Бөкпен(орыс.бокпен, ағылшын.bokpen) – ұлттық тағам; талқанды, қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген ас, тағам, әзірленуі өте қарапайым, дәмді ас. Еленіп тазартылған тары ұнын баяу біркелкі жанған отқа қойылған қазанға қуырып алғаннан кейін, жылқы майын араластырып, үстіне сүт құяды. Қоспа қойылғанша үстіне ұн себелеп араластырылып отырылады. Дастарқанға ыстық күйінде қойылады.
Бөлке (орыс.булка, ағылшын. roll) – белгілі бір қалыпқа салынып пісірілген нан. Бөлке мынандай түрлерге ажыратылады. Олар: батон, сайка, қалаш, тоқаш, хала, тоқыма, витушка.