Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


О Орама (орыс. орама, ағылшын. orama)



бет70/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
О

Орама (орыс. орама, ағылшын. orama) 1) Жаймаланған жұқа қамыр бетіне қоспалар салып оралып, суда қайнатып немесе буға пісіретін тағам; ішіне тартылған ет пен картоп салып, сопақша, домалақ етіп оралып пісірілетін тағам. Орама сөзі – қазақтың соңғы кезде шыққан тағамының бір түрі, ішіне туралған ет, картоп, пияз салынып буға пісірілетін тағам түрі.


Орамша ет (орыс. мясной рулет, ағылшын. meatloaf) ұнның үстіне сары май салынып, тұз езілген су құйылып біркелкі массаға айналғанша араластырылады да, қамыр иленеді. Содан соң 2.5-3 сағат ылғал орамалмен жауып тасталады. Ет әрбір кесегі 10-15 грамнан келетіндей етіліп туралады. Ол ұсақтап кесілген пиязбен, жауып, тазартылған күрішпен араластырылады да, тұздалып, бұрышталады. Бұған көбіне қой және киік еті пайдаланылады.
Алдын ала дайындалған табаға немесе формаға қалыңдығы 6-7 миллиметр етіліп, қамыр жайылады. Оның жиектері табаның немесе форманың кенересінен асып жатуға тиіс. Әлгі жайылған қамырдың ортасына фарш салынып, беті қалыңдығы әлгіндей бірақ диаметрі кіші қамырмен жабылады. Жиектері қаусырылып, жабыстырылады. Ортасына саңылау жасалынады. Ол қамыр тығынмен тығылады. Бетіне май жағылады да, ылғал қағазбен жабылып, қуыру шкафында 1-1,5 сағат қуырылады. Содан соң манағы қамыр тағын алынып, оның орнына сорпа құйылады да, жарты сағат тағы да қуыру шкафына қойылады.
Піскеннен кейін орамша ет деп аталатын бұл қаусырма әркімнің қалауынша әр түрлі мөлшерде кесіледі. Ол ыстықтай да, суықтай да желіне береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет