Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Майшұрқан (орыс. майшуркан, ағылшын. mayshurkan)



бет64/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102
Майшұрқан (орыс. майшуркан, ағылшын. mayshurkan) – майшұрқан дайындалатын ең негізгі өнім – талқан. Оны дайындау үшін семіз ет, құйрық май, бүйрек, өкпе ұсақталып туралып сарымсақ қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Ет өнімдерін ет тартқышпен ұсақтауға да болады. Содан кейін қазанға салып пісіріледі де, үстіне тары талқаны салынып, езген құрт құйылады. Сөйтіп жақсылап араластырылады да, салқын жерге немесе тоңазытқышқа қойып тоңазытылады. Дастарқанға тостағанға немесе кесеге салынып әкелінеді.


Майлы сорпаға жібіткен сөк (орыс., ағылшын.) – сөк кеңдеу ыдысқа салынады. Үстіне қайнап жатқан ет сорпасының майы қалқып алынып, сөк толық балқып жататындай деңгейде құйылады. Ол аздық етсе сорпадан үстемелеуге болады. Майлы сорпа құйылғаннан кейін сөк салынған ыдыстың қақпағы 15-20 минуттай жауып қойылады. Содан соң тостағандарға салынып, дастарқанға әкелінеді.


Макарон өнімдері (итал. maccheroni) (орыс. макаронные изделия, ағылшын. pasta) – суға иленіп кептірілген (ылғалдылығы 13, 5%) бидай ұнынан дайындалған тамақ өнімі; өндірістік кәсіпорында өндіріледі. Кейде қамырға байытатын немесе дәм беретін заттар (жұмыртқа, сүт, көкөніс және т.б.) қосылады. Макарон өнімдерінің негізгі қасиеттері: ұзақ уақыт сақталады (бір жылдан артық), тағам жылдам дайындалады, қоректік құндылығы жоғары және ондағы қоректік заттар сіңімді.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет