Status praesens communis: науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Дене бітімі гиперстеникалық. Бойы 167см, салмағы 88 кг. Дене температурасы 36,7°С.
Сыртқы түрі жасына сәйкес келеді. Терісі түсі қалыпты, ылғалды. Тері асты май қабаты орташа дамыған. Шаштар біркелкі, симметриялы, жынысына сәйкес келеді. Тырнақтар сопақ, қызғылт, таза.
Көздің шырышты қабаты бозғылт-қызғылт, ылғалды, таза. Склера өзгеріссіз. Жақтың, жұмсақ және қатты таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдай доғаларының шырышты қабаты бозғылт-қызғылт, ылғалды, таза. Бадамша бездері таңдай доғасынан асып кетпейді. Қызыл иектер өзгеріссіз. Тіл қалыпты мөлшерде, ылғалды, ақ таңдақпен жабылған, емізікшелрі айқын. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырпалықсыз.
Жүрісі қалыпты. Буындар қалыпты конфигурациялы, симметриялы, ауыртпалықсыз. Бұлшықеттер орташа, симметриялы дамыған, бұлшықет тонусы сақталған.
Жүрек-қан тамыр жүйесі: Ұйқы безінің пульсация көрінбейді.
Пальпация: пульс симметриялы, мин 76 рет, ырғақты, толуы мен кернеулігі орташа. Жүрек ұшы түрткісі 5 ші қабырғааралықта
Перкуссия:
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары:
Оң–4 ші қабырғааралықта, төстің оң жақ қырынан 1 см сыртқа қарай
Сол– бұғана ортаңғы сызық бойынша 5-ші қабырғааралық.
Жоғарғы– l. sternalis et l. parasternalis sinistrae аралығында, 3 ші қабырғаларалықта.
Жүректің абсолютті тұйықтығының шекаралары:
Оң– төстің оң жақ қыры 4-ші қабырғааралықта
Сол– жүректің салыстырмалы тұйықтығы шекарасынан 1 см ішке қарай
Жоғарғы– 4ші қабырға деңгейінде
Аускультация
Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған.
АҚҚ 170/110 мм сб.б.
Тыныс алу жүйесі: Мұрын дұрыс пішінді. Мұрынмен тыныс алуы еркін. Тынфс алу типі: кеуделік. Тыныс алу жиілігі 17 рет. Кеуде қуысының пішіні дұрыс, симметриялы, кеуде куысы тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Бұғана мен жауырын симметриялы. Бұған үсті және асты шұңқырлары айқын. Қабырғааралықтары кеңеймеген.
Пальпация
Кеуде қуысы ауырпалықсыз. Дауыс дірілі симметриялы, өзгеріссіз.
Перкуссия
Топографиялық перкуссия.
Оңжақ өкпенің шекаралары:
l. parasternalis- 5-ші қабырға
l. medioclavicularis- 6 қабырға
l. axillaris anterior- 7 қабырға
l. axillaris media- 8 қабырға
l. axillaris posterior- 9 қабырға
l. scapuiaris- 10 қабырға
l. paravertebralis- 11 кеуде омыртақасы деңгейінде
Сол жақ өкпенің шекаралары:
l. parasternalis- -------
l. medioclavicularis- -------
l. axillaris anterior- 7 қабырға
l. axillaris media- 9 қабырға
l. axillaris posterior- 9 қабырға
l. scapuiaris- 10 қабырға
l. paravertebralis- 11 кеуде омыртақасы деңгейінде
Өкпенің жоғарғы шекаралары:
Алдынан бұғанадан 3,5 см жоғары.
Артынан 7 мойын омыртқасы деңгейінде
Салыстырмалы перкуссия: өпелік дыбыс естіледі
Аускультация: барлық аускултативті нүктелерде везикулярлы тыныс естіледі. Сырылдар жоқ.