2
|
1.06.2021
|
1
|
Бірінші науқастың күнделігінде жалпы жағдайында қандай өзгерістер болғаны жайында көрсетіңіз.
|
Бірінші науқас.
Бақылау күнделігі: науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бас ауруы мен жалпы әлсіздікке шағымданады. Объективті: ЖСЖ мин 65 рет, кернеулігі мен толуы жақсы. АҚҚ 160/110 мм сб.б. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс алу жиілігі мин 18 рет. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз. Диурез бен стул қалыпты.
Лабораторлық және аспаптық зерттеу нәтижелерінің интерпретациясы:
ЖҚА:
Hb - 140 г/л
Түсті көрсеткіш - 0,91
Эритроциттер - 4,4×10^12
Лейкоциттер- 9,1×10^9
Нейтрофильдер: т/я - 1%, с/я - 61%
Базофилдер - 1%
Эозинофилдер - 3%
Моноциттер - 4%
Лимфоциттер - 42%
ЭТЖ - 10 мм/сағ
Қорытынды: қалыпты.
Биохимиялық қан анализі:
Жалпы ақуыз -77,5 г/л
Холестерин - 4,19 ммоль/л
Жалпы билирубин - 13,0 мкмоль/л
Мочевина - 6,2 ммоль/л
Креатинин - 88,0 ммоль/л
АЛТ - 31 Ед/л
АСТ - 30 Ед/л
Калий - 4,1 ммоль/л
Натрий - 140 ммоль/л
Қант - 4,5 г/л (тамақтанбай тұрып)
Қорытынды: патология анықталмады.
ЖЗА:
Мөлшері - 150 мл
Салыстырмалы тығыздығы - 1020
Мөлдірлігі: мөлдір
Түсі: сарғыш
Ақуыз - жоқ
Қант - жоқ
Лейкоциттер – 1-2 көру аймағында
Жалпақ эпителий – 0-1 көру аймағында
Қорытынды: қалыпты
Нечипоренка бойынша зәр анализі:
Мөлшері - 150мл
Лейкоциттер - 2800/мл ( қалыптыда 4000 мл)
Эритроциттер - 1000/мл ( қалыптыда 1000 мл)
Цилиндрлер - жоқ
Қорытынды: патология анықталмады.
ЭКГ:
Қорытынды: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
ЭХОКГ:
Қорытынды: аорта түбірінің аздап кеңеюі. Сол жақ қарыншаның қуысы қалыпты мөлшерде, қарынша аралық перденің асимметриялық гипертрофиясымен жүреді. Зақымдану белгілері: сол жақ жүрекше біршама кеңейген, сол жақ қарыншаның жергілікті жиырылу қабілеті бұзылмаған. ЭСол жақ қарыншаның жалпы жиырылуының көрсеткіштері қалыпты.
Кеуде қуысының рентгенографиясы: диафрагма қозғалмалы, синустарды бос, өкпеде ошақты және инфильтратты өзгерістер жоқ. Жүрек қиғаш орналасқан, орташа үлкейген. Аорта үлкеймеген.
АҚҚ тәуліктік мониторингі: тәулік бойынша АҚҚ 130/90 мм сб.б. және 140/90 мм сб.б. мен 160/100 мм сб.б. аралығында болды. Эмоционалды жүктемеден кейін АҚҚ 160/100 мм сб.б. ге көтерілді. Түнде АҚҚ 130/90 мм.сб.б. болды.
|