Жүрек-қан тамыр жүйесі: Жүрек аймағын қарау: жүрек аймағында дөңестік жоқ, жүрек дүмпілі, құрсақүсті пульсациясы анықталмайды. «Каротид биі», Мюссе симптомдары теріс, мысық пырылы симптомы теріс.
Пальпация: пульс симметриялы, мин 90 рет, ырғақты, толуы мен кернеулігі орташа. Жүрек ұшы түрткісі пальпацияланбайды
Перкуссия:
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары:
Оң–4 ші қабырғааралықта, төстің оң жақ қырынан 1 см сыртқа қарай
Сол– бұғана ортаңғы сызық бойынша 5-ші қабырғааралық.
Жоғарғы– l. sternalis et l. parasternalis sinistrae аралығында, 3 ші қабырғаларалықта.
Жүректің абсолютті тұйықтығының шекаралары:
Оң– төстің сол жақ қыры
Сол– жүректің салыстырмалы тұйықтығы шекарасынан 1 см ішке қарай
Жоғарғы– 4ші қабырға деңгейінде
Аускультация
Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған.
АҚҚ 110/70 мм сб.б.
Тыныс алу жүйесі: Мұрын дұрыс пішінді. Мұрынмен тыныс алуы еркін. Тынфс алу типі: кеуделік. Тыныс алу жиілігі 20 рет. Кеуде қуысының пішіні дұрыс, симметриялы, кеуде куысы тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Бұғана мен жауырын симметриялы. Бұған үсті және асты шұңқырлары айқын. Қабырғааралықтары кеңеймеген.
Пальпация
Кеуде қуысы ауырпалықсыз. Дауыс дірілі симметриялы, өзгеріссіз.
Перкуссия
Топографиялық перкуссия.
Оңжақ өкпенің шекаралары:
l. parasternalis- 6-шы қабырғаның жоғарғы қыры
l. medioclavicularis- 6-шы қабырғаның төменгі қыры
l. axillaris anterior- 7 қабырға
l. axillaris media- 8 қабырға
l. axillaris posterior- 9 қабырға
l. scapuiaris- 10 қабырға
l. paravertebralis- 11 кеуде омыртақасы деңгейінде
Сол жақ өкпенің шекаралары:
l. parasternalis- -------
l. medioclavicularis- -------
l. axillaris anterior- 7 қабырға
l. axillaris media- 9 қабырға
l. axillaris posterior- 9 қабырға
l. scapuiaris- 10 қабырға
l. paravertebralis- 11 кеуде омыртақасы деңгейінде
Өкпенің жоғарғы шекаралары:
Алдынан бұғанадан 3 см жоғары.
Артынан 7 мойын омыртқасы деңгейінде
Салыстырмалы перкуссия: өпелік дыбыс естіледі
Аускультация: барлық аускултативті нүктелерде везикулярлы тыныс естіледі. Сырылдар жоқ.