Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Қолдама (орыс.колдама, ағылшын. koldama)



бет57/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Қолдама (орыс.колдама, ағылшын. koldama) – нан арнайы дәм-тұзын татымды етіп сүтке, кейде жұмыртқа қосқан сүтке, сорпаға иленеді де, үстелге салып, бармақпен ширата жұқартып түйіршіктейді. Сорпаға пісіріледі.
Қонақ көже (орыс. конак коже, ағылшын. konak kozhe) – қонақ көжеге дайын тарының сөгін сорпаға, сүтке қайнатып, біраз бұқтырып қояды. Осылайша бөктірілген дәндер сорпаның қолданылуына мүмкіндік береді.
Қиықша шелпек (орыс.киыкша шелпек, ағылшын. kiyksha shelpek) – қант, жұмыртқа қосып, сүтке илеп, жұқа жазылған, бетіне жұмарша, төрткүл өрнектерін басып, қиықшалап кескен шелпек.


Құймақ (орыс. блины, ағылшын. pancakes) – қышқыл жұмсақ қамырдан әзірленетін шағын, қалың, майға қуырылатын тағам; жайма құймақтың шағын күлше бітімдес түрі. Құймақ қамыры суға немесе сүтке езіледі, ашытқысы молдау, жайма құймаққа қарағанда қамыры қоюлау, қасықпен жеңіл алынады. Қамырды жұмыртқамен май қоса отырып екі рет көтерілуге қояды. Құйылып тұратын осы қамырдың қуырылатын майы да жайма құймақпен салыстырғанда молдау. Дайын құймақтың қалыңдығы – 5-6 мм. Құймақты дастарқанға қаймақпен, тосаппен, балмен қояды.


Құйрық май қосылған таба нан (орыс. куйрык косылган таба нан, ағылшын. kuyryk kosylgan taba nan) – қатты иленген қамырға май салынып, нан табаға салынғаннан соң, бармақпен әр жерінен тесіп, сол жерге құйрық май салынып, майланып әрі қыздырылған табаға отқа салып пісірілген нан.
Мұндай нан ерекше хош иісті әрі өте дәмді келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет