың күй жанрының ішіндегі көп тараған күйлерінің бірі. Екі ішектен қос дауыстың мүмкіншілігін жекежеке пайдаланып, нəзік нюанстар, əсем қағыстарға, сыршыл лиризмге толы көптеген күйлер топтастырады. Шертпе күйлер мектебін қалыптастырушылар Тəттімбет, Тоқа, т.б. жəне бұл

өнерді əрі қарай жалғастырушылар Ə.Хасенов, М.Хамзин, Т.Момбеков т.б.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Мазмұны мен тақырыбына қарай күйлер қалай бөлінеді?

  2. Қандай күйлерді арнау күйлерге жатқызамыз?




  1. «Ақсақ киік» күйі туралы не білесің?

  2. Күй жанры дегеніміз не?

  3. Күйдің қандай түрлері бар?

  4. Шертпе күй мен төкпе күй дегеніміз ?

  5. Шертпе күйлерге қандай күйлер жатады?

  6. Төкпе күйге қандай күйлерді жатқызуға болады?




  1. Төкпе жəне шертпе күй өнерінің негізін қалаушы қандай күйшілерді білесің?


Əдебиеттер:

  1. Құрманғазы. Сарыарқа. Алматы.

  2. Е.Үсенов Домбыра үйрену мектебі. Алматы

  3. Тастанов Домбыра үйрену.




  1. Ө. Спанов Домбыра үйренейік. Қазақ орта мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Алматы, «Əуен» 1992.

  2. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.

  3. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры: Көпшілік қауымға арналған. Алматы: Ана тілі, 1994. /1016/

15 дəріс



Тақырып: Сыныптан тыс музыкалық тəрбие

Дəріс мазмұны:

  1. Сыныптан тыс музыкалық тəрбие түрлері

  2. Балалар мейрамдары мен бос уақыттары

Тəрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық, сана сезімі оянған, рухани ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, арожданы мол, еңбекқор, іск ер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тəрбиелеу.


Ең бастысымектептегі сабақтарда сыныптан тыс жəне мектептен тыс уақытта, мұғалім мен оқушының өзара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек деп көрсетілуі орынды.
Сыныптан тыс жұмыстар сабақтан тыс уақытта жүргізілетін болғандықтан, ол оқушының бос уақытын пайдалы іспен толтыру мəселесіне жатады. Ал қазіргі кезде оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануы бүкіл əлем педагогтарын қатты толғандырып отыр, өйткені оқушының жақсы өсуіне, дүниетанымы қалыптасып білімнің кеңеюіне, азамат ретінде қалыптасуына, оның бос уақытында сапалы, пайдалы, түрлендіре ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор.
Оқушылардың сыныптан тыс бос уақыттарында өткізілетін жұмыстар түрлері өте көп. (Кесте1) Мектептерде сыныптан тыс уақытта жүргізілген тəрбие жұмыстары ТМД ғалымдары Р.Ф.

Родионов, Г.Ф. Суворовтың, Л:П.Чижникованың, Н.И. Бодлырев, Пидкасистый жəне т.б. еңбектерінде

көрініс тапқан /6/

Қазақстандық ғалымдар Қ.Құнантаева, Т.Сабиров, К.Б.Бозжанов, М.Таникеев т.б. еңбектерінде сыныптан



тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері мен өткізілу ерекшеліктеріне тоқталады.
Мектепте музыкалық тəрбие берудің сан алуан түрлері бар. Қазіргі кездерде мектептегі тəрбие беру мəселесінің танымды түрі сыныптан тыс тəрбие беру, оның ішінде үйірме жұмыстарын жүргізу. Бұл мəселелер төңірегінде зерттеушіпедаго гтарымыз өз еңбектерін қалдырып кетті. Хор үйірмесі. Вокалдық хор. Аспапта ойнау (домбыра).
1кесте Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақытын ұйымдастыр мазмұнының моделі

Сыныптан тыс жұмыстар











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет