Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Ө Өкпе-бауыр салынған бүктеме (орыс. пирожки из легкого и печени, ағылшын. pies made of lights and liver) –



бет71/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102
Ө

Өкпе-бауыр салынған бүктеме (орыс. пирожки из легкого и печени, ағылшын. pies made of lights and liver) – жылы сүтке немесе суға езілген ашытқы жоғары сортты бидай ұнына құйыла отырып, қамыр иленеді. 15-20 минут жылы жерге қойылады да, сәл көтеріледі. Содан соң үстіне жарылған шикі жұмыртқа құйылады, тұз, қант қосылады, тағы да араластырылып басылған қамыр көтерілуге қойылады. Өкпе әбден асып пісіріледі. Бауыр қуырылады. Екеуі қосылып, ет тартқышпен тартылады. Үстіне ұсақтап кесілген пияз қосылып, аздаған ақ тұздық құйылады. Бұрышталып, тұздалады да, ұн себіліп, бәрі жақсылап аралыстырады. Ашыған қамыр ұн себілген үстел үстіне салынады, күлшеленіп бөлінеді де, әрбір дөңгелектеніп жазылады. Осы күлшелердің ортасына әлгі өкпе- бауыр тұрамасы салынады, жиектері бүктеліп, шеттері жабыстырылады да, сопақша бітімге келтіріледі. Табаға өсімдік майы құйылып қыздырылады да, сол қайнай бастағанда бүгілген жағы астына қаратылған бүктеме салынып, аударыстырыла отырып, сырты қызарғанша қуырылады.

Өкпе-бауыр самсасы (орыс самса из легкого и печени, ағылшын. samsa made of lights and liver) – табаққа ұн үйіліп салынады. Дәл ортасынан воронка секілді етіп тесіледі. Сол жерге сары май салынып, ыстық тұз ерітіндісі құйылады Сөйтіп қамыр иленеді. Иленіп болғаннан кейін колбасаның жуандығындай етіп жұмырланады да, әр кесегі 100 грамнан келетіңдей етіп кесіледі. Олар күлшеленіп оқтаумен жазылады. Содан соң орталарына фарш салынады да, қамыр үшбұрышталып қаусырылады. Содан соң духовкаға немесе қуыру шкафына пісіріледі.
Фарш дайындау үшін өкпе, бауыр, жүрек суға асылып, суыған соң ет тартқышпен тартылады. Үстіне шала қуырылған пияз салынып, қуырылған ұнды ыстық ет сорпасына бұлғап дайындаған сұйық тұздық құйылады. Сөйтіп жақсылап араластырылады. Осы фарш салынып пісірілген самса ыстық күйінде желінеді.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет