Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Бөртпе (орыс.бортпе, ағылшын.bortpe)



бет17/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102
Бөртпе (орыс.бортпе, ағылшын.bortpe) – арпадан, бидайдан, тарыдан, күріштен бөрттіріп дайндалатын жеңіл тағам, сонымен қатар піскен сөкті сүтке қайнатып, дайын болған соң ортасына май салып әкеледі.


Бүрменан (орыс.кулебяка, ағылш. kulebyaka) – балық, ет, қырыққабат немесе саңырауқұлақ салып пісірілген сопақша батон бітімді қаусырма.


Бүркеме (орыс.буркеме, ағылшын.burkeme) – жаңа піскен ақ ірімшікті қамырға орап, бетіне май жағып, табаға салып, қоламтада пісіреді.


Бұрама бауырсақ (орыс. бурама баурсаки, ағылшын. twisted baursaks)иленген қамырды жұмырлай есіп, біріктіріп бұра қуырған дәстүрлі бауырсақ. Оны сыртына бал жағып, құмшекер сеуіп, жүзім-алма табақтарымен қатар қояды.


Бұрыш (орыс. угол, ағылшын. angle) – еленген ұннан қаймақ пен майға қамыр иленіп, 15-20 минут салқын жерге шығарылады.
Салқындаған қамыр қалыңдығы 2 мм етіліп жайылады да, ені 4-5 см, ұзындығы 15-18 см етіп кесіледі. Жолақтың екі шетінен 5 мм қалдырылып, ұсақтап туралады да сәл-пәл қуырылған жаңғақ пен мейіз салынады. Жолақ бұрыштап оралады да майланған металл табаға салынады.
Температурасы 220-2400 С пеште аздап қызарғанша пісіріледі. Осы қамырдан мүйізшелер дайындауға да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет