Гамбургер (орыс. гамбургер, ағылшын. hamburger) –ыстық котлет салынған бутерброд.
Грильяж (орыс. грильяж, ағылшын. candied roasted nuts) – қант ашық қоңыр түске енгенше табаға күйдіріліп,ұсақталған жаңғақ діні себіледі де, бірнеше минут араластырылады. Содан соң қоспа сары май жағылған эмальді табаға не жайпақ фарфор табаққа аударылып, қалыңдығы 2 мм етіліп жазылады. Грильяж салқындамай тұрғанда ұзыншалау етіп кесіліп, таға тәрізді етіп иіледі немесе ұшбұрыштап кесіледі. Қоспа тез салқындайды.