Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет25/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Басқару
 
шешімдерінің
 
ұйымдастырушылық
 
факторлары
 
 
Ұйымның ішкі және сыртқы орталарының негізгі өлшем-
дері басқару шешімдерінің факторлары ұғымымен анық- 
талады. Бұл факторлардың жиынтығы күрделілігімен және 


63 
алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол ұйымдық жүйелердің 
социотехникалық
типімен және олардың сыртқы ортадағы-
лармен өзара іс-әрекет формаларының көптігімен шартталған. 
Бас-қару теориясында ортаның осы қызметтің жүзеге асуына 
ең ықпал ететін үш интегралды өлшемі бар екені туралы ұғым 
қалыптасты. Бұл – шешім қабылдау ортасының айқынсыздығы, 
күрделілігі және серпінділігі (динамикалылығы). 
Басты өлшем
айқынсыздық
– басқаруда баламаны таңдау 
үшін релевантты ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл – туындайтын 
мәселелерге мазмұны бойынша негізделген шешім шығару үшін 
қажетті ақпарат. Айқынсыздықтың туындауының көптеген се-
бептері бар. Олардың негізгілері: ақпарат тапшылығы және 
оның артық болуы.
Шешім қабылдау ортасының күрделілігі – ескерілуі, өзара 
тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі ескерілуге тиіс фактор-
ларының көп түрлілігі. 
Шешім қабылдау ортасының серпінділігі деп ішкі және 
сыртқы – ұйымдық факторлардың өзгеру дәрежесін айтады, 
сондықтан кез келген басқару шешімі диагностикалық та, прог-
ностикалық та болуға тиіс.
Осы интегралдық үш өлшем синхронды әсер етеді, бұл 
шешім қабылдау қызметінің жүзеге асуын күрделендіреді. Бі-
рақ осымен бірге бұл өлшемдер әрбір нақты жағдайда әртүрлі 
дәрежеде айқындала отырып, осы қызметтің жүзеге асу шарт-
тарының сабақтастықтағы толық көрінісін береді. 
Осы жалпы өлшемдермен қатар тағы да бір маңызды, 
ерекше өлшем: ортаның 
дау
-
жанжалдық
дәрежесі бар. Басқару 
шешімдері сондықтан да бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие, 
солардың маңыздысы – компромистік. 
Басқаруда
 
шешім
 
қабылдау
 
процесінің
 
нормативтік
 
құрылымы
 
 
Басқару теориясында шешімдер жасаудың нормативтік про-
цесін сипаттаудың бірқатар тәсілдері бар. 
Процессуалдық
 
инвариант
– шешім қабылдау кезеңдерінің 
жалпы тізбектілігі. 
Мәселелік
 
жағдайды
 
анықтау
 
– содан ше-


64 
шім қабылдау қызметін жүзеге асыру арқылы шығуды білдіре-
ді. Бұл – жағдайды айқындау (диагностика), оның аймақтарын 
іс-әрекеттің басқа жақтарымен өзара байланысын анықтау,
оның мазмұнының, басты қарама-қайшылықтарының сипат-
тамасы және сондағы болжау шешімдерінің мақсаттарын
қою. 
Мәселелік
 
жағдай
 
мазмұнын
 
талдау
.
Мұнда үш аспект бар: 
1.
Жағдайдың айқынсыздығын және бақылау үшін жеткілік-
тілігін азайту мақсатында ақпараттық талдау. 
2.
Мәселе туындататын «шектеуші факторларды» анықтау. 
3.
Нұсқалардың біреуін таңдау негізіне жатқызылатын ше-
шім көрсеткіштерін тұжырымдау. 
Баламалы
 
тұжырымдау
– мәселелік жағдайдан жаңа мүмкін 
шығуларды іздеу мен генерациялау. 
Тұжырымдалған көрсеткіштер жүйесі бойынша және іс-әре-
кеттің негізгі мақсаттарына сәйкес баламалы бағалау 
«
баламалы
 
салмақтау
»
кезеңі деп аталады.
Баламалы
 
таңдау
 
– басқару шешімінің нормативтік процесс 
құрылымындағы негізгі кезең, өйткені онда басты қадам жаса-
лады, шешім қабылдау жүзеге асырылады. Оның тиімді шешім-
дер қабылдау теориясында тұжырымдалған басты нормативтік 
принциптерді баламалы үлкен интегралдық «тиімділікпен» таң-
дау болып табылады. 
Қабылданған
 
шешімді
 
жүзеге
 
асыру
. Бұл іс-әрекеттің ерек-
шелік сипаты – қабылданатын және жүзеге асырылатын шешім-
дердің дәл келмеуі. 
Басқару
 
шешімдерінің
 
типологиясы
 
және
 
оларға
 
қойылатын
 
нормативтік
 
талаптар
 
 
Басқару шешімдерінде жалпы қасиет бар – бұл 
полиморфизм
(басқару шешімдерін қабылдау процесін жүзеге асырудың 
әртүрлі кластарының, түрлерінің, типтері мен формаларының 
көптігі). Шешім қабылдау қызметі таңдау процесінің полимор-
физмінің арқасында ғана мүмкін болып шығады.
«Ұйымдастырушылық шешім» ұғымы басқарушылық ше-
шімдердің бүкіл жүйесін сипаттау үшін шешуші мәнге ие. Оның 


65 
жинақтаушы сипаты бар және өзімен жетекшінің қызметтік 
мәртебесіне байланысты нормативтік-сілтемелік шешімдердің 
бүкіл кешенін анықтайды. Жетекші қабылдауға мәжбүр болатын 
нормативтік емес шешімдердің орасан көптігі өте зор, бірақ 
жанама түрде болса да оның іс-әрекетінің тиімділігіне және бү-
кіл ұйымның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасына ықпал 
етеді. 
Г. Саймон ұйымдастырушылық шешімдерді екі негізгі 
санатқа бағдарламаланған және бағдарламаланбаған деп бөлуді 
ұсынды. Бұл екі «таза» тип қазіргі кезде континуумның по-
люстері ретінде қарастырылады, ал басқару тәжірибесінде 
көбінесе құрама шешімдер кездеседі [39]. 
Нормативтік шешімдер сондай-ақ оларды түрлерге бөлу 
белгісі бойынша, басқарудың қандай қызметін жүзеге асыру- 
ға байланысты екендігіне қарай жіктеледі, яғни мақсаттық, бол-
жамдық, жоспарлық, мотивациялық, бақылаулық, ұйымдас- 
тырушылық, түзетулік, өндірістік-технологиялық қызметтер- 
ге байланысты. Мұндай бөлу нақты түрде басқаруды таңдау 
процестерінің негізгі санаттарының анықтамасы болып табы- 
лады. 
Таңдау процестерінде басқару шешімдері бастапқы дерексіз 
жағдайы бойынша құрылымданған және құрылымданбаған 
(«жақсы анықталған» және «нашар анықталған») болып бөлі-
неді. Олар үш негізгі белгі бойынша айырмаланады: субъект 
шешім үшін қажетті ақпаратқа ие.
Осы жүктемеге байланысты басқару шешімдері 
детерми
-
нистік
және 
ықтималдық
болып бөлінеді. Біріншілері құры-
лымданған жағдайларда орын алады. Оларды нормативтік про-
цедураларға дайындау кезінде қолдану және тәуекел элемент-
терін олардың процесінен барынша алып тастауға ұмтылу тән 
болады. Екіншілері «жұмсақ», жасаудың нормативтік емес про-
цедураларын және интуитивтік құралдарды қолданумен си-
патталады, олар тәуекелді шешімнің қажетті өлшемі ретінде 
қарастырады. 
Психологиялық шешімге негізделетін жіктеме шешімдердің 
үш типінен тұрады: интуитивтік, пікірлерге негізделген және 
инновациялық. 


66 
Инновациялық белгілері бойынша шешім қабылдау түр-
лерінің жіктемесі: майда тірлікті, селективтік, бейімделушілік, 
инновациялық. 
Мазмұндық белгісі бойынша тыйым салу, рұқсат ету және 
сындарлы шешімдер болады. 
Басқару шешімдері формаларының ең қорытушы типоло-
гиясы – оларды екі санатқа бөлу, яғни 
жекелей
 
және 
алқалық

Басқару шешімдері стратегияның алқалық шешімдерінде 
қолданылуына байланысты да жіктеледі: мажоритарлы (қара-
пайым көпшілік стратегиясы); консенсус және «байламды таң-
дау» стратегиялары. 
Қорытындысында бұл жіктемелердің барлығы бірін-бірі 
өзара толықтырады. Басқару шешімдерінің қарастырылған бар-
лық типтеріне «жақсы шешім белгілері» деп есептелетін бір-
қатар нормативтік талаптар қойылады. Олардың әлдеқайда 
әмбебаптарын тізіп шығамыз. 
Шешімнің
 
тиімділігі
. Егер қабылданған балама барынша 
мүмкін болатындардың ең негізгісі болса, онда басқару іс-
әрекетінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін. 
Шешімдердің негізделуі, уақытылығы, жүзеге асырылуы 
(орындалуы), нақтылығы мен реттелуі, қаттылық пен икемді-
ліктің сабақтастығы шешім қабылдауда «шектеу факторы» 
принципінің сақталуында. 
Шешім қабылдау процесі басқару теориясындағы орталық 
пункт болып табылады, шешім қабылдау әдістері – оның ең 
жетілген, ресмиленген тарауы. Қазіргі кезде ол математикалық 
аппаратта, жүйелік талдауда, операциялар теориясы мен басқа 
да нормативтік пәндерде орнығатын арнайы бағытта рәсімделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет