Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет26/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

2.7 Мотивациялық қызмет 
Ұйымның тиімді іс-әрекеті, сондай-ақ жеке өнімі қызметкер-
лердің мотивациялану дәрежесіне тәуелді болады, сондықтан 
атқарушыларды мотивациялау – қызметкерлердің мотивация-
лануын жасап іске асыру мен жетілдіру жетекшінің маңызды 
қызметі болып табылады. 


67 
Мотивация қызметінің мазмұнын ашу тұтастай алғанда 
еңбек іс-әрекетінің мотивациялану мәселесімен байланысқан, 
бұл осы мәселенің кеңдігі мен кешенділігіне байланысты оның 
шешілу қиындығын туғызады. 
Басқару іс-әрекетінің төмендегідей өзіндік аспектілері бар: 
1)
атқарушылық іс-әрекеттің мотивациялану сипаттамасы; 
2)
жетекші іс-әрекетінің өзіндік мотивация сипаттамасы 
(басқарудың мотивациялануы); 
3)
мотивация қызметінің өзіндік құрылымы мен мазмұнын 
басқару іс-әрекетінің негізгі компоненттерінің бірі ретінде си-
паттау. 
Басқару тәжірибесінде бұл аспектілер тығыз байланысқан. 
Еңбек іс-әрекетінің мотивация теориясындағы жалпы 
ережелердің бірі – мотивация қажеттілігі бірлескен іс-әрекет 
кезіндегі еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылатындығы. 
Оның әрбір мүшесі үшін, ол өзі жеке қызметкер ретінде атқар-
ған міндетіне байланысты алатын жетістіктері нақты мотива-
циялануы болып шығады. Мотивация жүйесінің екі принципі 
бар: 
1)
тек материалдық жағдайға емес, қызметкерге тиесілі 
барлық қажеттіліктердің типтері мен түрлерінің барлығына 
бағдарлануы; 
2)
әрбір атқарушының қорытынды нәтижеге нақты үлесін 
баламалы бағалау және осы үлеске сай ынталандыруды қам-
тамасыз ету. 
Екінші принцип ұйымдастыру құралдарын қолдануға, ал 
біріншісі тұлға мотивациясының құрылымы туралы психоло-
гиялық түсініктерге тұрақтанады. Сондықтан мотивация барлық 
басқару қызметінің ішінде «психологиялық» ретінде қарас-
тырылады. Бұл – 
басқарудың
 
практикалық
 
психологиясы

Мотивация қызметінің мәні – жоғарыда көрсетілген екі прин-
ципті қанағаттандыратын жүйе жасау. Тұлғаның мотивация 
әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін материал-
дық мотивация мен ынталандыруды дараландыру қате болып 
табылады. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану үшін жетекші оның 
қандай факторлардың негізгі категорияларынан тұратынын 
білуге тиіс. 
Мотивация
жалпыпсихологиялық тұрғыда – іс-


68 
әрекетке саналы түрдегі ішкі ұмтылысы. «Мотивация саласы» 
ұғымымен тұлға белсенділігінің барлық ынталану көздері бі-
рігіп, оған келесі компоненттер кіреді: тұлғаның қажеттіліктері, 
мүдделері, ұмтылыстары, сенімдері, ынталандырулары, идеал-
дары, сондай-ақ мінез-құлықтың әлеуметтік рөлдері, норма-
лары, ережелері, стереотиптері, өмірлік құндылықтары мен 
мақсаттары, тұтастай алғандағы дүниетанымдық бағдарлануы. 
Бұл жіктеме негізгі болғанымен, жалғыз емес. Қажеттіліктер 
басқа негіздер бойынша да сипатталады: туа біткен және қа-
былданған, бірінші және екінші, нәтижелі және процессуалды, 
т.б. қажеттіліктердің типтерінің алуан түрлілігі солардың не-
гізінде қалыптасатын мотивация күрделілігін анықтайды, демек 
мотивация саласына қажеттіліктің әртүрлі санаттарын «қоса» 
отырып, әсер етуге болады. Психологияда мінез-құлық пен іс-
әрекеттің жартылай мотивациялық ұғымы бар. Әртүрлі моти-
вациялар арасында оң (позитивті) және теріс (негативті) сипат-
тағы қатынастар қалыптасуы мүмкін, сондықтан олардың атқа-
рушыға ықпал ету әсерінен келісіп алу қажеттігі туындайды. 
Атқарушы
 
іс
-
әрекеттің
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет