Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет28/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

еңбекті
 
байыту
 
бағдарламасының
пайда 
болуы Ф. Херцберг теориясының нәтижесі болып шықты. Бұл 
еңбекті атқарушыға өз жұмысының маңыздылығы мен күрде-
лілігін, шешім қабылдауда тәуелсіздігін, тапсырма үшін жауап-
кершілігін сезінуге мүмкіндік беретін ұйымдасу. 
Х, Y, Z теориялары, сондай-ақ Ф. Херцберг тұжырымдамасы 
атқару іс-әрекетінің мотивация мазмұнын сипаттауға бағыттал-
ған, сондықтан да олар мотивация қызметін талдау үшін сон-
шалықты маңызды. 
Мотивация
 
қызметін
 
жүзеге
 
асыру
 
 
Мотивация қызметін ұйымдастыруды екі: 
кешенді
-
әдістеме
-
лік
 
және 
бейімдік
-
ұйымдастырушылық
тұрғыда жүзеге асыруға 
болады. 
Кешенді
-
әдістемелік
жұмыстың мотивация әлеуетін арттыру 
төрт негізгі топтан тұрады: 
1)
экономикалық әдістер; 
2)
мақсаттық әдіс; 
3)
жұмысты жобалау және қайта жобалау әдісі (еңбекті 
байыту); 
4)
«партисипативтік әдіс» (қызметкерді тарту әдісі). 
Экономикалық
 
әдістер
жұмыс үшін материалдық ынталан-
дыруды ұйымдастырудың негіз түзуші принциптер жүйесіне 
негізделген. Оларды Д. Синк былай тұжырымдаған: 
1)
атқарушылар мен жетекшілік арасындағы ынталандыру 
жүйесін ұйымдастырудың жалпы ережелері бойынша коммуни-
кация және келісім; 


71 
2)
жұмысты әділ бағалау; 
3)
марапаттау нәтижелілікке байланысты; 
4)
бәсекелестік емес, ынтымақтастық атмосферасын туғызу
5)
жұмысқа кепілдік, т.б. 
Мотивацияның тағы да үш жалпы «экономикалық ережесі» 
бар: 
1.
Сыйақы көлемі еңбекақының 30 пайызынан кем емес. 
2.
Экономикалық әдістер тиімділігі, олардың әлеуметтік-
психологиялық әдістермен сабақтасуы кезінде күрт өсуі. Мы-
салы, сыйақыны көпшіліктің алдында тапсыру. 
3.
«Шалғай материалдық пайданың» қателіктерінен қашқақ-
тау (зейнетақы қорына жарна аудару ағымдық мотивацияға 
ықпал етпейді). 
Мақсаттық әдіс екі маңызды психологиялық заңдылыққа 
негізделеді: 
1.
Мақсаттарға нақты форма беріледі, бұл мотивацияның 
артуына соқтырады. Психологияда субъективті қабылданған 
мақсаттың болуы мінез-құлықтың маңызды және дербес мо-
тивациясы болып есептеледі. Мұндай мақсат «квазиқажеттілік» 
ұғымымен белгіленеді. 
2.
Қиын мақсаттар жеңіл қол жететіндермен салыстырғанда 
үлкен мотивациялы күшке ие болады. Бұл, психологиялық тұр-
ғыдан, қиын мақсат адамның өз мүмкіндіктері мен өзінің мән-
ділігін өзі бағалауын арттырады деп түсіндіреді. 
Жетекшілік атқарушылар алдындағы төмендегідей мақсат-
тарын тұжырымдайды: 
1)
мақсаттардың өлшемділігі; 
2)
жұмыс нәтижелерін белгілеу; 
3)
дәл мерзімдер; 
4)
еңбек өнімділігінің өсу мүмкіндігіне зейінді шоғырлан-
дыру; 
5)
атқарушылар үшін әлеуетті ынталандырулар; 
6)
ұйымды қолдау; 
7)
бақылау; 
8)
мақсатқа жауапты тұлғалар; 
9)
мақсатқа қол жеткізу нәтижелерінің айқындығы, баға-
лануы, т.б. 


72 
Жұмыстарды
 
жобалау
 
және
 
қайта
 
жобалау
 
әдісі
(еңбекті 
байыту). Жобалау мен қайта жобалаудың мақсаты мотивацияны 
жетілдіру жолымен арттыру. Қайта жобалау адамның өз жұмы-
сына деген қатынасын оң қатынастарға өзгертеді, мотивация 
мен еңбек тиімділігін арттырады. Мұндағы басты ереже – 
қызметкерді жұмысты жобалауға тарту. Осы әдістің негізінде 
еңбекті «кеңейтудің» (байытудың) психологиялық заңдылық-
тарын ескеру қажет. Жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы, 
оған гигиена факторларының, әсіресе мотив-факторлардың 
толық жиынтығын енгізетіндей етіп өзгереді. Мотивацияға қа-
тысты жұмыстың негізгі сипаттары: 
1)
нәтижеге жауапкершілік; 
2)
жетістіктер: қызметкердің маңызды жұмыс атқарып 
отырмын деген сенімділігі; 
3)
ресурстарды бақылау; 
4)
кері байланыс: жұмыс нәтижелері туралы ақпарат; 
5)
кәсіби өсу мүмкіндігі; 
6)
қызметкерді еңбек жағдайлары барысында бақылау. 
Д. Хакмэн және Г. Олдхэмнің тұжырымдамасын байытудың 
басқа вариантына сәйкес, келесі ерекшеліктерге, яғни алуантүр-
лілікке, мәнділікке, аяқтауға, дербестікке, психологиялық ком-
фортқа, жеке және кәсіби өсу мүмкіндігіне, антимотиватор-
лардың болмауына ие еңбек қана жоғары білікті болып есеп-
телінеді. 
Қызметкерлерді
 
тарту
 
әдісі
– қызметкерлерді еңбек про-
цесін ұйымдастыруға және оларды басқаруға қауымдастыру. 
Атқарушы басқару әсерлерінің пассивті объектісінен белсенді 
қатысушыға – басқару субъектісіне айналады. Шығармашылық 
белсенділік, құлшыныс қанат жаяды, жауапкершілік пен мотив 
артады. Бұл – психологияда «еңбек субъектісінің әлеуетін жі-
бітудің» ерекше құбылысы деп аталады. Бұл әдістің тиімділігі 
жалпы идеология ретінде қолданылатын жапондық менедж-
менттің көшбасшылық жағдайына сәйкес келіп, келесі шарт-
тарды сақтау талап етіледі: 
1)
мәселені шешу кезіндегі қызметкердің дауыс құқығы; 
2)
келісімді іздеу; 
3)
жеке және ұжымдық ақылды қолдану; 


73 
4)
шешімді бірлесе қабылдау; 
5)
құқықтарды делегациялау; 
6)
мәселелерді айқындау және іс-әрекетті анықтау
7)
тиісті шарттар мен жағдайлар (туғызу); 
8)
ынтымақтастықты жақсартуға арналған механизм. 
Мотивация қызметін жүзеге асыруға 
бейімдік
-
ұйымдасты
-
рушылық
жоғарыда қарастырылғаннан шартты түрде ғана 
бөлінуі мүмкін, өйткені көбінесе мотивация туғызатын сол әдіс-
тер мен принциптерді қолданады. Оның ерекшелігі, мотивация-
лық әсерлер жүйесі еңбек іс-әрекетінің негізгілері бойынша 
жұмысқа қабылдау және кәсіби бейімделуден қызметі аяқтал-
ғанға дейін таратылатынында. Мотивация қызметінің қарасты-
рылған аспектілерінің әдістері мен жүзеге асыру формаларының 
барлығы оның бүкіл мазмұнын емес, тек нақты негізін құрайды. 
Ол жанама түрде болса да, басқа басқару қызметтерінің барлы-
ғының барысында жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет