На время прохождения (профессиональной) практики



бет5/9
Дата28.12.2022
өлшемі93,45 Kb.
#164741
түріПлан работы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тексеру жоспары:
1)ЖҚА
2) БҚА
3) ЖЗА
4) Нечипоренко бойынша зәр анализі
5) Коагулограмма
6) ЭКГ
7) Кеуде қуысының рентгенографиясы
8) АҚҚ ның тәуліктік мониторингі
9) Эхокардиография
10) Бүйректің УДЗ
11) Офтальмолог консультациясы


Емі
Режим: төсектік
Диета: 10 үстел
Дәрілік ем:
Гипотензивті терапия:
иАПФ: каптоприл 12,5 мг күніне 2 рет
Кальций каналдарының блокаторы: коринфарн 10 мг 1/2т, 3 рет
Кавинтон 5mg 1т, 3 рет
Nootropili 200mg 2к, 2 рет таңертең/ күндіз.
2) Екінші науқас
Ф.И.О: Алпысбаева Дина Алматқызы


Қабылдау кезіндегі шағымдары: аяқтар мен беттің ісінуі, жүрек қағуы, әлсіздік және шаршағыштық, бел аймағының ауырсынуы.


Anamnesis morbi: 2021 жылдан бері аяқтың ісінуі байқалады. 19.03.2021ж. науқастың жалпы жағдайы нашарлады, аяқ пен беттің ісінуі пайда болды. Ауруханаға қаралып, несептің синдром, протеинурия 2,4 г/л анықталды. Преднизолон тағайындалып, науқастың жағдайы жақсарды. 30.05.2021ж. бел аймағында ауру сезімі, аяқ пен ісінуі пайда болды. Сөйтіп ауруханаға қаралуға келді.


Anamnesis vitae: 1988 жылы Алматы қаласында, отбасында 2 ші болып дүниеге келді. Тұрмыстық жағдайы, тамақтануы қанағаттанарлық. Физикалық және интеллектуалдық тұрғыдан жасына сай дамыды. 7 жасынан бастап мектепке барды. 9-сыныпты бітіріп техникумға оқуға түседі.
Жұқпалы гепатитті, жыныстық жолмен берілетін ауруларды, безгек, сүзек және туберкулезді ауруларын теріске шығарады. Соңғы алты айда қан құйылмады, тіс дәрігерімен емделмеген және жұқпалы науқастармен байланыс болмаған. ЖРВИ, тұмаумен жылына 1-2 рет ауырады. Тұқымқуалаушылық аурулары, аллергиясы жоқ.


Status praesens communis:
науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Дене бітімі нормостеникалық. Бойы 173 см, салмағы 87 кг. Дене температурасы 36,7°С.
Сыртқы түрі жасына сәйкес келеді. Терісі бозғылт, құрғақ. Тері серпімділігі және тіндердің тургоры төмендеген. Дермагрофизм ақ түсте тұрақсыз. Тері асты майы қатты көрінеді. Шаштар біркелкі, симметриялы, жынысына сәйкес келеді. Тырнақтар сопақ, қызғылт, таза.
Көздің шырышты қабаты бозғылт-қызғылт, ылғалды, таза. Склера өзгеріссіз. Жақтың, жұмсақ және қатты таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдай доғаларының шырышты қабаты бозғылт-қызғылт, ылғалды, таза. Бадамша бездері таңдай доғасынан асып кетпейді. Қызыл иектер өзгеріссіз. Тістер өзгермеген. Тіл қалыпты мөлшерде, ылғалды, ақ таңдақпен жабылған, емізікшелрі айқын. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырпалықсыз.
Жүрісі қалыпты. Буындар қалыпты конфигурациялы, симметриялы, ауыртпалықсыз. Бұлшықеттер қанағаттанарлық, симметриялы дамыған, бұлшықет тонусы сақталған. Төменгі аяғының алдыңғы бетінде, тығыз, іздерін қалдыратын ісінулер анықталады, төменгі аяғындағы терісі қалыпты түсті, ұстағанда жылы, пальпацияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет