Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Қатырмаш (орыс.сухарик, ағылшын. cracker)



бет54/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102
Қатырмаш (орыс.сухарик, ағылшын. cracker) – қатырлақ етіп пісірілген жұқа нан.


Қара бидай наны (орыс.черный хлеб, ағылшын brown bread.) – қара бидай ұнынан пісірілген нан.


Қамыр (орыс.тесто, ағылшын. dough) – суға, сүтке иленген ұн, шикі нан.


Қатқабат шелпек (орыс. каткабат шелпек, ағылшын. katkabat shelpek) – пісіріп алған шелпектің арасына шелпектің арасына қарақаттың қағын орап тамақ жасайды. Кейде оны қақ ораған шелпек деп те атайды.


Қабарған шелпек (орыс.кабарган шелпек, ағылшын. kabargan shelpek) – ашыған қамырдан пісірген шелпек, дөңгелек, созбаларды да осылай атайды.


Қара көже (орыс. кара коже, ағылшын. kara kozhe) – қуырылған бидай талқанын сүтке қайнатып жасалынады.


Қаттама-бантиктер(орыс.слоеные бантики, ағылшын. puff bows) – бүктемедегідей дайындалған қамырдан қалыңдығы 0,5 см етіліп жайылып, ені 3-4 см, ұзындығы 6-7 см жолақтарға кесіледі. Жолақтардың ортасы тілініп, екі бөлігі де бұралады. Сонда бантик пайда болады. Олар суланған табаға орналастырылып, қант ұлпасы себеленеді. 240-2600 С температурада 20-25 минутта дайын болады.


Қаттама қамырдан пісірілген бүктеме (орыс.пирожки из слоеный тестой, ағылшын. pies of flaky pastry) – үн үстел үстіне еленіп, 2,5 кесе ұннан су мен жұмыртқаға, бірнеше тамшы лимон қышқылы мен тұз қосылып, қамыр иленеді. Беті орамалмен жабылып, 10-15 минут қоя тұрылады да, қалыңдығы 1-1,5 см етіп жайылады. Қамырдың ортасына ұнмен (қалған жарты кесе) жентектелген сары май салынып, тегістеледі. Қамыр конверт тәрізді етіп жапсырылады да, оқтаумен конвертті абайлап, қалыңдығы 1см, ені 20-25см етіп жайылады. Содан соң ұн себілген тақтайға төрт бүктеп 30-40 минут салқынға шығарылады. Салқындаған қамыр да әлгіндей жайылып, төрт бүктеліп, тағы да салқынға шығарылды. Бұл процесс үшінші рет те қайталанылады, қамыр жайылады. Содан соң ені 5-6 см жолақтарға кесіледі. Жолақтың ұзындығы ол салынатын еталл табамен бірдей болғаны жөн. Қалған қамыр ширатылып, жолақтың жиегіне жұмыртқа жағылып жабыстырылады. Жолақтың үстіне көкнәр қоспасы (қант қосылып, жұм ыртқаның ақ уызымен көпіргенше бұлғанған) салынады. 220-230° С температурада пісіріледі. Дайын болған соң салқындатылып, төртбұрыштап кесіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет