Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет73/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

қорқынышты
 
бақылау
және 
қауіп
-
тілікті
 
бақылау
. Бірінші жағдайда жеке өзін қауіпсіздендіру тә-
сілдері қарастырылады, сондықтан жағдайға бақылау жоғалады 
және іс-әрекетті ұйымдастырудың конструктивтік ұмтылыстары 
тоқтайды. Екінші оқиғада жағдайға бақылау ұзағырақ сақта-
лады, мінездің бұл типі едәуір тиімдірек, ал жетекші үшін жал-
ғыз ғана қонымды болып табылады. 
Стрестік жағдайдан шығу тәсілдерін белсенді және енжар 
деп бөледі. Біріншісі іс-әрекетті жұмылдыру кезеңінің ағымын 
көрсете отырып, ұйымдастырудағы конструктивтік іс-әрекет-
тердің интенсификациясы ретінде немесе «сыртқы қауырт әсер-
лер» типі бойынша тұрғызылады. Енжар тәсіл адамның керне-
луді баса және стресті ішке ала отырып, жағдайға мойынсұ-
нуынан байқалады. Бұл – тежелу әсері. Ол кейде пайдалы, өйт-
кені ойланбаған импульсивтік іс-әрекетті болдырмауға көмек-
теседі, бірақ қайталана берсе, кернелудің аккумуляциясына соқ-
тырады. 
Басқару
 
іс
-
әрекетіндегі
 
күйдің
 
реттелу
 
ерекшелігі
 
Тұлғаның маңызды мақсатқа жетуі мүмкін болмауынан туын-
дайтын фрустрациялық күй көбінесе стресс себебі болып келеді. 
Олардың дамуы келесідей жүреді: 
1) мәнді мақсатқа қарқынды қажеттіліктің болуы; 
2) оларды қанағаттандырудың құрсаулануы (өз мүмкіндікте-
рінің шектеулілігі немесе сыртқы кедергілер); 
3) кері эмоциялар және олардың тұрақты негативті күйде – 
фрустрацияда тіркелуі. 
Фрустрация дәл осы басқару іс-әрекеті үшін өзіндік ерекше-
лікке ие, онда көптеген мәнді мақсаттар, қажеттіліктер, жоспар-
лар және олардың іске асуы жолындағы әртүрлі тектегі «кедер-
гілердің» (фрустрациялардың) алуан түрлі кедергілер мен шек-
теулердің үлкен саны сабақтасады. Тұлғаның фрустрацияға әсе-


184 
рінің негізгі екі формасы бар: 
интрапунитивтік
және 
экстра
-
пунитивтік
әсерлер ұғымы. Біріншісінде 
депрессия
, ал екінші-
сінде 
агрессия
дамиды [35]. 
Фрустрацияларға тұрақтылық – жетекшінің кәсіби маңызды 
сапасы. Құралдардың екі тобы осындай тұрақтылықтың артуына 
ықпал етеді: 
1. Фрустрацияны жеңудің іскерлік тәсілдерін қалыптастыру 
олардың арасында басты орын – 
фрустрациялық
 
тәжірибенің
жинақталуына тиесілі. 
2. Фрустрациялық күйдегі тұлғаны психологиялық қорғау 
құралдары. Егер жағдайды өзгерту мүмкін болмаса, онда оған 
деген қатынасты өзгерту керек. Жетекшінің іс-әрекетіндегі фру-
страциялық тұрақтылығы мен стреске тұрақтылығы олардың 
интегративтілік байқалуында беріледі. Олар жетекшінің «соқ-
қыға төтеп беру шеберлігі» сияқты сапасының қалыптасуына 
көмектеседі. 
Жетекшінің іс-әрекетіндегі өте маңызды компоненті – шұ-
ғыл іс-қимылға дайын болуы. Шұғыл іс-қимылға дайын болу 
жоғары тұлға жаңа және күтпеген жағдайлардың туындауын 
стрестік фактор емес, оқиғаның қалыпты дамуы ретінде қарас-
тырады. Жаңашылдық факторы өзінің стрессогенділігін жоғал-
тады, ал туындайтын эмоционалдық конструктивтік тәсілдерін 
іздеуге бағытталады. 
Эмоционалдық
 
