Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Қазанжаппай (орыс. казанжаппай, хлеб испеченный в казане, ағылшын. kazanzhappay, bread baked in a cauldron)



бет50/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Қазанжаппай (орыс. казанжаппай, хлеб испеченный в казане, ағылшын. kazanzhappay, bread baked in a cauldron) – қазанжаппай жабылатын қамыр да таба нанның қамырындай ашытылады. Қамыр көтеріле бастағанда-ақ ауладағы немесе жазғы ас үйдегі ошаққа (табылса сексеуіл, табылмаса тезек қолданып) от тұтатылады. Әрине, отын төресі сексеуіл-шоғына кез келген тағам тез піседі.
Өйткені оның қызуына басқа ешқандай отын тең келе алмайды. Сонымен тезек немесе сексеуіл әбден жанып болып, қызарып шоғы қалғанша қамыр да бабына келеді. Содан соң қазан тұтас қазан болмаса, жарты қазан да жарай береді шоққа төңкерілген күйінде ұсталып қыздырылады да, ішкі жағы түгел майланады. Сөйтіп, дайын қамыр қалыңдығы бір еліге жетер жетпес етіліп, тұтас жайылады. Қамыр қазанға толық жабысуға тиіс. Арасында ауа қалса немесе дұрыс жабыспаса қазан төңкерілген кезде қамыр түсіп қалады. Қамыр түгел жабыстырылып болғаннан кейін оның беті бес саусақтың ұшымен түгел тесіледі. Ол тесіктердің қамыр оттың қызуымен көтерілген кезде ізі ғана қалады. Бұл жұмыстардың бәрін 5-10 минуттың ішінде бітіру керек. Өйткені бұл уақытта қызарған шоқ қоламтаға айналады. Осы қоламта ошақтың аузына қарай ысырылып, біркелкі етіп жайылады да үстіне қамыр жапсырылған қазан төңкеріледі. Оның ошақтың аузын түгел жауып жатуы тиіс. Сөйтіп шамамен, 25 минутта қазанжаппай пісіп те болды. Піскен қазанжаппайдың беті қызғылт тартып тұрады. Содан кейін қазан ошақтан алынып, қазанжаппай аспаздың қалауынша түрлі формада төртбұрыштап, үшбұрыштап, қиықшалап т.б. өткір пышақпен кесіледі де, бетіне сары май немесе қаймақ жағылады. Қаймақ пен сары майды қазанжаппай кесілмей тұрып та жағуға болады.
Дастарқанға үлкен табақтарға салынып әкелінеді. Ол ыстық күйінде де, салқын күйінде де желінеді. Ыстық күйінде сары майға жаншып жеген қазанжаппайдан тәтті де дәмді де тағам жоқ.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет