Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет49/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Қазақша ет пісіру. Қандай етті болса да, қазанға саларда суық сумен жуып, неғұрлым кең ыдысқа — қазанға, үлкен қара бақырға пісіреді. Салқын суға батырылып, аздап тұз салынады. Бірден қатты қайнаған ет қатайып кетеді, сондықтан ет қайнаған соң отты баяу ғана жағып, сарқындатпай жай ғана шымырлатып қайнату керек.

Еттің қанды көбігі жиналғанда, бірқатар жерлерде оны қалқып алып тастайды, сонда еттің сорпасы сұйылып, әйнек сияқтя мөлдір болады. Ал, кей жерлерде еттің қанды көбігі шыға бастағанда оның ұйысуына жол бермей сапырып жазып жібереді, қашан қанды көбік тарағанша сапырып жазып жібереді, қашан қанды көбік тарағанша көп сапырады, соныі әсерінен сорпа қою болады.

Етке салынатын картоп, күріш, жармалар көбік таратылған соң немесе алып тасталғаннан кейін онша көп кешіктірмей, ал, нан (қамыр) ет түсіріліп алынған соң салынады.

Етті жапырақтап турап немесе мүшесімен табаққа салады да үстінен тұздық құяды.



Тұздық. Тұздық бөлек ішетін тағам емес, туралған еттің құрғақ болмауы және оның дәмін келтіру үшін құйылатын тағам. Тұздық жасау үшін етті түсірер кезде бір аяқ майлы сорпа құйып алынады да, оған күштірек етіп тұз, пияз, қара бұрыш салып, бетін жауып біраз бөктіріп қояды немесе сәл қайнатады. Бұл кезде пияз бен бұрыш бөртіп, тұзы еріп тұздықтың хош иісі күшейеді.

Біз төменде тұздықтың ел арасында көп тараған бірнеше түрлеріне тоқталамыз.



Май тұздық — қалқып алынған майлы сорпадан жасалады, кейде ет арық болса, оның сорпасына пісте майы, сары май, құйрық майы қосылады.

Қатық тұздық — қарынға тұздап кептірілген сүзбеден сорпаға езіп жасалады.

Құрт тұздық — ыстық, майлы сорпаға құрт езіп жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет