Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет29/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

2.8 Коммуникативтік қызмет 
Ұйым бөлімшелері мен жекелеген мүшелерінің іс-әрекетін 
жалпы мақсатқа жету үшін үнемі үйлестіру қажеттігі басқару 
іс-әрекеті мәнінің өзімен байланысқан. Бұл үйлестіру әртүрлі 
формасында, ең алдымен коммуникация барысында, яғни 
ұйым мүшелерінің алуан түрлі түйісулері арқылы жүзеге асы-
рылады. Ұйымның ішінде жүріп жатқанның барлығы комму-
никативтік процестермен байланысқан. Сондықтан да олар 
оның тұтастығы мен қызмет етуін қамтамасыз етудің негізгі 
құралдары болып табылады. Жетекші іс-әрекетінде коммуни-
кация қызметі ерекше рөл атқарады. Ол басқарудың басқа 
барлық қызметтерін жүзеге асыру мен өзара үйлестіру құралы 
ретінде болады. Сондықтан бұл қызмет шешім қабылдау қыз-
метімен қатар ұйымдағы 
байланыстырушы
 
процесс
ретінде 
қарастырылады. 
Жалпы тұрғыдан коммуникация – бұл адамдар немесе адам-
дар топтары арасындағы кез келген ақпарат алмасуы, ол өзара 
түсіністікке алып келу немесе келмеуіне тәуелді емес. 


74 
«Коммуникация» ұғымына енгізілетін құбылыстар мен про-
цестердің алуан түрлілігіне байланысты, оны құрылымдау және 
жетекші іс-әрекетінің мазмұнын сипаттауға арналған сандағы ең 
маңызды аспектілерді айқындау қажеттігі туындайды: 
1)
Коммуникация жалпы құбылыс ретінде; 
2)
Коммуникация жетекшінің атқарушылармен және ұйым 
бөлімшелерімен тікелей байланыс тәжірибесі ретінде; 
3)
Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде. 
Бұл аспектілердің әрқайсысы 
нормативтік
-
ұйымдасты
-
рушылық
және 
субъектілік
-
психологиялық
жоспарлардан тұ-
рады. Біріншісі оңтайлы коммуникативтік процесс құрылы-
мымен байланысқан. Екіншісі «коммуниканттардың» психоло-
гиялық ерекшеліктерінің осы қызметке үлкен ықпалын көрсе-
теді және оның маңызды деген, соның ішінде тиімділікке бөгет 
болатын маңызды сипаттарын түсіндіреді. Коммуникативтік 
қызмет ұғымы өзіндік үш психологиялық аспектіден тұрады: 
жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы, оның іс-әрекетінің 
коммуникативтік құбылыстары мен процестері. 
Келесі бағыттар коммуникативтік қызмет мазмұнын си-
паттайды: 

бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау; 

коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау; 

коммуникация үдерісінің құрылымдық компоненттері мен 
кезеңдерін анықтау; 

осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау; 

«барьерлерді (кедергілерді)» талдау (сипатты қателіктер 
мен қиындықтар); 

коммуникативтік қызметін оңтайландыруға арналған не-
гізгі талаптарды сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі). 
Жетекшінің коммуникациялық қызметінің негізгі міндеті – 
ұйым ішінде оның бөлімшелері арасындағы және сыртқы орта-
мен ақпараттың оңтайлы алмасуын қамтамасыз ету. 
Оңтай
-
лылық
 
көрсеткіші
– қолданыстағы коммуникация желісінің 
ұйымның жалпы мақсаттарына жетуге қолдау көрсетуінің 
нәтижесі. Коммуникациялар тиімділігі үшін 
мақсаттың
айқын 
тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы
бөлімшелер жұмысының белгілі бір түрлері мен нормативте- 


75 
рін реттейтін мүшеленген жоспар; дұрыс таңдалған 
ұйым
 
типі

бақылаудың
тиімді жүйесі қажет. Коммуникациялық қызмет- 
тің ерекшелігіне, басқарудың басқа қызметтерінің барлығы, 
яғни мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау оны жү-
зеге асыру құралдары болып табылатынын көрсетеді. Мұны 
жетекшінің бүкіл жұмыс уақытының 50-90 пайызы осы ком-
муникациялармен толатыны туралы мәліметтер растайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет