Өрік салынған қаусарма (орыс. пирог из абрикоса, ағылшын. apricot cake) – жұмыртқаның сары уызы қантпен әбден көпіршігенше бұлғанып, жұмсартылған май мен қаймақ қосылады да, үздіксіз арастырыла отырып, сода қосылған үн себіледі. Иленген қамыр 20-30 минуттан соң 0,5 см қалыңдықта жайылады да, қалыпқа немесе табаның түбіне салынады. Жиегіне жұмыртқа жағылып, шеті көтеріледі. Тағам сарғайғанша пісіріледі де, тәрелкеге ауыстырылып, өрік қоспасы толтырылады. 4 жұмыртқаның ақ уызы мен қанттан белокты крем дайындалады, конус қалтаға құйылады. Күлше пісірілген қалыпқа майланған қағаз төселіп, тор секілдендіріліп белокты крем жүргізіледі. Пісірілген тор қалыптан алынып, қағаздан босатқан соң қаусырмаға орналастырылады да, бетіне қант ұлпасы себіледі.