Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет88/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Менеджерлік
 
сипаттамалар
 
 
Менеджерлік сипаттамалар индивидтің қабілеттер функция-
сы ретінде болатын, бірақ олар бола алмайтын қасиеттері болып 
табылады. Олардың негізгілері болатындар:
1. 
Жасерекшелігі
 
факторы
. Жетекшінің жасы мен иерархия-
лық деңгейі арасында байланыс бар. Кәсіби тәжірибенің бай-
лығы ересек жастың функциясы болып табылады. Карьералық 
жылжу жасқа пропорционал. Жас өскен сайын басқарудың өнім-
ді әдістері күшейеді, ал репродуктивті (өнімсіз) әдістері кері-
сінше болады. Жетекшілік стилі қатаңданады. Басқару іс-әре-
кетінің тиімділігі серпінінің жалпы ағымы – позитивті.
2. 
Жыныстық
 
фактор
. Басқарудың қазіргі кездегі психоло-
гиясы – бұл «ер-жетекшілер психологиясы», бірақ әйел-жетекші 


216 
соңғы уақытта зерттеушілер зейінін көбірек тартуда, ерлер бас-
қарудың бір мәселелерін, әйелдер екіншілерін жақсы шешеді, 
дегенмен, жалпы алғанда, ерлер басымдыққа ие.
3. 
Мәдени
 
білім
 
беру
 
деңгейінің
 
факторы
басқару іс-әрекеті 
тиімділігімен тура позитивтік байланыста.
4. 
Әлеуметтік
-
экономикалық
 
мәртебе
 
факторы
. Егер адам 
компанияға иелік ететін компанияда дүниеге келсе, бұл Ф. Фидлер 
атап көрсеткендей, оның президенті болу үшін ең сенімді тә- 
сіл. 
Тиімді менеджердің сипаттамаларының екінші тобы – қабі-
леттер функциясында болатын тұлғалық сапалар. Бұл сапаларды 
3500-ден астам зерттеу мәліметтерін қорытатын М. Стогдила-
ның еңбегі ең танымал. Ол төмендегідей басты менеджерлік 
сапаларды атап көрсетеді: доминанттылық, өзіне деген сенім-
ділік, эмоционалдық тұрақтылық, күйзеліске тұрақтылық, креа-
тивтілік, жетістіктерге ұмтылыс, кәсіпкерлік, жауапкершілік, се-
німділік, тұлғаның тәуелсіздігі, ашықтық, социобелділік (тұлға-
аралық байланысты тұрғызу шеберлігі және ауқымды әлеумет-
тік түйісулер орнату қажеттілігі). 
Бұл сапалар мен сипаттамалардың барлығы табысты басқару 
іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті қабілеттердің бүкіл 
тізімін тауыса алмайды. Басқару теориясында осы сияқты ті-
зімдер көп. Зерттеулердің бірі менеджерлік сипаттамалардың 
келесі жиынтығын келтіреді: 
А

Мінез
-
құлықтың
 
концептуалдық
 
қабілеттері
 
мен
 
стан
-
дарттары

1. Көзқарастар ауқымдылығы, аса ауқымды тәсіл.
2. Ұзақ мерзімді болжау, икемділік.
3. Қуаттылық, бастамашылық және шешімділік (соның ішін-
де тәуекелдік жағдайында). 
4. Табанды жұмыс және тұрақты оқу, білім. 
Ә

Тұлғалық
 
сапалар

5. Мақсаттар мен бағдарды нақты тұжырымдау. 
6. Өзге пікірді тыңдауға дайындық. 
7. Менменсіздік, құмарсыздық, бейқамдық. 
8. Қызметкерлерді дұрыс орналастыру, адал санкциялар. 
9. Жеке бастың әдемілігі. 


217 
10. Ұжым және ондағы үйлесімді құра білу шеберлігі. 
11. Денсаулық. 
Америкалық менеджменттің «7М» ережесінде: жетекші жеті 
«М» жауап береді. Бұлар тек (адамдар) method (әдістер), money 
(ақша), mushіness (машиналар), materіals (материалдар), marketіng 
(сату), management (басқару). 
Басқарулық қабілеттердің синтетикалығы олардың екінші 
санатын талдау кезінде күштірек байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет