На время прохождения (профессиональной) практики



бет4/9
Дата28.12.2022
өлшемі93,45 Kb.
#164741
түріПлан работы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ас қорыту жүйесі:Ерні қызғылт түсті. Ауыз қуысының шырышты қабаты таза, қызғылт түсті. Тілдің папиллярлы қабаты сақталған, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Жұтқыншақ қызғылт түсті, таза. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз.
Беткей пальпация кезінде іште ауру сезімі жок, жұмсақ, барлық бөлімдерде терең пальпация үшін ылғайлы. Щеткин-Блумберг симптомы теріс. Терең сырғымалы әдістемелік пальпация кезінде сигма тәрізді, соқыр, жоғарғы және көлденең тоқ ішектің цилиндрі пальпацияланады. Ішек цилиндрі жұмсақ, ауыртпалықсыз, қозғалмалы, пальпация кезінде дірілдемейді (қалыпты жағдайда дірілдейтін соқыр ішекті қоспағанда). Пальпацияланатын ішектердің диаметрі: сигма тәрізді d = 3 см, соқыр d = 4 см, жоғары тоқ ішек d = 3 см, көлденең тоқ ішек d = 4 см. Пальпация кезінде асқазанның кіші және үлкен қисықтығы ауыртпалықсыз. Жылжымалы, жұмсақ консистенция. Пальпация кезінде асқазан қақпақшасы ауыртпалықсыз, қозғалмалы, жұмсақ консистенциялы, дірілдемейді.
Бауырдың төменгі шеті пальпацияланбайды. Өт қабының пальпациясы ауыртпалықсыз. Салыстырмалы бауыр доғасының перкуторлы өлшемдері Курлов бойынша
• оң ортаңғы сызық бойынша - 11см,
• ортаңғы сызық бойынша – 10 см,
• сол жақ қабырға доғасы бойынша – 9 см құрайды.
Ұйқы безінің пальпацияланбайды.
Көкбауыр пальпацияланбайды. Курлов бойынша: 8×6 см.


Несеп шығару жүйесі:Шағымдары жоқ. Қарау кезінде бел аймағында көзге көрінетін патологиялық өзгерістер жоқ. Пастернацский симптомы теріс. Несеп шығару тәулігіне 3-4 рет. Бүйрек пальпацияланбайды.


Нейроэндокринді жүйе: есі анық, сұрақтарға адекватты жауап береді, басы ауырады.
Қалқанша безі пальпациялағанда ауырпалықсыз, улкеймеген.


Болжамды диагнозды негіздеу:
Шағымдары негізінде: жиі бас ауруы, самай мен шүйде аймағын басып ауруатын сипатта, бас айналу, құлақтағы шуыл, физикалық жүктемелерден кейінгі ентігу.

Ауру анамнезі: 2017 жылы алғашқы рет аурудың белгілері стресстік жағдайдан кейін, гормональды өзгерістерден кейін (менопауза) пайда болды. Жиі, тұрақты артериялық қан қысымы көтеріле берді. Бастапқыда 130/80мм сб.б., кейін біртіндеп 160/100 мм сб.б. көтерілді. Жиі бас ауруы, уақыт өте келе тұрақты түрге көшуі, көбіне шүйде аймағы ауырады, жатқанда күшейеді. Бас ауруын анальгинмен басып отырды. 28.03.2021ж. физикалық жүктемелерден кейін ентігу пайда болды.


Өмір анамнезі: тұқымқуалаушылық аурулары: әкесі гипертониялық аурумен ауырған


Объективті тексерулер: жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, тұрақты АҚҚ 160/100 мм сб.б.


Анықталған синдромдар: гипоксиялық, артериялық гипертензия


сүйене отырып қойылған болжамды диагноз:


артериалық гипертензия 2 дәрежелі, 2 ші қауіп тобы
СЖЖ 2а сатысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет