Қаттама «тілдер» (орыс.слоеные язычки, ағылшын. puff tabs) – бүктемеге арналғандай қаттама қамыр иленіп, қалыңдау етіліп жайылады да, стаканмен дөңгелек күлшелер кесіледі. Әрбір күлшеге қант себіліп, оқтаумен тіл секілдендіріп жайылады. Күлшенің қалыңдығы 0,5 см болуы керек. 260-2800 С температурада «тілдің» бетіндегі қант ерігенше пісіріледі.
Қаусырма (орыс. пирог, ағылшын.pie) – ортасына әр түрлі құрамдағы қоспа салынған қамырдан пісірілген тағам; ашыған қамырдан әр түрлі салма салып әзірленген жабық немесе жартылай жабық (тәтті тағам).