Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Басқару шешімдерін қабылдау процесінің



Pdf көрінісі
бет50/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

3.6 Басқару шешімдерін қабылдау процесінің 
жалпы сипаттамасы 
Басқару шешімдерін қабылдау үдерістері басқару іс-әрекетін 
ұйымдастыруда өзекті болып табылады, олар оның психоло-
гиялық сипаттамаларын барынша толық көрсетеді. Олардың ең 
маңыздысы – басқару іс-әрекетінің синтетикалық типіне тиесілі, 
соңғысы іс-әрекеттің жеке және бірлескен (топтық) типтерінен 
тұрады. Басқару іс-әрекеті, тіпті ол жеке формада жүзеге асатын 
болса да, жалпы, бірлескен іс-әрекеттің құраушысы (компо-
ненті) болып табылады. Оның айрықша осы бір ерекшелігі 
басқару шешімдерін қабылдау үдерістерінің өзіндік ерекше-
лігіне толық қатысты болады. 
Бұл екі бастаудың (жеке және топтық) басқару шешімдеріндегі 
пропорциясы әртүрлі болады, бірақ бастаудың осы екеуі де 
шешімдерде міндетті түрде қатысады. Бұл шешуші сәт ше-
шімдердің мәліметтерін сипаттайтын «шешімдерді қабылдаудағы 
бірегей басқару және коллегиялық диалектикасы», «оларды 
қабылдаудағы субкоординациялық және координациялық (үй-
лестірушілік) шешімдердің бірлігі» терминдерінде тіркелген. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің барлық ерекшеліктері 
төрт топқа бөлінеді. Біріншісі және екіншісі – бұлар жеке және 
топтық таңдау механизмдерін қосумен шартталатын ерекшеліктер. 
Үшінші топ – оларға басқару іс-әрекетінің жалпы сипаттамала-
рының ықпалымен шартталатын ерекшеліктер. Төртіншісі – 
олардың жеке, топтық және іс-әрекеттік ерекшеліктерін синтездеу 
нәтижесінде қалыптасатын басқару шешімдерін қабылдау про-
цестерінің интегралдық сипаттамалары. Үшінші топ ерекшелік-
терін қарастырудан бастаймыз. 
Шешімдер қабылдау және басқару іс-әрекеті түсініктерінің 
өзара ұғымдылығы басқару шешімдерін қабылдау процестерінің 


140 
іс-әрекеттік қасиеттерінің ең жалпы ерекшелігі болып табылады. 
Мысалы, «жақсы жетекші» және «шешімді жетекші» сөздері 
синоним деп есептеледі. Басқару шешімдерін қабылдау процесі 
– кәсіби шешімдердің ең күрделі типі. Бұл –басқарудың басты 
әрі өзіндік функцияларының бірі және басқару функцияларының 
басқаларының барлығын жүзеге асыру кезіндегі шешуші сәт. 
Басқару іс-әрекетінің құрылымында басқару шешімдерін 
қабылдау процестері өзекті, иерархиялық басты орын алады. 
Олар оның нәтижелері мен процессуалдық мазмұнын анық-
тайды. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің іс-әрекет құ-
рылымында кеңінен берілуі – олардың тағы бір ерекшелігі. Олар 
іс-әрекетті жүзеге асырудың барлық кезеңдеріне қосылған, 
басқару іс-әрекетінің бүкіл құрылымына таралған. Бұл басқару 
шешімдерін қабылдау процестерін «бойлық өтпе» процестері 
ретінде тұжырымдауға мәжбүрлейді. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әртүрлі әре-
кеттік міндеттер мен функцияларға кіруі олардың полифункцио-
налдығын айқындайды. Сондықтан олар осы мәселелердің 
жүзеге асуын қамтамасыз ететін тиісті әлеуетке ие болуға тиіс, 
бұған басқару шешімдерін қабылдау процестерінің тағы бір 
ерекшелігі – олардың полиморфизмі (түрлері мен формала-
рының алуандылығы) ықпал етеді. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестері объективтік фак-
торлармен қатар, субъективтік және субъективаралық (тұлға-
аралық) бейнедегі факторлардың қосымша жүйесін қосып 
алады. Басқару шешімдерін бағыныштылар жүзеге асырады; 
солардың өзі жетекші үшін ақпарат алу арнасы болып та-
былады; әлеуметтік қатынастар жүйесі басқару шешімдерін 
қабылдау процестеріне ықпал етеді. 
Жетекші мәртебесінің маргиналдығыда басқару шешімдерін 
қабылдау процестерінің әрекеттік сипаттамаларын шарттан-
дырады. Олар қабылдайтын шешімдер басқарылатын құрылым-
дар міндеттерін қанағаттандыруы, қол астындағылардың мүд-
делерін көздеуге тиіс. Жетекші бір мерзімде өз шешімдерін 
жоғары тұрған басшылық нұсқауларын жүзеге асыруы керек. 
Бұл қосжақтылық – мақсаттардың дәл келмеуі мен антаго-


141 
нистикалық ерекше құбылыс көзі және таңдау көрсеткіштері – 
басқару шешімдерін қабылдау процестерін жүзеге асырудағы 
басты қиындық. 
Бірнеше шешімдерді бір мезгілде өңдеу қажеттілігі басқару 
іс-әрекетінің сипатты ерекшелігі болып табылады және ше-
шімдерге оларды дайындау мен қабылдаудың полипроцес-
суалдық сипатын береді. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әрекеттік қа-
сиеттері сондай-ақ жеке таңдау процестеріне тән ерекшеліктерге де 
ие. Шешім қабылдау процесі бұл тұрғыда іс-әрекетті ұйымдас-
тырудың реттеулік, интегралдық процестерінің бірі ретінде көрі-
неді және олардың негізгі психологиялық сипаттамаларын игереді: 
1. Басқару шешімдерін қабылдау процестері – кешенді, 
процессуалдық-психологиялық құрамы бойынша синтетикалық 
түзілімдер, психикалық процестердің (когнитивтік, көңіл-
күйлік, еріктік, мотив) барлығынан тұрады. Басқару шешімдерін 
қабылдау процестерінде ұсынылуы шамасына қарай салысты-
руға негізделген олардың, яғни зерделік, еріктік, көңіл-күйлік 
шешімдер жіктемесі бар. 
2. Басқару шешімдерін қабылдау процестері бастапқы рет-
теулік бағытталу сияқты интегралдық процестердің маңызды 
ерекшелігін сақтайды. Басқару іс-әрекетінде ол айқын болып 
көрінбейді, өйткені басқару шешімдері өздерінің тәуелсіздік 
әсерін туғыза әрі дербес мәселе ретінде көрінеді. Бірақ шешім-
дер жүзеге асуға тиіс «қандай да бір басқа» үшін қабылданады, 
сондықтан өздерінің бағынышты сипатын сақтайды. 
3. Басқару шешімдерін қабылдау процестерін жүзеге асыру-
дың операциялық құралдарының алуан түрлілігі. Іс-әрекет құ-
рылымында бар бүкіл операциялық жүйе қолданылады. 
4. Өзінің компоненттік құрамы тұрғысынан басқару шешім-
дерін қабылдау процесі интегралдық ретінде болады. Оның 
тұрақты «бірліктері» (компоненттері): ақпараттық негіз, ере-
желер, көрсеткіштер, тәсілдер, болжамдар. 
5. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде шешімдер-
дің процессуалдық инварианты ұғымымен белгіленген белгілі 
бір тізбектілікте өтетін жүзеге асудың белгілі кезеңдері, саты-
лары бар. Бұл – проблеманы анықтау, таңдау мәселесі, шешімді 


142 
ақпараттық дайындау, баламаның көптігін қалыптастыру, ба-
ламаны бағалау, шешім көрсеткішін жасау, таңдаудың өзі, ше-
шімді нақтылау, оның жүзеге асуын бақылау, шешімді түзету 
туралы ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері. 
6. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде жеке таң-
даудың тағы бір маңызды сипаты – жоғары вариативтілік (жү-
зеге асу шарттарының өзгеруіне байланысты өзгерімділік) 
айқындалады. 
7. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің нормативтік 
және нақты мазмұндарының алшақтануы мүмкін. Ол қосымша 
себептер іс-қимылына байланысты өседі: 
1) басқару шешімдерін қабылдау процедураларына қойыла-
тын талаптар мен нормативтік нұсқаулардың күрт өсуі, олардың 
толық есебін шешім барысында жүзеге аспайтындай етеді; 
2) осыған байланысты бірмәнділік емес, көбінесе норматив-
тік нұсқаулардың сәйкессіздігі
3) нормативтік нұсқаулардың немесе олардың қорытылуы-
ның жиі болмауы, бұл оларды қолдануды мүмкін етпейді. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестеріне топтық фак-
торлар ықпал етеді. Ықпал негізі екі типте, яғни тура және ор-
таланған түрде болады. Бірінші тип коллегиялы түрде қабыл-
данған шешімдерге, екіншісі жеке (жетекшінің қол астында-
ғылармен тікелей жанасусыз, бірақ олардың пікірін ескер-
гендегі) шешімдерге тән. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің топтық фор-
мада болуының басты себебі – оның жеке формамен салыс-
тырғандағы үлкен мүмкіндіктері. Топ көлемінің ұлғаюы оның 
шешімдер процесіндегі әлеуетінің автоматты түрде артуы- 
на әкелмейді. Бұл жерде негізгі екі ерекше құбылыс туындайды: 
1. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет