Салма нан (орыс. салма, ағылшын. salma nan) – ұн еленеді, үстіне шикі жұмыртқа жарылып құйылады. Содан соң тұз езіліп жылы су құя отырып қамыр иленеді. Иленген қамыр 10-15 минут беті жабылып қойылады. Осы уақыттан кейін иленген қамыр оқтаумен жазылады да, төртбұрыштап кесіледі. Қайнап жатқан тұзды суға немесе бұрыннан қалған сорпаға сол төртбұрыштап кесілген қамыр салынып пісіріледі. Ол бір-екі қайнағаннан кейін судың не сорпаның бетіне қалқып шығады. Осы кезде ол сүзіп алынып табаққа түсіріледі де үстіне сары май салынады. Дастарқанға ыстық күйінде әкелінеді.