Ләйлек шелпек (орыс. лайлек шелпек, ағылшын. laylek shelpek) – беті алынбаған сүтке илеп, жұқа жайып, жұқа етіп қуырған дөңгелек шелпек.
Лимон торты (орыс. торт с лимоном, ағылшын. cake with lemon) – жұмыртқаның сары уызы бұлғанып, оған біртіндеп қант ұлпасы, ұн, сода және лимон қабығының үгіндісі қосылады. Шыққан қоспа жұмыртқаның бұлғанған ақ уызымен араластырылады. Қамыр майланып, кепкен нан ұлпасы себілген қалыпқа салынады да, орташа температурада 25 минут пісіріледі. Торт аласа болмау үшін 20 сантиметрден аспайтын қалып алған дұрыс. Торт салқындатылып үшке бөлінеді. Жұмыртқаның ақ уызы шайқалып, оған қант ұлпасы бұлғана отырып, лимон сөлі мен лимонның үгілген қабығы қосылады. Май ағарғанша бұлғанып, жұмыртқаның ақ уызымен араластырылады. Осы креммен торттың арасы майланады, бетіне және жиегіне глазурь (20 минут бойы жұмыртқаның ақ уызы мен қант ұлпасына біртіндеп лимон сөлін қоса отырып бұлғанады) жағылады. Содан соң торт сөндірілген жылы пешке 10 минут қойылады.