Самса(орыс. салма, ағылшын. samsa) – жұқа жайылған қамырға майда ет пен пияз салып тандырда немесе тандыр шкафта пісірілетін тағам.
Сандвич (орыс. сандвич, ағылшын.sandwich) – бутербродтардың ағылшынша және қазіргі жалпыеуропалық атауы. Май жағылған, үстіне біржапырақ ет не балық еті салынған бір тілім нан. Салат, балдыркөк жапырағымен не тағы бір тілім нанмен жабылып беріледі. Казинодан ойынды үзіп түскі тамаққа кетпеу үшін ойлап шығарған лорд Сандвичтің атымен аталған.
Сары майға бұлғанған талқан (орыс. талкан со сливочном маслом, ағылшын. talkan with butter)– осы мақсатқа арналған талқанның үстіне сары май салынады да, талқанға май сіңгенше әбден бұлғанады. Әсіресе, қолдан піскен айранның майына бұлғанған талқан ерекше дәмді, хош иісті келеді. Майға тары талқаны да, бидай, жүгері талқаны да бұлғана береді.