Ас қорыту жүйесі:
Ерні қызғылт түсті. Ауыз қуысының шырышты қабаты таза, қызғылт түсті. Тілдің папиллярлы қабаты сақталған, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Жұтқыншақ қызғылт түсті, таза. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз.
Беткей пальпация кезінде іште ауру сезімі жок, жұмсақ, барлық бөлімдерде терең пальпация үшін ылғайлы. Щеткин-Блумберг симптомы теріс. Терең сырғымалы әдістемелік пальпация кезінде сигма тәрізді, соқыр, жоғарғы және көлденең тоқ ішектің цилиндрі пальпацияланады. Ішек цилиндрі жұмсақ, ауыртпалықсыз, қозғалмалы, пальпация кезінде дірілдемейді (қалыпты жағдайда дірілдейтін соқыр ішекті қоспағанда). Пальпацияланатын ішектердің диаметрі: сигма тәрізді d = 3 см, соқыр d = 4 см, жоғары тоқ ішек d = 3 см, көлденең тоқ ішек d = 4 см. Пальпация кезінде асқазанның кіші және үлкен қисықтығы ауыртпалықсыз. Жылжымалы, жұмсақ консистенция. Пальпация кезінде асқазан қақпақшасы ауыртпалықсыз, қозғалмалы, жұмсақ консистенциялы, дірілдемейді.
Бауырдың төменгі шеті пальпацияланбайды. Өт қабының пальпациясы ауыртпалықсыз. Салыстырмалы бауыр доғасының перкуторлы өлшемдері Курлов бойынша
• оң ортаңғы сызық бойынша - 10см,
• ортаңғы сызық бойынша – 9 см,
• сол жақ қабырға доғасы бойынша – 8 см құрайды.
Ұйқы безінің пальпацияланбайды.
Көкбауыр пальпацияланбайды. Курлов бойынша: 6×4 см.
Несеп шығару жүйесі:
Шағымдары бел аймағында ауырсыну сезімі. Қарау кезінде бел аймағында көзге көрінетін патологиялық өзгерістер жоқ. Оң жағында ұңғылау симптомы оң.
Нейроэндокринді жүйе: Санасы, сөйлеу, есте сақтау және логикалық ойлау толық сақталған. Тері, сіңір және құрсақ рефлекстері қалыпты жағдайға сәйкес келеді. Бөлме жарығында қарашықтар ені бірдей (шамамен 4 мм). Қарашықтардың жарыққа реакциясы симметриялы.Парез және паралич жоқ.
Тексеру кезінде қалқанша безінің үстіндегі аймақ өзгермеген . Қалқанша безінің пальпациясы ауыртпалықсыз.
Болжамды диагнозды негіздеу:
Шағымдары негізінде: аяқтар мен беттің ісінуі, жүрек қағуы, әлсіздік және шаршағыштық, бел аймағының ауырсынуы.
Ауру анамнезі: 2021 жылдан бері аяқтың ісінуі байқалады. 19.03.2021ж. науқастың жалпы жағдайы нашарлады, аяқ пен беттің ісінуі пайда болды. Ауруханаға қаралып, несептің синдром, протеинурия 2,4 г/л анықталды. Преднизолон тағайындалып, науқастың жағдайы жақсарды. 30.05.2021ж. бел аймағында ауру сезімі, аяқ пен ісінуі пайда болды.
Өмір анамнезі: ЖРВИ, тұмаумен жылына 1-2 рет ауырады.
Объективті тексерулер: аяқтар мен беттің ісінуі,оң жағында ұрғылау симптомы оң.
Анықталған синдромдар: несептің синдром, ісіну, гипоксиялық, ауырсыну.
сүйене отырып қойылған болжамды диагноз:
Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром.
Достарыңызбен бөлісу: |