резистенттілік
– күрделі психикалық түзі-
лім. Ол субъективтік ағымды, жағдайды барынша қауіпті, яғни 
эмогенді ретінде қабылдауға бейімділікті сипаттайды. Бұл ағым 
айқын болса, тұлға резистенттілік емес ретінде және керісінше 
сипатталады. 
Дәл бірдей жағдайлар әртүрлі резонанс (субъективтік пікірлер) 
табылады, оның шамасымен тұлғаның қандай да бір оқиғадағы 
мінез-құлқының жалпы үлгісі анықталады. Бір адамдар жағдайдың 
эмоциогенділігін (огметингтер – 
ағылш
.
augmetіng) ұлғайтады, 
екіншілері – оны төмендетеді (редъюстингтер – 
ағылш
.
redustіng). 
Сондықтан жағдайды не гиперэмоционалдық, не гипеоэмоционал-
дық бағалау қатынастар туындатады. Басқару іс-әрекеті үшін жоға-
рылатылған эмоционалдық резистенттілік басымырақ. Басқару 
өтілі мен кәсіби біліктіліктің артуы кезінде резистенттілік артады. 


185 
Эмоционалдық кернелу, созылмалы стресс, шекті жағдайлар 
– торығу ұғымымен біріктірілетін негативтік психикалық күйлер 
санатының дамуы үшін қуатты көз болады. Бұл күйдің даму қар-
қыны мен оның басқару іс-әрекетіне ықпалы ерекше, ол келесі 
себептермен сипатталған: 
1) іс-әрекеттің күрделілігімен, соған байланысты мәселелер-
дің субъективті қиындығымен, сондықтан оларды жүзеге асыру 
үшін психофизиологиялық шығынды өтеу қажет; 
2) іс-әрекетте торығудың даму себептері болып табылатын 
эмоциогендік факторлардың болуымен; 
3) жетекшінің бүкіл іс-әрекетін қамтитын жауапкершілік-
пен; 
4) торығу дамуының күшті факторы болып табылатын іс-
әрекет полифокустылығымен; 
5) нормаланбаған жұмыс күнімен. 
Эмоционалдық, еріктік күштер, күйлер жетекші іс-әрекетінің 
реттелуін қамтамасыз етеді, бірақ олар сыртта да, яғни мінез-
құлықта, тілде, ымда, т.с.с. байқалады. Бұл байқалымдарды ба-
қылау керек. Оларды жетекші тұлғааралық өзара іс-қимылда қо-
сымша арна, өзінің ойлары, көзқарасы және болжаулары туралы 
ақпарат құралы ретінде қолдана алады. Әлеуметтік психология 
мен басқару психологиясында осының барлығы тұлғааралық 
өзара іс-қимылдың экспрессивтік контуры ұғымымен белгіле-
неді. 
Жетекші үшін экспрессивтік құралдарды игеру, өзінің экс-
прессивтік мінезін реттеу шеберлігі өте маңызды. 
Экспрессивтік компонент негізгі үш аспектіден тұрады. 
1. Өзінің мінез-құлқына тұтастай, өзінің еріктік және эмо-
ционалдық күйінің экспрессивтік байқалуларына субъективтік 
бақылау. 
2. Қол астындағыларға экспрессивті әсер етудің құралдарын 
игеру (жігерлі, аяулы жетекшінің имиджі). 
3. Экспрессивтік құралдарды қол астындағылар туралы ақ-
парат арнасы ретінде қолдану. Бұл – тұлғааралық перцепция 
дәлдігінен, экспрессивтік сензитивтіліктен және психологиялық 
өтімділіктен құралатын диагностикалық шеберлік. 


186 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет