Кілт сөздер:
Қарым-қатынас, қызмет, құзірет, құзіреттілік, тұлға аралық, іскерлік қарым-қатынас, формалды, формалды емес, коммуникация, қарым-қатынас модельдері, қарым-қатынас стильдері, синергия, диалог, манипуляциялау, экспрессия, өзара әрекеттесу, қабылдау және түсіну.
ОҚУ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ «ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» САНАТЫ
Қарым-қатынассыз топтың да, ұйымның да, қоғамның да болуы мүмкін еместігі мәлім. Өзара қарым-қатынас жасай алу – адамзаттың эволюция барысындағы басты жетістіктерінің бірі болып саналады. Мамандардың мәлімдеуінше, қарым-қатынас – ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірегей стратегиясына
10
дағдылану, басқа адамды қабылдау және тҥсінуден құрылған және бірлескен қызметтің қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының көп жоспарлы, әрі қиын процессі. [Қысқаша психологиялық сӛздік / А.В.Петровсийдің, М.Г.Ярошевскийдің редактырлығымен,. — М., 1985. — 213 б.]
Ғалымдар қарым-қатынасты адамдардың тіршілік әрекетінің рухани және материалды формаларының алуантҥрлілігін біріктіретін, сонымен қатар оның маңызды қажеттілігі болып саналатын әлеуметтік-психологиялық қҧбылыс ретінде қарастырады. «Қарым-қатынас» сөзі латынның «қоғам, қауым, ортақ» деген мағына білдіретін communis сӛзінен шыққан. Әлдекіммен ақпарат алмасу ҥшін, ең алдымен байланысқа, қарым-қатынасқа тҥсіп, одан кейін бірлескен қызмет барысында ортақ көзқарасқа жетуге тырысу керек.
Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым-қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) ҥш бағытын немесе қызметін бөледі:
■ коммуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
■ интерактивную (өзара әрекеттесу);
■ перцептивную (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).
Бұдан, қарым-қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр тҥрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым-қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым-қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екіжақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым-қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде «Моритао») атауға
11
болады.
Қарым-қатынастың пән саласын анықтау маңызды. Психологиялық әдебиеттерде қарым-қатынасқа кіретін ұғымдардың нақты бөлінуі жоқтың қасы, бұл белгілі түсінбестікке әкеледі. Қарым-қатынастың пән саласының құрылымы «қарым-қатынас» терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
■ бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
■ хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
■ өзара түсіністікке ықпал ететін қарсы қозғалыс пен өзара сіңісу.
Бұл сипаттамалардың топтық және жаппай қарым-қатынас пәнін, оның құрылымын анықтауға ғана емес, тұлға аралық байланысқа да маңыздылығын атап өтпеу мүмкін емес.Оған қоса, «қарым-қатынас» ұғымы, ӛзара әрекеттесудің тҧлға аралық сипатын кӛрсетіп қана қоймай, нәтижесінде қарым-қатынас қатысушыларының арасында психологиялық байланыс орнайтын ерекше қызмет тҥріне жатады. Осылайша, адамдардың байланысы мен ӛзара әрекеттесуге тҥсуінің нәтижесінде қалыптасатын қатынастың психологиялық бояуы тҧлға аралық қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы болып табылады.
Ҧйымдастырушылық мәнмәтінде қарым-қатынас ҧжымның мҥшелері арасындағы байланыстар мен ӛзара әрекеттестіктің алуан тҥрлілігін біріктіреді. Алайда тҧлғалық қарым-қатынас барысында «субъект—субъект» қатынасы, яғни адамдардың тҧлғарарлық қатынасы ашылса, іскерлік қызмет барысында «субъект—объект» қатынасы бірінші орынға шығады, яғни заттай әлемге бағытталған адамның іс-әрекетін тҥрлендіреді, мҧндағы қызмет ӛзіне негізінен операциялар, іс-әрекеттер мен қозғалысты біріктіреді, ал қарым-қатынас адамдардың ісі мен ӛзара қатынасына байланысты болады.
Бірлескен қызметті тиімді жҥзеге асыру ҥшін ең алдымен оның жоспарын қҧру қажет, ал бҧл ҥшін әр қатысушы қызметтің мақсаты мен міндетін оңтайлы тҥсініп, оның объектісінің ерекшелігі мен әрқайсысының мҥмкіндігін ҧғыну тиіс. Дәл қызмет процесіне қосылған қарым-қатынас қатысушылардың «мәмілеге келу» немесе «мәмілеге келмеуін» жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді1.
1 Леонтьев А. А. Қарым-қатынас психологиялық зерттеу нысаны ретінде // Әлеуметтік психологияның әдіснамалық мәселелері. — М., 1975. — 116 б.
Қарым-қатынас – әр тҥрлі ғылымдармен зерттелетіндіктен, кҥмәнсіз, қиын әрі кӛп қырлы процесс болып саналады. Әлеуметтану қарым-қатынасты әлеуметтік нәтижелер мен салдарға әкелетін адами байланыстар ретінде қарастырады. Психология
12
тҧлға аралық ӛзара әрекеттесу, қабылдау, адамдардың ӛзара сіңісуінің сҧрақтарын зерттейді. Лингвистика — коммуникация қҧралы ретінде тіл мен сӛйлеуді, сӛздер мен терминдерді зерттейді. Менеджмент ӛзара әрекеттесу, ынтымақтастық, бәсекелестік пен серіктестік қатынастың сҧрақтарын қарастырады. Аксиологиялық тәсілдеме қарым-қатынасты қҧндылықтармен алмасу процесі ретінде зерттесе; нормативті—индивидтердің мінез-қҧлқын нормативті реттеу процесіндегі қарым-қатынастың рӛлі мен орнын анықтайды, сонымен қатар кәдімгі санада нормалардың берілу және бекітілу процесін, мінез-қҧлық стереотиптерінің нақты қызмет процесін зерттейді; қарым-қатынастың әлеуметтік-тәжірибелік аспектісі – оны қызмет нәтижелері, қабілеттілік, ептілік пен машықтармен алмасу ретінде қарастырады. Интенсивті технология саласындағы мамандар қарым-қатынасты оқытудың пәндік қҧрылымы ретінде, ойындар, тренингтер және жаттығулардың кӛмегімен ептілік пен машықтарды дамыту тҧрғысынан қарастырады.
Осы аталған ғылымдардың әрқайсысында қарым-қатынас мәселесіне байланысты тәсілдеме бар, сонымен қатар қарым-қатынастың сол немесе ӛзге аспектілеріне кӛбірек кӛңіл бӛледі.
Кез келген адамның немесе топтың қарым-қатынастарының кез келген кӛрінісі әлеуметтік қатынастарды сақтаумен байланысты, оған ӛз кезегінде адамның әлеуметтік тәжірибесіне, тҧлғаның психологиялық және іскерлік сипаттамаларына, қарым-қатынас шарттарына, оның кеңістіктік сипатына ықпал етеді.
Байланыс ҥшін тиімді болу, екі тарапты қанағаттандыру және тиісті мақсаттарға қол жеткізу ҥшін адамдар барлық шарттар кешенін сақтауы керек. Бҧған, ең алдымен, қоғамда және нақты ҧйымда қабылданған қҧқықтық, әлеуметтік, психологиялық және этикалық нормалар мен ережелерді, ӛз елнің және ҧйымның салт-дәстҥрін сақтау жатады. Белгілі болғандай, әрбір адамның қоршаған ортаға бейімделуіне кӛмектесетін дәстҥрлердің кӛпшілігі бекітіліп, ҧрпақтан ҧрпаққа беріледі. Маңызды шарт - конструктивті ӛзара әрекеттесудің дағдылары мен икемділіктері, нақты әрекеттерде, іс-әрекеттерде, сӛздерде, қимылдарда, дене кҥйлерінде, дауыс ырғақтарында ыңғайсыздыққа немесе қолайсыздыққа әсер ететін, ӛзара тҥсіністікке ықпал ететін немесе кедергі келтіретін ауызша және вербалды емес коммуникация технологиялары мен техникалары. Бизнестің ӛзара іс-қимылы саласында оның тиімділігінің шарты - оның қызметкеріне, серіктесіне, клиентіне, кез келген адамға кәсібилік пен мейірімділік қарым-қатынасы болып табылады. Бҧл барлық қатысушылар ҥшін мәдени қарым-қатынастың кҥнделікті нормасы, іскерлік этикасының нормасы
13
болып келеді.
Әлеуметтік-қҧқықтық қарым-қатынас нормалары кәсіптік ортада (мысалы, іскерлік этикет немесе іскерлік қарым-қатынастар этикасы, корпоративтік мәдениет және ҧйымдастырушылық мінез-қҧлық) дамиды және моральдық нормаларға айналады, оның сақталуы әркім ҥшін қажет, бірақ тәжірибе кӛрсеткендей, ӛкінішке орай, ол барлығында бекітілмейді және барлығы игермейді. Бҧл балалардың жас кезінде, сондай-ақ жасӛспірімдердік кезеңде қалыптасқан теріс тәжірибесі мен теріс стереотиптеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |